Абыл Тілеуұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:19, реферат

Краткое описание

1848 жылдың шамасы. Маңғыстау жері. Жаздың бір жайма-шуақ күні. Ауыл алдындағы биік белесте төрт-бес ақын, жыршы. Бұларға ауыл жақтан бір қария келіп қосылады. Ақ орамалды басына жай ғана орай салған ақ көйлекті, ақ сақалды абыз атаның өзі.

Вложенные файлы: 1 файл

Абыл Тілеуұлы.docx

— 56.87 Кб (Скачать файл)

Сөйлесіп қатынымен дертін жазар, -

сияқты аллитерация, ассонанс ретімен келетін шумақтар да аз емес.

Абыл өлеңдері көбінесе 11 буынды және буын саны ой ағымына бағынған аралас буынды (7, 8, 9, 10, 11) жыр үлгісінде.

Ұйқас жағынан Абыл ерікті, қара өлең, аралас ұйқасты қолданған. Ол он бір буынды өлеңдерінде «ұйқасы балталаса бұзылмайтын» дегендей шебер ұйқастырады.

Абыл жырларының қайнар көзі - халық ауыз әдебиеті мен  көне жыраулар мұрасы. Тұрмыс-салт жырларындағы «Той бастар», «Естірту», «Жоқтау» сияқты ауыз әдебиеті түрлерін Абыл өз жырларында орынды қолдана білген. Мұрын жырау деректеріне қарағанда, «Қырық батыр» жырын әуелі Сыпыра, одан кейінгі дәуірде Абыл дамыта жырлап, Қарасай, Қалнияз, Нұрымдарға ұластырған. Ал олар арқылы Қашаған мен Ақтанға, Қазақбай мен Мұрынға, Қоспақ пен Нүрпейістерге жетеді.

Абыл ерлік дастандарды  таратушы ғана емес, сол дәстүрді қалыптастырушы да. Оған куә - оның Сүйінқара, Құлбарақ, Жапарберді, Мырзатай батырларды жырлауы.

Абыл мен Махамбеттің  ерлік пен елдікті, адамгершілікті жырлау, озбыр, ожар сұлтандарды әшкерелеу  дәстүрін Қашаған мен Шернияз, Ығылман  мен Матай, Нұрым мен Мұрат, Нұрпейіс пен Ақтан сияқты сөз зергерлері өнеге тұтқан.

Абылды өзінен кейінгі  көптеген акындар жоғары бағалаған. Атырау, Маңғыстау аймағындағы сөз зергерлері туралы айтқанда, Шернияз: «Адайда- Абыл, Тазда - Есенбақ, үштің бірі - өзім-ақ», - дейді екен. Өлең сөздің өрен жүйрігі Қашағанның өзі: «Абыл - зергер, Қашаған - ұста, Абыл-екеме сөз жоқ», - деген болса, Кердері Әбубәкір ақын Қожахметпен айтысында:

Адайда  Абыл, Нұрымдай,

Байбақтыда  Сырымдай,

Ат құлағын  теңдесіп,

Қайта жауап  жазбасақ,

Қожекең менен сүрінді-ай, -

деп Абыл, Нұрым, Сырымдардың  шешендік талантына бас иген. Бала Ораз акын Жібек кызбен айтысында: «Адайда Абыл деген жыршым бар еді, ол өлшеусіз туған дана еді», -деп мақтан етеді. Абыл есімі Ығылман, Ақтан, Сәттіғүл жырларында да құрметпен аталады. Ақын, жыраулар елдікті, ерлікті, адамгершілікті жырлауды ана сүтімен дарыған касиеттей ауыз әдебиеті мен көне жыраулар мұрасынан білетін болса, көз алдарындағы акындык өнегесі Абыл, Махамбеттер еді. Акын, жыраулар сол өнегемен жыр туындатса, жыршылар акын, жыраулар мұрасын, сол тектес эпостық туындыларды халық арасына таратушы болған. Оны мына мысалдардан айқын көреміз. Абыл Хиуа ханы Аллақұл шапқыншылығына қарсы күрескен Сүйінқара, Құлбарақ, Жапаберді, Мырзатай батырлар туралы жырласа, оның ізімен бұл ерлерді талай акын жырлаған. Оған дәлел - Жапаберді батыр туралы Матай акынның ел аузындағы мынадай сөзі:

Ер Жапа, бала күннен атқа міндің,

Үстіңе тәуекелдің тонын кидің.

Қаройда Қайып-Күлкеш шабылғаңда,

Қара  атпен бір шетінен нардай кидің.

Қак жарып  қалың колды найзағайдай,

Бір шеттен ойран салып, оқтай тидің.

Ығылман ақын да Абыл мен Махамбет өнегесімен «Исатай, Махамбет» атты ерлік дастанын толғайды. Ерлер есімін, оларды Абыл ақынның жырлағандығын Ығылман «Ел едік» деген толғауында нақты баяндаған:

Құлбарақ, Жапаберді, Кішкіл Көбен,

Секілді алмас қылыш кескір Көбен...

Абылдың солар үшін айтқан сөзі,

Жад болып  бүгінгіше ескірмеген.

Соларды Абыл ақын баяндаған,

Айтқанмен, сөзін көпке жая алмаған.

Әшкертіп кейінгілерге еткені үшін,

Кемдікке  ерлерімді сая алмаған...

Ығылманның осы  толғауы Абыл туралы деректерді толықтыра  түседі. Біз бұл жолдардан Құлбарақ, Сүйінқара, Жапаберді, Кішкіл Көбендердің ел мүддесін қорғаған ерлер екенін, олар Абыл жыры арқылы ел есінде қалғанын және Баймағамбет, Қайыпқали сияқты хан, сұлтандардың бұқараның жүйрік жыршысы Абылдың ақындық талантын тұншықтырып, қысым жасап келгендігін («Айтса да сөзін көпке жая алмаған») тани түсеміз.

Абыл халық өміріндегі мәнді окиғаларға назар аударып, елдік пен ерлікті толғап, әділетсіздік пен озбырлықты аяусыз шенеген өткір жырларымен халық арасына кең танылған. М.Әуезов Абылды халық арманын өз шығармаларында бейнелей білген үздік акын десе, Е.Ысмайылов творчестволық дәстүрлері өз заманындағы ақын, жыршыларды үнемі қызықтырып отырған асқан жүйрік импровизатор ақындардың қатарында атайды. Қ.Жұмалиев Абылды қазақ жерінің батыс аймағындағы әдеби ортаның ірі өкілдерінің бірі деп көрсетеді. Бұл пікірлер - Абыл туралы бірден-бір әділ баға. 

 

 

                                                                                                      Қабиболла  СЫДИЫҚҰЛЫ,                       

                                                                                Филология ғылымының кандидаты 

 

 

  

 

  • Шығармалары

Абыл  жырларына түсініктер


Информация о работе Абыл Тілеуұлы