Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет

1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет

1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет

2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет

2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет

Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-білім-мазмұнындағы-Абай-шығармаларындағы-құлықтық-тәрбие-мәселелері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

    “Қыс”,  “Жаз”, “Жазғытұры”, “Адам болам  десеңіз”, “Шегіртке  мен құмырсқа” (М.Крыловтан  аударған) (ІІІ сынып).

    Абайдың  қара сөзінен (ІV сынып)

    Аталған  шығармаларды  қазіргі  мектеп  алдына  қойылып  отырған  дамыту  приципіне  сай  шығармашылық  сипатта  оқушы  санасына  жеткізудің  әдіс- тәсілдеріне тоқталайық.  Қандай  шығармашылық  жұмыстар  болмасын,  тек  оқушыны  қатыстырған  жағдайда  ғана  жүзеге  асады.  Шығармашылық  жұмыс  атқару  үшін  ең  алдымен  оқушы  берілген  мәтінді  саналы  ұғынуы  қажет.

    Саналы  ұғынуды профессор  С.Рахыметова  атап  көрсеткендей,  ең  алдымен  мәтінді қабылдауға  оқушыларды психологиялық дайындаудан  бастап,  мәтінге  байланысты  сөздік  жұмысын   жүргізу, шығарманы  оқу,  оқылған  шығарманың  мазмұнын  айту,  шығарманың  жоспарын  жасау  жұмыстарын  сатылап  жүргізу  деп  түсіну  қажет [18] 154-159 б.

    Абайдың  табиғат лирикасын  бастауышта  саналы  ұғындыру  барысындағы  ұстаздың  кіріспе  әңгімесі  бастауыш  сынып оқушыларының  жасына,  ой - өрісі, қабылдауына  сай  Абайдың  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміздегі  алатын  орнын,  оның  шыққан  тегі,  тәрбие,  білім, өнеге  алған  жерлері,  ақынның  артында  қалдырған  мол  мұрасы,  ұрпағына  айтар  өсиеті  жайында  болып келеді.

    Табиғат,  Абайша  айтқанда, “Алланың махаббатпен  жаратқаны”.  Абайдың  табиғат  лириасы – оқушыны  сұлулыққа  тәрбиелеу жолы. Ақын  адам  сұлулығын  табиғат  сұлулығымен  бірлікте  алады. Мысалы,  “Жаз” өлеңінде  жазғы табиғат  сұлулығы  сыңғырлай күліп  үй тіккен  қыз- келіншектер  іс - әрекеті, қалжыңы,  деп сұлулық  ажырамас  бірлікте сипатталады.  Ақын  табиғат  лирикасында  қазақт  ілінің өмір  шындығын  әсерлі  тартымды  сурет  арқылы  бейнелеп  берудің  тамаша  озық  үлгісін  жасаған: “Қыс” өлеңінде: “ Шидем  мен  тон  қабаттап киген  малшы.  Бет  қарауға  шыдамай,  теріс  айналады”;  “Шұрқырап  жатқан  жылқының,  Шалғыннан  жоны  қылтылдап”;  “Жазғытұры” өлеңіндегі:  “ Түйе  боздап, қой  қоздап – қорада шу” деген  жолдардағы шидем  мен тон  киген  малшының  бейнесі,  жылқының  биік  шалғыннан  жоны  қылтылдап  көрінуі,  боздаған  түйемен  қойдың  дауысы – ешбір  қоспасы  жоқ  өмір  шындығы,  қазақ  ауылының  өмір – тұрмысы , оған  табиғаттың  тигізген  әсері.

    Мұндай  суретті  көркем  сөзбен  кестелеп  көрсетудегі  ақын  мұраты – ата - дәстүрді  паш ету,  жастарды  еңбекке  шақыру.  Байқап  қарасақ,  ұйқасқан  сөздердің  бірдей  бір  буынды: шу- ду-су; екі  буынды  сызы- жүзі- кезі,  үш  буынды:  болғанда – толғанда – қонғанда,  қылтылдап – ынқылдап – бұлтылдап – сымпылдап  болып  келуі  табиғат  сұлулығын  сөзбен  мүсіндеудегі  ақының  бейнелеу  әдісін,  теңдесі  жоқ  суретшілік  шеберлігін  жақсы танытады.  Міне,   Абайдың  табиғат  лирикасын  оқытқанда  ұстаз  жоғарыда  аталған  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөліп,  тәпіштеп  түсіндіргенде  ғана  Абай  өлендеріндегі  ерекше  үйлесімдер  оқушы  сезіміне  әсер  ете алады.  Осылай  түсіндірілген  шығармадан  кейін  оқушы  шығармашылық  процеске  оңай енеді.  Шығармашылық  процеске  енудің  алғашқы  баспалдағы – оқушының  танымдық  ізденістеріне  жол  ашу. Сөзімізді  нақтылайтын  болсақ,  Абайдың  “Күз” өлеңі  бірнеше  рет  қайталанып  оқылғаннан  кейін: 1) Ақын  қандай  күзді  суреттеген?                     2) Өлеңдегі  күз  көрінісін  ерекше  ашып тұрған  көркем  сездерді  ата.                 3) Өлеңнен  күзгі  адам,  жан – жануарлар  тіршілігі  туралы  айтылған  жолдарды  тауып  оқы – деген сұрақ – тапсырмаларға  жауап  алынады,  содан  кейін  ғана  барып, шығармашылық  жұмыс  ретінде  Абайдың  “Күзі” мен  Т.Жароковтың  “Ауыл  күзін” салыстыпу  тапсырылады.

 

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

1.Табиғат  мезгілі – күзді  суреттеуге  құрылған.

2.Күз  табиғаты  жеке  суреттелмей  халық  тіршілігі  қоса  берілетін:  Абай:  Жастар  күлмес,  жүгірмес  бала шулай.

 Т.Жароков:  Беттері  қызыл  алмадай,  балалары  ойнаған

Абай  суреттеуіндегі  күз – қоңыр  күз: аспандағы  сұр  бұлт,  жерді  басқан  дымқыл  тұман,  жапырағы  түскен  ағаш.

Т.Жароков  суреттеудегі  күз – алтын күз:  албырап  піскен  алма,  сарғылт  тартқан  жапырақ,  көктегі  сұрша  бұлт,  алтындай  егін  алқабы.


     Келесі  шығармашылық  жұмыс – аталған  шығармалар бойынша  сурет  салғызу. Бұл  жерде  ұстаздың  іс- әрекеті оқушыны  бір  сәт  ойландырып,  қиял  дүниесіне  бет  бұруға,  осы  шығармалар  арқылы  оқушының  қиялында  туған  бейнені  сөзбен  жеткізуін  басқаруға  бағытталады.  Оқушы  сөзбен  мүсіндеген   бейнені  тіпті  сала  алмауы  мүмкін,  дегенмен қандай  сурет  салатынын  тілмен  жеткізеді  ғой.  Баланың  өзі  үшін тапқан  жаңалығы,  табысы  міндетті  түрде  бағаланып,  мақталуы тиіс.    [19]    165-169 б.

    Оқушыларды  шығармашылық   процеске  үзбей  қатыстырудың  негізгі  жолы – шығарма  жаздыру.  Абайдың  “Жазғытұры” өлеңі  бойынша  жазба  жұмысын  ұйымдастырмас  бұрын  шығарманың  оқушы  сезіміне  әсер  ету  жағы  көбірек  ескеріледі.  Ол  үшін  өлеңді  мәнерлеп  оқуды  ең  алдымен  әдемі  ашық  үнмен  көктемгі  табиғатқа  деген  аса  бір  сүйіспеншілік  сезіммен  бастаймыз.

    “Жазғытұры  қалмайды  қыстың  сызы,

    Масатыдай  құлпырар  жердің  жүзі” – деп осындай  әсем  көрініске  оқушылардың  назарын  аудару  сезімін  тебірентерліктей әсер  ету  үшін:

      “Жан – жануар  адамзат  анталасы,

Ата – анадай  елжірер  күннің  көзі” – деп дауысты  құбылта  оқып (тақтадағы  көктемнің  сұлу  көрінісі  бейнеленген плакатқа  оқушының  назарын  аудара) дауыс  интонациясы  арқылы  оқушының  көз  алдына  сұлу  көктемді  елестетуге  тырысамыз.Сондай – ақ ,

“Түйе  боздап,  қой  қоздап, қорада  шу,

     Көбелек  пен  құстар  да  сайда  ду-ду.

Гүл  мен  ағаш  майысып  қарағанда

Сыбдыр  қағып  бұрандап  ағады су” – деген  үзіндіге

“түйе  боздап” деген  сөзден  кейін  сәл  кідіріңкіреп, “қой  қоздап” тіркесінен кейін  де  сәл  үзіліс  жасап,  дауысты көтере “қорада  шу” дейміз.  Енді дауысты  сәл  бәсеңдетіп “көбелек  пен құстар  да  сайда  ду-ду ”  деп  бөгеліп,  ойланған  сезіммен “гүл  мен  ағаш  майысып  қарағанда” өзіне  тән  нәзік сезіммен  қараған  гүл  мен  ағаштың  назарын  аударғандай  су  да  сыбдыр  қағып  бұрандай  аққаны  ерекше  нәзік  еркелеген  сезімге  толы  дауыста  оқимыз.

    Осындай  жұмыстардан  кейін  мәтіндегі ақын  қолданған  көркем  сөздерді тірек  сөздер  ретінде  алып, шығарма  жазу  тапсырылады.  Жалпы,  Абайдың  табиғат  мезгілдеріне  арналған  өлеңдеріндегі  шығарма  жазуға  тірек  болатын  көркем  сөздерді  төмендегі  сызбадан  көруге  болады:

   

“Жазғытұры”

өлеңі бойынша

“Жаз” өлеңі

бойынша

“Күз”өлеңі бойынша

“Қыс” өлеңі

бойынша

Масатыдай  құлпырған  жер, күннің  көзі, түйе  боздап,  қой  боздап.

Көкорай  шалғын, күркіреп  жатқан  өзен,  көшкен  ауыл,  шалғыннан жоны  қылтылдаған  жылқы.

Сұр  бұлт,

дымқыл  тұман,

жапырағынан

айырылған  ағаш.

Ақ  қырау,  қар

жауып,  долданған  боран,

беті-қолы  домбыққан  балалар.


 

  Шығарма  жазуға  оқушылар  бірте-бірте  жаттығады.  Ол  үшін  алдымен  осы  тірек  сөздерді  пайдаланып  жауап  бере  алатындай    сұрақтар  дайындалады. [20] 265-273 б.

    Қорыта  келе  айтарымыз:  бастауыш  сынып  оқушысы  Абай  әлеміне  әкелу,  ақынның  кестелі  шығармаларынан  сусындату  оңай  емес.  Дегенмен  бала  жүрегіне   жол  табу – мұғалімнің  парызы.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫ

АДАМГЕРШІЛІККЕ  ТӘРБИЕЛЕУ  ТӘЖІРИБЕСІ.

 

    Атырау қаласындағы  №19 қазақ  орта  мектебінің  мұғалімі  Қазмағамбетова  Зәуреш Абай  шығармаларын  оқытуда  шығарма иесінің өмірімен  таныстыру  әдісін  ұтымды  пайдалана  білген.

    «Абай – қазақ     мәдениеті  тарихында  орны  зор,  замандастарынан  ойы  озық,  еңсесі  биік  ерекше  тұлға.  Сондықтан  да  өзім  ақынның  шығармаларын  оқытпас  бұрын,   ақынның  өмірімен  таныстырып  кеткенді  жөн  көрдім.  Ондағы  мақсатым  - оқушылар ақынның шығармаларын  шын ықыласпен  оқып – үйреніп, ақынның  өзін  құрмет  тұтып,  үлгі  аларлық  дәрежеде  тәрбиеленуі  керек», - дейді  тәжірибелі  ұстаз.  Абай  өмірін  оқытудың  барысында  оның  өскен  ортасының өнегелік  жағын  жекелей  анықтап,  дәлелдей  айқын  көрсете  білудің  маңызды  екендігін  баса  айтқан. «Абай  осы  күнгі  Семей  жеріндегі  Шыңғыс  деген  тауды  жайлаған  Тобықты  руының   ішінде  1845  жылы  туылған.  Өнегелі  өмірдің  бастауы  асқар  таудай  атасы – Құнанбай,  ағар бұлақ  анасы – Ұлжан, мейірімді,  қамқор   шежіре  әжесі – Зеренің орны  бір бөлек.  Халқымыз  «Ата  көрген  оқ жонар,  ана  көрген тон  пішер» десе,  ұлы  ақынның  ата – анасы . бірі – елдің  атасы,бірі- елдің  анасы.  Тағы  да  дана  халық:  «Тақыр  жерге  шөп  шықпайды» дейді  ғой,  ендеше  ұлының  әкесі – Құнанбай  ақыл – парасат иесі,  ел  билеген  көсем,  бұлбұл  шешен,  әрі  мырза,  жастайынан  атқа  қонған  найзагер,  қатал  талапты,  табанды  әрі  шешімді  адам  болған.  Елді  тәртіпке  келтіріп,  адамгершілік  арға  бағындыратын дінді  ұстаған,  ақыл – айласы  мол әрі  көрген  сыншы  кісі.  Әкесі  Абайды  жасынан  өзімен  бірге  ала  жүріп,  үлкен  өнегелі  отырыстарды  көрсетіп,  небір дүлдүл шешендердің  асыл  сөз,  абзал  қасиеттерін,  әділ  биліктерін  оған  сабақ  етті.  Құнарлы   бай  тілді,  адамгершілікті,  парасаттылықты  халықтан  алды.  Осындай  көңілі  ояу,  көзі  ашық, биікті  әке  дәстүрі   баладан  балаға  жалғасты.  Абай өз  балаларына  да  осы үлгіні  берді.,  оқытты, халық  адамы  етіп  тәрбиеледі. [21] 125-134 б.

    Өнегелі  тәрбиені  үлгі  ете  отырып  адам  болу  жолын  ғылыми  тұрғыда  өз  шығармаларында  дәлелдеп көрсетті.

    «Өзім  де басқа  шауып,  төске  өрледім,

      Қазақта  қара  сөзге  дес  бермедім.» -

  Деп  еш  мақсатсыз – ақ өзінің кім  екенін көрсетеді.  Ал нағыз  адам  болу  үшін  «Ақыл  қайрат, жүректі  бірдей  ұста,  сонда  толық  боласың  елден  бөлек» - деп жан – жақты  жетілген  адам  тәрбиелеудің  ең  биік  нысанасын  көрсетеді.  Сонымен  адам  тәрбиелеудегі  күрделі  ойлар  желісін  діни  долбармен  ұштастыра   түсіндіреді. «Адам  ең  әуелі  дос  көбейтпек  керек.  Ол  үшін  дос  бола  білу  керек.  Бірінші - әрбір  жаманшылықтан  бойын  жинамақтық,  бұл  адамға  нұр  болады.  Екінші  - өзін - өзі  өзгешіліктен  артық  көрсеткен  адамдықтың  нұрын,  гүлін  бұзады.  Үшінші – қастық  қылмақ,  қор  тұтпақ,  кемсітпек.  Олар  дұшпандық  шақырады.  Күллі  адам  баласын  қор  қылатын  үш  нәрсе  бар.  Сонан  қашпақ  керек,  Надандық, еріншектік,  залымдық.  Надандық,  ғылымның  жоқтығы,  дүниеден  ешнәрсені  оларсыз  біліп  болмайды.  Білімсіздік – хайуандық  болады.  Еріншектік – күллі  дүниедегі  өнердің  дұшпаны, талапсыздық,  жігерсіздік,  ұятсыздық,  кедейлік – бәрі осыдан  шығады.  Залымдық – адам  баласының  дұшпаны.  Адам баласына  дұшпан  болса,  адамнан  бөлінеді,  бір  жыртқыш  хайуанға  қосылады.» - деп діни  жолмен  түсіндіреді.

    Аналары  Зере  мен Ұлжан  халқын,  ел- жұртын  сүйіп  мейірімділікке,  үлкен  жүректі  ұлылыққа  бастады.  Ел  анасы - әжесі  Зере  ел  тарихын  айтып,  ел – халқының  тұрмыс – тіршілігімен  таныстырып,  жақсы  мен  жаманды  айыра  білуге  үйретті.  Туған  анасы – Ұлжан  өте ақылды, ұстамды,  сөзге  сараң,  сөйлесе  шебер  үйлесімін  тауып  сөйлейтін  ақындық  қасиеті  бар  дана  әйел  болған.

    Ата – ананың  асыл  өнегесі  Абайды  ағалыққа,  ұлылыққа  бастады.  Өзіндей  өз  ісімен  туысқандық   қасиетті  сақтай отырып,  Құдайбердідей  аға  өсиетін  орындап, Шәкерім  сынды  ұлы  тұлғаны  тәрбиелейді.

    Міне  осындай  Абайдың  өнегелі  өмірін естіп  өскен  шәкірттен  ешқандай  жамандық  күтуге  болмайды.  Тек соны  жеткізе  білу,  оқушылардың санасына  ұялату – мұғалімнің  алдына  қоятын  мақсаттарының  бірі.  Сондықтан  бастауыш  сыныптарда  Абай  шығармаларын  оқытпас  бұрын  оның  өнегелі  өмірімен  таныстырудың  пайдасы  зор.»[22] 69-78 б.

    «Қыс»  тарауындағы  Абайдың «Қыс» атты  өлеңін  өтудің  толық  үлгісін  көрсетейік.

    1.  Кіріспе  әңгімеде  балаларға  жаңа  жауған  қардың  түсі, формасы, оның  бұрынғы  жауған  қардан айырмашылығы  жөнінде  нақты  мағлұмат  мұның  алдындағы  сабақта  толық айтылған  болатын,  сондықтан  бұл  кезде  мұғалім  бүгінгі  оқу  сабағында  өтетініміз  Абайдың «Қыс» деген  өлеңі  деп  жаңа  тақырыпты  тақтаға  жазып,  оқушыларға  неге  көңіл  аудару,  нені  білу  қажет  екенін  айтады.  Кіріспе  әңгіме  сұрақ – жауап әдісімен  жүргізіледі.  Қойылатын  сұрақтар  мынандай  болғаны  жөн:

                  1)   Жауып  тұрған  қарды  бақыладыңдар  ма ?

                  2)   Қар жауған  соң  айнала  қалай  өзгереді?

                  3)    Желсіз  кезде  жауған  қар  жерге  қалай  түседі?

                  4) Ағаштардың  бастары  қандай ?

                  5)  Қар  түйіршіктері  қандай  болады ?

                  6) Қыста дала қандай болады?Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер ?

                  7) Жаңа  жауған  қар  түскенде  қандай болады?

                  8) Қыста  орман  қандай  болады?

    - деп келіп  оқушыларды  мынандай  әңгімелерге  тартады. Ағаш  түбіне  қар  аз  түсіп,  ағаш  сирек  жерге  қалың  жауады.  Қар  үстінде әр түрлі хайуанаттардың іздері  көрініп  жатады.  Ағаш  бастары  бас  киім  кигендей,  қар  өте  қалың.  Келе жатқанда  аяқ  астына аппақ  мақта  жайып  тастағандай  болып  көрінеді.  Күзде  аспан  сұрланып,  жер  қарайып,  ағаштар  жалаңаштанып  тұрса,  қыс  түскенде  жердің  беті  аппақ,  ауа  таза,  аспан  көбіне  ашық  болады.  Қар  жамылған  ағаштар  ертегіні  еске  түсіреді.  Қыс  сиқыршыдай  өздері  мұзбен  жабады  да,  Аяз  ата  қыспен  бірге  келеді,  деген  сияқты  бейнелі әңгімені  пайдалану  оқушылардың  қар  жөніндегі  түсінігін  кеңейтіп,  тілдік  қорын  дмытады,  әдемілікке  деген құштарлығын  арттырады.  Мұғалім  енді  негізгі  текске  көшіп,  Абай  атамыздың  қысты  суреттеуін  айтады.

    2. Мәнерлеп оқу. Алдымен  өлеңді  мәнерлеп  оқып  береді  де,  сұрақ – жауап әдісі арқылы  ішкі  мәнін  ашуға  кіріседі.

    - Несімен   көңілді?

Мұғалім  оқушылардың  осы  сұраққа  берген  жауаптарын  толықтырып,  ойын нақтылай  түседі.  Оқушылырға  іштей  оқуға  тапсырма  беріп,  түсінуге  қиындық  келтірген  сөздерді  дәптерлеріне  бағана  түрде  теріп  жазуды  ұсынады.  Оқушылар 2-3 минут  іштей  оқығаннан  кейін  олардың өздерін қатыстырып,  түсініксіз  сөздердің (соқыр,  мылқау, т.б.) мәнін  анықтайды.  Сонан  соң  сұрақ – жауап  әдісімен  өлеңнің  мазмұнын  түсіндіреді:

      • Автор қысты кімге  теңеп  тұр ?
      • Қысты адамға,  кәрі  шалға  теңейді.
      • Шалдың  киімдері  қандай ?
      • Ол ақ  киімді,  үстін ақ қырау  басқан.
      • Киім деп  отырғаны  не ?
      • Ол  жауған қар,  қатқан  мұз.

-  Автор  суреттеп  отырған  шалды  кімге  ұқсатуға  болады ?

Информация о работе Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері