Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 10:51, лекция

Краткое описание

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді осылар ашық көрсетілуге тиіс.

Содержание

1.Грамматикалық ережелер
2.Грамматикалық материалдар
3. Граммталикалық талдаулар

Вложенные файлы: 1 файл

Альбина казак тили.doc

— 148.00 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: ГРАММАТИКА МЕН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

Мақсаты: білімгерлерге грамматикалық  материалдарды пайдаланудың жолын  қарастыру.

Жоспары:

1.Грамматикалық ережелер

2.Грамматикалық материалдар

3. Граммталикалық талдаулар

Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар  әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай  болуы керек. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың  мәнін, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін  аңғарып, сол әрбір абзацтағы  айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді осылар ашық көрсетілуге тиіс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, орыс тілі

Көрнекілік: оқулықтар, баспасөз беттерінен қосымша материалдар, сызба-кестелер,

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Балақаев. Т.Қордабаев. Қазіргі  қазақ тілі грамматикасы.1966ж

2.Бектұров. Қазақ тілі. А;2006ж

3.Исаев. Қазақ тілі.А;2007 ж

1932 жылғы 25 тамызда қабылданған «Бастауыш және орта мектеп-тің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі:

  1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
  2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
  3. Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.
  4. Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.

Қазіргі көзде мектептерде негізінен мынадай әдістер қолданылады:

1) мұғалімнің хабарлауы, 2) оқушылармен әңгімелесу, 3) оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.

Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында көрек-ті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып, айтылғандарды олардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.

Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысады. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, зат есімнің септелуі т. б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаң-ғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы бала-ларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.

Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3—5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш класс оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза кҰйінде бастауыш кластарда өте сирек қолданылады. Бастауыш кластарда оқушыларды грамматикамен жазуға Үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эв-ристикалық (грек сөзі — «эврика» — таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтар-дан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтара-ды. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пі-кір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін кҰ-шейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.

Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұшта-сады. Әңгіме көзінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өзде-рі шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап бере-тін, әр түрлі жалғауда түрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалада т. б.) табу көрек.

Міндет: сол зат есімнің қай септікте түрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. БІрақ бастау-ыш мектептерде мұндай проблемалық ситуациялар мҰмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың бі-лімі, тәжірибесі, дайындығы, программалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы — олар-дың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің кө-мегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе текст береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазуша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өз-діктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіле-ді. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орын-дағандарын мұғалімге айтады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бас-тауыш кластарда ұзақ болмауы көрек және көлемі ша-ғын, мазмұны оңай болуға тиіс. II класта 5—10 минут, III класта—10—15 минут, IV класта 15—20 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырма-лар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талда-нады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б.

Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту Үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті мате-риалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылу-ға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қол-дануды тапсырады.

Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға сөздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу—мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылар-дың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалар-дың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдай-да оқушылар анализ жасаса, екіншіде оны Синтездейді. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфология-лық, синтаксистік, орфографиялык, пунктуациялық ана-лиз жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден текст құрастырып, син-төз жасайды.

Синтез балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгі-лерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуел-денеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім де-геннің не екені жөнінде анықтама құрастырады.

Әдетте анализ немесе Синтез бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсе-теді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқанда-рын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, етістікпен немесе көрісінше т. с. с). Міне, мұнда анализ де, Синтез де қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілле-рі талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.

Анализ бен Синтезде әсіресе оқылып отырған құбы-лыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топ-тау, жҰйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған матери-алға оқушылардың ой жҰгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан ж а л п ы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (де-дуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсына-ды, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйым-дастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді тал-дайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермей-тініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өз-гермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен бай-ланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедук-тивтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын текстен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.

Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.

Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іс-ке асады. Мұндай кұралдар: оқулық, сөздік, схема, кар-тина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнито-фон т. б. Бұл құралдар етілетін материалдың сипатына қарай, көз келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын анализдеуде. схемалар, сөз табы мен оның жазылуын үйреткенде таблицалар т. с. с.

 

Үй тапсырмасы:

  1. Бастауыш мектептегі қолданылатын оқыту әдістері қандай?
  2. Эвристикалық, проблемалық әдістерге қалай түсінесіқдер?
  3. Аналитикалық-синтетикалық әдіспен Үйрету деген не? (грамма-тикадан бір тақырыпты алып, осы әдіспен оны қалай Ұйретер едің? Айтып бер.
  4. Индукция, дедукция деген не, олар грамматикада калай колда-нылады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Грамматикалық материалдарды пайдалану жайында

Мақсаты: білімгерлерге грамматикалық  материалдарды пайдаланудың жолын  қарастыру.

Жоспары:

1.Грамматикалық ережелер

2.Грамматикалық материалдар

3. Граммталикалық талдаулар

Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар  әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай  болуы керек. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың  мәнін, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді осылар ашық көрсетілуге тиіс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, орыс тілі

Көрнекілік: оқулықтар, баспасөз беттерінен қосымша материалдар, сызба-кестелер,

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Балақаев. Т.Қордабаев. Қазіргі  қазақ тілі грамматикасы.1966ж

2.Бектұров. Қазақ тілі. А;2006ж

3.Исаев. Қазақ тілі.А;2007 ж

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы көрек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мыса-лы, «сөз таптары» тақырыбы «зат есім», «сын есім» т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жал-пы есім» және жекеше, көпше т.б. болып белінеді. Бұл тақырып, тақырыпшылардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір та-қырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацта-ғы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың т а қ ы р ы п т ы құрастырып түрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып түр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді — осылар ашып көрсетілуге тиіс.

Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады.

Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», «сөздің өзгермейтін белшегін түбір дейміз» т. б.). Оқушыларға осы сияқты анықтама-лардың әрқайсысының қандай белшектерден түратынын көрсеткен жен:

1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині бола-ды (Мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).

  1. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін т. б.).
  2. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатын қосымшаны жалғау дейміз т. с. с).
  3. Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағы-наларынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау Үшін оның тҰ-біріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жал-ғанады т. б.). МҰндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш кластарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ре-тінде көрсетіледі.

Формалық белгілерді жинақтап, топтап (Синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфоло-гиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету Үшін пайдалану көрек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылма-ған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға ту-ра келеді. Мысалы, кітапта: «Аяқталған ойды білдіре-тін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама беріл-ген. Бұл — сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал бас-қа белгілері (сейлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады т. с. с.) анықтамада Көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сәйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сейлемдегі сөздердің бастауыш пен баяндауштың маңына топталатынын, сондай-ақ сҰрау-лы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырға-ғы болатынын біледі.

Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау ба-рысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсе-тілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мҰмкіндік береді.

Информация о работе Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері