Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 10:51, лекция
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді осылар ашық көрсетілуге тиіс.
1.Грамматикалық ережелер
2.Грамматикалық материалдар
3. Граммталикалық талдаулар
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру Үшін мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мы-сал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе
«Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
Сұраулар мен тапсырмалар
Тақырып 5. Грамматикалық жаттығулар, түрлері
Мақсаты: білімгерлерге грамматикалық жаттығулар жасату арқылы білімдерін анықтау
Тақырыпқа қысқаша теориялық шолу:
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетиикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларғз грамматикадан саналы да терең, түрақты да берік бі-лім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын калыптастыра-тын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жана фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада төз де дәл қолдана алу дағдысы-на ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білім-дері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде Ұздіксіз анализ-Синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тҰлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылай-ды, жаттығу арқылы білімін жуйелейді.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетика-лық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық бо-лып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті — балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қам-тамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалар-дың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, са-қауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «с» мен «ш», «р» мен «л», «ж» мен «з» си-яқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жой-ылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
Бастауыш кластарда фонетикадан берілетін мағлұ-маттар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қа-тар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға Үйрету Үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақ-тарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде бай-қалған орфоэпиялық қателер теріс айтылған сөздер тҰ-зетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескөртіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дҰрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы Ұйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты — ана ті-лінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тҰлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөз-дің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу Үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, кебінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөз-дің мағыналы әрбір элементі — түбір, жүрнақ, жалғау — бұлардың арқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын ту-дырады. Морфемаларды соның ішінде жүрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру Үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мҰмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығу-ларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен, мҰм-кіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды тҰ-бірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады, 2) белгілі бір сөздердің ішінен не-гізгі түбірді тапқызу Үшін, сол негізгі түбірден жасала-тын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескөріледі, 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысын-да мағына жағына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жатты-ғулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жҰйелеуге Ұйретеді. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский: «Баланың тілі шығып, сана-сөзімі өсе келе, ол сөйлеуге (сөздерді қол-дануға) Ұйренеді; оның акыл-ойында түрлі грамматика-лық формалар, сөздер, кҰнделікті тәжірибе, Ұлгі арқа-сында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға белініп, қа-лыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті — сол тә-жірибе нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жҰйемен беру», — деген болатын.
Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әр-бір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсі-неді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын мең-гереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дҰрыс, орынды қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) тек-стен көректі сөздерді тапқызу, 2) көректі сөздерді қо-сып, ©здіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру, 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін бай-қату, 4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грам-матикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқы-лы өзгеретінін аңғарту, 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру ар-қылы анықтау, 6) ұқсас сөздерді топтату, 7) байқаған құбылыстары жөнінде жек-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да косылады: текстегі қойылған тыныс бел-гілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өзде-рі қарастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың
оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен
жұмыс жа-
сау дағдылары қалыптасады (яғни зейін
қойып тыңдай
білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар
бойынша сөз-
дерді құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелеріне
талдау, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді
оқулықтан, сөздіктен қарап таба алу).
Практикалық сабаққа тапсырма:
1. Оқушыларға грамматикадан
2. Жаттығудың түрлері
3. Жаттығу жұмыстарына қойылатын талаптар
Үй жұмысы:
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Оқулық Алматы: Ана тілі, 1991 - 182 бет.
2.Бастауыш кластарда қазақ
3.Қазыбаев С. Бастауыш
4.Құлмағанбетова Б.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану.
Тақырып 7. Грамматикалық талдау, түрлері
Мақсаты: Грамматикалық талдауды және оның түрлерін меңгерту.
Тақырыпқа шолу:
Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған текстен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т. б.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.
Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.7 "Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазуша текстен сондай сөздердің астын сызғызу, олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі.Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (же-кеше, көпше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады,
Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады: 1. Сөздің бір формасын теріп жазады не астын сызып қояды, немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің Ұстіне қысқартып жазып қоюға да болады (зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирек сызықпен, етістіктің астын екі сызып көрсетеді. Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Оған түсті қарындаш қолданған қолайлы. 2. Берілген текстен ең әуелі зат есімдерді, сонан кейін сын есімдерді т. с. с. теріп жазады. 3. Белгілі бір грамматикалық ка-тегорияға жататын сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады. Мысалы, Балалар өзеннің жағасына келді сөйлемінен зат есімге жататын сөздерді тапқызуға тиіс болса:
•Сөз табы |
Сойлем мүшесі |
Сұраулары |
Жекеше, көпше |
Септік |
Балалар |
бастауыш |
кімдер |
көпше |
атау септік |
өзеннің |
толықтауыш |
қайда |
жекеше |
ілік септік |
жағасына |
жекеше |
барыс септік |
4. Талдауды толық жүргізгенде сөздерді бағанаға жазады да әрқайсысының түсына формасын жазады не-месе сөйлемдегі сөздерді схема бойынша жазады. Мы-салы, Біздер қалаға машинамен төз жеттік деген сөйлем-ді балалар былайша жазады: біздер — жіктеу есімдігі, 1 жақ, көпше, бастауыш. Қалаға — зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Машинамен — зат есім, жалпы есім, жекеше, кемектес септік, толық-тауыш. Төз — Үстеу, пысықтауыш. Жеттік — егістік, өткен шақ, 1 жақ, көпше, баяндауыш, схема бойынша:
Сөздер |
Сөйлем мүшесі |
Сөз табы |
СҰрауы |
Жекеше, көпше |
Септік |
Шағы |
Жағы |
Біздер |
бастау- |
есімдік |
кімдер? |
көпше |
атау |
||
ыш |
|||||||
қалаға |
толықт. |
зат есім |
қайда? |
жеке- |
барыс |
— |
— |
машина- |
пысықт. |
Үстеу |
немен |
ше |
көмек- |
— |
— |
мен |
қалай? |
тес |
— |
— | |||
төз |
баянд. |
етіст. |
не істе- |
өткен |
1 жак | ||
жеттік |
дік? |
шақ |
Информация о работе Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері