Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:58, биография
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб¬ша хат тану, оқу үйренген.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аймауытов, Жүсіпбек | |
Дүниеге келгені: |
1889 |
Қайтыс болғаны: |
1931 |
Мансабы: |
Жазушы |
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша
хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің
Құрылтайы съезіне делегат
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.[2]
[жасыру]
Жүсіпбектің қаламынан
туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының ғалымдары
жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп,
1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа
шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен
арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта
табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем
прозада алғашлиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың
үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін
тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер.
1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді.
Сүйінші, алаш баласы, сүйінші, көркемдік көкжиегіміз тағы да кеңіді! Бұл жолы оқырман қауымға Жүсіпбек АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ «Елеусіз ерлер» атты әңгімесін ұсынамыз. Бұл шығарма ХХ ғасырдың 20-жылдары Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің қосымшасы – «Сәуле» әдеби журналының 1924 жылғы қараша айындағы 6-санында жарық көрген екен. Әңгімені арапшадан қазіргі қаріпке түсіріп ұсынып отырған – филология ғылымдарының кандидаты Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ екенін тағы да еске саламыз.
Мектеп үйінің алдында жиналған қалың топқа екі зиялы көп сөйледі. Қазақтың тарихынан қозғай, қауып-қатерді үйіп-төгіп, аласапыран, жаугершілік заманда ел қорғайтын азамат болмаса, жоғалып, құрып кетесіңдер, деп елдің қамын жеп сөйледі. Жиылған қауым тырс етіп жауап қайырмады. Тамағын кенеп, жөтеліп, тымағын көзіне түсіріп, жер шұқып отыра берді. Жұрт өрт қамаған қойша ұйлығып, шығуға жол таба алмай, иығы түсіп кетті; белсеніп шығып, қасқиып жауап берерлік жан табылмады. Әншейінде елге басалқы айтатын ақсақалдар таба алмай сандалды, аузына құм құйылды. Өйткені, мәселе тосын еді, шешуі қиын еді.
Топтың кеуде кезінде
отырған көнетоз қоңыр
Ол мындай ойда отыр еді:
«Жалғыз атымды алып қойды. Ауылымды шапты. Әйелімді өлімші қып ұрып кетті. Жеңгелерімді, қарындастарымды басты. Қайролда сықылды жан жолдасымды өлтірді… Менен күйінді, менен қорлықты көп көрген кім бар? Осыған жазылып кетсем, қайтер еді? Бірақ елдің бәрі үндемеуі қалай? Бұл ұнайтын іс болса, өзгелер неге жазылмайды? Елден алабөтен жазылып, маған серік табылмаса, онда мен неге тентіремекшімін? Менің оным ақымақтық, ұшқалақтық болмасын ба?.. Жұрт маған күледі ғой!.. Қой, олай болмас, серік табылар. Жалғыз қырғын тауып отырған біз бе? Аман отырған кісі бар ма? Топтың қамалып отырғаны бұрын мұндайды көрмегендік шығар. Менің аянатын не жаным бар? Қарап отырып өлгенше, қолыңа қару алсаң, жастығыңды ала өлсең ғой! Жазылмағанда, бір күні Қайролда сықылды жылатып, өлтіріп кетпесіне көзім жете ме?.. Не де болса, тәуекел деп жұрттың алдына бір түсейін!..» деген ойға тірелді де қолын көтеріп түрегелді. Жұрт қарай қалды.
– Мен жазыламын, ағайлар!
– Е, бәрекелді! – деп екі азамат қуанып қалды.
– Аты-жөнің кім, шырағым?
– Әбіш Қошқарбай баласы.
Әбіш жазылды да топқа қарап қолын сермеп, қайраттанып сөйледі:
– Жігіттер, мен, міне, жазылдым, жаны ардақты байлар отырсын. Кедейлер, сендер несіне аянасың? Жазылыңдар!.. Бәрібір құр қол жүріп, иттен сасық боп өлгенше, тым болмаса, төбелесіп өлейік, несі бар дейсің? Олар да өзімдей кісі…
Әбіш соны айтып болып отырған кезде ана жақтан дембелше, тышқан көз, қара торы жігіт түрегелді де:
– Мені де жазыңыз, – деді.
– Аты-жөнің кім?
– Ораз Онбай баласы.
Жастарға жыбыр кіре бастады… «Сен жазыл, сен жазыл!» десіп біріне бірі сілтесті. Өзіне серік шыққанға Әбіш әлдеқандай мардамсып қалды.
– Кәне, тағы жазылатындар бар ма? – деп әлденеше айтылған соң кедейден 5-6 бала жазылды. Одан артық кісі шықпады. Қанша қақсаса да, қандай ұқтырса да, ел ұқпады. Қайта, жазылған жігіттерді кекетіп, сықақ қыла бастады.
Екі азамат исполком бастығын шақыртып алды да:
– Мына қағазды укомге тапсырыңыз, уком мылтық, қылыш, қару береді. Бұларға ел үстінен ат әпереміз. Бұлар елді қорғайтын атрет болады, – деді.
Олар жүріп кетті. Топ тарқады.
Күн еңкейген кезде мойындарында мылтығы бар сыптығыр екі жігіт адырдан түсе беріп, аттың басын жіберді. Шүу дегенде қылаң атты озып шықса да, жарты шақырым шапқан соң, баран атты да жетті де, қамшымен жоннан бір тартып, басып озды. Екеуінің суылдаған екпінімен ши түбіндегі жапалақ қалбалақтап аспанға ұшып, лағып барып есін жинайды. Шөп арасындағы шырылдауық шегірткелердің ішегі шығып қалып жатыр. Көгілдір әуеде қанаты қалшылдап, ілулі тұрып, ащы әнге басқан бозторғайлар болмаса, оқ қалақтай қалықтап, тышқан сүзіп жүрген құладындар болмаса, тезек басында қоразданып отырған бөктергі, бұлтаңдаған саршұнақ, секеңдеген қосаяқ сықылды қорқақ жандықтар аттылардың дүбіріне шыдамай, қасқырдан үріккен қойдай жөңкіледі. Омыраудан соққан аңызақ, шапқан аттың зуылдаған желі екі жігітті де желдендірді, желіктірді; екеуі жатып аударыс салды; үзеңгі қағысып тартқанда, бірін-бірі әкете алмады. Енді артынан ағызып келіп жұлып кетуді бастады. Аударыспақты болған соң шауып келе жатып қарғып түсіп, атып мінуді істесті; жерден топырақ алысты, жыраңқайдан ат қарғысты; тұра қалып қарақұсты атысты. Көлденеңнен қараған кісі бұл екеуін нағыз еріккен деп ойлар еді, бір-ақ бұлар ерігіп жүрген жоқ еді; Бұлар өздерін соғысқа даярлап жүрген Әбіш пен Ораз еді.
Екі жігіт бірталай жер жүрген соң, Қарашығанақта үш күннен кейін табысуға уағда байлап, екі жаққа кетті.
Әбіш түн қатып, ертең сәскеде Келтебұтаққа келді. Келтебұтақ – мұжық қаласы. Бер жағында Иманақ ауылында Әбіштің апасы болатын. Әбіш сонда келді.
Әбіш аттан түсер-түспестен апасының көзі бажырайып:
– Қарағым-ау, тез аттан! Поселкеде банда жатыр. Жездең де қашып кетті, – деді.
– Банда көп пе екен, апа?
– Ойбай, адам айтқысыз, дейді.
Әбіш апасымен сөйлесті де, атын қараңғы қораға, мылтығын шөптің астына тығып, үстіне жаман киім киіп, бір тайға жайдақ мінді. Қолына бір қапты алды. Сөйтті де, поселкеге кетті. Апасы: «Барма!» деп байбалам салса да, тыңдаған жоқ.
Қолау тайды салақтаған аяғымен өкпеге тепкілеп, жолмен солталаңдатып алып келеді. Маңайда тірі тышқан көрінбейді. Поселкенің бері жағында бір жарқабақ бар-ды. Әбіш аяңдап жардың басына шықты. Жарты шақырым жерде поселке тұр. Қаланың ішінде олай-былай өтіп жатқан мылтықты, салтатты кісілер, көшеде жүкті арбалар, анда-санда қызылды-жасылды киген әйелдер көрінеді. Оң жақтағы бір талдың ішінен қарулы үш атты кісі шыға келді. Үш атты Әбішті көрді де, тұра ұмтылды. Кейбіреуі мойнындағы мылтығын суырып қолына алды.
Әбіш «қашса атады, тұрса тағы да атады, не де болса, қарсы жүрейін» деп тайын бұлтаңдатып төмен қарай түсті. Ойға түсер-түспесте-ақ ежіреңдеген үш солдат мылтығын кезеніп, «стой» деп жетіп келді. Әбішті қамай тұра қалды. Орысшалап «қайда барасың?» деп сұрады. Әбіш «білмеймін» деп басын шайқады. Ішінде бір татар бар екен, соны тілмаш қып Әбішті тергеді. Әбіш түк білмейтін бір аңқау қазақ болды; поселкеге астық алуға келе жатқан бір сорлы. Ауылын, болысын, аты-жөнін әбден тексеріп болып, «қызылдардан білесің бе?» деп сұрады. «Білмеймін, біздің ауылдың бір кісісі 8-інші ауылға барып келген екен, сол айтып келді. Осылай қарай қызылдардың көп әтіреті келе жатыр дейді. Бүгін осы жерге келіп қалар ма екен, қайтер екен?» деді. Мына сөзді естіген соң, солдаттар Әбішті алдына салып, айдап поселкеге апарды. Поселкеге әкеліп, бір қораға тайымен кіргізді де, бір мұжыққа «кетіп қалмасын, аңдып тұр!» деп тапсырды.
Әбіш тайын байлап қойып, мұжықпен әңгімеге кірісті. «Ақтар қайдан келеді? Қашан келген? Көп кісі ме? Бұлар соғысқа пәле дейді ғой? Мылтық, сайманы да көп шығар?» деген сықылды өзіне керекті хабарларды жансыздап сұрап отыр. Анда-санда астық сататын кісіні де, малай жалдаушыны да сұрап қояды. Тымағы жапырайып, ауызынан сөзі түсіп отырған бір жаманды кім елең қылсын? Мұжық сұраған сөздеріне жауап беріп отыр.
Аздан кейін поселкенің көшесі шабуылдаған кісі, жаңғырыққан дауысқа айналды. Әбіш: «Не боп қалды?» – деп мұжықтан сұрады. Мұжық: «Білмеймін» деді. Атыс болып қалып, арасында босқа кетем бе деп, қорқайын деді. Бірақ Әбіштің қауіпі ұзаққа бармады; бандылар айғай-ұйғай болып, арбасын дүрілдетіп, абыр-сабыр поселкеден жөнеле бастады. Он минуттың ішінде поселке бандыдан тазарып, бейбітшілік болды. Мұжық Әбішті қоя берді. Тайға мініп, азырақ астық іздеген болды да, Әбіш апасының үйіне келді. Әбіш үрейленіп отырған апасын қуантып, бұдан кейін атына мініп, жастардың сиезін шақырмақ болып, ел аралап кете берсін. Енді он төртінші ауылға кеткен Ораздан хабар берейік.