Жүсіпбек Аймауытов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:58, биография

Краткое описание

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб¬ша хат тану, оқу үйренген.

Вложенные файлы: 1 файл

Жүсіпбек Аймауытов.doc

— 124.50 Кб (Скачать файл)
  • * *

Түс кезінде  Ораз бір үйде шай ішіп отыр еді, даладан:

– Мынау атты мініп келген кім? – деген дауыс  шықты. Дауысты естіп Ораз тысқа  шықса, атының қасында екі-үш кісі тұр. Киімі тәуір мырзасымақ, шоқша сақал кісі, амандасып болған соң: «Мына атты саған кім берді?» деді.

– Исполком бастығы.

– Ендеше менен  ұстап әкетіп еді, сен атымды беріп  кет! Жалғыз атым еді, сендерге ат табылмай ма? Бір байдан мінерсің… – деп  әлгі қазақ жатып атқа жабысты. Ораз бермеді. Қазақ өршеленіп қоймады. Аты кәдірлі болса керек, Ораздан жол бойынша жығылса да, атына қарайды да, қайта жабысады. Даудың аяғы жанжалға айналды. Бірі ауыл іргесін, бірі қызметін, мылтығын арқаланып, егес ұлғайды. Енді аз тұрғанда төбелес болатын еді. Бірақ кенеттен шауып келген бір адам керістің тоқтауына себеп болды.

– Неғып тұрсыңдар! Шыңғырлауға банды келіп қалды!

– А, жақсы болды! Атты бермейтін немесің ғой! Мен сені қызылдың атреті деп дереу ұстап берейін!

Ораз сөзді  доғарды. Ертоқымын алды да атын беріп қоя берді. Ауыл адамдары аттарына жүгірісіп, айғайласып, астаң-кестең болды да қалды. Атын алған кісі де жытты. Ораз түскен үйінен бір байтал сұрап мінді де, мылтығын бір шұқырға тыға салып, Шыңғырлауға қарай бет алды. Сар желіп келе жатып жүрегі дүрсіл қағады. Неге келе жатқанын, не бітеретінін өзі де білмейді, әйтеуір бір күш бандыға қарай тартқан тәрізді. Алды-артына қарамай келе жатыр.

Шыңғырлау ауылына  таяна бергенде алдынан ереуілдеп  бандының бір тобы шыға келді. Аттары ауыздықпен алысып, көкке шапшыды; үсті-басы асынған көкпеңбек қару; киімдері неше түрлі сәнді. Ораздың жүрегі тұрайын деді; Үйтсе де, білдірмеді; алдынан шықты. Казак-орыс бастығы: «Көтер қолыңды!» деп ақырды. Ораз қолын көтерді. Екі солдат қоныш-қонышын тінтті. Ораздан «Қайда барасың?» деп жөн сұрады.

– Сіздерге келемін.

– Неге?

– Алсаңдар, сіздің атретке кірейін деп едім.

– Не себепті  кіргің келеді?

– Қызылдардан  зорлық көрдім, жалғыз атымды алып қойды. Әкемді атып кетті.

Казак-орыс бастық басын шайқады:

– Өтірік айтады иттің баласы! – деді. Өзге екі бастық «шыны шығар» деп сеніңкіреп қалды. Казак-орыс сене қоймады.

– Шыныңды айт! Бәрібір өлесің! – деді. Ораз қарғанды, нанбады. Нанбаған соң:

– Шынымды айтайын, ұрлық қылушы ем. Исполкомның құдасының  малын ұрлап, исполком мені ұстайды деген соң, қашып жүрмін. Сіздерге кірсем, жаным қала ма деп едім. Құдайға адалы осы, – деді Ораз жүзі жанбай. Мына сөз казак-орыстың миына кірейін деді. Өзгелеріне орысшалап айтты. Олар Оразға абдан сенді. Бірақ казак-орыс көпке шейін басын шайқай берді. Әйтпесе Ораздан пайдалы кісі шығады. Шолғыншы болады, қызылдардан хабар біліп береді. Қазақтың сырын біледі деген дәлелдерден аса алмады: әтретке алуға о да көнді. Сол әңгімемен алдындағы жақын ауылға келіп қалды.

Ауылға таянғанда  солдаттар қойға шапқан қасқырша тұра-тұра шапты. Үш бастық пен Ораз бір бозғылтым киіз үйге тоқтады.

Үйде бір кемпір қатын, 14-15 жасар бір-екі бала бар, өзге жан жоқ. Олар да үрпиіп жер  үйде отыр екен, іздеп жүріп Ораз тауып алды. Төрелер тамақтанып аттанатын  болған соң Ораз жарлық бойынша он бес жасар баланы қойға шапқызды. Үйді тазалап, төсек жайып, жаңа төрелерін күтіп жүр. Самауыр қойылып жатқанда ауыл қыдырған төрт солдат та келді.

Қошқар тұмсық, мұртын шығыршықтаған бір бастық:

– Қыз жоқ  па екен? – деп сұрады. Солдат қазақтарды боқтай бастады:

– Неткен сболыштар! Бір жас қатын жоқ, қайда тығып  жібергенін білмейсің…

Артынан бір  солдат келе өзгелеріне мақтанды:

– Сендер түк  таба алмайсыңдар. Мен табам, теректің астынан бір қатынды суырып алып, өкірттім! – деді. Екі солдат оған еріп, шауып алды да кетті.

Ораз бәрін  біліп, зығыры қайнап отыр. Бірақ айтуға тіл жоқ, ішінен қиналды.

Шайдан кейін  орыстар шылым тартысып, қазақты  қалай қорқытқанын, атын тартып алғанын, қылышпен үш шауып, біреуінің басын  зорға кескенін, бір әйелді бырс еткізіп қарынға сұғып алғанын, қалай жанталасып жүгіргенін айтысып отырғанда, үш бастығы ұйқыға кірісті. Төрт солдаты аттарын суаруға ауылдың алдындағы құдыққа кетті.

Бастықтың екеуі  ат соғып қажып жүрсе керек, қор  етіп көзі ілініп кетті. Біреуі төңбекшіп ұйқтай алмай жатыр. Ораз босағадан жүресінен отырып, сүйеулі тұрған мылтықтың бірін алып, тамашалап о жер, бұ жерін қарады, құлағын қайырып көрді. Қазақ-орыс бастығы сыртылдағанын, шаппаның дауысын естіп, басын көтеріп алып:

– Алма мылтықты! – деп жекірді.

Ораз аңқаусып:

– Алса қайтеді? – деді. Мылтықты тастаған жоқ, икемдеп  ұстай бастады.

Казак-орыс:

– Таста, атылып кетеді? – деп орнынан тұра бергенде, Ораз атып тұрды да, басып қалды. Казак-орыс мойынын астына ала бүктетіле  жығылды. Мылтықтың дауысымен шошып оянып тұра берген біреуін Ораз тағы басты. Тәлтіректеп о да өкіре барып жер құшты. Олар жанталасып, қорқырап, тулап жатқанда қалған біреуі жын соққан кісіше, ұйқылы көзімен тұра беріп, қайта жығылып қалбалақтап жүр. Ораздың оғы таусылып қалды білем, басып қалып еді, от алмады. Ораз тұрып-жығылып жүрген орысқа тұра ұмтылып, мылтықтың темірімен қос қолдап тұрып, қарақұстан берді. Омақаса барып құлады. Тағы бір-екі қойып жіберді де, жүгіріп барып тағы бір мылтықты алып, құлағын ашып жіберді. Оғы бар екен. Атып тысқа шықса, төрт солдат тырым-тырақай ауылға қарай ат қойып келеді екен. Ораз үйге кірді де, босағадан тұрып көздеді. Үйге жүз елу қадамдай жетпей, алдыңғы бірі шалқалай, аттан мұрттай ұшты. Аты ойнақтап шыға берді. Оған таяу келе жатқан біреуін тағы қалпақтай түсірді. Алдыңғы екеуі жығылған соң, қалған екеуі жетегін тастап, жарық берді. Ораз жүгіріп шығып, ордаңдап жүрген аттарға ұмтылды. Мылтықтың дауысынан шошынған ат жуырда ұстата қоймады. Жан-жақтағы үйлерден адам шықпады, терезеден, есіктен басын қылтитып сығалап тұр. Ораз:

– Шығыңдар жылдам, атты ұстас! Қорықпа, бәрі қырылды! – деп атой беріп, аттарды қайырып жүр.

Қатын-қалаш, жаман-жұман  еркектер жүгірісіп, аттарды ұстасты. Ораз бір атқа міне сала, қашқан екі  солдатты қуып кетті. Бірталай ұзап кеткен екен, алыстан қарасы ғана көрінеді. Ат үстінен бытырлатып атып келеді. Оқ тимеді. Ораз жете алмады, оғы таусылған соң қайта қайтты. Барлық мылтықтары, бес аты олжа болды.

  • * *

Он шақты күннен кейін Електегі укомның жиылысында Қарашығанақ болысының ісполком бастығы Құрман дейтін жігіт бандыны қырғанын айтып, баяндама жасады. Құрманға уком тәңір жарылқасын айтып, атын қызыл тақтайға жазды. Қару-жарақ укомге тапсырылды. Киімдер ісполком мүшелерінің пайдасында қалды. Ораз қызметтен шығарылды. Әбіш те ісполком мүшелерімен келісе алмады. Орынборға оқуға кетті.[4]

Көзсіз ерлердің аты шықпай, елеусіз қала берді. Заманына қарай ерлері болмақ қой. «Өлі арыстаннан тірі тышқан». Заманымыздың ерлері атаусыз қалмаса жарар еді.[5]

Еңбектері[өңдеу]


1917-1919 жылдары  Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы  бірінші желтоқсанда Семейде  кеңес өкіметі орнап, Губревком  құрылған мезгілде көптеген қазақ  жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Ж.Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында - 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды. Жүсекеңнің, Жүсіпбек Аймауытұлының рухани өмірі аяқталған жоқ. Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді.[6]


Информация о работе Жүсіпбек Аймауытов