Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің
бірі сол, олардың қолдану орындары
мен ауыспалы мағыналары әр түрлі
ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына,
тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады.
Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі.
Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері
анау заманнан рухани асыл қазына ретінде
сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі
біздің күнімізге жеткізген. Адамзат өзінің
бала кезінде, табиғаттың сиқырлы алуан
жұмбақтарын шешесем, оны тілегіме жаратсам,
бағындарсам деген арманын өзінің ауыз
әдебиетінде бейнелеген. Адамның, табиғаттың
дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол
ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық-
әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне
адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған
табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты
ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан
байып, дамып отырған. Мысал ретінде алып
кету.
Ауыз әдебиетінде халықтың
ғасырлық арманы, жақсы өмірді, әділеттілікті
аңсаған мүрат мақсаттары бейнеленген.
Халық ауыз әдебиеті, әр түрлі
жанрда дамыған. Осы халық ауыз
әдебиетінің сегіз түрі бар:
Тұрмыс – салт жырлары
Мақал мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Айтыс өлеңдері
Тарихи жырлар
Шешендік сөздер
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті
де көркем туынды. Бірақ ауыз
әдебиетінің айырмашылықтары бар.
Ең алдымен ауыз әдебиеті- ұғымдық
шығарма, белгілі бір нақты авторы жоқ.
Бұл ақын – жыраулардың, ертегішілердің
өнеріне, дарынына, дүниетанымына қарай
түрлі өзгерістерге ұшыраған. Және де
ауыз әдебиеті өз шығармаларында лексикалық,
синтаксистік қайталауларға жиі ұшырайды.
ХІХ ғасырға дейін жазуы енді дамуы кезінде
қазақ халқы үшін, яғни біз үшін көркем
әдебиетте, білімде – ауыз әдебиеті болды.
Халықтың бүкіл тіршілігі - әлеументтік
экономикалық, рухани өмір мол көрініс
тапты. Шын мәнісінде халық шығармасы
– ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын,
оқушыларды күреске, кемтарлықтан сары
уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып,
жақсы өмір жасауға үндейді. Яғни Абай
атамыз айтқандай:
«Сенбе жұртқа тұрса да
қанша мақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып
шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап»
Осы ғасырлар бойы дамып,
қалыптасқан және өркендей беретін
халық педагогикасының қасиетін
қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты
жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз-болашақтың
сәулетіне нұрын шашқан күн
шуағы іспеті ұрпағына үйретіп,
адлдыққа баулыған халқымыздың танымдық,
тәрбиелік дәстрлері, салт-санасы, әдептік
хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр
алатын рухани асыл қазынамыз.
Дүниетанымдық элементтерді
өз бойына мол дарытқаны да,
дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде
күрделі жанрлық ерекшелігі
мен дараланатыны да және философиялық
мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың
ішіндегі шоқтығы биігі де – мақалдар
мен мәтелдер. Мақал - мәтелдер - ғасырлар
шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда
халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі,
ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер
дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен
ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан –алуан
құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін
жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі
қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен
аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан
сан – саққа құбылып отыратын көне де
күрделі жанр. Мақалдар мен мәтелдердің
дүниетанымдық табиғатының күрделілігі
оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде
ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында
құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне,
тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу
мүсіні мен ой маржандарының тазалығында
жатыр. Сондықтан да мақалдардың төрт
негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
Мақалдар объективтік дүниені
көркемдік тұрғыдан жалпылай
қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын
қызметі сөйлеу практикасында қолдану
ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы,
бейнелі мағыналарының қатынасын
қатаң еске алып, олардың біріншісінен
екіншісіне ауысу процксін белгілі
мәселеге халықтың көзқарастық
өзгеру құбылысымен байланысты қарау
керек.
Мақалдар дүниені көркемдік
тұрғыдан бейнелегенде өзіне
тән логикалық заңдылықтары арқылы
бейнелейді.
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар
ойының шежіресі мен халықтың
рухани өмірінің практикалық
энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер
ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған
жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде
қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі
мен халықтың рухани өмірінің практикалық
энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің
алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп,
адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып,
ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін
елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында
ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның
құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне
айналған келісті көркем сөз кестесін
халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде
қастерлеп отырған. Мысалы: «Келген дәулет
– кеткен бейнет»
«Ер тынысы –еңбек, ез тынысы
–ермек» сияқты еңбектің неше
алуан қасиетін өмір шындығынан
алып түйіндеген тамаша мақалдар
тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын
терең меңгерген поэтикалық дарынды дала
данышпандарының шығармашылық фантазиясынан
туындаған бұл шығармалар – еңбекші халық
болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен
философиялық ойлау әдістерінің
арасында тарихи туыстық бар. Оны
мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден,
мақалдар объективті өмір құбылыстарын
қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде
жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы
тұрғыдан келгенде, мақалдар – жалпылай
қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні.
Мақалдар жалпылауыштық қасиеті
тікелей емес, ауыспалы, астарлы
мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі
бір мақалға арқау болатын
өмір шындығы
Бұл жағдайда көптеген мақалдар
өздерінің тура мағынасынан алшақтап,
тек ауыспалы мағыналарда ғана
қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық
ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен,
қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі
кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас»
мақалын алайық. Ол тура мағынасында бізге
тек тарихи құжат қана болып табылады.
"«Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар
киетін сәнді, дәрежелі бас киімді айтқан.
Қай соғыста болмасын жауды жеңу үшін
қолбасын жығу керек, сонда ту да жығылады,
яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің
алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін әуелі
оның қолбасын жығу керек деген жаугершілік
практикасынан қорытылған әскер бастығының
өсиеті сияқты мағынада қолданылған.
Ал қазіргі көне көз қариялардың
сөз сараптау практикасында бұл
мақал белгілі бір әрекетте
негізгі, басты қиыншылықты жеңсең
ғана табысқажетесің деген ауыспалы
мағынада қолданылады. Демек, бұдан
мақалдың тура мағынасынан гөрі ауыспалы
мағынасының жалпылауыштық қасиетінің
күшті екенін көреміз. Көптеген мақалдар
өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалар
мен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан
мығым жасалған кейбір мақалдар тек өзінің
тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты
тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы
ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан
түрлі ауыспалы мағыналарға ие болу арқылы
мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай
мазмұндас мақалдарға дүниетанымдық тұрғыдан
ғылыми талдау жасағанда мүмкіндігінше
барлық қырынан тексеріп, барынша байыпты
қараған жөн.
Мақал-мәтелдер жайлы мағлұмат.
Мақал-мәтелдер –
халық даналығының қазына байлығы.
Олар ғасырлар бойы қалыптасып,
сол халықпен мәңгі бақи бірге
жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан
да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің
күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында
пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың
бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің
шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы:
«Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына
сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі
мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз
кесегімен айтылатын белгілі-белгілі
сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ
мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде
айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай,
әдетті сөз есебінде айтылады»[1,112 б.],─
деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда
тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз
шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен
тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде
тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа
жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің
қатарына жатқызуға болады.
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі
сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен
бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге
жеткен жазба ескерткіштердің тілінде
мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы: Орхон
жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні
бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен
ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді
кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани
лұғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң,
кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу
біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар,
білімсіз сөз өз басын жояр» [2, 56 б] дейтін
мақал-мәтелдерді байқауға болады. Бұл
деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің
бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау
алып, шығармалардың тілінде қолданыста
болғанына көз жеткіземіз.
Мақал-мәтелдер негізінен
халық аузында ауызша сақталған.
Ал, оларды нақты жинап, қағаз
бетіне түсіру, баспасөз беттерінде
жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан
басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін
алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан
Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы
шығармалар» [3,416 б.] еңбегіндегі біршама
мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын
жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері
түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып,
жарияланып келді. Ш.Ахметовтың құрастыруымен
шыққан «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясында»
бірнеше тақырыптағы мақал-мәтелдер берілген.
Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін
жинап, жариялауда: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев,
Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, И.Гродеков,
А.Васильев, П.М.Мелиоранский, Ә.Ә.Диваев,
Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский,
Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов,
Н.Төреқұловтарды атап көрсетуге болады.
Қазақ халық ауыз
әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде Қазан
төңкерісіне дейінгі әдебиетте 1879 жылы
Орынборда шыққан, 1906 жылы толықтырылып
қайта басылған Ы.Алтынсариннің хрестоматиясының
алатын орны ерекше. Бұл хрестоматияда
берілген мақал-мәтелдер бірнеше тақырыптарға
бөлініп, жүйелі түзілген.
Жоғарыда аталған
жинақтарда берілген түсінік
дәрежесіндегі бірен-саран шағын
алғы сөздерде, жалпы халық ауыз
әдебиеті жайында жазылған шолу
мақалаларда айтылғаны болмаса,
қазақ мақал-мәтелдері қырқыншы
жылдарға дейін арнайы сөз болып
зерттелген емес. Бұл кезеңдерде М.Әуезовтің
1927 жылғы «Әдебиет тарихында» [5,234б.], С.Сейфуллиннің
«Таңдамалы шығармалар» [6,55 б.] жинағында
мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің
бір саласы ретіне аталып, топтап мысалдар
келтірілген. Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді
шешендік сөздердің бір саласы ретінде
қарастырған.
М.Әуезов 1940 жылдардың басында
«Қазақ халқының эпосы және
фольклоры» атты зерттеуінде
қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің
тұлғасы өлең түрінде жасалатын,
мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен
байланысты болатын екі ерекшелігіне
көңіл бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің
зерттелуі шын мағынасында «Қазақ әдебиетінің
тарихында» басылған Б.Шалабаевтың «Мақал-мәтел»
атты ғылыми очеркінен басталады (Алматы,
1948). Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді
жинау, жариялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары
әбден қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған
дейін, көбінесе республикалық газеттер
бетінде ғана жарияланып келсе, енді «Қызыл
ту», «Оңтүстік Қазақстан», «Ленин жолы»,
«Есіл правдасы», «Коммунизм жолы» сияқты
облыстық газеттерде де жиі жарияланып,
жарық көре бастаған.
Мақал-мәтелдерді жан-жақты
зерттеп талдағандардың бірі
– Мәлік Ғабдуллин. Ол «Қазақ
халық ауыз әдебиеті» [8,70б.] атты
еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін
жинап, бастырушыларды атай кетіп,
оның жанрлық табиғатын, әдеби-әлеуметтік
мәнін анықтайды. Н.Төреқұловтың 1957 жылы
шыққан «Қанатты сөздер» [4,13б.] атты жинағына
бірнеше мақал-мәтелдер енген. Соңғы кезеңдерде
балаларға арналып шығарылған жинақтарда
мақал-мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға
боларлықтай. Оларға М.Жаманбалиновтың,
Қ.Баянбайдың, Е.Елубаевтың, С.Қалиевтің
[9,320 б.], Е.Ерботинның [9,80 б.], Б.Кірісбаевтың
[9,32 б.], т.б. жинақтарын атап көрсетуге
болады. Осындай мол меңгерілген рухани
мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында
көрініс тапқан. Мысалы: «Сап-сап, көңілім,
сап, көңілім» өлеңінде «не күн туды басына»,
«сабыр түбі – сары алтын», «ауру да емес,
сау да емес», «ағын судай екпіндеп» деп
кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың Абайдың
қара сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы»
қара сөзінде: «Ағайынның азары блоса
да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған
көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді
кездестіруге болады. Ал, «Біраз сөз қазақтың
түбі қайдан шыққан туралы» атты еңбегінде
10 мақал талданған [10,312 б.].
Мақал-мәтелдерде
бала тәрбиесіне де үлкен мән
беріледі. «Қызды асырай алмаған
күн етеді, ұлды асырай алмаған
құл етеді» деген мақал-мәтелдердің
мәнісі – жас ұрпақты жақсылыққа
баулу болмақ. Жастарға өнер-білім,
тіл үйретуде мақал-мәтелдің
мәні аса зор. Білім, өнер еңбектің бір
түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп
оқып білімін байытқан бала ғана өмірден
өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден
өнеге алмақ.
Қазақ
халқы – рухани
зор байлықтың мұрагері.
Ол өзінің өрісі биік
сын сапасы өскелең
мәдениетке бір күнде
жеткен жоқ. Осы мол
зор қазынаның түп-төркіні
сонау 6-8 ғасырдағы Орхан
Енесей ежелгі түрік
жазбаларынан басталады.
Қазіргі Қазақстан территориясында
жүргізілген археологиялық
қазбалар біздің ертедегі
ата-бабаларымыздың
тек мал баққан, жерін
шет жаудан қоғаған
батыр жауынгер ғана
емес, ақын, жыршы, шешен,
сонымен қоса сәулетші,
мүсінші, ұста, зергерде
болған екенін дәлелдеді.
Қай заманда болмасын
адамзат алдында
тұратын ұлы мұрат міндеттерінің
ең бастысы - өзінің
ісін өмірін жалғастыратын
салауатты саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі
келешек қоғам қамын
ойлау болып табылады.
Ал ұрпақты жан-жақты
келбетті етіп өсіруде
халықтық салт-дәстүрлердің
тәлім тәрбиелік, білім
танымдылық ролі орасан
зор. Өзге халықтар сияқты
қазақ елінің ұрпақ
тәрбиесі жөнінде атам
заманнан бері жиып-терген
мол тәжірибесі бар.
Аға буын өз бойындағы
ізеттілікті, қайырымдылық,
кішіпейілділік, әдептілік,
елін-жерін, Отанын сүюшілік
ең асыл қасиеттерін
жас ұрпаққа күнделікті
тұрмыста үнемі үйретіп,
қаны мен жанына сіңіріп
келеді.
Адамның жарық
дүниеге келген
күнінен бастап
оның есейіп, о
дүниеге аттанып
кеткенге дейінгі
өмірі мен іс-әрекеті,
басқалармен қарым-қатынас
атаулының барлығы
салт-дәстүрден өзекті
орын алып, адамның дүниеге
көзқарасын қалыптастыратын
тәрбие мектебі .
Жер жүзінде екі
мыңнан астам ұлт
пен ұлыс тіршілік
етеді десек, солардың
әрқайсысының өзіне
ғана тән әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлері
бар. Олар –
халық мәдениетінің
аса мәнді құрамдас
бөлігі, одан ол халыққа
жататын адамдар мәдениетінің
деңгейі, рухани байлығы,
басқа ұлттар мен ұлыстардан,
халықтардан айырмашылығының
барлық белгілері анық
танылады. Сонымен қатар
салт-сана, дәстүр қатып-семген,
мәңгі өзгермейтін нәрселер
емес. Елдің мәдениетіне,
экономикасына ілесіп
өркендеп отырады.
Дәстүрсіз халық
жоқ. Ол тарихи
негізінде қалыптасып
ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін әдет-ғұрып
жалпыға бірдей
әдеп, инабат нормасы
болып табылады. Дәстүрлердің
жалпыға ортақ
ең маңызды қызметі
– адамдар арасындағы
өркендеп және өзгеріп
отыратын тұрақтылықты
ретке келтіріп отыру.