Ежелгі Үндістан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 14:47, реферат

Краткое описание

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі [[ ]] — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Ежелгі Үндістан мәдениеті.docx

— 29.02 Кб (Скачать файл)

              Ежелгі Үндістан мәдениеті


 

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі [[ ]] — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.

Үнді қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан мүндай жағдай, дәлірек айтқанда, үйымдасқан өлеуметгік қарсылықтың болмауы — үнді халқының сыртқы күштердің басқыншылық әрекеттеріне тегеурінді, батыл түрде әлеуметтік-саяси қарсылық көрсете алмай, дәрменсіздік көрсетуіне әкеліп соқты. Соның салдарынан үнді елі алғашқыда мұсылмандардың, ал одан кейін ағылшын империализмінің үзаққа созылған азапты шеңгеліне түсті. Ол аз болғандай монғолдардың үстемдігі кезінде Үндістанның көптеген касталары мұсылмандық жолға көшті. Әсіресе, төменгі касталар ойланбастан-ақ өздерінің мәдениетінің діни негіздерін өзгертіп жіберді. Тоқымашылар, саудагерлер, қасапшылар, тігіншілер және т.б. ислам дінін қабылдады, ал кейіннен мүндай жағдай индустар мен мұсылмандар арасындағы күрделі шиеленістердің орын алуына әкеліп соқты.

 
Үнді өнері брахманизмнің, буддизм мен индуизмнің діни- өнегелік құндылықтарының тікелей ықпалымен дамыды. Алғашқы дүниеге келген көркем шығармалардың мазмүны адам- затты қоршаған дүниенің мән-мағынасын шындық түрғысы- нан көрсетуге бағытталды. Ведалар да, упанишадтар да көне үнді тілінде (санскрит) жазылған әдеби ескерткіштер қатарына жатады. Олардың көркемдік құндылығы бүгінгі күннің тала- бына да сай келіп отыр. Д. Неру үнді халқыньщ көркемдік мәдениетін Батыс Еуропа өнерімен өзара салыстыра отырып, олардың бір-бірінен басты айырмашылықтарын да атап көрсетеді.

Біріншіден, үнді халқының көркемдік мөдениеті дінмен және философиямен тығыз байланысты болып келеді. Бүл байланыстардың тамырының тереңдігі соншалық, үнді халқының көркемдік мәдениетіне сай келетін діни-философиялық идеалдарды білмей түрып, бүл мөдениетті түсініп, бағалау мүмкін емес. Үнді мәдениетінің қай туындысын алып қарастырсақ та, оларда діни сарынның бар екендігін аңғарамыз.

 
Екіншіден, үнді өнері қарапайым шаруаларға өте жақын болып келеді, өйткені мәдениеттің бүл саласының басты мақса- ты — қарапайым халықтың жүрегіне діни-философиялық идея- ларды жеткізу, карма заңдарын, дхарма талаптарын түсіндіру болып табылады.

 
Үшіншіден, поэзиямен, прозамен, драмамен, музыкамен айналысушы өнер адамдары өздерінің бойындағы қасиеттерді табиғат әлеміндегі құбылыстармен салыстырады және адамның табиғатпен, әлеммен өзара үндестігін ашып көрсетуге тырысады.

 
Төртіншіден, үнді өнерінің дамуына құдайларды мадақтауға қарсы бағытталған діни парасаттылық ерекше ықпал жасады. Ведалар құдайлар бейнесіне құлшылық жасауға қарсы болды, ал Будданың мүсін өнері мен кескіндеме өнері салаларында бейнеленуі буддизмнің дамуының тек соңғы дәуірінде ғана мүмкін болды.

Б.з. VII—VIII ғасырларында Үндістанда Эллора үңгірінде Кайлас ғибадатханасы салынды және Элефант үңгірлерінде Брахманның, Вишнаның және Шиваның түлғалары сымбатта- лып жасалды. Ал, монғолдардың үстемдігі кезінде мүсін өнері саласындағы мүндай дәстүрлерге қатаң тыйым салынды. Ислам діңінің қағидаларына сүйенген атақты Бабырдың ұрпақтары құдайларды бейнелеуге мүлде қарсы болды. Бірақ, оның есесіне үнді өнерінің басқа салаларында мәдениет пен өнердің тамаша туындылары өмірге келді. Солардың бірі — тек қана үнді халқының ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзат баласы- ның аяулы да, қасиетті ескерткіші, аппақ мәрмәр тастардан ас- қан шеберлікпен жасалған Тәж — Махал кесенесі. Көне үнді әдебиетінің асыл мүраларының бірі — «Махабхаратта» поэмасы болды. Бүл әдеби туындының басты тақырыбы — құдайға, оның құдіретіне табыну, оны мадақтау. «Брахман — мәңгілік. Ол — ұлы, ол дана. Ол қай уақытта болса да қасьщнан табылады». — Бүл ойлар поэманың өн бойынан орын алып, тақырыптың негізгі арқауына айналған. Конфуцийде,Аристотельде, ал одан кейін Кантта кездесетін «Өзің қаламағанды, басқаға да жасама» деген қағиданың алғаш рет осы «Махабхараттада» айтылғандығын кез келген адам біле бермейді. «Бхагавадгита» — «Махабхараттаның» бір бөлімі. Бұл шағын бөлім өмірдің мәні туралы терең философиялық толғауларға толы болып келеді.


Информация о работе Ежелгі Үндістан мәдениеті