Анализатор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:13, лекция

Краткое описание

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім

Вложенные файлы: 1 файл

Анализаторлар немесе талдағыштар.docx

— 36.78 Кб (Скачать файл)

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.[1]

Анализатор (Analyzer) - берілген алгоритмге сәйкес объектінің басты элементтеріне сипаттама беретін анализ жасау құрылғысы немесе бағдарлама. Желілік құрылғының жағдайын тексеретін, дестенің мазмұнына анализ жасайтын тәсіл.[2][3]

Анализатор- 1)зат қоспада қайсібір заттың бар жоғын анықтайтын аспап; 2)радио және электротехникада әр түрлі үрдістерді зерттейтін аспап.[4]

Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштері0 әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы қурылымнан — рецептордан, өткізгіш бөліктен (жуйкелік жолдан) және мидың улкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүше-лерінің орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан қүралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады

Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі)-және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.

Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.

Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.

Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш — сәуле, есту талдағышы үшін — дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.

Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.

Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.

Сенсибилизация  қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.

Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.

Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.

 

 

 

Көру талдағышы; көз алмасынан және оны қоршаған қосымша 
мүшелерден тұрады. Көз алмасының 3 қабықтары бар; сыртқы, 
тығыз ақ қабықша,ортадағы тамырлы қабықша,тор қабықша. 
Көз талдағышының жасқа байланысты ерекшеліктері.Көздің 
көру қабілетінің бұзылмауының алдын алу.Есту талдауышы 
орналасуына,атқаратын қызметіне байланысты үш бөлімнен 
тұрады; сыртқы,ортаңғы,ішкі құлақ.Сыртқы,ортаңғы,ішкі 
құлақтың ұлу бөлімі есту мүшесін,ал құлақтың кіреберісі мен 
жартылай иірімді түтікшелері тепе-теңдік мүшесі болып 
саналады.Жасқа байланысты есту талдаушыларының 
ерекшеліктері.Есту қабілетінің бұзылмауының алдын алу. 
Жазу және оқу кезінде қойылатын талаптар Тері,дәм, 
иіс сезімдері және жас ерекшеліктері.

 

 

 

  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің  міндеті – ғылым мен практика, компьютерлік технология жетістіктері негізінде оқушыны, жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған  білім алу үшін қажетті жағдайлар  жасау екені көрсетілген. Олай болса 5-6-сынып математика пәндерін оқытуда  зерек және дарынды оқушылардың  ой-өрісін, дүниетанымын және де басқа  маңызды психикалық іс-әрекетін дамытуға бағытталған түрлі әдістерді, педагогикадағы дидактикалық принциптерді, оның ішінде көрнекілік принципті компьютерлік технология құралдары көмегімен жүзеге асыру күн тәртібінен ешуақытта түспейтін өзекті, әрі маңызды мәселелердің бірі [1].    

Бастауыш сынып математика пәнін  оқытуда интербелсенді тақта  құралдарын қолдана отырып, көрнекілік принципті жүзеге асыру арқылы оқушылардың  танымдық іс-әрекеттерін арттыруға  болады. Көрнекілік принципті жүзеге асыру негізінде оқушылардың  танымдылық қабілеттіерін арттырудың формалары мынадай: сезімдік    жүйелер   немесе    талдағыштар белгілі    шынайы   ақпаратты    қабылдауға   және    тануға    арнайы   құралған       жүйке    жүйесінің    күрделі    бөлігі. Сезім   мүшелерінің    қабылдағыштарында тітіркену    әсерінен    қозу   толқындары    пайда    болады,   ол    орталық    жүйке   жүйесіне    өтеді.    Әрбір   талдағыштың   іс-әрекеті    оның    қабылдағыштарында    сыртқы    түрткілердің    физикалық    және    химиялық    әсерін   түйсінуден   басталады.     Олар  қозу  толқынына  айналып,  әртүрлі   деңгейде  орналасқан   нейрондардың тізбектері    арқылы    миға    жетеді.  Сезім   сигналын   өткізу   бірнеше   рет  бұлардың   өзгеруі    және   қайта түрлендіруі    арқылы   атқарылады.   Сезім   ағзалары    қабылдайтын    тітіркеністерге   үлкен    ми    сыңарлары    қыртысының     белгілі   аймақтарында   талдау   жасалады.  Бұл  жерде   ең   жоғары  анализ    және   синтез   жасалынады.   Сөйтіп,  қабылдағыштар,  қозу  толқынын   өткізетін   жол  және  ми  қыртысының     белгілі   бір  аймағы   организмнің   тітіркендіруді    қабылдауын   және    ажырата   білуін   қамтамасыз    ететін   біртұтас  жүйе  –  талдағыштарды   түзетеді.     Талдағыштар    туралы    ілімді    И.П.Павлов    ашты.    Ол,   ең   бірінші    болып,    талдағыштың     үш    бөліктен    тұратынын    айтты:   қабылдағыштық    (шеткі  бөлімі),  сезімдік   нейрондар   және    өткізгіш    жолдар   (аралық  бөлім),    соңында    сезімдік    сигналды    қабылдайтын    үлкен    ми    сыңарларының   қыртысы    (орталық   бөлімі). Бұл   үш   бөліктің  біреуі   зақымданса   белгілі   бір  тітіркендірісті    ажырату   қабілеті    жойылады.    Мәселен,   ми   қыртысының     нақтылы    бір    аймақтарын   зақымдайтын    тәжірибелер    шартты    рефлекстерді   жояды.    Осыны   ескере   отырып,    И.П.Павлов   талдағыштардың   ми   қыртысындағы    бөлімінде  алғашқы   аймағы   болатындығын  дәлелдеді. Сонымен   қатар   бұлардан   тысқары    келген   мәліметті   қабылдайтын    шашыраңқы    жүйке    бөлшектерінің    барлығы    анықталды.   Талдағыштардың   қоршаған ортаны  тануда   өте   зор   мәні   бар.   И.М.Сеченовтың    айтуы   бойынша,  талдағыш   дегеніміз –  мидың    сезіну   ағзалары.    Өйткені   әрбір  психикалық   іс-әрекет  санада   сезім   арқылы   қабылдау  негізінде  туады.    Сыртқы   дүниені    тану   әрдайым   сезуден    басталады.  Ол   заттардың     жеке    қасиеттері   мен   сапаларын    анықтап    табуға    мүмкіндік   туғызады.     Алайда,   әлемде   өзімен-өзі   бөлектенген    қасиеттер   мен    сапалар   болмайды.    Сондықтан   сезу түйсікті  қалыптастырады.  Түйсік   заттар   мен  құбылыстарды    толық,   олардың    барлық    қасиеттерінің    бірлігін    тануды    жүзеге   асырады. Түйсік   пен  сезу  арқасында  түсінік  (елестету)   пайда  болады.  Түсінік адамның   қоршаған ортаны  тануын   өрістетеді.    Ол   адамның    сезім    ағзаларына    бұрын    әсер  еткен    қоршаған    ортадағы    заттар   мен   құбылыстарды   көзге   елестетіп,     ойға  түсіреді.  Сөйтіп, сезу,  түйсік,  түсінік   таным   үрдісінің   алғашқы   кезеңі.    Олар   қоршаған   ортадағы   кейбір   заттардың    және   құбылыстардың    сыртқы   пішіні   мен   байланыстарын   бейнелейді. Әртүрлі   құбылыстардың   мәні   мен   заңдылығын   тану   дерексіз   ойланудан   туады.   Бұл   ойлау   құбылыстардың   мәнісін,   олардың   ішкі   байланыстарын    ажырататын   ұғым,   пайымдау   және   ой  қорыту,   арқылы болады.   Бұл   танымның   ең   жоғарғы,    күрделі   кезеңі.   Адамның   таным   үрдісі   барлық   кезеңде   қоғамдық,   әлеуметтік   заңдарға   бағынады   және    тарихи   тәжірибелермен  сыналады.

И.П.Павлов   арнайы  зерттеулер   арқылы   бейнелеу   үрдісінің   мидағы физиологиялық    тетіктерін   дәлелдеді,  әлемді    бейнелеу   жүйке    жүйесінің   қасиеттерімен    тығыз   байланысты    екенін  анықтады.   Адамның     ой  өрісі  мен   оның   тереңдігі   сыртқы   дүние    әсерінен   туатын   көптеген     мәліметті   қабылдау   және   өңдеуден   құралады.

Біртұтас бейне нәтижесі болып  табылатын қабылдаудың обьективті негізі обьект қасиеттері мен әртүрлі  жақтарының бірлігі болады. Қабылдау бұған дейін болған ақпаратқа негізделген пайымдауды қамтиды. «Қабылдау» терминінің екі мәні бар: 1) қабылдау процесінің нәтижесінде туындайтын зат бейнесі; 2) шындықтың сезімдік бейнедегі белсенді көрінісі болып табылатын сол процестің өзі. Психологияда қабылдау бейненің жалпы қасиеттері (тұрақтылық, бүтіндік, құрылымдылық, заттық) мен түсінік бейнесінің қасиеттері (жалпылаушылық, фрагменттілік, таңдамалық, сызбалық және басқалар) анықталған. Нақ осы қабылдау негізінде басқа да психологиялық процестердің – жад, ойлау, елестету, іс-әрекет жүзеге асады. Шындықты сезімдік бейнелеудің қалыптасу және жұмыс істеуі ретінде қабылдау процесі әртүрлі функционалдық, операциялық және мотивациялық сипаттамалардың күрделі тоғысуы болып табылады. «Қабылдау сезім мүшелеріне заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуі кезіндегі олардың қасиеттері мен бөліктерінің біртұтас көрініс беруі түрінде болады». Біз сезім мүшелеріміздің көмегімен алған ақпараттар оптикалық аспаптар, дербес компьютерлер, нәзік өлшеу құралдарымен өлшеніп,  эксперименттік тексеруге ұшырайды, олардың көмегімен алынған білім белгілі бір шамада ғана дұрыс деп есептелінеді. Математикалық обьектілерді қабылдау заңдылықтары бар. Қабылдау  психологиялық ғылымның түбірлі мәселесі болып табылады. Онымен XIX және XX ғасырдағы көптеген физиологтар, психологтар мен педагогтар: Қ.Жарықбаев, С.Стивенс, Н.Н.Ланге, Б.Ф.Ломов, А.А.Ухтомский, П.А.Анохин, Г.Гельмгольц, И.М.Сеченов, Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, И.П.Павлов, Д.Н.Узнадзе, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, А.В.Запорежец, Б.М.Теплов және басқалар айналысты.

Біз қабылдауды белгілі бір ағзаның  жүйке асты динамикасы мен құрылымның өзгеру салдарынан  обьектінің (ортаның) тұтастай бейнеленуі жүзеге асатын обьектімен (ортамен) ағзаның тікелей ақпараттық әрекеттесу процесі ретінде кең мағынада қарастыратын боламыз. Қабылдау процесіндегі маңызды элемент қабылдау субьектісі - оқушы. Г.Гельмгольц кеңістіктік бейнелерді қабылдау процестерін зерттей отырып, қозғалыстың рөлін ерекше атап өтті. Ол қозғалысқа едәуір кең мағына берді: қозғалыс субьекттің обьектіден алынатын сезімдік әсерлердің тұрақты өзгеруін туындатады. Сонымен бірге қайталанушы тәжірибе  байланыстардың тұрақтылығын, олардың белгілерін айқындап, соның арқасында сезімдер жиынтығы салыстырмалы түрдегі инвариантты бейнелерге ие болады. Көздің бейімдеушілік рефлекстері және т.б. байланысты қабылдаудың элементар моторлы  актілерінің болуын атап өте отырып, әйгілі психолог Н.Н.Ланге  айналадағы қоршаған дүниеден бөліп көрсетіп, яғни, еркін зейін аудару деп аталатын құбылыстарға талдау жасалатын обьектілердің сезімдік бейнелерін зерттеді. Н.Н.Ланге үшін еркіндік зейін мақсаттық, мақсатқа бағынышты  қабылдау. Тек осындай қабылдау ғана едәуір нақты және толық білімді бере алады.

Перцептивті іс-әрекет онтогенездің алғашқы кезінде кең көлемді  сыртқы форма түрінде көрінеді. Қабылдау бейнесінің қалыптасу құрылымы мен  рөлі айқын біліне бастаған обьектіні  көрген кездегі формаға ие болғанға дейін даму барысында ол бірқатар сатылы  өзгерістер мен қысқаруларға ұшырайды. Бейненің қалыптасуына бағытталған әрекеттерде ақпаратты сайма-сай айқындайтын белгілермен танысу операциялары көрініс береді. Перцептивтік процестердің операциялық механизмдеріне заттармен және құбылыстармен практикалық сүйену процесінде қалыптасатын өлшеу, реттеу және басқа да әрекеттер жатады. Бұл процесстердің мотивациялық жағы олардың бағыттылығын, селективтілігі мен күштілігін анықтайды. Қабылдау процестерінің біртіндеп күрделену факторлары ойлаудың жалпылауыш-абстракциялаушы қызметі мен сөйлеу қызметі өткен тәжірибеге сүйенетін сезімдік бейне жасауымен түсіндіріледі. Әрқилы түрдегі перцептивтік процестерді зерттеу талдағыштық жүйеге тәуелді қабылдаудың белгілі бір моделдігіне бағдарланған. Бірақ перцептивтік процестің бастапқы  моделі мен принциптік сызбасы барлық уақытта көру бейнесі болып табылады. Көру жүйесі сыртқы әлем жайлы нақты ақпарат көзі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге барлық талдағыштық жүйелер арасындағы  байланыстардың ішкі арналарының рөлін атқаратындығымен де  адам үшін маңызды болып табылады. Мидың талдағыштық жүйелеріне арналған мұндай өзгеше көру жүйесіне адам факторының қосылуы арқасында иеленеді. Көру жүйесі үш деңгейде: сенсорлық (сезіну), перцептивтік (қабыл-дау), апперцептивтік (елестету) деңгейлерінде жұмыс істейді. Қабылдау процесіндегі жеке ерекшеліктерге мыналар жатады:

• қабылдау көлемі – қараған кезде  адам қабылдай алатын объектілер мөлшері;

• дәлдігі - қабылданатын объект ерекшеліктері  мен бейненің сәйкестігі;

• толықтық - толық сәйкестік дәрежесі;

• жылдамдық - заттарды немесе құбылыстарды сайма-сай қабылдау үшін қажетті  уақыт;Жалпы орта мектептің батсауыш сынып оқушыларын білім алуға, еңбекке, практикалық қызметке даярлаудың аса маңызды бөлігінің бірі - қазіргі кезде оқушыларға білім беруде, танымдық іс-әрекеттің әдістерін өзгертуде компьютерді қолданудың орыны ерекше болып отыр.     

Көптеген дидакт, психолог ғалымдардың  зерттеулерiнде танымдық іс-әрекеттерді  белсендіре отырып оқытудың артықшылықтары көрсетiлген. Гершунскийдің, Монаховтың жүргізген зерттеулеріндегі ойларымен келісе отырып, біз компьютерлендіру процесі оқушының тұлға ретінде дамуына субьектілік позицияның қалыптасуына, өзін-өзі танып білуге принциптік тұрғыда жаңа мүмкіндіктер ашып беретін жеке іс-әрекет амалы деп қарастырамыз.  Қабылдау процесінде жадта сақталған ақпараттар мен сол объектіні қабылдау процесінде алынған жаңа іздердің өзара әрекеттесуі жүреді. Жадта тіркелген жеке тәжірибе қабылдау процесі мен оның нәтижелеріне едәуір әсер етеді. Оқу процесін ғылыми ұйымдастыру мен оқыту теориясы үшін қабылдау көлемі мен ақпарат қозғалысы тиімділігін арттыру маңызды болып табылады. Егер де сәйкес көлемде ақпарат ағынының бағыты мен таралуы сәйкес көлемде негізделмеген болса, онда оның мазмұны білімге айналып өңделмейді. Оқу процесінде белгілі бір таңбалық жүйе арқылы ақпарат мазмұнын өрнектеу үлкен маңызға ие. Оқушыларға берілетін ақпарат не білімге айналуы, не айналмауы мүмкін. Ақпараттың білімге айналуы дидактикалық шарттардың орындалуына байланысты. Оқу ақпаратын тиімді берудің кейбір шарттары мынадай: жаңа материалды хабарлаудың міндетін нақты анықтау керек; форма мен оны хабарлау құралдарын негіздеу керек; ақпараттың көлемі бойынша оның қабылдану мүмкіндігін бағалау қажет; ақпаратты білімге айналдыру үшін оны қабылдауға оқушыны дидактикалық және психологиялық дайындау қажет. Бұдан басқа мотивсіз ақпаратты хабарлау оқытуда күтілетін әсерді бермейді: оқушы қажетті материалды қабылдауға дайын болмай қалуы мүмкін.

Информация о работе Анализатор