Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:22, автореферат
Қазақстан Республикасының статистикалық мемлекеттік комитетінің мәліметтері [2009] бойынша туберкулездің аурушаңдық және өлім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалып отыр, бірақ оның құрылымында деструктивті түрлерінің көбейуі және жедел өршіп, тез өлімге әкелуі фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезінің өту ағымының ерекшеліктеріне, өлім себептеріне, оның эпидемиологиялық және морфологиялық аспектілеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл жұмыстың маңыздылығы оның қазіргі заманға сай зерттеу әдістерін қолдана отырып морфологиялық талдау жасау арқылы ем жүргізілген науқастарда фиброзды-кавернозды туберкулезінің өршу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
1-ші кесте - Зерттеулердің жасы мен жынысына байланысты сипаттамасы
Топтар |
17-19 жас |
20 -29 жас |
30-39 жас |
40-49 жас |
50-59 жас |
60-69 жас | ||||||
ер |
әйел |
ер |
әйел |
ер |
әйел |
ер |
әйел |
ер |
әйел |
ер |
әйел | |
I |
- |
- |
2 |
1 |
6 |
1 |
8 |
1 |
1 |
- |
- |
1 |
II |
1 |
- |
3 |
5 |
17 |
4 |
11 |
5 |
8 |
2 |
2 |
- |
III |
1 |
- |
5 |
2 |
13 |
5 |
12 |
1 |
10 |
2 |
1 |
1 |
Барлығы |
2 |
- |
10 |
8 |
36 |
10 |
31 |
7 |
19 |
4 |
3 |
2 |
Біздің байқауларымызда (кесте 1) 30-49 жас арасындағы ер адамдар 50,8%, ал әйелдер - 12,9% құрады. Әлеуметтік жағдайларына қарай сараптау барысында жұмыс жасайтындар – 12,1%, жұмыссыздар – 53,0%, мүгедектер – 10,6%, зейнеткерлер – 5,3%, тұрақты мекен жайы жоқ жандар - 18,9% құрады. Анамнезіне талдау жасау барысында олардың –32,5% бұрын бас бостантығынан айырылған жандар екендігі және - 40,1% жағдайда аурухана ережесін бұзғандығына байланысты емдегі үзіліс анықталды.
2 кесте –
Зерттеу топтарындағы
топтар |
Үрдістің жайылу көлемі |
Каверналардың көлемі | ||||||
бір өкпе |
екі өкпе |
ұсақ |
орташа |
ірі |
алып |
аралас | ||
оң жақ |
сол жақ | |||||||
I |
3 |
2 |
16 |
9 |
7 |
2 |
- |
3 |
II |
13 |
7 |
38 |
6 |
11 |
16 |
8 |
18 |
III |
7 |
4 |
42 |
- |
8 |
17 |
10 |
15 |
Барлығы |
23 |
13 |
96 |
15 |
28 |
35 |
18 |
36 |
Туберкулездік үрдістің жайылу көлеміне қарай 72,7% жағдайда екі жақты, 27,3% - бір жақты болды, соның ішінде көбінесе оң жақ өкпеде - 63,9%, сол жақ өкпеде – 36,1% дамығандығы анықталды. Біздің зерттеулерімізде каверналардың орналасу реті бойынша: үлкен– 26,5%, орташа – 21,2%, кіші– 11,3%, алып – 13,6% және 27,3% байқауда – олар аралас (ұсақ + орташа; орташа + үлкен) түрде кездесті. Барлық жағдайда сыртқы ортаға бактерия бөлу байқалды, соның ішінде - 40,2% жағдайда ТМ-ның дәріге төзімді түрлері анықталды.
3 кесте – Топтарды ТМ-ның туберкулезге қарсы препараттарға төзімділігі бойынша сараптау
Топтар |
Сезімталдық сақталған |
Монорезистент- тілік |
Полирезистент- тілік |
Мультирезистенттілік | |
S |
RS |
HRS |
HRSE | ||
I |
- |
1 |
- |
5 |
1 |
II |
- |
- |
1 |
13 |
10 |
III |
- |
- |
1 |
10 |
11 |
Барлығы |
- |
1 |
2 |
28 |
22 |
Біздің (3 кесте) байқауларымызда 52,8% байқауда үш препаратқа; 41,5% – төрт препаратқа төзімділік анықталды.
Біздің зерттеулерімізде қосымша аурулар 83,3% жағдайды құрады: олардың ішінде созылмалы маскүнемдік - 27,2%; нашақорлық - 7,5%; қант диабеті және ЖИТС - 3% жағдайдан, ас қорыту жолдарының аурулары - 17,3%; жүрек - қан тамыр жүйесінің - 3,6% және зәр шығару жүйесінің аурулары - 7,3%; ФКТ тән өкпелердің обструктивті үрдістері - 22,7% байқауда кездесті.
Жұмысты орындау мақсатында кешенді морфологиялық зерттеулер қолданылып, препараттар төмендегі әдістермен боялды:
-Гематоксилин және эозин;
-дәнекер тінін анықтау үшін - ван-Гизон;
-Гистохимиялық әдістер:
-гликозаминогликандарды анықтау - ШИК реакциясы;
-коллаген және эластикалық талшықтарды анықтау - Маллори;
-тіндердегі амилоидты анықтау - Конго-қызыл.
-Гистобактериоскопиялық әдіс-өкпе тініндегі ТМ анықтау - Ziehl-Neelsen әдісі.
Сандық морфометриялық әдіс - Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы каверналар қабырғасының қалыңдығын, себінді ошақтардағы некроз көлемін анықтадық.
Статистикалық өңдеу PENTIUM IV (Windows) компьютерлік базасындағы Statistika7 бағдарламасымен жүргізілді, Р < 0,05 шамалардан басталатын мәндер статистикалық сенімді деп саналынды.
Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау
Аурудың ұзақтығы 1 жылға дейін созылған (І топ) ФКТ-дің морфологиялық сипаттамасы
Бірінші зерттелу тобында макроскопиялық: көкірек қуысының жапырақшалары каверналардың проекцияларында қалыңдаған. Өкпелердің көлемдері кішірейген, деформацияланған. Өкпелерде әр түрлі мөлшердегі, қабырғалары тығыз, пішіндері дұрыс емес, дөңгелек каверналар анықталды. Негізінен орташа және кіші мөлшерлі каверналар басым кездесті.
Микроскопиялық зерттеулерде каверналар әдеттегідей үш қабаттан тұрды. Фиброзды қабат жіңішке болды, грануляциялық қабаты нашар жетілген, аз мөлшерде лимфоидты элементтерден, нейтрофильдерден, макрофагтардан тұрады, бірлі-жарым эпителиоидты және Пирогов-Лангханс жасушалары кездесті. Казеозды некроз қабаты өте көлемді болды. Кавернаның айналасындағы өкпе паренхимасында көптеген себінді ошақтар анықталды, олардың ортаңғы бөліктерінде казеозды некроз, айналасында сирек орналасқан эпителиоидты және Пирогов-Лангханс типті көп ядролы алып жасушалар анықталады. Перикавитарлы аймақтарда сегментарлы және полисегментарлы серозды пневмония ошақтары анықталып, серозды экссудаттың казеозды некрозға ұшырауы нәтижесінде сегментарлы казеозды пневмония дамыған (1 сурет). Казеозды ошақтардың ортаңғы бөлімдерінде ыдырау үрдістері дамып, жаңадан пневмониогенді қуыстар пайда болды. Казеозды массаларда көп мөлшерде ТМ анықталды (2 сурет). Үлкен бронхтарда гранулематозды мезобронхиттер дамыды, ал субсегментарлы және кіші бронхтарда казеозды бронхиттер анықталды, олардың қабырғаларының сегментарлы және тоталды еруі байқалды (3 сурет).
1-ші
сурет. Казеозды пневмония
Гематоксилин және эозин бояуы.
Үлкейту х 200.
Қан тамырлар қабырғасының адвентициясында созылмалы туберкулездік қабыну үрдісі анықталып, туберкулездік қабыну лимфоидты және Пирогов-Лангханс типті алып жасушалардан тұратын гранулематоздық қабыну түрінде кездесті. ШИК- реакциясы теріс мәнді болды.
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінде (бифуркациялық және бронхопульмоналдық) туберкулездік лимфадениттер дамыды. Олардың стромасында гиперпластикалық үрдістер, субкортикалдық аймақтар мен милы қабатының синустарында макрофагалды реакция, ретикулярлы жасушалардың пролиферациясы байқалды. Барлық көру аймақтарында ортасында казеозды некрозы бар эпителиодты-жасушалық, Пирогов-Лангханс типті алып жасушалардан тұратын туберкулездік гранулемалар анықталды (4 сурет).
3-ші сурет. Казеозды-некротика
бронхит, бронх қабырғасының казеозды туберкулездік гранулемалар.
еруі. Гематоксилин және эозин бояуы. Гематоксилин және эозин бояуы.
Үлкейту х 200.
4 кесте - Каверналардың қабырғасының қабаттарының қалыңдығының морфометриялық көрсеткіштері
Қабаттың қалыңдығы |
1 топ |
2 топ |
3 топ |
Фиброзды қабаттың қалыңдығы |
185,9±2,1* |
179,6± 2,0* |
172,4±1,8* |
Грануляциялық қабаттың қалыңдығы |
39,9 ± 0,5* |
44,6±0,7* |
51,2±1,0* |
Ескертулер- * р< 0,05 топтар арасындағы сенімді айырмашылық |
5-ші сурет - Каверна қабырғасының қалыңдығы
5 кесте – Себінді ошақтардың және некроздың морфометриялық көрсеткіштері
Ошақтың көлемі |
1 топ |
2топ |
3 топ |
Себінді ошақтың орташа көлемі мкм |
7684,2±4,5* |
10973±5,5* |
12075,0±6,3* |
Некроздың орташа көлемі мкм |
3863,2±1,7* |
3099,0±2,3* |
2747,7±1,2* |
Ескертулер- * р< 0,05 топтар арасындағы сенімді айырмашылық |
6-шы сурет – себінді ошақтардың және некроздың
салыстырмалы көрсеткіштері
Морфометриялық зерттеулерде аурудың өту ұзақтығына сәйкес фиброзды қабаттың қалыңдығы 13,5 мкм-ге төмендеді (р< 0,05); ал грануляциялық қабаты 11,3 мкм-ге жоғарылады (р< 0,05); керісінше себінді ошақтың көлемі 4390 мкм-ге жоғарылады (р< 0,05), ал некроздың орташа көлемі 1115 мкм-ге төмендеді (р< 0,05).
Қорыта айтқанда, 1-ші топта туберкулездік үрдістің өтуі үздіксіз-үдемелі ағымды болып, бронхогенді диссеминация ошақтары, жедел каверналар, казеозды панбронхиттер дамыды, кеуде ішілік лимфа түйіндерінде туберкулездік лимфедениттер анықталды. аурудың асқынуларының ішінде ең жиі кездескені өкпеден қан кету- 23,8%, кеуде қуысының эмпиемасы мен спонтанды пневмоторакс – 9,5%, ӨЖШ – 4,8% байқауда анықталды. Бұл топтың танатогенезінде туберкулездің үдеуі - 95,3%, ӨЖШ - 4,7% жағдай құрады.
2 Аурудың ұзақтығы 1 жылдан 5 жылға дейін созылған ( ІІ топ) ФКТ-дің морфологиялық сипаттамасы
Макроскопиялық сипаттамасы: көкірек қуысының жапырақшалары қалыңдаған. Өкпелердің көлемдері кішірейген, деформацияланған. Бұл топта үлкен, орташа каверналар басым кездесіп, алып каверналар табылды.
Микроскопиялық каверналардың сыртқы қабатының қалыңдығы, дөрекі талшықты дәнекер тінінен тұрды. Грануляциялық қабаты жасушалық құрамында айырмашылық жоқ, бірақ болбыр орналасқан дезорганизация жағдайындағы, тармақталған коллаген талшықтарының үзінділері кездесті.
Морфомертияда фиброздық қабат 1 топпен салыстырғанда сәйкесінше 6,3±0,1 мкм төмен (р< 0,05), ал грануляциялық қабат 4,7±0,2 мкм жоғары (р< 0,05) болды. Казеозды – некротикалық қабат кең көлемді.
Қан тамырларының айналасындағы фиброзды тіннің өсуінің нәтижесінде саңылаулары тарылып, олардың перикалибровкасы және резервтегі қан тамырларының ашылуынан пайда болған «ангиоматоз» байқалды (7 сурет). Бұл құбылысты өкпе тінінің деформациясы нәтижесінде дамыған өкпе артериясы жүйесінің гипертензиясымен түсіндіруге болады. Перифокалды қабыну аймағы ошақты серозды пневмония түрінде көрініс беріп, альвеолалардың қуысында жас макрофагалды элементтерден және бірлі жарым фибрин жіпшелерінен тұратын серозды экссудат анықталды (8 сурет).
7-ші сурет. Қан тамырларының
перикалибровкасы, резервтегі қан жас макрофагтар және фибрин
тамырларының толыққандылығы. жіпшелері. Гематоксилин және эозин.