Баганалы жасушалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:35, реферат

Краткое описание

Бағаналы жасушалар - өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар. Бағаналы жасушалар кез-келген жасуша ортасында тез бейімделе алады. Олар ассиметриялы түрде бөлініп көбейеді. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасиеттерге ие болады, ал бағаналы жасушалар өздерінің бағаналық қасиеттерін сақтап қалады. Бағаналы жасушалардың басым бөлігі жілік майында болады. Аздаған бөлігі барлық ағзалар мен ұлпаларда болады. Барлық бағаналы жасушалардың бастауы – зигота. Бағаналы жасушалардың немісше атауы «strammzelle». Алғашқы бағаналы жасуша түсінігі осы«strammzelle» сөзі болатын.

Вложенные файлы: 1 файл

Бағаналы жасушалар өздігінен көбейіп.docx

— 557.47 Кб (Скачать файл)

Бағаналы жасушалар - өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар. Бағаналы жасушалар кез-келген жасуша ортасында тез бейімделе алады. Олар ассиметриялы түрде бөлініп көбейеді. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа  ортаға тән қасиеттерге ие болады, ал бағаналы жасушалар өздерінің бағаналық қасиеттерін сақтап қалады. Бағаналы жасушалардың басым бөлігі жілік майында болады. Аздаған бөлігі барлық ағзалар мен ұлпаларда болады. Барлық бағаналы жасушалардың бастауы – зигота. Бағаналы жасушалардың немісше атауы «strammzelle». Алғашқы бағаналы жасуша түсінігі осы«strammzelle» сөзі болатын.

1909 жылы  маусымда Германия астанасы Берлинде өткен гемотологтар қауымының отырысында Германияда жұмыс жасап жүрген орыстың гистолог ғалымы Александр Максимов  бағаналы жасушалардың бар екендігін айтты. Бағаналы жасушалар түсінігі сол кезде пайда болды. Кейін 1960  жылдары канадалық Торонто университетінің цитологтары Джеймс Тил мен Эрнест Мак Кулох бағаналы жасушалардың бар екендігін дәлелдеді.

1981 жылы алғаш рет ағылшын биологтары Мартин Эванс пен Матью Кауфманн дифференцияланбаған «жаңа ортаға бейімделмеген»  эмбриональді бағаналы жасушаларды бөліп алды. Сол жылы дәл сол зерттеуді американдық Гейл Мартин де жасады. Оның нәтижесі Мартин Эванс пен Матью Кауфманның зерттеуіндей болды.

 

 

Адамның эмбриональді бағаналы жасушалары

1998 жылы Д.Томпсон, Д.Герхарт өлмейтін эмбриональді бағаналы жасушаларды тапты.Бағаналы жасушалар барлық  типтегі жасушалардың  қасиеттерін сіңіріп, олардың қызметін атқара алатын болғандықтан медицинада қолданылады.

Өкпедегі бағаналы жасуша- кларажасушасы.

Клара жасушасы бронхиолдардың қабырғасындағы кірпікшелі эпителий ұлпасында  кездесетін секрепторлы жасуша. Өкпедегі бұл жасушаның «Клара жасушасы»  аталуына себеп – осы жасушаны ашқан анатом- ғалымның есімі Макс Клара 1937 жылы Германияның Лейпциг университетінде адам ағзасындағы ұлпаларды зерттеу кезінде бұрын белгісіз болып келген, бронхиолдарда болатын жаңа жасушаны ашты.

Клара жасушасының қызметі. Жасушаның негізгі қызметі не екендігі толық зерттелмеген. Белгілісі, бронхиолдардың қабырғасындағы эпителий ұлпасын қорғау қызметі болып табылады. Клара жасушасы секреторлы болғандықтан бойларынан қорғаныш зат бөледі. Солардың бірі, клара жасушасының секреторлы ақуызы. Одан бөлек, альвеоланың эпителий ұлпасындағы үлкен алтеолоциттер бөлетін сурфактант затының құрамдас заттарын шығарады. Клара жасушасы кірпікшелі эпителий ұлпасындағы жойылған кірпікшелі жасушаларды қайта қалпына келтіруге қатысады. Бірақ Клара жасушаларында кірпікше болмайды.

 

 

Пластикалық  хирургиядағы   бағаналы      жасушалар

           Омырауды өсіру (және сүт безінің  рак жағдайында және осыған  байланысты кейінге қалдырылған  мастэктомия, люмпэктомия және  квадрантэктомияны қайта өсіру)  жөніндегі тестілердің алғашқы  нәтижелері көп үміт күттірді. Жапонияда 2007 жылдан бері адамдарға  тәжірибе жүргізіліп келеді. Майлы жасушаларды қосып майлы тіннен алынған бағаналы және регенерациялық жасушалар негізінде арнайы ерітіндіден  емделушілерге 160 см³ еккен. Қорытынды: омырау көлемі орташа 4 см. өскен, ал тін жұмсақ әрі табиғи қалпын өзгертпеген. Енгізілген тін бұрынғы тіндермен өте жылдам байланысатын болған. 48 сағаттың ішінде қан тамырлармен жаңа жасушалар өсіп шығатын.


 

 


Информация о работе Баганалы жасушалар