Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:35, реферат
Бағаналы жасушалар - өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар. Бағаналы жасушалар кез-келген жасуша ортасында тез бейімделе алады. Олар ассиметриялы түрде бөлініп көбейеді. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасиеттерге ие болады, ал бағаналы жасушалар өздерінің бағаналық қасиеттерін сақтап қалады. Бағаналы жасушалардың басым бөлігі жілік майында болады. Аздаған бөлігі барлық ағзалар мен ұлпаларда болады. Барлық бағаналы жасушалардың бастауы – зигота. Бағаналы жасушалардың немісше атауы «strammzelle». Алғашқы бағаналы жасуша түсінігі осы«strammzelle» сөзі болатын.