Бруцеллез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2014 в 08:14, лекция

Краткое описание

Бруцеллез (brucellessis) – ұзаққа бейімділігі бар жиірек созылмалы ағыммен өтетін жұқпалы - аллергиялық ауру. Ұзақ қызбаланумен, тірек-қозғалатын, нерв, жүрек-қантамыр, бүйрек-жыныс және ағзаның басқа жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бруцеллез.docx

— 37.60 Кб (Скачать файл)

Бруцеллез

Бруцеллез (brucellessis) – ұзаққа бейімділігі бар жиірек созылмалы ағыммен  өтетін жұқпалы - аллергиялық ауру. Ұзақ қызбаланумен, тірек-қозғалатын, нерв,  жүрек-қантамыр, бүйрек-жыныс және ағзаның басқа жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.

Қазіргі кезде бруцеллез ауруы кездеспейтін бірде-бір ел жоқ десе де болады.

Бруцеллез тіпті сонау көне заман дірігерлеріне  де мәлім болған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ адамның буын-буынын кеміріп, сайсүйегін сырқыратып, қара терге түсіріп, тынышын алатын осы бруцеллез ауруы туралы кезінде жазған.  Осының өзі-ақ бруцеллездің  жаңадан пайда болған ауру емес, атам заманнан келе жатқан қауіпті ауру екенін көрсетеді. Қазақ халқы оны «селсоқ ауруы», «сарып ауруы» десе, түркімендер «ешкінің безгегі» деп атап кеткен.

1887 жылы ешкілер мен қойлардың мальта безгегі (Brucella melitensis) ауруына себеп болған ешкі сүтінде табылған бактерияларды анықтаған Д. Брюс атымен аталған Brucella тобы болып табылады.

Қазіргі кезде бруцеллез қоздырғышының негізгі 6 түрі белгілі: 

  1. Brucella melitensis – қой мен ешкінің жұқтырушысы болып есептеледі;
  2. Brucella abortus bovis – ірі қара малды зақымдандырады;
  3. Brucella abortus suis – шошқаларды;
  4. Brucella neotome-шөл даланың егеу құйрықтарын;
  5. Brucella canis – жылқыларды;
  6. Brucella ovis-қошқарларды. Олар қозғалмайды, спораны түзбейді, ауассыз жағдайда өседі. Олардың түрі де құрылыстары да бірдей. Айрмашылығы жоқ, ол антигенді және биохимиялық қасиеттерімен ғана ерекшеленеді.

Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0,2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.

 

 Жүғу жолдары. Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез індетінің таралуында адам ролінің эпидемиологиялық маңызы жоқ. 

Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады. 

Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады. 

Адамның бруцеллезі - ауыр созылмалы індет. Жасырын кезеңі 1-2 аптаға, ал кейбірде 2 айға дейін созылады. Жасырын кезеңнің мерзімі организмге енген микробтардың санына, олардың вируленттігіне және организмнің төзімділігіне байланысты. 

Жасырын кезеңнен кейін адамның бруцеллезі жіті түрінде байқалып, дененің қызуы 3-7 күн бойы 39-40 о С көтеріліп тұрады. Дененің қызуы тоңазумен және қатты терлеумен қатар болады. Емді дер кезінде қолданғанда адам сауығып кетеді. Бірақ көбінесе аурудың белгілері ұлғайып рецедивті бруцеллез түрінде байқалып немесе қозғалу аппаратының, жүйке, несеп-жыныс және жүрек-қан жүйесінің зақымдануымен сипатталатын созылмалы процеске ауысып кетеді.

 

Алдын алу шаралары. Адам өз жеке басының гигиена ережелерін сақтаудан бастау керек. Күнде таң  ертең тұрғанда қолын сабынмен жуудан бастау керек. Егер малмен қызмет істесе әрбір жұмыстан соң қолын жууы қажет.

  • Малмен жұмыс істейтін адамдарды жылына 1-2 рет тексеріліп отыру керек. 
  • Ауруды болдырмау мақсатында көптеген санитарлық жұмыстарды мұқият жүргізу керек.
  • Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіп, малдың денсаулығын қадағалап отыру керек.
  • Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ болу қажет, әсіресе денеде жырылған немесе тілінген жер болса.
  • Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішу керек. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тырысқақ

Тырысқақ – өте қауіпті жұқпалы ішек ауруы. Ол адамды асқазан-ішек инфекциясының ауыр түріне шалдықтырады, өте тез тарайды, сондықтан бұл ауру өте карантинді індеттердің қатарына жатады.

Қазақстанмен тығыз қарым-қатнастағы Азияның оңтүстік шығыстағы мемекеттер Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанистан, Индонезия, Бангладеш және т. б. Елдер тырысқақ жөнінен қолайсыз аймақ болып саналады.

Аурудың қоздырғышы – тырысқақ вибрионы, ұсақ, иілген, суда көп уақыт сақталады. Азиядан келген түрі адамға өте қаупты бізде жеңіл түрі (Эль-Тор) және тағы басқа түрлері кезігеді. Вибриондар кепкенде, күн сәулесі түскенде, қайнатқанда тез өледі.

Аурудың тарау жолдары: ластанған жерлердегі қоздырғыштар шыбын-шіркейер және өзге де жолдар арқылы суға, азық-түліктерге таралады. Сау адамдарға ластанған су немесе азық-түліктер арқылы жұғады. Кейде кір қол арқылы, қол алып амандасқанда, олар ауру пайдаланған заттарды қолданғанда жұғады.

Аурудың бастапқы инкубациялық, яғни жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бес күнге дейін созылады. Вибриондар ауыз арқылы түседі, жартысы асқазанда өледі, қалғандары тоқ ішекке барып өсіп-өнеді де өте улы экзотоксин шығарады бұл у бүкіл ағзаға тарайды, адамды уландырады.

Тырысқақтың белгілері: ішек қызметінің бұзыуы салдарынан жүрегі айныйды ол лоқсып құсады, іші жиі-жиі өтеді, ауыр түрге айналса күніне 20-30 ретке дейін, дәреттің түрі ірімтік-ірімтік, күріштің жұған суы сияқты болады. Осының салдарынан сырқат су және иондар жоғалтады, ауыр түрімен ауырған адамдар 20-30 % дейін салмағын жоғалтады. Аурған адамның халі өте нашар: денесі сүп-сүр, суық тер жауып тұрады, денесінің температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді, көзі үңірейіп ішіне кіріп кетеді, терісі қатпарланып, жиырылады, қалшырайды, тырысады, қан қысымы төмендейді, дауысы әзер шығады, кейде дауысы жоғалады (афония), егер адамды дер кезінде емдемесе ол мерт болады.

Тырысқақтың емдеуі: ауру адам оқшауланады, емханада емделеді – антибиотиктер (левомицетин, стрептомицин, тетрациклин және бактерофагтар, сульфаниламидтер) беріледі. Көк тамырға ертінділер (дисоль, трисоль, Рингер ертіндісі, глюкоза және т. б.) жіберіледі.

Алдын алуы: адамдар егіледі, ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, карантин жарияланады. Шет елден келген адамдар, тамақ өнімдері бақлауға алынады.

 

 

 

 

Вакциналау

Қазіргі уақытта қоғамда екпелерге қатысты түрлі көзқарастар қалыптасқан. Адамдар вакциналаудан өтуден түрлі себептер бойынша бас тартады. Біреулерге олар жақпайды, басқалары екпелер оларға қарсы көрсетілген деп ойласа, келесілері принципті ұғымдары бойынша бас тартады, ал кейбіреулері екпелер – ауруға қарағанда да асқан жамандық деп есептейді.

Вакциналау дегеніміз не?Вакциналау – жұқпалы ауруларға қарсы қазірі медицинаға белгілі ең нәтижелі және экономикалық тиімді қорғаныс. Пациентке ауру қоздырғыштарымен күресу үшін антиденелер өнімдерін ынталандыру мақсатында әлсіздендірілген немесе өлі ауру туғызушы агентті (немесе агент ақуызына сәйкес синтезделген жасанды ақуызды) беру вакциналаудың негізгі принципі болып табылады.

Ревакциналау дегеніміз не? Ревакцияналау – алдыңғы вакциналаумен өндірілген иммунитетті қолдауға бағытталған шара. Әдетте вакциналаудан кейін бірнеше жылдан кейін жүргізіледі.

Вакциналардың қандай түрлері бар?

1. Тірі вакциналарда  әлсіздендірілген тірі ағзалар  бар. Олар ағзада көбеюуге қабілетті  және ағза сезімталдығын жоюды  қалыптастыра отырып, вакциналық  үрдісті қоздырады.

2. Инактивті (өлі) вакциналар  бүтін өлі микроағзалардан құралған, оларды физикалық немесе химиялық  тәсілдермен өлтіреді. Мұндай вакциналар  реактогенді болып табылады, сондықтан  аз қолданылады.

3. Химиялық вакциналардың  құрамын қоздырушылардың  жасушалық қабаттары  немесе басқа да бөліктері құрайды.

4. Анатоксиндер  – бактериялармен өндірілетін  инактивті токсиндерден (удан) құралған  вакциналар. Мұндай өндеу нәтижесінде  токсинді қасиеттері жоғалады, бірақ  иммуногендер қалады.

5. Гендік инженерия  әдісімен алынған рекомбинантты  вакциналар. Бұл әдістің мәні: қорғаныс  антигендерінің синтезіне жауап  беретін верулентті микроағзалар  гендері қандай да бір залалсыз  микроағза геніне қосады, ол егу  кезінде сәйкес антигенді өндіреді  және жинайды.

6. Синтетикалық  вакциналар микроағзалардың жасанды  антигенді детерминанттары болып  табылады.

7. Бірнеше құрамдас  бөліктерден құралған түрлі типтегі  ассоцияланған вакциналар.

Вакциналауды жүргізуден  бас тартқан жағдайда нені күтуге болады?

Сіздің балаңыз екпе жасауға болатын дерттермен ауруы мүмкін. Ауырғаннан кейін балаңыз  басқаларға жұқтыруы мүмкін (сонымен бірге, отбасы мүшелеріне). Қолданыстағы заңнамаға қарамастан, Сіздің балаңызды балабақшаға немесе мектепке қабылдаудан бас тартуы мүмкін.  Сізге емханада балаңызға сүт асүйіне дәріқағаз бермеуі мүмкін. Карантин және эпидемия кезінде Сізге балаңызды оқу және сауықтыру мекмелеріне қабылдаудан бас тартуы мүмкін (жұқтыру қауіпі өткенге дейін).

Вирустық гепатиттер – қауіпті жұқпалы аурулар тобы. Халықаралық жіктеу бойынша оны 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі– ішек жұқпасы. Оған А және Е вирустық гепатиті жатады. Екіншісі – асқорыту жолынан тыс тобы, яғни қанталау инфекциясы қан және ағзаның сұйық ортасы (сілекей, емшек сүті) арқылы жұғады. Бұл топқа В және С, D вирустық гепатиті жатады. Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы болып бөлінеді. Ал зақымдануына байланысты ошақты, мезенхималдық, паренхиматоздық гепатит болып жіктеледі. Бауыр қабынуының ауырлығына байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл түрі болады. Бүгінгі таңда гепатит вирустарының бірнеше түрі бар.  Олар: Гепатит A, Гепатит B, Гепатит C, Гепатит D, Гепатит E, Гепатит F және Гепатит G. Осылардың ішінде ең көп тарағаны –“А” гепатитi немесе боткин ауруы.

Ел арасында оны «сары ауру» дейді. Ауруды Picornaviridae тобына жататын Hepatovirus тәріздес вирус турады. Ағзаға түскен індет ең алдымен бауырды зақымдайды, бауырдың қызметін бұзады, зат алмасуларды жояды. Нәтижесінде ағзадағы дәрумендер тепе-теңдігі бұзылып, уытты заттар көбейеді. Бұл дерт адамнан адамға тез жұғады. Яғни таратушы да, тасымалдаушы да науқастың өзі болады. Демек аурудың алғашқы белгiлерi пайда болғанға дейiн және сырқат сауыққанға дейiн өзгелерге таралу қаупi зор болмақ. «Сары ауруды» жұқтыру жолдары өте көп. Қайнамаған суды, әсiресе, орталықтандырылмаған су көздерi, яғни өзен, бұлақ, құдық, арық суларын пайдаланғаннан, жуылмаған көкөністерді жеуден, тазартылмаған, залалданған  тағамдарды тұтынудан  да ауру жұқтыру мүмкiндiгi артады.

А гепатиті жұқпасын, әсiресе, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар көп жұқтырады. Вирус науқастың ағзасынан нәжiс арқылы шығады. Көзге көрінбейтін ұсақ вирус су немесе тағам, лас қол және вирус жұқтырған науқас пайдаланған құралдар мен заттар арқылы ауыз қуысынан өтіп,  алдымен ішекке, одан қан құрамына түседі. Сөйтіп, бауырға жетіп, шоғырланады. Бауырда өсіп-өнген вирус біртіндеп оның жасушаларын зақымдайды. Содан бауыр ісініп, үлкейеді, ауырады.

Бауыр қабынуының белгілері суық тию мен тұмаудың белгілеріне ұқсас келеді. Көп жағдайда оны тұмаумен шатастырып, ауруды асқындырып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Яғни суық тиген сияқты мұнда да  науқастың жұтынғанда тамағы ауырады, мұрнынан су ағып, тамағы қызарады, қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады, көңіл-күйі төмендейдейді,  әлсірейді, тез шаршайды,  мазасызданады.  Жас балалардың іші өтеді. Вирус ағзаға түскеннен кейін біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері адам асқа тәбеті жоғалғанын, артық қимылдап, қозғалғысы келмейтінін сезеді. Діңкесі құрып тұрады, еш нәрсеге зауқы болмайды.  Кейде басы ауырып, жүрегі айниды, лоқсып құсады. Естияр балалар оң қабырғаларының асты ауырғанын айтса, нәрестелер мазасызданып, жылай береді, ұйқысы нашарлайды. Кейбір балалар, керісінше,  маужырап ұйықтай береді.

Информация о работе Бруцеллез