Бруцеллез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2014 в 08:14, лекция

Краткое описание

Бруцеллез (brucellessis) – ұзаққа бейімділігі бар жиірек созылмалы ағыммен өтетін жұқпалы - аллергиялық ауру. Ұзақ қызбаланумен, тірек-қозғалатын, нерв, жүрек-қантамыр, бүйрек-жыныс және ағзаның басқа жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бруцеллез.docx

— 37.60 Кб (Скачать файл)

Аурудың негізгі белгілері: дене қызуы көтеріледі, 2-4 күн өткеннен кейін науқас адамның зәрі қоңырланады, несеп сарғаяды, кейде сыраның немесе қою шәйдің түріндей болады. Нәжiстің түссізденуі немесе ағаруы мүмкiн, бірақ көп жағдайда несептің түсі өзгереді, көздiң сiлемейлi қабатының, ауыз қуысының, терi қабығының сарғаюы байқалады.  Сондай-ақ сырқат адамның ұйқысы нашарлайды, бауыр аумағының ауырсынуы білінедi. Сары ауру бір аптадан 1,5-2 айға дейін созылып, кейiннен бірте-бірте бәсеңдеп, жоғалады. Аурудан кейін қалыпқа келу уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Егер ем уақытылы, дер кезінде басталса, нәтижесі көрнекті болып, науқас толық сауығып кетеді.Ұйқысы тынышталып, денесінің сарғайғаны азаяды. Бірте-бірте бауырының ісінгені қайтып, ауырғаны басылады. Кіші және үлкен дәретінің түсі қалпына келеді. Алайда емделген науқас «сауықтым» деп өз-өзіне немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені А гепатитінің жұқпасы жоғары иммуногендігімен ерекшеленеді, ауырған соң ауру тұрақты өмірлік иммунитет қалыптасады. Жұқпа 1 жасқа толмаған балалар, ересектер мен қарттар үшін қиын өтеді. Ересектерде жұқпа айқын интоксикация мен сары аурумен байқалады, орта есеппен 40 күн немесе 3 ай ауыруы мүмкін.

Диагноз:

Бауыр қабынуының диагнозын аурудың белгілеріне қарап, яғни интоксикация белгілері (жалпы жағдайы, өзін қалай сезінуі), диспепсия (асқорыту жүйесінің бұзылуы), безгек болуы (дене қызуы, тершеңдік, қалтырау, дірілдеу), тері, көз, тырнақ, тілдің сарғыш тартуына, несеп пен нәжіс түсінің өзгеруіне қарап, сондай-ақ науқастан сары аурумен ауырған адамдармен байланыста болғандығы жайлы мәліметтер жинау ( яғни адам соңғы ай ішінде қайда болды, не жеді, қандай су ішті, сары аурумен ауыратын адамнан қарым-қатынаста болды ма, сол жайлы сұрақтар қойып, науқастың берген жауабына қарап) арқылы қоюға болады.

 

Емдеу: Сары ауруға селқос қарап, оны үйде емдеуге болмайды. Өйткені вирус бауырды тез зақымдайды, тіпті жасушалардың өлуіне әкеліп соқтырады. Ауру асқынған жағдайда науқасты аман алып қалу қиынға соғады. Сондықтан дерттің алғашқы белгілері білінісімен науқасты дереу дәрігерге көрсетіп, ауруханаға жатқызу керек. Емдеуде ең алдымен адамның аурумен күресу иммунитеті жоғары болуы шарт.  Ем-дом шаралары уыттар концентрациясын төмендетуге  бағытталады және қалпына келтіру үшін бауыр жасушасын қуат көздерімен, дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сондықтан уытсыздандыру ерітіндісі, глюкоза, дәрумен, бауыр жасушаларын қорғайтын  гепатопротектор енгізіледі. Қазіргі кезде сары ауруды дезинтоксикациялық, яғни уытсыздандыру терапиясы арқылы емдейді. Ол бауыр қызметі бұзылуының уыттануын төмендетеді. Сондай-ақ симптоматикалық терапия. Бұл ауру белгілерін жойып, науқастың жалпы жағдайын жақсартады. Майлы және ащы тағамдарды аз тұтыну, яғни арнайы диета ұстау тағайындалады. Сауыққан балаларды бірден мектепке немесе балабақшаға жіберуге болмайды. Оларға 6 айлық диспансерлік бақылау қойылады. Сонымен қатар, оларды дене шынықтыру сабағы мен спорт үйірмелері жұмысынан босатады.

В гепатиті

В гепатиті – өте қауіпті жұқпалы ауру. Қан арқылы берілетін дерт бауырды қатты  зақымдайды. Көбіне адамға қан, жыныстық қатынас арқылы беріледі. Сондай-ақ ана арқылы құрсақтағы балаға да жұғады немесе босану кезінде балаға беріледі.  Вирустың В түрін тіс емханасында, шаштаразда, сән салондарында татуаж, пирсинг жасату кезінде, егу шприцтерінен  жұқтыру  қаупі де бар. Демек шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуынан болатын түрлі әрекеттермен де жұғады. В гепатитінде де сары ауру сияқты дене қызуы көтеріледі, буындар ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, әлсіздік пайда болады. Бауыр және көкбауыр ұлғаяды. Дене бөртуі мүмкін. Бауыр қабынуының бұл түрінде науқастың дене мүшелерінің сарғаю белгілері өте сирек кездеседі. Бірақ науқастың зәрі қоңырланып, нәжісі ағаруы мүмкін. В гепатитімен ауырған науқастарға аурудың сатысына, ауырлығына байланысты кешенді ем жүргізіледі.  Яғни емдеу кезінде иммундық дәрі-дәрмектер, гормондар, бауырды қорғайтын препараттар, антибиотиктер беріледі. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқына келе арты бауыр циррозы мен қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды. Әсіресе, балалар үшін өте қауіпті. Қазақстан Республикасында В гепатитінің алдын алу үшін жаңа туған нәрестелерге, медициналық қызметкерлер және эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша қарым-қатынаста болғандарға вакциналық емдеу әдісі жүргізіледі. Вакциналау әдісі 6 ай ішінде 2 рет өткізіледі.

С гепатиті

С гепатиті – вирустық гепатитінің ең ауыр түрі. Инкубациялық кезеңі орта есеппен 6-7 айды құрайды. Ол, негізінен, қан құю немесе қан алмастыру кезінде беріледі. Сондықтан бүгінде бүкіл донорлар С гепатитінің вирусына тексеріледі. Олардан арнайы қан талдаулары алынады. Бауыр қабынуының бұл түрі, сондай-ақ, залалсыздандырылмаған шприцтер, яғни медициналық ине-құралдардың таза болмауынан да жұғады. Ауырып жүрген анадан құрсақтағы балаға да кесірі тиеді.  Жыныстық қатынас арқылы өте сирек беріледі. Індет қан арқылы тарайтындықтан нашақорлар арасында жиi кездеседi. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дерт жұқтырғандардың 80 пайызы есiрткi пайдаланушылар болып отыр. Вирус есiрткi мөлшерiн қабылдағаннан кейiн 6-12 ай iшiнде тарайды. С гепатитін анықтаудың күрделiлiгi сонда, ауырып жүрген адам өзiнiң ағзасында вирустың барын бiлмейдi, оның бойында тек шаршағандық пен әлсiздiк қана бiлiнуi мүмкiн, сондықтан емханаларға бармай, ауруды асқындырып алады.  Асқынған ауру созылмалы түрге ұласатыны ақиқат. Салдарынан бауыр циррозына не қатерлі ісікке шалдықтырады. Сондай-ақ С гепатиті ағзада өзге де вирустық гепатиттермен бірге дамыса, арты қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Бұл вирус ВИЧ-СПИД індеттері сияқты өте қауіпті саналады. Өйткені С гепатитінің вирусы адам ағзасында минут сайын өзгерiп отырады. Вирус енген адамның ағзасы бірден әлсірейді, иммунитеті төмендейді, нәтижесінде науқастың  аурумен күресуге қауқары жетпейді. Дерек көздеріне сүйенсек, соңғы 10 жылда С гепатитін жұқтырғандардың саны күрт өскен.  Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде 170-200 миллион адам созылмалы гепатитке шалдыққан. Бір өкінерлік жағдай – сау адамды науқас адамнан қорғау үшін әсер ететін вакцинаның болмауы.

D гепатиті

Д гепатитінің бауыр қабынуының басқа түрінен айырмашылығы – вирустың адам ағзасында өздігінен жеке-дара өсіп-өне алмайтындығы.Яғни оның дамуына В гепатиті себепші болады. Дельта-гепатиттің «дербес ауру» деп саналмайтындығы сондықтан. Егер науқастың ағзасында В және Д вирусы қатар өмір сүрсе, аурудың ауыр түрі пайда болады. Бұл вирус В гепатитіне ұқсас келеді. Бірақ асқыну процесі тез жүреді әрі жиі кездеседі.

Е гепатиті

Вирустың бұл түрі А гепатитіне ұқсас келеді. Мұнда да жұқпа нәжіс арқылы сыртқа шығады. Көбінесе, ластанған су арқылы жұғады. Бауырдың қабынуының бұл түрімен ауырған жағдай біздің елімізде тіркелмеген. Яғни бұл ауру  тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған елдерге тән. (Азия, африка т.б) Бауыр қабынуының бұл түрінің басқа вирустық гепатиттерден айырмашылығы – Е гепатитінің ауыр түрінде бауырмен бірге бүйрек те зақымданады. Бірақ бұл аурудан сауығып кетуге болады. Алайда босану уақыты таяп қалған жүкті әйелдер үшін аса қауіпті.

G гепатиті

G гепатиті  — бауыр қабынуының соңғы өкілі болып саналады. Белгілері С гепатитіне ұқсас келеді. Бірақ қауіпсіз. Егер С гепатиті кезінде ауру асқынған жағдайда соңы бауыр циррозы немесе қатерлі ісікпен аяқталса, мұнда бауырдың қатерлі ауруына шалдықтыратын инфекциялық өршулер  болмайды. Бірақ G гепатиті С гепатитімен бірге дамыса, бауыр берішіне (цирроз) ұласуы мүмкін.

 

Вирустық гепатиттердің алдын алу:

1. Балаларға екпе салу, яғни вакцинациялау. Отбасының барлық мүшелерін А гепатиті антиденелеріне тексеруге кеңес беріледі. Антидене болмаған жағдайда вакцинация қажет;

2. «Тазалық-денсаулық кепілі» екенін есте сақтау. Қолды мұқият жуу. Мәселен, бала емізер алдында, ас ішер алдында, жұмыстан, базардан т.б. келгеннен кейін,  үй жұмысын атқарғаннан соң, дәретханадан кейін, қолды бірнеше қайталап сабындап жуу;

3. Мектеп  асханаларын, қоғамдық тамақтану  орындарын, үйді, сыныпты, бөлмені таза  ұстау;

4. Ашық  суқоймаларынан (өзен, бұлақ, құдық  т.б) су iшпеу. Суды қайнатып ішкен дұрыс. Ел тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету,

5. Суға шомылған кезде суды жұтып қоймау;

6. Алкогольді  ішімдіктерден аулақ болу;

7. Майлы  және ащы тағамдарды көп тұтынбау. Ол бауыр қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады;

8. Тоңазытқышта  азықтарды сақтағанда піскен тағамдар мен шикi тағамдарды қатар қоймау;

9. Азық-түліктерді арнайы дүкендерден алу, жабайы сауда көздерінен тағам алмау;

10. Жеміс-жидектер  мен көкөністерді жуып жеу, тіпті қайнаған сумен жуу қажет;

11. Теңіз  өнімдерін термикалық тазалаудан  өткізу керек.

 


Информация о работе Бруцеллез