Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 09:27, реферат

Краткое описание

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Вложенные файлы: 1 файл

Дезинфекция.docx

— 37.68 Кб (Скачать файл)

Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп  жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.

Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:

  • зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 1 ыдыс
  • зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдыс
  • пинцет
  • құрал-жабдықтар

Іс-әрекеттер:

  1. зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал-жабдықтарды бірнеше рет жуу керек, мақсаты қанның және дәрінің калдықтарынан тазалау.
  2. құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдысқа 60 минутқа жібітіп қоямыз.
  3. құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге жібереміз.

Қолдарға қан тигенде жүргізілетін өңдеу.

Оларды 2 минут ішінде антисептикалық ерітінділер мен мол дымқылданған тампонмен өңдеу керек.

А) 0,1 % дезоксон ерітіндісі

 Б) 70 °С спиртке және 5 минуттан кейін ағынды сумен шаю.

Медициналық қалдық кластары. Медициналық қалдықтарды класына

байланысты жинау, зиянсыздандыру және сақтау ережелері

«Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық – эпидемиологиялық  нормалары  мен ережесі ҚР № 533 23. 07. 2010 бұйрығымен бекітілген

Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар  ережесі мен нормалары

  1. Жалпы ережелер
  • медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын сан-эпид талаптар, сан-эпид ережелер мен нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
  • медициналық қалдықтарды көмуәрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, зарарсыздандырылған медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру.
  • медициналық қалдықтар - медициналық көмек көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар.
  • медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру-механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
  • медициналық қалдықтарды сақтау-тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арналған жабдықталған үй-жайларда, контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстамау.
  • нысананың жауапты адамдары осы санитарлық ережедегі үлгі бойынша журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді.
  • медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.
  • медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша 5 класына бөлінеді.

Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:

  1. Қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру.
  2. ЕСҰ аймағында (А класы) және арнайы ажыратылған бөлмелерде (Б, В, Г, Д класы) медициналық қалдықтарды контейнерлерде уақытша сақтау.
  3. Қалдықтарды жоюға тасымалдау.

Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз түстері бар:

А класы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы – радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.

Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба қолданылады.

Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды  араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға; қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.

Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу, зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.

А класының қалдықтары – қауіпсіз - әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.

Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) - операциялық, реанимациялық және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме, әжетханаларда болады.

В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында, 1-2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық қалдықтар.

Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып, қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады. Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды. Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц, ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады, жоюға жіберіледі.

Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар - диагностикалық, химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық лабораторияларда болады: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар, вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік класына сай жүргізіледі.

Д класы қалдықтары - радиоактивтік медициналық қалдықтар - құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.

Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек, тасымалдауды арнайы дайындалған қызметкер орындайды.

Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  • медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс.
  • медициналық қалдықтарды тасымалдау арнайы оқытылған қызметкермен жүзеге асырылады.
  • автокөлік құралының арнайы таңбасы болуы тиіс. Автокөлік құралында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде № 2840 болып тіркелген  «Көлік құралына санитарлық паспорт болу, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты болуы тиіс.
  • А класының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

  • контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайдың беті асфальттанған болуы және автокөлік құралының жүруіне және тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы тиіс
  • контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайлар емдеу корпустарынан 25 м және ас блоктарынан 100 м кем емес жерде орналасуы тиіс.
  • А, Б, В класына жататын қалдықтар түзілген орнында бір тәуліктен аспайтындай, ал уақытша сақтайтын арнайы алаңқайдағы контейнерлерде немесе үй-жайларында қалдықтарды сыйым-дылықтарында 3 тәуліктен аспайтындай уақытта сақталады. Б класының биологиялық қалдықтары сондай-ақ тағам қалдықтары

       + 5˚С-тан  аспайтын температурада сақталады.

  • А, Б, В класының медициналық қалдықтарын нысанның аумағы бойынша сақтау және тасымалдау аузы тығыз жабылатын көп реттік қолданылатын контейнерлерде жүзеге асырылады. В класының қалдықтарын жою басқа кластағы қалдықтардан бөлек жүзеге асырылады. Қалдықтарды аумақтардан шығару контейнердің 3\2 бөлігі толған кезде жүзеге асырылады.
  • Г класының медициналық қалдықтарын сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-жайларда жүргізіледі
  • нысанның аумағында медициналық қалдықтарды жою бойынша қондырғы болмаған жағдайда А, Б, В класының медициналық қалдықтарын шығару күнделікті жүргізілуге тиіс.
  • Б класының медициналық қалдықтары (матералдар мен аспаптар, пациенттерден бөлінген бөлінділер, микробиологиялық зертханалар мен виварийлердің медициналық қалдықтары) осы санитарлық ережелердің 5 тарауына сәйкес жүргізілген дезинфекциядан кейін полигонға шығарылады.
  • Г класының медициналық қалдықтарын көму қалдықтарға арналған полигондарда жүзеге асырылады  

Емдеу бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі

 Науқас  түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған  заттар дезинфекциялық ерітіндідегі  дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған  орай бөлімшенің жұмыс бөлмесінде  дезинфекциялық ерітінді мен  шүберегі бар таңбалы ыдыс  болады. Ыдысты жабық ұстау қажет.

Төсекке камералы зарарсыздандырудан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр кабылдағыш, жылытқыш, т.б.

Науқас жазылып шыкқаннан кейін жеке колданылынған заттар   дезинфекцияланады.

Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен бірге гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық биттен арылу үшін қайта тазалаудан өтеді.

Рұқсатпен әр ауру өз бөлімшесінде гигиеналық душ (7-10 күнде 1 рет) қабылдай алады. Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ кабылдағаннан кейін және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.

Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімшенің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғылар ауыстырылғаннан кейін палатадагы заттар дезинфекциялық ерітіндіде дымқылданған шүберекпен сүртіледі.

Пайдаланған жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған бөлме ауасы таза, еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялуы қажет.

Жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап болу қажет. Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезинфекциялық ерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап зарарсыздандырылады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған ыдыс пен шүберек  бөлінеді, олар жинаудан кейін зарарсыздандырылады.

Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Сондықтан бөлімшеде белгі соғылған ыдыстар  болуы керек (шәйнек, леген т.б. ыдыстар пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылады).

Науқастарға палатадағы көрші төсекке отыруына тиым салынады, сонымен қатар келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек.

Палатаның ауасы күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы қажет. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық наукастар мен аурухана қызметкерлері үшін қатаң қадағалану керек.

Ауруханалардың бөлімшелерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталу керек. Науқастар мен медицина қызметкерлері бәлімшеде дауыстап сөйлемеуі қажет, бөлмелерді таңертең ерте және кешке кешігіп жинамау қадағалануы керек.

Наукастарға басқа бөлімшелерге баруға рұқсат етілмейді. Қолданыста болған аяқ киімдер науқас ауруханадан шыққаннан кейін зарарсыздандырылады.

Бөлімшелерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет 2% ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе 2% ыстық cинтетикалық жуу ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.

Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімшенің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.

Белгі соғылған тазалау мүліктері катаң белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсатты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін мүліктері мен шүберекті жинап зарарсыздандырылады және тиісті жерде сақтайды.

  Бөлімшедегі қызметкерлерді медициналық бақылау мен тексеру

Информация о работе Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар