Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 09:27, реферат

Краткое описание

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Вложенные файлы: 1 файл

Дезинфекция.docx

— 37.68 Кб (Скачать файл)

Науқастардың арасында ауруханаішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызметкерлерге кезектен тыс медициналық тексеру жүргізіледі.

Аурухана бөлімшелерінде наукастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5° С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады.

Науқастан жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалы аурулар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін оны оңаша палатаға оқшаулау керек.

Инфекциялық аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және белгілі мерзімге дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай санитарлы эпидемиялогиялық станцияға хабарлайды. Босатылған палатаға соңғы зарарсыздандыру жүргізіледі.

Емдеу бөлімшелерінің асхана, буфеттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп

1. Аурухананың тамақ бөлімшелерінде  қолданыстағы санитарлық ережесінде  қаралған тағамның құрамы, дайындауы  және сақтау талабы қатаң бақылануы  керек.

2. Тамақ бөлімшелерінің көрінетін  жерінде Санитарлық ереже ілулі  тұру керек. Бұл ереже аурухана  басшылығы мен аурухананың тамақ  бөлімшесінде жұмыс жасайтын  әр қызметкерге мәлімет ретінде  жеткізіледі.

3. Тамақ блоктарының, буфет және  тарату жұмыскерлерінің медициналық  бақылау мен тексеруі медициналық  байқаудың қолданыстағы міндетті  нұсқауына сай жүргізіледі.

4. Тамақ блоктарының қызметшілері  санитарлық минимум сынағынан  өткеннен кейін ғана жұмысқа  жіберіледі.

5. Тамақ блоктары бөлмелерінде  аурухана бөлімшелерінің асхана  ыдыстарын жууға қатаң тиым  салынады. Асхана ыдыстарын жуу  бөлімшенің буфеттерінде өткізіледі.

6. Аурухана бөлімшелерінің буфет  пен тамақ блоктарының жабдықтары  аурухана жабдықтарының қолданыстағы  табеліне сәйкес болу керек.

7.  Тамақ тағамдары мен нанды  орталықтандырылған түрде жеткізу  мүмкіндігі болмағанда, оны тасу  үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді, яғни кем дегенде жылына 1 рет  санэпидемиялық орындарында құжаттау  жүргізіледі. Бұл көлікпен жамылғы, жабдық, науқастарды, т.б тасуға тыйым  салынады.

8. Жартылай дайын тамақтар тасу.

9. Аурухананың буфеттік бөлімшелеріне  дайын тамақтарды көлікпен әкелу  кезінде термос, қол арба, мармитті қол арба немесе тығыз жабылғы ыдыс қолданылады. Оларды жуу және сақтау тамақ блогы жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.

10. Аурухана жанындағы буфетті  бөлмелер:

- буфетті ыстық сумен қамтамасыз  ететін жүйені барлығына қарамастан 

   ыстық және суық су  үздіксіз қызмет көрсету үшін  электр қайнатқышпен 

   жабдықталу керек;

- қосылған қос секциялық жуатын  ванна, ыдыстарды кептіру мен  шаюға 

   арналған тор;

- тамақтарды жылытуға арналған  электроплитка және мармитті  қондырғы;

- асхана ыдыстары мен құралдарын  сақтайтын және тағамдарды (нан, тұз,  

  қант) сақтайтын шкафтар;

- тамақтарды таратуға арналған  гигиеналық жабуы бар үстел;

-  бір науқасқа арналған ыдыстар  жиынтығы: бір шұңғыл, ұсақ және  тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы, асханалық және шай қасық, кружка;

- ыдыстарды қайнататын және  езетін бак;

- дезинфекциялык және жуатын  құралдар;

- "Буфет үшін" белгісі бар  жинайтын мүліктер (шелек, шүберек, щетка, т.б) қамтамасыздандырылу керек.

11.  Дайын тамақты дайындап  болғаннан кейін, оны бөлімшелерге  жеткізіп таратуды қосқанда 2 сағат  бөлінеді. Тамақ тарату кезінде  және көлікпен әкелгенде ластанбауы  керек.

12. Ерекше технологиялық талаптарға  емдеу тағамдарын дайындауда  диеталық тағам патогенді микроорганизмдерді  дамытуға қолайлы болып есептеледі.

13.  Науқастарға таратқаннан  калған тамақты буфетке қалдыруға  қатаң тиым салынады. Сонымен  қатар тамақ қалдығын жаңа  тағамдармен араластыруға болмайды.

14. Науқастарға тамақты кезекші  мейірбике немесе буфетші таратады.

15. Тамақты "тамақты тарату үшін" деген халатпен тарату керек.

16. Палаталарды немесе басқа  да бөлмелерді жинайтын техникалық  қызметкер тамақ таратуға жіберілмейді.

Бөлмедегі ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде тамақтанады. Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы мұздатқыш шкафта (тез бұзылатын тағам) сақталады.

17. Науқастарға берілген тағам  өлшемі мен ассортименті дәрігердің  рұқсатымен қабылданады.

18.  Әркез тамақты таратқаннан  кейін буфет пен асханалар  дезинфекциялық ерітінді пайдалана  отырып, мұқият тазаланады.

19. Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады. Ыдыстардын, кірлеуін қарастыра  отырып, мына ретпен жуылады: шайқасық  пен кружка, тәрелкелер, содан соң  асханалық құралдар. Буфет бөлмелерінің  көрінетін жерінде ыдыстарды  зарарсыздырудың және жуудың  нұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана  ыдыстарын жуу;

- қалдықтарға арналған ыдысқа  тамақ калдықтарын щетка немесе  күрекшемен салады;

-  45 минут деохлор 0,015 % ерітіндісімен  зарарсыздандырылады;

-  жуу құралдары қосылған 40°С  қыздырылған сумен жуу;

- 1 -секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 40°С 

   қыздырылған сумен жуу;

- ағып тұрған ыстық суда (40°С) ыдыстарды шаю;

-  кептіру.

Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады.

20. Ыдыс пен үстелдерді жууға  арналған шүберектерді тазалап  болғаннан кейін, 0,1 % деохлор ерітіндісіне 60 минутқа малып қояды, сосын кептіреді  және арнайы белгіленген орында  сақтайды.

21.  Тазалағыш мүліктерді еден  жуып болғаннан кейін, сол тазалауға  қолданылатын шелекке   0,1 % деохлор  ерітіндісін құйып қояды, одан  әрі ағып тұрған суға шайып, кептіреді, мүліктің қажеттілігіне  орай, қолданылуына бақылау жасалынып  отырады.

22. Тамақ бөлмесі мен буфеттегі  қызметшілер жеке бас гигиенасын  ережеге сай сақтауға міндетті. Тамақ бөлімшесінің қызметкері  дәретханаға барар алдында халатын  шешу керек. Дәретханадан кейін  қолын 2 минуттай О,1 % "Дезоксона- 1%" ерітіндісінде өңдейді.

23.  Аурухана бөлімшелеріндегі  тамақ бөлімдері мен буфеттегі  жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына  аурухананың бас дәрігері жауап  береді.

24. Тамақты дайындау және тарату  кезіндегі санитарлық талапты  бақылауға бөлімшенің буфетшілері  мен аспаздар жауап береді. Диеталық  дәрігер тамақ бөлімшесінің қызметкерлерінің  санитарлық талабына бақылау  жасайды.

 

 


Информация о работе Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар