Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 00:40, реферат
Инсулин (лат. insulinuminsula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралғанұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безіаралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақсы жетілген. Бета-безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады. Алғашында инсулин препроинсулин түрінде түзіліп, белок молекуласында пострансляциялық өзгерістерден кейін препроинсулиннен проинсулин түзіледі.
Инсулин
Инсулин (лат. insulinuminsula
Қызметі: инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады.
Дені сау адамның қанында глюкозаның
мөлшері 4,6-6,7 миллимоль/ л. Глюкоза - ағза
үшін энергетикалық және пластикалық
материал. Май мен нәруыз алмасуына да
әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша
жарғақшасынан аминқышқылдардың
Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам ңантауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бү-зылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/ л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген коры азайып, қанда глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада аминқышқылыреакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі на-шарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зөрдің құрамында глюкоза пайда болады.
Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет.
Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, «сусамыр» дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гормонын жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет. Ұйқыбезден бөлінетін екінші гормон - глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.
Инсулиннің әсерлері:
Инсулиннің тапшылығынан :
1.Көмірсулары алмасуының бұзылуы: