Инсулиннің әсерлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 00:40, реферат

Краткое описание

Инсулин (лат. insulinuminsula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралғанұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безіаралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақсы жетілген. Бета-безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады. Алғашында инсулин препроинсулин түрінде түзіліп, белок молекуласында пострансляциялық өзгерістерден кейін препроинсулиннен проинсулин түзіледі.