Нанотехнология медицинада

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 20:58, реферат

Краткое описание

Ғылым қарыштап алға басқан сайын өмiрiмiзге нанотехнология, биотехнология деген терминдер дендеп ене бастады. Олардың атқаратын қызметiне көз жiберсек ол бейне бiр фантастика секiлдi көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, бұл жаңалық ертең бiзге де келедi. «Нано» грек тiлiнде «ергежейлi» деген мағына бередi. Егер ғылым тiлiмен суреттесек, бұл бiр метрдiң миллиардтан бiр бөлiгi деген сөз. Мысалы, нанороботты алайық, ол адам шашының бiр талынан мың есе жұқа. Сондай кiшкентай робот адамның денесiне жiберiледi. Ол ағзаның кез келген клеткасына барып, оның қызметiн өзгерте алады. Жалпы, бұл ғылым бiр салаға ғана қатысты емес. Ғалымдар оның ел экономикасының барлық салаларында, металлургиядан бастап денсаулық жүйесiнде де көрiнiс табатынын дәлелдеп отыр.

Содержание

Мақсаты:
Нанотехнологияның дамуының негізгі бағыттарымен танысып, ғылыми деректер жинақтау арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу
Зерттеу жұмысы мынадай бөлімдерден тұрады:
Нанотехнологияның ғылымдағы орны
Наномедицинаның дамуы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Нанотехнология жоба.ppt

— 875.50 Кб (Скачать файл)

Нанотехнология 

медицинада

 

  •                             Жоспар
  • Мақсаты:
  • Нанотехнологияның дамуының негізгі бағыттарымен танысып, ғылыми деректер жинақтау арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Зерттеу жұмысы мынадай бөлімдерден тұрады:
  • Нанотехнологияның ғылымдағы орны 
  • Наномедицинаның дамуы
  • Қорытынды

    Ғылым қарыштап  алға басқан сайын өмiрiмiзге  нанотехнология, биотехнология деген  терминдер дендеп ене бастады. Олардың атқаратын қызметiне көз жiберсек ол бейне бiр фантастика секiлдi көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, бұл жаңалық ертең бiзге де келедi. «Нано» грек тiлiнде «ергежейлi» деген мағына бередi. Егер ғылым тiлiмен суреттесек, бұл бiр метрдiң миллиардтан бiр бөлiгi деген сөз. Мысалы, нанороботты алайық, ол адам  шашының бiр талынан мың есе жұқа. Сондай кiшкентай робот адамның денесiне жiберiледi. Ол ағзаның кез келген клеткасына барып, оның қызметiн өзгерте алады. Жалпы, бұл ғылым бiр салаға ғана қатысты емес. Ғалымдар оның ел экономикасының барлық салаларында, металлургиядан бастап денсаулық жүйесiнде де көрiнiс табатынын дәлелдеп отыр.

      • Жалпы нанотехнологияның экономикаға, медицина саласына берерi мол. Сондықтан оны болашақтың ғылымы деп санайды. Нанотехнологияны ең бiрiншi Американың ғалымдары ашқан екен.. Бұл салада әзiрге Америка көш бастап тұр. Дүниежүзi бойынша нанотехнология саласындағы зерттеулерге жылына 4 млрд. АҚШ доллары  жұмсалады. Ғаламтордағы дерек осындай. Ал, Қазақстанға келсек, рас, әзiрге бұл салада «мiне» деп көрсететiндей өз зерттемелерiмiз жоқ. Егер бизнес пен ғылым бiр-бiрiне бетпе-бет келiп, ынтымақтаса жұмыс iстесе, ғалымдардың бетi берi бұрылуы мүмкiн.
  • Нанотехнологиялар жөніндегі Ұлттық зертхана Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында, 2008 жылы, жалпы наноиндустрияда қазақстандық зерттеу секторын құру мақсатында, нанотехнология саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, нанотехнология саласында инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту, перспективалы нанотехнология мен наноиндустрияны құру жобаларын іске асыру үшін құрылды және құрылу кезеңінде тұр.
  • Алғашқы рет микроскопиялық құрылғыларды медицинада қолдану туралы ойды 1959 жылы Р.Фейнман өзінің белгілі «Там внизу – много места» атты лекциясында атап айтқан болатын. Бірақ бірнеше жылдан кейін барып Фейнманның ұсыныстары шындыққа жақындады.

 

Л.Н.Гумилев атындағы  Евразия Ұлттық университетінің  ғалымдары А.Т.Ақылбеков пен М.К.Мырзахмет  Ресейлік әріптестерімен бірлесіп  наноқұрылымды  титанның  қасиеттерін  имплантат талабына сай жоғарлату  мақсатында зерттеу жұмыстарын  жүргізді. Зерттеу нәтижесінде ғалымдар  беріктігі жоғары және серпімділігі  жақсы наноқұрылымды титан алу  үшін көп реттік бір өстік  қысу және жылулық механикалық  өңдеу әдісі ұсынылды. Бұл алынған  наноқұрылымды титанның беріктік  шегі 1100 МПа және ағуылық шегі 1000 МПа болды, ал бұл көрсеткіш  медициналық беріктігі жоғары  титан құймаларының сипаттамаларына  сәйкес келеді.

Наномедициналық жаңа  технологиялар Нанотехнология дегенiмiз — атом. Мәселен, сiздiң көлiгiңiздiң терезесi шаң болады. Ал, нанотехнология әдiсiмен терезе жасауға болады, оған еш шаң жұқпайды. Яғни, атомдарды бiр-бiрiмен жақындастырып орналастырғанда, олардың арасына шаңның да, судың да молекуласы кiре алмайды. Ұшақ жасау үшiн оған темiр, титанды қоспайды, нанотехнологиямен алынған көмiртектi заттарды пайдаланады, ұшақтың салмағы жеңiл болады, әуеде радар ұстамайды, жоғары қысымда жойылып кетпейдi. Медицинада жаңа дәрiлiк заттарды нанотехнология әдiсiмен алсақ, ол тек ауырған жерiңiздi ғана емдейдi. Мәселен, басыңыз ауырса аспирин iшесiз. Оның 50 пайызы ауырғаныңызды басады, ал, 50 пайызы бауырыңызға терiс әсер етедi. Антибиотиктер де солай. Ал нанотехнологиямен барған зат контейнердiң iшiнде болады. Ол ағзаға енiп қан-тамырлар арқылы керектi жердi өзi тауып алып ауырған клеткаларды ғана емдейдi. Басқа дене мүшелерiне ешқандай зияны тимейдi.

РАКҚА ҚАРСЫ НАНОБӨЛШЕКТЕР

Композитті нанобөлшектердің  жарық толқындарын таңдап сіңіру  қабілеті оларды ісік ауруларын  емдеуге қолдануға мүмкіндік  береді. Жазылмайтын ісікке плазмонды бөлшектерді қан арқылы немесе антидене көмегімен енгізуге болады, содан кейін ісік орналасқан жерге терi арқылы инфрақызыл лазердi бағыттайды. Инфрақызыл сәулелердiң энергиясын наноортаның резонансты сiңiруi жаңадан түзiлген iсiктi қыздырып, рак жасушаларының өлуiне әкеледi. Бұл кезде сау ұлпаларға ешқандай зақым келмейдi.

 

             Қорытынды

 

  • Жалпы, нанотехнология жаңалықтарын өз елiмiзде дамытып, оның жетiстiктерiн экономиканың әр саласында тиiмдi пайдалану үшiн Елбасымыз 2008 жылы Шымкент қаласынан нанотехнологиялар жөнiндегi ұлттық зертхана орталығын құруды тапсырған болатын. Ал, осы орталық сол жылы ашылғанымен, аталмыш зертхананың iс-жоспары мен бағыт-бағдары белгiлi болмағандықтан жұмысы тоқтап қалды. Дегенмен, озық технологияны қажет ететiн экономика бұл ғылымның өз елiмiзде дамуына даңғыл жол ашатынына сенiмдiмiз. Кез келген ғылым-білім, оның ішінде нанотехнология да маңызды, және өте пайдалы.

 


Информация о работе Нанотехнология медицинада