Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 20:58, реферат
Ғылым қарыштап алға басқан сайын өмiрiмiзге нанотехнология, биотехнология деген терминдер дендеп ене бастады. Олардың атқаратын қызметiне көз жiберсек ол бейне бiр фантастика секiлдi көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, бұл жаңалық ертең бiзге де келедi. «Нано» грек тiлiнде «ергежейлi» деген мағына бередi. Егер ғылым тiлiмен суреттесек, бұл бiр метрдiң миллиардтан бiр бөлiгi деген сөз. Мысалы, нанороботты алайық, ол адам шашының бiр талынан мың есе жұқа. Сондай кiшкентай робот адамның денесiне жiберiледi. Ол ағзаның кез келген клеткасына барып, оның қызметiн өзгерте алады. Жалпы, бұл ғылым бiр салаға ғана қатысты емес. Ғалымдар оның ел экономикасының барлық салаларында, металлургиядан бастап денсаулық жүйесiнде де көрiнiс табатынын дәлелдеп отыр.
Мақсаты:
Нанотехнологияның дамуының негізгі бағыттарымен танысып, ғылыми деректер жинақтау арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу
Зерттеу жұмысы мынадай бөлімдерден тұрады:
Нанотехнологияның ғылымдағы орны
Наномедицинаның дамуы
Қорытынды