Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 16:25, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері.Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты – дипломатиялық персоналдар мен өкілдіктердің иммунитеттері мен артықшылықтары институтының маңызды мәселелерін зерттеу болып табылады.Қойылған мақсатқа тікелей жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:
 Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігін,мазмұнын және негіздерін анықтау;
 Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдік персоналдарының иммунитеттері мен артықшылықтарының ерекшеліктері мен құрамын анықтау;
 Қазақстан республикасындағы шет мемлекеттердің орналасқан өкілдіктерінің артықшылытары мен иммунитеттерінің мазмұны мен ерекшелігін анықтау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі және олардың теориялық негіздері
1.1Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі,мазмұны және негіздері...........................................................................................................7
1.2Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар институтының дамуының тарихы .................................................................................................10

2.Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері.
2.1.Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері............13
2.2. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің иммунитеттері мен артықшылықтары..................................................................................................14

Қорытынды..........................................................................................................25

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері.. ДИПЛОМ.doc

— 197.50 Кб (Скачать файл)


Мазмұны

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1.Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі және олардың теориялық негіздері

1.1Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі,мазмұны және негіздері...........................................................................................................7

1.2Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар институтының дамуының тарихы .................................................................................................10

 

2.Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері.

2.1.Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері............13

2.2. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің иммунитеттері мен артықшылықтары..................................................................................................14

 

Қорытынды..........................................................................................................25

 

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

         Курстық жұмысының өзектілігі.Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты және көп жақты қарым-қатынасын жүзеге асыру мемлекетіміздің дипломатиялық қызмет орындарына жүктелген, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар шет мемлекеттерге ресми өкіл ретінде дипломатиялық немесе консулдық имунитет пен артықшылықты пайдаланатыны белгілі. Дипломатиялық имунитеттермен артықшылықтардың заңдық ұғымының қалыптасуымен олардың теориялық құқықтық негіздемесін білу, оларды тәжірибе жүзінде дұрыс әрі аса тиімді қолдану үшін қажет. Бұл мәселе ерте заманнан  келе жатса да, өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Өйткені,мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық тәжірибесінде тарихи даму кезеңінің әр сатысында имунитеттермен артықшылықтарға қатысты жаңа шешімін таппаған немесе теориялық негіздеуді қажет ететін сұрақтар туындап жатады. Себебі, дипломатиялық қатынастар пайда болғалы бері оған қатысты тәжірибелік мәселелердің де аясы кеңіп келеді.

       Жеке дипломатиялық және консулдық имунитеттермен артықшылықтардың негізгі турлерін халықаралық нормалардың негізінде салыстырмалы-құқықтық талдаудан өткізу олардың арасындағы ұқсатықтар мен айырмашылықтарды айқындауға және сол айырмашылықтардың себебін анықтауға мүмкіндік берері сөзсіз.

      Жаңа саяси-құқықтық бағам тұрғысынан халықаралық құқықтың маңызы мен рөлін терең түсіну керек,оның мемлекетішілік құқықпен өлшенген арақатынасы да маңызды проблема болып табылады.

       Аталған проблемалық аспектілер көпшілікке таралған сапаға ие және шын мәнінде халықаралық құқық институтына қатысты.Алайда біздің еліміздің көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси-құқықтық және сыртқы дипломатияға ерекше мән беруімен байланысты болып отыр.Республикамыздың табыстары мен жетістіктерінің белгілі-бір үлесі қазақстандық дипломаттарға тиесілі,олар қайта құру кезеңінде өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып,өз еліне күрделі экономикалық дағдарыстан шығуға көметесті.

Курстық жұмысы тақырыбының зерттеу дәрежесі.Бұл жұмыста қолданылған теориялық материал,жұмыстың тақырыбының ғылыми өңделу жағдайы біздің тақырыбымыздың тек жеке бөліктерін бейнелейтінін көрсетті:екі жақты және көп жақты халықаралық ыетымақтастық,Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметі мен дипломатиясы,дипломатиялық персоналдың халықаралық-қылмыстық жаупкершілігі және т.б. аталған бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулерді қазақстандық ғалымдар,көрнекті  қоғам және мелекет қайраткерлері: Қ.К.Тоқаев,М.А.Сәрсенбаев, Қ.А.Маханова,М.Б.Құдайбергенов,А.Х.Арыстанбекеова,Ж.О.Құлжабаева, Д.Т. Тасмағанбетова,Г.А.Машинбаева,С.Ж.Айдарбаев және т.б. жүргізді.

         Ресейлік және кеңестік авторлардан: Д.Б.Левина , В.Н.Оурденовский , В.И.Кузнецова,Е.А.Белоусова,Ю.Г.Демин,Э.Сатоу,И.П.Блищенко және т.б. ғалымдардың көзқарастары пайдаланылды.

       Бұл бітіру жұмысындағы қолданылған талдау құқықтық,сондай-ақ тәжірибелік және басқа да теориялық материалдар осы ғылыми зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады.Алайда қазіргі кездегі халықаралық аренадағы саяси және экономикалық өзара қатынастың,құқықтық демократиялық қарым-қатынастың даму кезеңінде таңданылынған зерттеу тақырыпнамасы Қазақстан Республикасындағы артықшылықтар мен иммунитеттер институтының жеке мәселелерін түсіну үшін жаңа түрткі болады.

Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері.Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты – дипломатиялық персоналдар мен өкілдіктердің иммунитеттері мен артықшылықтары институтының маңызды мәселелерін зерттеу болып табылады.Қойылған мақсатқа тікелей жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:

      Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігін,мазмұнын және негіздерін анықтау;

      Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдік персоналдарының иммунитеттері мен артықшылықтарының ерекшеліктері мен құрамын анықтау;

      Қазақстан республикасындағы шет мемлекеттердің орналасқан өкілдіктерінің артықшылытары мен иммунитеттерінің мазмұны мен ерекшелігін анықтау.

Зерттеудің объектісі ретінде дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтар институтының құқықтық реттелуіндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады.

Курстық жұмысы зерттелуінің әдіснамалық негізі.Халықаралық-құқықтық, саяси-құқықтық, философиялық, әлеуметтік және т.б.дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтар институты қолданатын басқа да ғылыми дәйектемелер,мемлекеттік және құқықтық  құбылыстарды зерттеудің жалпы ғылыми және диалектикалық үйлестікке қазақстандық қана емес, халықаралық едәуір толық және сыни тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді.

      Қойылған мәселелерді зерттеу кезінде сондай-ақ зерттеу тақырыбының сапалық сипаттамаларын анықтайтын логикалық,формальды-құқықтық, аналитикалық талдау, функционалдық әдіс қолданылады.

Курстық жұмысының теориялық негіздері.Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы, халықаралық, қылмыстық іс жүргізушілік, әкімшілік, азаматтық және құқықтың басқа да салалары бойынша ғылыми еңбектер,диломатиялық иммунитет пен артықшылықтар институты,сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тұлғалардың еркіндігі мен құқығы институтының қалыптасу және даму проблемалары жөніндегі теорияшылар мен тәжірибешілердің,құқықтанушы ғалымдардың еңбектері.

      Теориялық-құқықтық негіздерін сондай-ақ тарихи маңызы бар халықаралық құқықтың  нормалары да:1961ж.Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1946ж.Біріккен Ұлттардың арттықшылықтары мен иммунитеттері    туралы БҰҰ-ның конвенциясы,2001ж. Евразиялық экономикалық қоғамдастықтағы иммунитеттер мен артықшылықтар туралы Минск конвенциясы, 1973ж.Халықаралық қорғаудағы,оның ішінде дипломатиялық агенттерге қатысты қылмыстарды жою және алдын-алу туралы Нью-Йорк ковенциясы және т.б. конвенциялар толықтырады.

Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы.Бұл бітіру жұмысында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет институтын құқықтық реттеуге қатысты мәселелер талданды.Зерттеу нәтижесінде  дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет институты саласындағы теориялық ережелер жүйесі негізделген.Зерттеудің ғылыми жаңалығы –бітіру жұмысында мынадай мәселелерге толық талдау жасалынды:

      Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар сұрақтарына қатысты халықаралық және ішкіқұқықтық нормативтік-құқықтық актілер;

      Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институты тарихы мен теорияларына арналған ғылыми зерттеулер;

      Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтына қазіргі ғалымдардың саяси ескертулері мен ұсыныстары;

      Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтын жетілдірудің жаңа бағыттарының пайда болуын көрсететін құқық қолдану тәжірибесі.

    Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтының қалыптасқан құқықтық тұжырымдамасын,сондай-ақ дипломатиялық қызметті жүзеге асырудың қазіргі заманғы үрдісін толық талдау нәтижесінде осы бітіру жұмысында дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар туралы екіжақты және көпжақты конвенция нормаларындағы,басқа халықаралық-құқықтық дереккөздердегі дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтының жалпы негіздеріне қатысты белгілі-бір қорытынды жасалынған. Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар мәселелері жөніндегі халықаралық және мемлекетішілік құқық арақатынасы,Қазақстан Республикасындағы халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту жағдайында ипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтының қазақстандық моделін жетілдіру,дипломатиялық және оған негізделген миссяины халықаралық-құқықтық қорғаудың жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау.

Қорғаға шығарылатын негізгі тұжырымдар.Курстық жұмысының негізгі көтеріп отырған тың тақырыбында бүгінгі күннің проблемалық аспектілері қарастырыла отырып,сараптама негізінде келесі тұжырымдарға келдік:

1.      Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтары институтының теориялық-құқықтық негіздері әлі өз деңгейінде зерттеліп,негізделмегені анықталды.Бұл мәселе өзгермейтін қатаң категориялар үдесінен қаралмауы қажет.Сондықтан Қазақстан кәсіби дипломатиясына бүгінгі талаптармен шебер үйлестірілетін өзгертулер мен түзетулер енгізу заман талабынан туындап отырған жағдай.Қазақ дипломатиясының көкжиегін кеңейту үшін бұл-заңнамалық маңызы бар шешім болмақ.

2.      Осы зерттеу шегінде дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарнегіздерінің институтын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасалатын нормативтік-құқықтық тұжырымдар.

3.      Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын әрі қарай дамыту жағдайында дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтының қазақстандық моделін жетілдіру,дипломатиялық және оған негізделген миссияны халықаралық-құқықтық қорғаудың жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі және олардың теориялық негіздері.

1.1Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі,мазмұны және негіздері

 

Иммунитет ұғымы дипломатиялық және консулдық құқытағы негізгі ұғымдардың біреуі, латын сөзінен тәуелсіз, тартылмайды деген мағынаны білдіреді. Халықаралық келісімдерде белгіленген артықшылықтар мен иммунитет сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Осындай артықшылықтардың ең елеулілері ретінде қол сұғұшылық пен кемсітуден қорғау құқығын, белгілі бір жағдайларда арнайы белгілер мен эмблемаларды пайдалану құқығын (мысалы өз жалауын) шетелдерде өзінің арнайы байланыс құралының болуына деген (курьерлер, шифрленген хабарламалар) құқықты және басқаларды айтуға болады. Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкімет басшылары мен мүшелерінің, шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен мен өкілддерін, сондай-ақ шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппаратының мәжбүрлі әрекеттеріне қорғалуын, оның ішінде талап-арыздан,  қамаудан, тінтуден, жауап алудан және т.б. қорғалуын айтамыз.

Иммунитет деген сөз латынан тәуелсіз деген мағынаны береді. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдіктерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз.

Иммунитеттер мен артықшылқтарды иеленуге құқығы бар әрбір тұлға оларды мекендік мемлекетінің аумағына келген кезден бастап иеленеді, яғни шекарадн өткен кезден бастап иеленеді, яғни шекарадан өткен кезден бастап иеленеді, егер тұлға мекендуші мемлекеттің аумағында орналасқан қойса, онда сол мемлекеттің Сыртқы істер сминистрлігіне оның тағайындалуы туралы ескерткен кезден бастап аталған құқықтарға ие болады.

Егер дипломатиялық агент үшінші мемлекеттің аумағы арқылы алдын ала келісіп (егер оған транзиттік виза берілген болса) өтетін болса, үшінші мемлекет оны тағайындалған орнына жету үшін немесе одан қайту қажетті қол сұқпаушылық және басқа да иммунитеттермен қамтамасыз етеді.

Иммунитеттер мен артықшылықтардың күші оны пайдалаланытн тұлға өз қызметін тоқтанда және сол тұлға мекендуші мемлекеттен кеткенде немесе белгіленген қызмет мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.

1.      Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері