Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 16:25, курсовая работа
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері.Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты – дипломатиялық персоналдар мен өкілдіктердің иммунитеттері мен артықшылықтары институтының маңызды мәселелерін зерттеу болып табылады.Қойылған мақсатқа тікелей жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:
Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігін,мазмұнын және негіздерін анықтау;
Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдік персоналдарының иммунитеттері мен артықшылықтарының ерекшеліктері мен құрамын анықтау;
Қазақстан республикасындағы шет мемлекеттердің орналасқан өкілдіктерінің артықшылытары мен иммунитеттерінің мазмұны мен ерекшелігін анықтау.
Кіріспе......................................................................................................................3
1.Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі және олардың теориялық негіздері
1.1Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі,мазмұны және негіздері...........................................................................................................7
1.2Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар институтының дамуының тарихы .................................................................................................10
2.Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері.
2.1.Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері............13
2.2. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің иммунитеттері мен артықшылықтары..................................................................................................14
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................27
Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер негізінде Алматы және Астана қалаларында орналасқан.Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,әсірісе 2001 жылғы 11-қыркүйектегі АҚШ-та орын алған террорлық актіден кейін,сондай-ақ,2003 жылдың сәуірінде,АҚШ-тың Иракқа қарсы соғыс ашу қарсаңында өте күшейеді және бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады.Өйткені,АҚШ-тың бұл әрекеті дүние жүзінің көптеген елдерінде де басқыншылық әрекет дептанылып,жер-жерде қарапайым халықтардың наразылық шерулері өтіп жатты.Шетелдік өкілдіктер орналасқан ғимараттарды ішкі істер министрлігінің екі бөлімшесі:Алматыда полиция полкы мен Астанада полиция ротасы күзетуде.Алматыдағы полк 68 дипломатиялық өкілдіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Жалпы Алматыдағы дипломатиялық корпустың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бір мыңға жуық полиция қызметкерлерін жұмылдыру қажет екен.
Қазақстан шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндетін іс жүзінде ойдағыдай орындауда.Алайда,елшілік және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерін өлтіру немесе жәбірлеу сияқты фактілер сирек болса да орын алып отыр.Дипломатиялық және консулдық имунитеттер,соның ішінде жеке басқа қол сұғумаушылық имунитеті репрессалий тәртібінде де бұзылуы мүмкін. Дипломатиялық және консулдық өкілдердің жеке басына қол сұғумаушылығын көп мемлекеттер тарапынан репрессалий тәртібінде бұзу бұрыннан келе жатқан «дәстүр».Репрессалий дегеніміз бір мемлекетпен екінші мемлекеттің заңсыз әрекетттеріне жауап ретінде қолданылатын мәжбурлеу шаралары.Бұл жерде мынадай мәселеге көңіл аударған жөн,репрессалий тәртібінде дипломатиялық және консулдық имунитеттерді бұзу кез-келген халықаралық құқықтық бұзушылықтарға қолданыла ма,әлде тек өзөкілдерінің бұзылған имунитеттеріне ғана жауап ретінде қолданылады ма деген сұрақ туындайды.Дипломатиялық имунитеттерді репрессалий тәртібінде бұзу құқығы доктринада ешкімнің тарапынан жоққа шығарылмайды.Жалпы,
Дипломатиялық агенттің жеке басына қол сұқпау имунитетін қамтамасыз ету ең алдымен оның өзінің қоғамдық тәртіп пен қаупсіздікті қорғауға бағытталған қабылдаушы мемлекеттердің заңдары мен ережелеріне тиісті түрде құрметтеуін.оның басқа адамдарға зиян келтіруінің алдын-алу үшін оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттілігін тудыратын барлық барлық іс-әрекеттерден тартылуын қажет етеді.Теория жүзінде дипломатиялық тұлғалардың жеке басына қол сұқпау имунитеті оларға ешқандай мәжбүрлеу немесе куштеу шараларын қолданбауды көздесе,ал іс жүзінде,кей жағдайларда белгілі-бір дәрежеде оларға күш көрсетілуі де мүмкін.Бұл алдымен,жеке тұлғалар тарапынан туындауы мүмкін.Оған жеке тұлғалардың өзін-өзі қорғау мақсатында дипломатиялық тұлғаға көрсететін қарсылығын жатқызуға болады.Демек, егер дипломат жеке тұлғаға қарсы дене күшін қолданатын болса,жәбір көруші тұлғаның тарапынан көрсетілген қарсылық және соның барыснда дипломатқа көрсетілген дене жарақаты,яғни басқа да зиян жеке басқа қол сұқпаушылық имунитеті бұзылды деуге негіз бермейді.Ендігі жерде дипломаттар жеке басының қол сұқпаушылығы соғыс уақытында қалай және қандай шекте сақталатындығына тоқтала кетейік.Егер соғыс басталған уақытта өзара жауласушы мемлекеттердің дипломаттары қабылдаушы мемлекеттен шығып үлгермесе, оларға тиісті құжаттар беріле отырып жергілікті азаматтарды қоспағанда,бүкіл персоналды тез арада қабылдаушы мемлекеттің аумағынан кетудің бағыттары мен қажетті уақыт беріледі.1961жылғы Вена конференциясының 44-бабына сәйкес «қабылдаушы мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында да,қабылдаушы мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын ,имунитеттері мен артықшылықтарды пайдаланатын тұлғалардың азаматтығына қарамастан,осында тұлғалардың отбасы мүшелерінің тез арада кетуіне жәрдемдесуі тиіс».Вена конвенциясының бұл нормасында қабылдаушы мемлекетінен тез арада кетуге үлгермеген дипломаттардың жағдайы туралы айтылмаған.Бұл орайда осы мәселеге қатысты доктринада айтылған ойларға жүгінгенді жөн көрдік.Кеңестік заңгер Д.Б.Ливеннің айтуынша «Егер дипломатиялық өкіл және өкілдік қызметкерлерінің мүшелері өз кінәлары бойынша белгіленген мерзімнен артық уақыт кідіретін болса,олар соғыс тұтқындары ретінде жариялануы мүмкін».Бірақ бұл мерзім өткенге дейін қабылдаушы мемлекет олардың барлық имунитеттерін және соның ішінде,бірінші кезекте,жеке басқа қол сұқпаушылықты қорғауға тиіс.Бұл халықаралық құқықтың жалпыға танылған ережесі.Біз дипломатиялық агенттіктердің имунитеттері,соның ішінде,олардың басына қол сұқпаушылықтың соғыс уақытында да сақталуға тиіс екндігімен толық келісеміз.Бірақ олар белгіленген мерзім ішінде қабылдаушы мемлекеттен кетпеген жағдайда соғыс тұтқындары ретінде ұсталуы мүмкін деген пікірмен келісе алмаймыз.Себебі,дипломатиялық агенттер бір мемлекеттің өкілдері болғанымен.олар сол мемлекеттің ғана емес,халықаралық қорғауда блатын тұлғалар.Дәлірек айтсақ,олардың құқықтық жағдайы,имунитеттері мен артықшылықтары халықаралық құқықтың нормалары негізінде беріледі.Сондықтан,екі мемлекеттің арасында соғыс туындаған жағдайдың өзінде де,лоардың аумағында орналасқан бір-бірінің және үшінші мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері халықаралық қорғаудағы азаматтар ретінде танылып,кез-келген жағдайда олардың бостандығын шектемеуге тиісті деп ойлаймыз.[7]
Халықаралық қатынастар тәжірибесінде соғыс уақытындағы дипломатиялық өкілдердің жеке бастарына қол сұқпаушылық имунитеті агрессивті мемлекеттер тарапынан бір намесе бірнеше рет бұзылып отырған.Бұған мысал ретінде,әсіресе,бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияның соғыс жариялағаннан кейін өз елдеріне қайтуға талпынған Англия,Франция,Ресей,АҚШ-тың дипломатиялық өкілдеріне қатысты іс-әрекеттерін келтіруге болады.Бұл мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің мүшелеріне германдық билік өкілдерінің қолдауна сүйенген адамдар тобының шабуылдарына,бұзақылық іс-әрекеттеріне ұшыраған.Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда да Германиядағы шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарына жергілікті билік тарапынан қысым жасалған.Мемлекеттер тәжірибесінде дипломатиялық құқықтың негізгі қағидалары мен нормаларына сәкес қабылдаушы мемлекеттің аумағында шетелдік өкілдерінің дипломатиялық функцияларды жүзеге асыру режимінбекітетін ішкі заңдарды қабылдау дәстүрі кеңінен тараған.Бұл режим дипломатиялық құқықтың жалпы танылған нормалары мен қағидаларына негізделе отырып,имунитеттер мен артықшылықтардың аясын халықаралық шарттарда көзделген көлемнен анағұрлым кең мазмұнда бекітуі мүмкін.Осы жерде дипломатиялық құқыққа,соның ішінде имунитеттер мен артықшылықтарға қатысты Қазақстан тәжірибесінде қандай заңдар қабылданды деген сұрақ туындайды.Қазақстанда дипломатиялық құқықтың нормалары көрініс тапқан негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай: 2002 жылдың 7-наурызында қабылданған Дипломатиялық қызмет туралы заң.1999 жылдың 27-қыркүйегінде бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысы,1992 жылдың 2-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге жіберген төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы ереже және консулдық функциялардың жекелеген түрлеріне қатысты қабылданған бірқатар ішкі ведомствалық нұсқаулар.Аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметтің соның ішінде олардың атақтарын,функцияларын,
Дипломатиялық қызмет мәселелеріне мемлекеттердің ұлттық заңында көп көңіл бөлінеді.Бұл салада негізгі заң ретінде құқықтың барлық салалары үшін маңызды ережелерді қамтамасыз ететін ҚР Конституциясы үлкен орын алады.Сыртқы саясат мәселелері Қазақстанның тәуелсіздік алған және оның халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қалыптаса бастаған сәттен бастап ҚР Конституциясынан өз орнын алды.Конституция ҚР-сы мемлекеттік құрылым мәселелерін,оның сыртқы саясатының мемлекеттік органдары болып табылатын Президенттің және Үкіметтің мемлекеттік билік органдарының құрылымы мен құзіретіне арналған.Қазақстан Республикасында 2002 жылдың 7-наурыздағы «Дипломатиялық қызмет туралы» заңы сияқты маңызды нормативтік актілер қабылданған.
Консулдық лауазымды тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық имунитеті оны қабылдаушы мемлекетте ауыр қылмыстық әрекеттерде бой алдыруына байланысты шектелетіндігі 1963 жылғы Вена конвенциясының нормаларында бекітілмеген,олар бүгінгі объективтік жағдайға сай келмейді деуге болады.Бұл жердегі объективтік жағдай дегеніміз консулдың жеке басына қол сұқпаушылық имунитетімен теңестіру.Бұл соңғы он жылдықта дипломатиялық және консулдық құқықта белең ала бастаған үрдіс.Бұған біз Қазақстанның бірқатар екі жақты консулдық келісім-шарттарын салыстырмалы талдау негізінде де көз жеткіздік.Сол сбептен,консулдың жеке басына қол сұқпаушылық иммунитетіне қарағанда теория жүзінде тар көлемде болғанымен қазіргі консулдық қарым-қатынастардың тәжірибесі олардың теңестірілгенін айғақтап отырғаны даусыз.
Дипломаттың қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босату иммунитеті
Дипломатиялық лауазымды тұлғаларға берілетін жеке имуниттердің ішінде қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босату иммунитеті белгілі-бір дәрежеде олардың жеке басына қол сұқпау имммунитетінен туындайтыны сөзсіз.Халықаралық құқық доктринасында қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босатудан сот иммунитеті деп те атайды.Бұл иммунитет дипломатиялық лауазымды тұлғалардың қабылдаушы мемлекеттің аумағында сотталмайтындығын және оның құқық қорғау органдарымен құқықтық жауапкершілікке тартылмайтындығын білдіреді. Халықаралық құқықтық нормалар ,оның ішінде,1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциялары көрсеткендей, қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босату немесе сот иммунитеті дипломатқа қатысты бірдей көлемде қолданылмайды.
Қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босату иммунитетін қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан босату иммунитеті деген атау да кездеседі. Қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан босатуды көздейтін иммунитет кең мағынада мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
жергілікті билік органдары тарапынан болатын мәжбүрлеу шараларынан кепілдік;
қылмыстық істер бойынша соттылыққа жатпау;
ішінара шектеулермен азаматтық істер бойынша соттылыққа жатпау;
сотқа шақыру мен куәгерлік жауаптар беруден босату;
әкімшілік юрисдикциядан босату.
Дипломатиялық агенттерді қабылдаушы мемлекеттің қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босату ,олар әртүрлі құқықбұзушылықтар жасаған жағдайлардың барлығында да жазаланбайды дегенді білдірмейді.Қабылдаушы мемлекеттің аумағында жасаған қылмыстық әрекет үшін дипломат өз мемлекеттерінде жауапқа тартылынуы мүмкін.Оны 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы конвенцияның 31-бабының 4-тармағына сүйене отырып,белгілеуге болады.Осыған сәйкес,қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясын дипломатиялық агентті босататын иммунитет өзін жіберген мемлекеттің юрисдикциясынан босатпайды.Басқаша айтсақ,қабылдаушы мемлекеттің құқық бұзушылығы үшін дипломатиялық немесе консулдық агентті қабылдаушы мемлекеттің шағымы бойынша өзін жіберген мемлекетте жауапқа тартуға болады.Бұл дипломатиялық лауазымды тұлғаларды жауапқа тартудың бірінші жолы.Екінші жолы,дипломатиялық қатынастар туралы конвенцияның 32-бабында мынадай ережелермен көзделген:
1. Дипломатиялық агенттерді қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан босататын иммунитеттен жіберген мемлекеттің бас тартуы;
2. Бас тарту әрқашан анық болуға тиіс;
3. Дипломатиялық агенттің сотта іс қозғауы оны қарсы талап арыздарға қатысты өз иммунитеттіне жүгіну құқығынан айырады;
4. Азаматтық немесе әкімшілік іске қатысты юрисдикция иммунитетінен бас тарту шешімді орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды білдірмейді,ол үшін ерекше бас тарту тлап етіледі.
Дипломат әкімшілік юрисдикциядан иммунитеті-оларды қабылдаушы мемлекетте әкімшілік ережелерді бұзғаны үшін белгіленген айыппұл немесе өзге де сол сияқты әкімшілік жазалау шараларынан босатады.Дипломат пен консулдың қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен иммуниттерін салыстырмалы құқықтық тұрғыдан талдай отырып.олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар екендігін анықтадық.Атап айтқанда консулдық лауазымды тұлғаның қылмыстық,азаматтық және әкімшілік жуапкершіліктен босату иммнитеті функционалдық қажеттілікпен ғана байланыстырылған,яғни, ол тек,өз функцияларынорындауға қатысты,ішінара ескертпелерді оспағанда,ондай шектеу жоқ. Қазақстандық дипломатиялық тәжірибеде қалыптасқан қазіргі үрдісті ескере отырып,іс жүзінде олардың дипломат пен консулға қатысты бірдей көлемде қолданылатындығы орынды деп ойлаймыз.
Қорытынды
Бұл курстық жұмыстың тақырыбын және негізгі бағытын таңдағанда біз бүгінгі ірі көкейтесті проблемалар,мемлекеттердің бір-біріне тәуелсіздігін және мемлекетаралық қатынастардың күрделенуіне әкелетіндігін және соған сәйкес дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институты рөлінің артатындығын басшылыққа алдық.
Жұмыстың нормативтік негізінде дипломатиялық қызмет және сыртқы саясат мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелері,шет мемлекеттердің заңдары мен дипломатиялық қатынастар жөніндегі халықаралық құқықтық құжаттары зерделенді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды.
Курстық жұмысын жазу барысында біз қазақстандық және шетелдік ғалымдардың халықаралық және дипломатиялық құқық аясындағы материалдарын басшылыққа алдық.
Курстық жұмысында біз Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қалыптасуын және дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтының қалыптасуы мен дамуын сипаттауға тырыстық және де Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталған мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің механизімін, дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институтының әдістері мен нысанын қарастырдық.
Курстық жұмысын жазу барысында біз бірқатар қорытындылар жасадық.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны жариялауы шетел мемлекеттерімен саяси,экономикалық,ғылыми-
Шетел мемлекеттерінің тәжірибелері мен бағыттарын ескере отырып,Қазақстан дипломатиялық және консулдық қызметтерді ұйымдастыру жөнінде өз заңдарын қабылдауда,сыртқы саяси ведомствалық Сыртқы Істер Министрлігінің жұмысын жетілдіруде,консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда,ҚР азаматтарының,шетел адамдарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы Істер Министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы,ҚР азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді рәсімдеу туралы,ҚР азаматтарының шетелде есепке алыну және тіркеу туралы және т.б. жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын меелекеттік органдарға азаматтардың кәсіби қызметі.біздің мелекетіміздегі дипломатиялық лауазымдарға тағайындау тәртібі халықарлық стандарттарға сай.Мәселен,дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар,шет тілдерін жақсы меңгеретін,өзіне жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін тиісті қабілеті зор және еліміздің абыройына нұқсан келтірмейтін азаматтар тағайындалады.
Қазіргі таңда Қазақстан 1961ж.әмбебап дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының мүшесі бола отырып халықаралық дипломатиялық құқықтың бүгінгі кейпін анықтайтын анықтайтын мемлекеттер құрамына кірді.Қазақстан жеке,дара,тәуелсіз мемлекет болып,халықаралық құқықтың егеменді субъектісі ретінде дипломатиялық құқықтың бірнеше мәселелері жөнінде келісімдерге қол қойды және өзінің сыртқы саясатының бағытын қамтамасыз ету мақстында өзінің заңнамалық базасын құруда.