Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 19:03, реферат

Краткое описание

Рим құқығы құқықтың әлемдік жүйесінің дамуында үлкен маңызға ие, себебі рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген құқықтық институттар ри құқығының классикалық кезеңінде өңделген күйінде әлі күнге сол қалпында сақталуда, атап айтқанда заттық құқықтар ілімі, міндеттеме туралы ілім.
Рим құқығы – ерте Римнің құлиеленушілік құқығының жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.

Содержание

Кіріспе
Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері
Рим отбасы құқығы
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

рим.docx

— 30.10 Кб (Скачать файл)

                                 Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері
  3. Рим отбасы құқығы
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

    Рим құқығы құқықтың  әлемдік жүйесінің дамуында үлкен  маңызға ие, себебі рим құқығы  басқа құқық жүйелерінің дамуын  қалыптастыруға негіз болды және  бүгінгі күнге дейін маңызын  жойған жоқ. Көптеген құқықтық  институттар ри құқығының классикалық  кезеңінде өңделген күйінде әлі  күнге сол қалпында сақталуда,  атап айтқанда заттық құқықтар  ілімі, міндеттеме туралы ілім.

  Рим құқығы –  ерте Римнің құлиеленушілік құқығының  жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.

   Римде жеке құқық  деп нені түсінді? Ерте кездің  өзінде Римде екі құқық саласы- жария құқық және жеке құқық  болды. Тит Ливии (І ғ.б.э.), қалыптасқан  терминологияға сүйене отырып, ХІІ  кесте заңдарын жеке және жария  құқықтың қайнар көзі деп атады.  Мұндағы жария құқық дегеніміз  мемлекеттің мүддесін қорғайтын  және мемлекеттің және оның  органдарының құқықтық жағдайын  анықтайтын нормалар. Ал, жеке құқық  жекелеген тұлғалардың құқықтық  жағдайын білдіретін құқық жүйесі.

  Рим құқығы мүліктік  және басқа да қатынастарды  реттейтін өңделген нормалар  жүйесін құрады. Рим құқығы Қазақстан  Республикасының құқығының дамуына  нақты әсер етеді. Қазіргі кезде,  яғни Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесінің қалыптасу  кезеңінде, кезінде рим құқығының  нормаларымен реттелген жеке  меншік институты, шарттар ерекшк  орын алды.

  Қоғамның барлық  даму тарихынан рим құқығы  секілді заңи, техникалық және  заңи нысаны жоғары деңгейдегі  басқа құқық жүйесін кездестірмейміз.

  Осыған орай менің  жұмысымның тақырыбы: « Рим құқығының  ұғымы және негізгі белгілері.  Рим құқығының тарихи мәні».  Осы тақырыпты толық түрде  ашып, жеке жеке тоқталып өтемін.

Рим құқығының ұғымы және  негізгі белгілері

  «Рим құқығы» термині  құл иеленушілік қауымда құрылған  Рим мемелекетінің, яғни антикалық  Римнің құқығын білдіреді. Рим  құқығының жүйесі сондай-ақ бұл  мемлкеттің тарихи дамуы тұтастай  алғанда көбінесе шет мемлекеттер  құқығының тарихы. Рим азаматтық  құқығының оқыту пәні- мүліктік  құқықтың маңызды институттар  болып табылады (отбасылық қатынастар  да жатады).

  Рим құқығының  негзгі институттарына мына төмендегілр  кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемлер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер. Рим құқық теориясында  құқық нормаларының топтастырылуының 2 жүйесі қалыптасқан: пандектілік,  институтционалдық деп аталады.  Пандектілік 4 арнайы бөлімнен  тұрады:

  • Заттық құқық;
  • Міндеттілік құқық;
  • Отбасы құқығы:
  • Мұрагерлік құқық;

 Институтционалдық  жүйеде  жалпы білім болмайды, ал негзгі  бөлім мынадай негіздерге  бөлінеді:

  • Заттық құқық;
  • Міндеттемелік құқық;
  • Мұрагерлік құқық;

  Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет  легиондармен, екінші рет христиан  дінімен, ал үшінші рет құқығымен.  «Жазылып қойған сана» деп  аталатын Римдік құқықтың классикалық  түрін Батыс Еуропада көп феодалдық  мемлекеттерде қолданылатын. Ол  көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық-германдық құқық жүйесі деп аталады. Рим құқығының  мықтылығын дәлелдейтін факторлар  көп. Біріншіден, Рим империясы  құл иеленушілік мемлекеттердің  арасындағы ең ірі, соңғы, күшті  мемлекеттердің бірі болып табылады. Рим империясы көрші мемлекеттерді  өзіне бағындырып, солардың саяси  тәжірибесін, құқықтық құжаттарын, сот практикасын, саяси санасын  өз өміріне бейімдеп,өзіне тән  ерекше құқық жүйесін құрды.  Римде преторлардың, патрицийлердің  және перегриндердің істерін  қарау екі түрлі болды. Сондықтан  басқа мемлекеттердің құқықтық  әдеттері, принциптері, белгілері,  құқықтық тәжірибесі Рим құқығына  көшіп, оған әсерін тигізеді. Спарта, Афины, Сирия және басқа мемлекеттер  Рим империясының құрамына еніп, оның провинциясына айналған  еді. Сондықтан Рим империясының  заңгерлері афинаның құқық дамуының  нәтижелерін пайдаланды.

  Сонымен бірге Римнің мың жылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкіл әлемдік тарихы маңызды оқиғаға айналдырып жіберді. Римде құқықтық жүйеге, заңгерлерге көп көңіл бөлінді. Бұл қызмет иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папаниан- Римнің ең күшті заңгерлері қатарынан саналды.

  Рим құқығы дамуының  өзіндік ерекшеліге болатын. Олар  құқық көп өзгермеу керек деп  санайтын. Құқықтық нормаларды тек  ешкім қолданбаған жағдайда ғана  жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған және көп өзгеретін заңдар құқықтық тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп, көп уақыт жіберілетін. Әрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдар көп шығарған адам өте сыйлы, мәлімді қызметкерлер болып есептелді.

   Халық жиналысы  заңдарды қабылдағанда оған тек  ғана «аламыз», «алмаймыз» деп  дауыс беретін. Бүкіл Римнің  тарихынан өткен заң-12 таблица  заңдары. Бұл заң б.д дейінгі  V ғасырда қабылданған, бұны Римнің Корпус Юрис Цивилис деген кодексіне дер кіргізген еді. Бұл құқықтық құжат он бір ғасыр қолданылды. Ол Рим құқығының негізі болғаннан кейін заңдылықтың мықтылығын, тұрақтылығын көрсету үшін, дәлелдеу үшін сақталған.

   Рим құқығы квирит құқвғв ретінде пайда болған. Квириттер-Рим азаматтары, патрицийлер еді. Квирит құқығы тек қана Рим азаматтарының құқығы болып саналды. Бұл аксиома ретінде бекітілді. Рим азаматтарының және перегриндердің қарым-қатынастарының реттейтін құқық-халық құқығы. Рим құқығының схемалары, ішкі құрылысы, терминдері, түсініктері көп мемлекеттерде қолданылды. Оның қайта жаңғырып, гүлденуі, қолданылуы, қайта дамуы, жаңдануы рецепция деп аталды.

   Рецепциямен Рим  құқығы феодалдық мемлекеттердің  тәжірибесіне кірген болатын.  Одан кейін ол буржуазия кодификацияларына  кіріп, Германия, Франция, Италияның  кодекстері арқылы бүкіл дүние  жүзіне тараған. Ең күшті кодекстерінің  бірі- Наполеонның 1804 жылғы азаматтық  кодексі.

  Қазіргі азаматтық  заңдарды терең түсіну үшін  Рим құқығының негізгі белгілерін, түсініктерін, терминдерін білу  керек. Рим құығының негізі (сапасы) бүкіл буржуазиялық азаматтық-құқықтық  теорияға сіңісіп кетті. Қазір  көп қолданылатын терминдердің, түсініктердің пайда болған уақытын  білу арқылы олардың шын маңызын  да анықтауға болады.

  Рим құқығының  заңгерлік техникасын, тілін, ішкі  құрылысын заңгерлердің білгені  жөн. Рим құқығының тарихымен  танысу арқылы құқық қалай  пайда болады, өзгереді. Қандай кезеңдерден  өтеді, өзінің ішкі мазмұнын  қалай өзгертеді, сыртқы нысаны  қалай дамиды деген жалпы мәселелерден  мағлұмат алуға болады. Рим құқығы  жеке меншік үстемдік еткен  қоғамдық құрылыстардың ең жақсы  нысаны.

  Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар оның сан ғасырлық тәжірибесін өте жоғары бағалады. Рим құқығы дамуының жоғары сатысы құқықтың жоғары нысаны болып қалды.

  Республика түрінде  өзінің проблемаларын шешіп, демократиялық  әдістерді, ниституттарды қолданып  жатқанда Рим мемлекеті құқығының  даму деңгейі төмен болды. Құқықтардың  сол кезеңін біз ежелгі құқық  кезеңі деп белгілейміз. Оның  негзігі қайнар көзі 12 кесте заңдары  құқық нысандары болып қалған.

  Рим мемлекеті  империяға айналып, әлсіреп, ыдырай  бастағанда құқық жоғары дәрежесіне  көшеді. Рим құқығының ең маңызды  құжаты – Корпус Юрис Цивилис  Византияда VI ғасырда пайда болған.

  Рим құқығының  негізгі белгілері. Рим құқығының негізгі белгілері – жеке меншіктің неғұрлым абсолюттық құқығын бекіту болып табылады. Бұл тауарлы ақша қатынастарының жоғары деңгейіне байланысты. Рим құқығы құлдарға да толық жеке меншікті бекітіп  берді. Рим құқығының келесі белгісі  – оның прогрессивтік-консервативтік сипаты. Рим құқығы жылдам өзгеріп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында жөңге салып тұрады. Ол өзінің ішінде ескі заңгерлік иституттарды, манципация, квирит, нексум сияқты нысандарды көп уақыт сактайтын.  Римде тек қана  заң қызметкерлер емес, бүкіл  құқық сыйлы болатын. Құқыққа  осындай көзқарастағы қоғам көбінесе  дұрыс шешімдерді сақтап отырды. Ол құқық нормасын бұзуға, жоюға  асықпады.

  12 кесте заңдары  ата-баба құқығы ретінде жұрттың  бәрі көретін көрнекті жерге  қойылатын.  Ол заңдарды ешкім  «мен оқымадым, мен білмеймін»  деп айта алмайтын еді. Жаңа  құқық нормасын шығарып жатса  да, оның бұрынғы атын, негізгі  нысанын сақтауға тырысатын. Бұл  әрбір Рим азаматы құқық мықты,  тұрақты, жеке адамның құқығын,  мүддесін қорғайды деп сену  үшін істелген нәрсе.

  Рим құқығы динамикалық құқыққа жататын. Бұған себеп бірнешеу. Сот тәжірибесінде қатысты құқық преторлардың жұмысымен байланысты болды. Олар теорияға ұмтылмайтын, сот істерін дұрыс шешіп, соған түсінік бергісі келетін. Бірақ преторлардың тәжірибесінен шыққандықтан, Рим құқығының теориясы да өте күшті еді. Заңгерлердің білімі өте жоғары болатын. Істеген қызметтері де сыйлы еді. Заңгерлердің арасында бәсеке қызып жататын.

  6 Римдік отбасы

Бізге белгілі ежелгі Рим тарихының кезеңінде,Энгельстің айтуынша, жанұя – отағасы билігіне (pater familias) зайыбын, балаларын, басқа да туысқандарын, сондай-ақ құлдарды да біріктірген патриархалдық отбасыныңның аяқталған типі болды. Familia термині алғашында шаруашылықтағы құлдарды, ал кейін үй шаруашылығының құрамына қатысты мүлікті де, жұмыс күшін де барлығын (қол астындағы балалар мен құлдар) білдірді.Жанұя басшысы және ежелгі отбасының әрекетміршісі – үй иесі, жалғыз толық құқықты азамат, квирит болды (квирит терминін көптеген зерттеушілер грек тіліндегі kueros билік, яғни билікке ие болғанды айтады).

Ежелгі жанұя құрылысы – жеке меншік құқығы институты сияқты болған, сол уақытта мемлекетке дейінгі, - өндіріс құралдары мен өндіріс өнімдеріне ортақ меншікті сипаттайтын алғашқы қауымдық құрылысты көрсететін формацияны көрсетті.

Мемлекетке дейінгі кезде Римдегі сондай қауым – ру (genus) болып табылды. Мемлекеттің құрылуымен ру ішінде мүлік теңсіздігі жүрді, ру ішіндегі билік бай семьялардың қолына түсіп, оның әрқайсысының басында үй иесі тұрды.

Үй иесі алғашында балаларының, заттарының үстінен бірдей билік (manus) жүргізді, олардың бәрін, балаларын да, мүліктерін де, ол бірдей арыз арқылы талап ете алды (виндикация деп аталды). Тек біртіндеп бұл билік бөлініп, түрлі атаулар алды: manus mariti (әйеліне билік ету), patria potestas (балаларына билік ету) және т.б.

Pater familias төңірегіндегі билік  алғашқы туыстықты – агнаттық  туыстықты білдірді, сондықтан күйеуге  шыққан басқа үй иесінің қол  астына кірген қызы өз ағасының  т.б агнаттық туысы болмайды  және керісінше үй иесінің  қамқорлығына алынған бөтен адам  оның агнаты бола алды.

Ежелгі уақытта үй иесінің билігі шексіз болды және қол астындағылар құқықсыз болды. Біртіндеп бұл билікке өзгерістер кіре бастады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі, патриархалды отбасыныңның ыдырауы, сауданың дамуының салдарынан үй иесінің билігі әлсіреді.Шаруашылықтың дамуы мен патриархалды қалдықтардың әлсіреуі жағдайында қан бойынша туыстық когнаттық туысқандық пайда болды, ол агнаттық туыстықты ығыстырып шығарды.

Римдіктердің өмірі туған үйінің іргесінде басталып, өмірінің үлкен бөлігін сонда өткізді. Бұл «ру», «үй», «жанұя» түсініктерін жалғыз біртұтас етіп түсінген ежелгі рулардың өкілдеріне қатысты. Жанұя неке қию арқылы құрылады. Неке «ерлі-зайыптылардың одағы, барлық өмірлерінің бірігуі, қасиетті және адамзат құқықтарының бірігуі» ретінде римдік заңгер Модестинмен анықталады. Бұл идеалистік бағыт шындыққа сай келген жоқ. Тіпті классикалық дәуірде рим құқығы жоғары өрлеу шегіне жеткен кезде де әйел өз күйеуінің толық құқықты жолдасы бола алған жоқ.

Рим құқығы (Юстинианға дейін) matrimonium iustum немесе matrimonium iuris civilis заңды римдік неке ( ius conubii иеленген тұлғалар арасында) және matrimonium iuris gentum ( ius conubii иеленген тұлғалар арасында некеге отыру) болып бөлінді. Некеден конкубинаттың айырмашылығы бар, ол ері мен әйелінің кездейсоқ емес, тұрақты түрде тұрып, заңды некенің талаптарына жауап бермейтін түрі. Конкубинат ерінің әлеуметтік жағдайын бөлген жоқ, конкубинаттан туған балалар әке билігіне бағынған жоқ. Римдік отбасының моногамдық сипатына қарамастан, республикалық дәуірде ер үшін бір әйелмен қатар (matrimonium) конкубинат та (басқасымен де тұруға) рұқсат етілді. Керісінше, әйелдің басқа еркекпен ерінен басқасымен тұрған жағдайда, ежелгі республикалық құқықта ері әйелін өлтіре алды. Некеге тұру үшін белгілі бір шарттар болды. Күйеу мен қалыңдықтың ерікті түрдегі келісімі қажет болды, ал егер ол үй қожайынының қол астында болса, онда үй қожайынының келісімі керек болды, егер үй қожайыны еш негізсіз қарсы болса, оны магистрат арқылы шешті. Некеге тұру үшін кәмелетке жету қажет болды (ерлерге 14 жас, әйелдерге 12 жас). Тоқталмаған некеде тұрған тұлғаға басқа некеге тұруға тыйым салынды, некеге тұрушы тұлғалар ius conubiiге иелену қажет болды. Юстинианға дейін бұл негіздемеде кейбір шетжерден келген адамдар категориялары римдықтармен некеге тұра алмады. Римдік азамат пен шетжерлік қыздың арасында неке саяси тұрғыда тыйым салынды. Бұл тыйымның мақсаты шетжерлік қалыңдыққа рим азаматының семьяларына неке арқылы Римдік азаматтықты алу құқығына ие болуына бөгет жасау. Жақын туыстар арасындағы неке мардымсыз болып танылды. Осы айтқан шарттардан басқа, некенің заңдылығына тағы да кейбір ерекше римдік талаптар қойылды. Мысалы, провинциалды магистрат берілген провинцияның азаматшасымен некеге тұра алмады. Бұл тыйымның себебі: бір жағынан некеге тұрғандардың еркіне мүмкін қысымды ескерту болса, екінші жағынан отбасылық байланыстардың аралығымен магистраттың ықпалының күшеюіне бөгет жасау болды.Некелік одақ ерлі-зайыптылардың біреуінің қазасымен, олардың біреуінің еркіндігінен айырылуымен, айырылысумен тоқталды. Классикалық кезеңде айырылысу еркін түрде болды және ерлі-зайыптылардың екеуінің келісімімен (divortium) сияқты некелік өмірден бас тартудан бір жақты арыз арқылы да (pepudium ) жол берілді. Шексіз монархия кезеңінде айырылысудың маңызды шектеулері қалыптастырылды. Юстиниан ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімімен айырылысуына тыйым салды. Айырылысу туралы бір жақты талаптар мынадай жағдайда қабылданды: егер де ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісін өлтіруге қол жұмсаса немесе басқа да кінәлі әрекет еткен жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуінің күнәсінсіз де, егер де кешірімді себеп болса айырылысуға жол берілді; мысалға, жыныстық өмірге қабілетсіз болса; шіркеудің ықпалымен тақуалық жолға кетсе; Ерлі-зайыптылардың бір жақты айырылысуы кешірімді себепсіз болса, оған айыппұл салынды, бірақ неке тоқталды деп есептелінді.

Информация о работе Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері