Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 19:03, реферат
Рим құқығы құқықтың әлемдік жүйесінің дамуында үлкен маңызға ие, себебі рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген құқықтық институттар ри құқығының классикалық кезеңінде өңделген күйінде әлі күнге сол қалпында сақталуда, атап айтқанда заттық құқықтар ілімі, міндеттеме туралы ілім.
Рим құқығы – ерте Римнің құлиеленушілік құқығының жүйесі. Рим құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.
Кіріспе
Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері
Рим отбасы құқығы
Пайдаланылған әдебиеттер
Cum manu mariti некесі тұсында
әйелі күйеуінің билігінің
Sine manu некесі тұсында әйелі
өз әкесінің билік астында
болды, яғни бұрынғы отбасының
құрамында қалды, ал егер некеге
дейін әйелі дербес болса, онда
некеге тұрғаннан кейін де
сол қалпы сақталды. Бірақ некесінде
де ерінің басшылығы көрінді.
Әйелі ерінің аты мен
Cum manu некесі тұсында әйелінің
бүкіл мүлігі күйеуінің некеге
дейінгі мүлігімен қосылып, күйеуінің
толық меншігіне өтті. Тіпті ажырасқан
жағдайда да әйелімен келген
мүлік оған қайтарылмады. Әйелі
тек күйеуі өлген жағдайда
мұралық ету тәртібімен
Sine manu некесі тұсында ерлі-
Sine manu некесінде тұрған
әйелінің ие болған мүліктері
де солай өзінің жеке мүлігі
болып табылды. Егер қандай да
бір мүлікке қатысты ерлі-
Sine manu некесінде тұрғанда
күйеуіне берілетін мүлік
Классикалық кезеңде (біздің заманымыздың алғашқы үш ғасыры) жасау арнайы келісімге ие болды. Бүкіл неке бойында жасау күйеуінің меншігінде болды, ол бұл мүлікті пайдалануға құқығы болды.Алайда Августтың заңы бойынша егер әйелі келісім бермесе, жасауға келген жер учаскелерінің күйеуінің өз меншігіне алуына тыйым салынды. Неке тыйылған жағдайда жасау қайтарылып берілді. Егер неке құру барысында бұл мәселе бойынша арнайы келісімге отырған болса, жасауды қайтарып алу жөнінде осы негізге қарап, арнайы талап қойылды. Әдетте әйелінің мұрагерлігіне де өтетін жасауды қайтару туралы келісіміне талап қойылды. Егер арнайы келісім болмағанда, претор әйеліне aetio rei uxoriae талабын береді.(ол әйеліне ғана берілді, оның мұрагерлеріне берілген жоқ.Егер әйелінің өліміне байланысты неке тоқталса, жасау күйеуінде қалды); жасауды қайтара отырып, күйеуінің оның тұсында қалған балаларды ұстау үшін бір үлесін алып қалуға, егер айырылысуда әйелі кінәлі болса, мүлік шығыны ретінде айыппұл алуға құқығы болды.
Юстиниан тұсында жасауды қайтару туралы ереже екі аталған талаптардың бірігуі жолы бойынша жеңілдендірілді. Жасауды қайтарып беру туралы келісім болса да-болмаса да, әйелі мен оның мұрагерлері енді алды, яғни жасау толық күйінде қайтарылды, бірақ күйеу жағынан қажетті шығындырды орнын толтырған жағдайда есептелінді.
Император кезеңде күйеуі жасау ала отырып, өз жағынын әйелінің пайдасына сыйлық формасы ретінде отбасылық мүлікке сәйкес келуші үлес қосу керек болды. Алғашқы кезде бұл сый-сыяпат некеге дейін берілді. (себебі ерлі-зайыптылар арасында сыйлық беруге тыйым салынды). Сондықтан неке алдындағы сый деп аталды (donation ante nuptias). Юстиниан бұл сыйды неке тұсында да беруге рұқсат бергендіктен, оны donation propter nuptias (неке түріндегі сый) деп атады. Көлемі бойынша бұл мүлік жасаудың көлеміне сәйкес келді. Неке кезінде бұл күйеуінің меншігі мен басқаруында болды; некені бұзу жағдайында,егер күйеуі кінәлі болса, мүлік әйеліне өтті. Келіссөзде әдетте күйеуінің өлімі жағдайында да әйелінің бұл мүлікті беруін талап етуге құқығы болды.
Гай әкелік билік институтын ius proprium civium romanorum (Рим азаматтарының қатаң ұлттық институты) деп атап және: «Өз балаларының үстінен біз, яғни Рим азаматтары сияқты билік жүргізетін тағы да басқа адамдар жоқ шығар», - деп қосады.
Өзара жеке тұлға ретінде (persona sui iuris) тек әке ғана болды; ұлдары мен қыздары (personae alieni iuris ) бөтен құқықты тұлғалар деп есептелінді. Билік астындағы ұлы libertas және civitas иеленді; жұртшылық құқық аумағында (егер ол ересек болса) ол әкесімен қатар тұрды, азаматтық міндеттерді иелене алды (тек сенатор бола алмады), дегенмен семьяда ол толық түрде әке билігіне бағынады, тіпті жасына қарамайды, ол некеде болса да, мүмкін өз балалары болса да әкесіне бағынышты болды. Балаларының үстінен билік ету ата-анасының екеуіне бірдей емес, тек әкесіне ғана жатты.Әкелік билік берілген ата-анасынан заңды некеде туған ұлының немесе қызының тууымен, сондай-ақ оларды заңды түрде бауырына басып, асырап алған жағдайда пайда болды. Күйеудегі әйелден туған әрбір бала оның күйеуінің де баласы болып есептелді, егер де кері жағы дәлелденбеген болса. Әкелік билік конкубинаттан балаларды заңдастыру жолымен де қалыптаса алды. Заңдастыру некелік жолмен емес туған балаларды заңды деп мойындау болып табылады. Заңдастыру мынадай жағдайда болды: а) заңсыз баланың ата-аналары қайтадан некеге тұрған кезде; б) сәйкес келуші императорлық рескрипті алу жолымен; в) ұлын муниципалдық кеңес (курия) мүшесіне қосу жолымен, ал қызын муниципалды сенат мүшесіне күйеуге беру жолымен.
Берілген ата-аналардан, бірақ некесіз жағдайда туған балаларға заңдылық жағдайды берген заңдастырудан айырмашылығы-асырап алуда әкелік билік бөтен тұлғаға жүргендігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Рим құқығының ұғымы мен негізгі белгілері