Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:07, реферат

Краткое описание

Шетел инвестицияларын тарту мемлекеттердің экономикасын дамытудың негізгі жолдарының біріне айналып отыр. Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процее құқықтық жағынан толықтырулар енгізілуі тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Тікелей инвестициялар..................................................................................5
1.2 Портфельді шетелдік инвестициялар және капитал салымдарының жаңа түрлері...................................................................................................................7

2 ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Шетел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу.........................9
2.2 Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу.................13

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................

Вложенные файлы: 1 файл

мож эконом.doc

— 120.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

МӨЖ

 

Тақырыбы: «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ҒПБ  бойынша 1курс магистранты Джолдасбаев  О.К.

 

 

         Тексерген: з.ғ.к., доцент Сайрамбаева  Ж.Т. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

 

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 Тікелей инвестициялар..................................................................................5

1.2 Портфельді шетелдік инвестициялар және капитал салымдарының жаңа түрлері...................................................................................................................7

 

2 ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Шетел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу.........................9

2.2 Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу.................13

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................15

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Шетел инвестицияларын тарту мемлекеттердің экономикасын дамытудың негізгі жолдарының біріне айналып отыр. Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процее құқықтық жағынан толықтырулар енгізілуі тиіс.

Шетел инвесторларының  маңызды құқықтық кепілдемесі - мемлекет заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізуден қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүда немесе халықаралық арбитражда жеңіп шығу үшін халықаралық жеке құқық саласын жетік білуді қажет етеді.

Көптеген дамушы мемлекеттердің экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер. Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін. Қиыншылықтар туындау себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы мемлекеттер аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

Пайдасыз келісім  шарттар жасау, қорлардың шамадан  тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет  етеді.

Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және халықаралық жеке құқықтық жағынан толықтырулар енгізілуі тиіс.

Шетел инвесторларының  маңызды құқықтық кепілдемесі - мемлекет заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізуден қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер баршылық.

Шетел компанияларында  өндірістік қызметпен айналысуға және өз табыстарын қайта инвестициялауға  рұқсат беретін ережелерді жеңілдету  керек.

Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет етуші шетел капиталын тартуды ынталандыратын механизмді құру үшін шетелдік портфельдік инвестициялардың валюталық айырбас принципін қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін анықтау және шетел инвесторларымен мүліктік құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші ретті бағалы қағаздар нарығын дамыту керек. Қазақстан Республикасына қатысты айтатын болсақ бастапқы кезде республика заңнамасы шетел инвесторларына тиімді етіп құрылды, бірақ қазіргі таңда экономикамыз аяққа тұра бастады және Қазақстан Республикасының өзі инвесторға айналуда, сондықтан халықаралық жеке құқықта өзінің инвестицияларын қорғау үшін құқықтық реттеуді қазірден бастауы қажеттігі өзекті мәселеге айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

    1. Тікелей инвестициялар

Шетелдік инвестициялар  деп шетелдік инвестор, басқа мемлекеттер, шетелдік банктер мен компаниялардың капитал салуларын айтамыз.

 Инвестициялар  – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері

Өзінің мақсатты бағыттылығы бойынша, халықаралық  инвестициялар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларды делдалсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржы иелерінің қарыз алушыларға тікелей ауысуы болады. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдегі меншікке тікелей меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фирмалық аударулар кіреді.

Инвестициялардың  шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кеңею кезіндегі капитал  қажеттілігі болып табылады. Оны  тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу  мен өндірісті жаңартудың маңызды  көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындарының көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді. Инвестор компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына технологияларды, маманданған кадрларды және нарықтарды беруі мүмкін. 

Шет елге дайын  өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар  түрінде өндіріс факторларының  халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоғарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.

Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

өзі үшін қалыпты  нарықты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер нарығына шығудың бастамасы;

әр түрлі  секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі нарықты құру;

аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік  қатынастарға өзінің мүддесін қосу;

Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып:

шет елде кәсіпорындар, оның ішінде филиалдар мен (тәуелді) кәсіпорындарды құру;

контракт негізінде  бірлескен кәсіпорындарды құру;

табиғи ресурстарды  бірлесіп өндіру;

инвестиция  салынған елдің кәсіпорындарын сатып алу болып табылады.

Тікелей инвестициялар  әлемдік нарықта ірі корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық  иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдай көбінесе шетелдік инвесторда компанияның акционерлік капиталының 25 % - дан аз емес бөлігі болғанда жүзеге асады. АҚШ, ГФР, Жапонияда статистика бойынша, тікелей инвестицияларға, акционерлік капиталдың 10 % жоғары болып, кәсіпорынды бақылауға мүмкіндік беретін инвестицияларды жатқызады. П. Х. Линдерт пікірі бойынша, “тікелей және портфельді инвестициялардың айырмашылыға ең алдымен бақылау мәселесінде.”

Тікелей инвестициялар  дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан да көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы “тиімді дауысын түсінеміз”. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

шет елде акциялар сатып алу;

пайданы қайта  инвестициялау;

ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану.

Одан да басқа  да әр түрлі акционерлік емес түрлері  бар. Оған: субконтрактілер, басқару  келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісімдер, өнімді бөлісу және тағы басқалары  кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігінің кеңею процесі, жаһандық мәні бар міселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 1914 жылдан екінші дүниежүзілік соғыс аяғына дейін шетелдік капитал салымдары 1/3-ге көбейді. Одан кейін ол әр 10 жыл сайын, одан кейін 6-7 жыл сайын еселеніп отырды. 50-жылдардың ортасында 4 есе өсті, ал 80-жылдарға әлем 450 млрд. доллары бар капитал салымдарымен аяқ басты. 1990 жылы оның көлемі 1,7 трлн. долларға жетіп, 1996 жылы тікелей инвестициялардың жалпы сомасы жылы тікелей инвестициялардың жалпы сомасы 3 трлн. долларға жақындады.

 

1.2 Портфельді шетелдік инвестициялар және капитал салымдарының жаңа түрлері

Портфельді  инвестиция деп – шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.

Портфельді  инвестициялар – ірі корпорация, орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.

Портфельді  инвестициялар қозғалысына жекелеген елдердегі облигацияға төленетін пайыз мөлшерінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.

Портфельді  инвестицияның тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы – портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға  бақылау орнатуға ұмтылмайды. Кейбір компаниялардың жарғыларында оның өзі қаржы салатын кәсіпорында директорлар кеңесіне сайлануына басқаруына қатысуға тыйым салынған.

Экономикалық  жағдайдын өзгеруі капиталды  шетке шығаруда жаңа құбылыстардың  пайда болуына әкелді. Егер бұрын инвестициялар шет ел экономикасына өз фирмаларын құру мен қабылдаушы елдердің ұлттық акционерлік қоғамдарына капитал салу арқылы жүргізілсе, енді инвестицияның жаңа түрлері пайда болды. Оның қатарына мыналарды жатқызуға болады:

бірлескен кәсіпорындарды құру;

кәсіпорындардың толық құрылысын жүргізу арқылы тапсыру;

“өнімді-қолға” түріндегі келісім;

өнімді бөлу туралы келісімдер;

қатерлі жобалар  туралы келісімдер, көбінесе мұнайды  өндіру бағытында жүзеге асырылады;

лицензиялық келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару саласындағы кейбір қосымша қызметке лицензия беретін франчайзинг;

жабдықтаушы компанияның  кейбір ережелік ұстануы міндеттемесіне айырбасы.

Технология  экспорты капитал инвестициясының  арнайы түріне айналды. Бұл түрін жүзеге асырғанда, технология элементтерін (патент, лицензия, сауда маркасы, басқару тәжірибесі, т. с. с.) жабдықтаушы компания төлем ретінде қабылдаушы компанияның пайдасының бір бөлігіне ие болады. Бұл жерде капитал экспорты сату мен несие беру нышанына ие болады. Мысалға: ғылыми-техникалық жетістікті белгілі бір мезгілге сатылды, бірақ сатушы меншік иесі болып қала береді. Кейде технология экспорты оны сатып алушыфирманың акцияларының бір бөлігіне айырбасталады. Осыдан, көріп отырғанымыздай, технология экспорты ерекше тауарды шетелге шығарумен ғана емес, шетке шығаруға байланысты экономикалық қатынасымен де сипатталады.

Информация о работе Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу