Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 15:07, реферат

Краткое описание

Шетел инвестицияларын тарту мемлекеттердің экономикасын дамытудың негізгі жолдарының біріне айналып отыр. Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процее құқықтық жағынан толықтырулар енгізілуі тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Тікелей инвестициялар..................................................................................5
1.2 Портфельді шетелдік инвестициялар және капитал салымдарының жаңа түрлері...................................................................................................................7

2 ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Шетел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу.........................9
2.2 Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу.................13

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................

Вложенные файлы: 1 файл

мож эконом.doc

— 120.00 Кб (Скачать файл)

Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестициялар  орнын баспаса да кең дамып  келе жатыр. Олар көбінесе қабылдаушы елдің ішкі нарығына жұмыс істейтін және алдыңғы қатарлы технология емес, толыққан технологиялармен жұмыс істейтін салаларда кең етек жаюда.

Көрсете кететін  бір жайт, шығарылатын капиталдың басым бөлігі ірі компаниялар меншігі болып табылады. Бұл түсінікті де. Өйткені шетел инвестицияларын жүзеге асыру үшін кәсіпорын көлемі мен оның қолындағы қаржы және басқадай артықшылықтар арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бірақ оған қарамастан, соңғы уақытта капиталды шетке шығаруда кіші және орта фирмалар кең мүмкіндіктерге ие болып, ірі компанияларға қарағанда бірқатар басымдықтар алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Шетел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу

Инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу аясында екі негізгі  деңгейді атап өтсе болады: 1) халықаралық құқықтық, яғни халықаралық шарттар жасау негізінде құрылады; 2) ішкі мемлекеттік, яғни қабылдаушы мемлекеттің заңнамасы.

Дамыған мемлекеттерде “барлық  инвесторларға бірдей артықшылықтар” деген демократиялық қағида қалыптасқан ( favour one, favour all – «біреудің игілігі, барлығының игілігі»).

Инвестициялық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттер мен  халықаралық жеке құқықтың өзге де субъектілері арасында халықаралық  шарттар жасау негізінде жүзеге асады. Олардың қатысушыларының саны бойынша мұндай халықаралық шарттарды үш топқа жіктеуге болады: көпжақты халықаралық шарттар. Көпжақты шарттардың негізгі мақсаты шетел инвестицияларын мемлекетаралық деңгейде қорғау (мысалы, Мемлекеттер мен шет ел жеке тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды шешу туралы конвенция; Инвестицияларды кепілдендіретін көпжақты агенттікті құру туралы конвенция), аймақтық халықаралық шарттар (мысалы, ТМД мемлекеттерінің келісімі) және екіжақты келісімдер.

Әрқайсысына нақтырақ тоқталып өтетін болсақ: Көпжақты шарттардың негізінде шетел инвестицияларын  Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің шеңберінде жасалған 1965 жылғы “Мемлекеттер мен шет ел жеке тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды шешу туралы” Вашингтон конвенциясы мен 1985 жылғы “Инвестицияларды кепілдендіретін көпжақты агенттікті құру туралы” Сеул  конвенциялары аясында қорғау қарастырылған. Осы екі конвенцияға 100-ге жуық қатысушы мемлекет бар және бұл конвенциялар халықаралық материалдық-құқықтық нормалардың әмбебап унификациялануының мысалы бола алады.

Вашингтон конвенциясы  инвесторларды – жеке және заңды  тұлғаларды – реципиент-мемлекеттің (инвестиция салудың объектісі орналасқан мемлекет) «иммунитетінен» қорғау үшін қабылданған. Осындай қорғау инвестициялық дауларды ұлттық соттардың юрисдикциясынан алып конвенция негізінде дауларды шешу үшін арнайы құрылған  Инвестициялық дауларды реттеудің халықаралық орталығына (ИДРХО) беруді қарастырады.

Вашингтон конвенциясына  сәйкес ИДРХО құзіреттілігіне конвенцияға қатысушы мемлекет пен инвестор арасында инвестициялық қатынастардан туындаған құқықтық мәселелерді шешу кіреді.

Дауды Орталықта  қарауға тараптардың жазбаша  келісімі негіз болады. ИДРХО шеңберінде дауды шешудің екі түрі қарастырылған: келістіру және арбитраждық процедура. Келісуші мемлекет немесе инвестор жоғарыда аталған дауды шешу жолдарының бірін таңдап, Орталықтың басты лауазымды тұлғасы болып саналатын Бас хатшыға тиісті өтінішпен жүгінуі керек.

Келістіру рәсімі (процедурасы) дауласушы тараптар арасында келісімге келуге бағытталған. Егер Келістіру комиссиясы дауласушы тараптар арасында келісімге келу екі талай (маловероятно) деп шешсе, онда олар рәсімді тоқтатып, ол туралы Бас хатшыға баяндама береді. Сонымен қатар Комиссия тараптардың біреуі келмеген жағдайда немесе келістіру процесінен бас тартқан жағдайда өз жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты, келістіру рәсімі сотта қаралатын іске қарағанда ерекше және Келістіру комиссиясы дауласушы тараптардың еркі қағидасы негізінде жұмыс істейді.

Келістіру рәсіміне қарағанда арбитраждық рәсімнің нәтижесі шешім шығарумен аяқталады. Конвенцияда көрсетілген жағдайларды  есептемегенде, Арбитраждың шешімі дауласушы тараптар үшін міндетті болып  табылады және шағымдануға жатпайды. Конвенцияға қатысушы әр мемлекет Арбитраждың шығарған шешімін соттың шығарған шешімін реттейтін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес шешімнің орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Халықаралық жеке құқықты зерттеу жағынан қолданбалы құқық нормаларын құрайтын Конвенцияның 42 бабы қызығушылық туғызады. Осы бапқа сәйкес Арбитраж дауласушы тараптар арасындағы келісімде көрсетілген елдің құқығын қолданады. Ал дауласушы тараптар арасында келісім болмаған жағдайда Арбитраж дауға қатысушы реципиент мемлекеттің құқығын және халықаралық құқық нормаларын қолданады.

Халықаралық жеке құқықта шетел инвестицияларын  құқықтық реттеутің тағы бір қайнар көзі – шетел инвесторларын коммерциялық емес (саяси) қатерлерден (риски) қорғау үшін қабылданған Сеул конвенциясы. Осы конвенция негізінде инвестициялық тәуекелдерді кепілдендіретін мемлекетаралық ұйым, яғни Инвестицияларды кепілдендіретін көпжақты агенттік құрылған болатын. Конвенцияға сәйкес инвесторлар Агенттікпен кепілдік шартын жасасады. Шартта көрсетілген сақтандыру жағдайы туындаған кезде ғана Агенттік инвесторға ақшалай өтемақыны береді. Ал өзі, яғни Агенттік реципиент мемлекеттен инвестор салған капиталды талап етеді.

Конвенцияда Агенттік сақтандыратын коммерциялық емес тәуекелдің мынадай түрлері көрсетілген:

Валюта аударымы. Сақтандырудың бұл түрі инвестордың қаражаттарын реципиент-мемлекет тарапынан инвестор қызметі кезінде тапқан пайданы шет елге аударуға шектеу қоймауы үшін жасалады. Сонымен қатар, Агенттік инвесторға келесідей кепілдіктер береді: валюта айырбасы туралы заңдардың жағымсыз жаққа өзгермеуі; валютаны шет елге аударған кезде қабылдаушы мемлекет тарапынан шектеулер қоймауға және оны тоқтататын кері жағдайлар жасамауға.

Дегенмен, сақтандырудың  бұл түрі жергілікті валютаның девальвациясын қамтымайды. Осыған байланысты Конвенцияның 11 бабы келесідей жағдайды қарастырған: «По совместному заявлению инвестора и принимающей Стороны Совет директоров... может утвердить расширение сферы охвата настоящей статьи на конкретные невоммерческие риски... но не при каком случае на риск девальвации или обесценивание валюты».

Экспроприация немесе соған ұқсас іс-шаралар. Сақтандырудың бұл түрі реципиент-мемлекет жағынан кез келген заң шығармашылық немесе әкімшілік әрекет не әрекетсіздік салдарын (инвестордың өз капиталын салған мүлкінен, оған бақылау жүргізу құқығынан және одан пайда алудан айырылуы) болдырмауды қамтиды. Сақтандыру толық немесе ішінара экспроприациядан болуы мүмкін.

Соғыс және азаматтық  тәртіпсіздік (беспорядки). Сақтандырудың бұл түрі инвесторды соғыс немесе азаматтық тәртіпсіздік орын алған кезде негізгі қорларын зақымданудан, қираудан және жойылудан сақтайды. Тәуекелдің бұл түрі қабылдаушы мемлекет реттей алмайтын келесі жағдайларды қамтиды: революция, көтеріліс, мемлекеттік төнкеріс және осыған ұқсас жағдайлар. Бірақ жоғарыда аталып кеткен сақтандыру түрі кепілдік иесінің қорларына тікелей террористік акт жасалған жағдайда таралмайды.

Шарттың талаптарын бұзу. Сақтандырудың бұл түрі инвесторды шарттың талаптарын қабылдаушы мемлекет тарапынан бұзуды немесе шартты тоқтатудан сақтайды. Өтемақы тек мына жағдайларда ғана беріледі: 1) қабылдаушы мемлекеттің үкіметіне қарсы талап арызбен инвестор шағымдана алатын орган болмаған жағдайда; 2) кепілдік шартында анықталғандай осындай органға жүгінуге қисынсыз бөгет болса; 3) шетел инвесторы пайдасына түпкілікті шешім шығарылғаннан кейін оның орындалуына қол жеткізе алмаса.

Өз инвестицияларын  қабылдаушы мемлекеттің инвесторларын  қоспаған Конвенцияға мүше мемлекеттің  кез келген инвесторы сақтандыра алады (13-бап). Дегенмен бұл ережеден бір ерекшелікті байқауға болады. Кепілдік құқығы қабылдаушы мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасына таралады. Бұл ерекшелік бекер емес. Дамушы мемлекеттердің қалталы азаматтары шетелде тұрады және онда өздерінің қаржылық қорларын ұстайды. Ал Агенттіктің негізгі мақсаттарының бірі -  инвестиция ағымдарын олардың экономикасын көтеру үшін дамушы елдерге бұру. Сондықтан Агенттік қабылдаушы мемлекеттердің азаматтарының инвестицияларын кепілдендіріп, дамушы елдерге бұрып, капиталдың репатриациясына жәрдемдесуде.

Қазіргі таңда  шетел инвестицияларын сақтандыру күннен-күнге қабылдаушы мемлекеттердің және жеке инвесторлардың назарын аударуда. Бұған мысал ретінде Атлантик-Ситида өткен «ТМД-ғы шетел инвестицияларын сақтандыру заңнамасы және даму бағыттары» атты ресей-американ конференциясын айтуға болады.

Шетел инвестициялары саласында аймақтық келісімдерге ТМД  мемлекеттерінің «Инвестициялық қызмет саласында ынтымақтастық туралы» 1993 жылғы 24 желтоқсандағы келісімін  айтуға болады. Осы шартқа сәйкес қатысушы мемлекеттер өздеріне мынадай міндеттерді жүктейді: инвестициялық саясатты жүзеге асыруда ынтымақтасу; инвестициялық қызметті реттейтін заңнамаларды жақындастыру; Келісімнің мүше емес мемлекеттерінен немесе халықаралық ұйымдардан инвестициялар тартқан кезде ортақ мүдделерді көздейтін жобаларды қаржыландыратын инвестицияларды құқықтық реттеу кезінде жәрдемдесу және шетел инвесторларына ұлттық құнды қағаздарды сатып алу, жерді пайдалану, мүлікті жалдау және еркін экономикалық аймақ құру кезінде ынтымақтасу; халықаралық және ішкі нарықта кері ниетті бәсекелестікті жою саласында ынтымақтасу.

Келісімнің 2-бабына сәйкес шетелдік инвесторға мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары, мемлекеттердің өздері, олардың аумағы шеңберінде орналасқан мемлекеттер (федерациялар үшін) және әкімшілік аумақтық құрылымдар жатады. Инвестициялық қызметтің субъектілері қатарына қатысушы мемлекеттерді қосу, Келісімнің тек қана жеке шетел инвесторларына емес, сонымен қатар мемлекеттерге таралатындығын және социалистік елдерде қабылданған. Мысалы, ҚХР-да шетел инвестициясын реттейтін жүздеген заңдар қабылданған болатын. Осындай заңдар ТМД мемлекеттерінің барлығында, сонымен қатар Литва, Латвия және Эстонияда қабылданған болатын.

Әр мемлекет шетел капиталын кіргізуге арнайы талаптар қоюы мүмкін. Бір мемлекеттерде рұқсат беруші ( немесе лицензиондық) жүйе болса ( мысалы, Үндістан, Латын Америкасының бірқатар мемлекеттері), келесілерінде капиталдың еркін кіруі қарастырылған. Рұқсат беруші жүйенің мәні – инвесторлық қызметті жүзеге асырушы инвесторға алдын ала рұқсатнама ( лицензия) беріледі. Бұл жүйенің ең басты артықшылығы – шетел инвесторының қызметін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша шектеулердің болуы рұқсат беруші әкімшілік аппаратқа парақорлыққа жол береді.

Инвестицның өзгермеуіне кепілдік беріледі (5-бап); инвестицияларды ұлттандырудан қорғау (9-бап); пайданы қолдану (12-бап). Инвесторларға акциялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алуға, сонын ішінде мемлекеттік құнды қағаздарды (14-бап); жекешелендіруге қатысу (15-бап); қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жер учаскілеріне, табиғи ресурстарға және жылжымайтын мүлікке заттық құқықтарды сатып алу (18-бап); қабылдаушы мемлекеттің монополиясына жататын объектілерді бөлу кезінде концессиялық шарттар мен келісімдер жасау (19-бап).

Инвестицияларды жүзеге асыру барысында туындайтын дауларды шешу айтылған Конвенция шеңберінде - соттарда немесе арбитраждық соттарда, немесе қатысушы мемлекеттердің халықаралық арбитраждық соттарында қаралуы мүмкін.

Жалпы алғанда  Конвенция кепілдік институтына  арналған және болашақта қатысушы мемлекеттер арасында екіжақты шарттар жасау кезінде басшылыққа алынуы мүмкін.

 

2.2 Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу

Көптеген батыс  елдерінде (АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания  және т. б.) шетел инвестицияларын реттейтін арнайы заңдар жоқ, бірақ оларды реттеу жалпы заңнамада, яғни салық, валюталық, банктік құқықтық реттеу жағдайы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл мемлекеттерде шетел капиталы шектелді, мемлекеттік бақылауға алынды және кейбір жағдайларда ұлттандырылды. Басқа мемлекеттерде шетел инвесторларына жеңілдіктер мен кепілдіктер берілді. Бірақ айта кетерлік жайт, дамушы елдерде жоғарыда айтылып кеткен жағдай өзгеріп отырады. Бұл негізінен мемлекеттің ішкі қаражаты жетпей, сырттан капитал тарту керек болған кезде қолданылды.

Мемлекет тарапынан  шетел инвестицияларын шектеудің  келесі іс-шаралары көбінен қолданылады: а) шетел инвесторы табиғи байлықтарды  игерген кезде мемлекет тарапынан  қатаң бақылауға алынуы; б) шетел  капиталын ұлт шаруашылығының маңызды салаларына жібермеу; в) шетел инвесторлары құратын заңды тұлғаларда қабылдаушы мемлекеттің немесе жеке тұлғасының үлесінің болуын қамтамасыз ету; г) шетел инвесторларының пайдасының үлесін дамушы мемлекеттің ішкі жағдайын жақсартуға қолдану қабылдаушы мемлекеттің кез келген жүйесінде шетел инвесторына қызметтің белгілі түрлерімен айналысуға, мүлдем айналыспауға немесе кейбір аумақтарда айналысу, айналыспауға шектеу қоя алады.

Дамушы елдерде  шетел инвестицияларын құқықтық реттеу жағдайы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл мемлекеттерде шетел капиталы шектелді, мемлекеттік бақылауға алынды және кейбір жағдайларда ұлттандырылды. Басқа мемлекеттерде шетел инвесторларына жеңілдіктер мен кепілдіктер берілді. Бірақ айта кетерлік жайт, дамушы елдерде жоғарыда айтылып кеткен жағдай өзгеріп отырады. Бұл негізінен мемлекеттің ішкі қаражаты жетпей, сырттан капитал тарту керек болған кезде қолданылды.

Мемлекет тарапынан  шетел инвестицияларын шектеудің  келесі іс-шаралары көбінен қолданылады: а) шетел инвесторы табиғи байлықтарды игерген кезде мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынуы; б) шетел капиталын ұлт шаруашылығының маңызды салаларына жібермеу; в) шетел инвесторлары құратын заңды тұлғаларда қабылдаушы мемлекеттің немесе жеке тұлғасының үлесінің болуын қамтамасыз ету; г) шетел инвесторларының пайдасының үлесін дамушы мемлекеттің ішкі жағдайын жақсартуға қолдану (салық салу, пайданы шетелге аударуға шектеулер қою); д) концессиялық саясатты анықтау.

Информация о работе Шетел инвестицияларын ішкі мемлекеттік құқықтық реттеу