Қазақстан Республикасының азаматтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

Вложенные файлы: 1 файл

азаматтык.docx

— 39.16 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  азаматтығы

 

Қазақстан Республикасының  азаматтығы адамның мемлекетпен  тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.  
      Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.  
      Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.  
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші бар Жарлығымен.

1-тарау  
Жалпы ережелер     

1-бап. Азамат  және мемлекет     

 Қазақстан Республикасы  өзінің мемлекеттік органдары  мен лауазымды адамдары арқылы  Республика азаматтары алдында  жауапты, ал Қазақстан Республикасының  азаматы Қазақстан Республикасы  алдында жауапты. Ол Қазақстан  Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.  
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

 

 

      2-бап. Қазақстан Республикасының  азаматтық туралы  
             заңнамасы  
      1. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.  
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.  
       Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.     

3-бап. Қазақстан  Республикасының азаматы болу     

 Мына адамдар:  
      осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;  
      Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;  
      осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.  
      Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.  
      Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.  
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші баржарлығымен , Қазақстан  Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

4-бап. Азаматтық  туралы құжат     

 Қазақстан Республикасының  азаматтығын растайтын құжат  Қазақстан Республикасы азаматының  жеке куәлiгi немесе Қазақстан  Республикасы азаматының паспорты  болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.  
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші баржарлығымен , Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

5-бап. Қазақстан  Республикасы азаматтарының құқықтық  
              жағдайы     

 Қазақстан Республикасының  азаматтығы, оның қандай негiзде  алынғанына қарамастан, бiрыңғай  және тең болып табылады.  
      Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.  
      Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.  
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші баржарлығымен .      

6-бап. Шетелдіктердің  және азаматтығы жоқ адамдардың  
              құқықтық жағдайы     

   Конституцияда , заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді мойнына алады.  
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

7-бап. Қазақстан  Республикасы азаматтығының сақталуы      

 Қазақстан Республикасы  азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.  
      Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.     

8-бап. Қазақстан  Республикасының азаматын басқа  
              мемлекетке беруге болмайтындығы     

 Республиканың халықаралық  шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.  
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші баржарлығымен .      

9-бап. Қазақстан  Республикасынан тыс жерлердегi  
              азаматтарды  қорғау      

 Қазақстан Республикасы  өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.  
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші бар жарлығымен . 

2-тарау  
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу      

10-бап. Азаматтық  алу негіздері     

 Қазақстан Республикасының  азаматтығы:  
      1) тууы бойынша;  
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;  
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;  
      4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.  
      Ескерту. 10-баптың 3) тармақшасына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші баржарлығымен .    

  11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы  
               болып табылатын баланың азаматтығы     

 Бала туған кезде  ата-анасының екеуі де Қазақстан  Республикасының азаматы болса,  ол туған жеріне қарамастан  Қазақстан Республикасының азаматы  болып табылады.  
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .    

  11-1-бап. Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып 
                 табылатын баланың азаматтығы     

 Бала туған кезде  ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің  азаматы болса, ол туған жеріне  қарамастан Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылмайды. 
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

12-бап. Ата-анасының  азаматтығы әртүрлі болған  
               жағдайындағы баланың азаматтығы     

 Ата-анасының азаматтығы  әртүрлі болып, бала туған кезде  олардың біреуі Қазақстан Республикасының  азаматы болған жағдайда бала:  
      1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;  
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  
      Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.  
      Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.  
      Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.  
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

13-бап. Ата-анасы  белгісіз баланың азаматтығы     

 Ата-анасының екеуі  де белгісіз Қазақстан Республикасы  территориясындағы бала Қазақстан  Республикасының азаматы болып  табылады.  
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .    

  14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан 
               Республикасы азаматтығын алуы     

 Қазақстан Республикасының  аумағында тұрақты тұратын жері  бар, азаматтығы жоқ адамдардың  Қазақстан Республикасының аумағында  туған баласы Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылады. 
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

15-бап. Қазақстан  Республикасы азаматтығына қабылдау      

 Шетелдіктер және азаматтығы  жоқ адамдар олардың өтініштері  бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.  
      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.  
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .    

  16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына  
               қабылдау шарттары      

 Қазақстан Республикасының  азаматтығына:  
      1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.  
      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi; 
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.  
      Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.  
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03 N 2477 Заң күші бар жарлығымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.17 N 322, 2004.10.04 N 600, 2007.05.22 N 255, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

  16-1-бап. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) 
                 Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау 
                 шарттары     

 Жеңілдетілген тәртіппен  (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының  азаматтығына тұратын мерзіміне  қарамастан Қазақстан Республикасының  аумағында тұрақты тұратын: 
      1) тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар; 
      2) өз еркінен тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары қабылдануы мүмкін. 
      Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс. 
      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан 
               және Қазақстан Республикасының азаматтығын 
               қалпына келтіруден бас тарту негiздерi     

 Егер Қазақстан Республикасының  азаматтығына қабылдау және Қазақстан  Республикасының азаматтығын қалпына  келтіру туралы өтiнiш білдірген адам: 
      1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса; 
      2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса; 
      3) мемлекет қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса; 
      4) ұлтаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 
      5) террористік және экстремистік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса; 
      6) халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса; 
      7) басқа мемлекеттiң азаматы болса; 
      8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса; 
      9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңмасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса; 
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының экономикасы және (немесе) заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасаса; 
      11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабы 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды. 
      Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мен 16-1-бабында аталған және ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі. 
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтығы