Қазақстан Республикасының азаматтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

Вложенные файлы: 1 файл

азаматтык.docx

— 39.16 Кб (Скачать файл)

  18-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына 
               келтiру     

 Бұрын Қазақстан Республикасының  азаматы болған адамның өтiнiшi  бойынша Қазақстан Республикасы  заңнамасының талаптарына сәйкес  оның Қазақстан Республикасының  азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 
      Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  18-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына 
                 келтіру шарттары      

 Бұрын Қазақстан Республикасының  азаматтығынан айрылғандығы тіркелген  адамдарды қоспағанда, бұрын Қазақстан  Республикасының азаматы болған, тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және шет мемлекеттің азаматы болмаған адамдар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіре алады. 
      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

3-тарау  
Азаматтықты тоқтату     

19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері     

 Қазақстан Республикасының  азаматтығы:  
      1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;  
      2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.     

20-бап. Азаматтықтан  шығу     

 Қазақстан Республикасы  азаматтығынан шығуға адамның  осы Заңда белгіленген тәртіппен  жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.  
      Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.  
      Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.    

  21-бап. Азаматтықтан айырылу     

 Қазақстан Республикасы  азаматтығынан:  
      1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;  
      2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;  
      3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;  
      4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
      5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса; 
      6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады. 
      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті. 
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.10.03 N 2477 Заң күші бар жарлығымен, ҚР 2002.05.17 N 322, 2004.10.04 N 600, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

4-тарау  
Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған  
жағдайдағы баланың азаматтығы     

 Ескерту. 4-тараудың  тақырыбы өзгерді - Қазақстан  Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

22-бап. Ата-анасының  азаматтығы өзгерген жағдайда  
               баланың азаматтығының өзгеруі     

 Ата-анасының азаматтығы  өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.  
      Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.  
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

23-бап. Ата-анасының  біреуі Қазақстан Республикасы  
               азаматтығын алған ретте баланың Қазақстан  
               Республикасы азаматтығын алуы     

 Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкін.  
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

24-бап. Ата-анасының  біреуі Қазақстан Республикасы  
               азаматтығынан шыққан ретте баланың Қазақстан  
               Республикасы азаматтығының сақталуы     

 Егер ата-анасының  біреуі Қазақстан Республикасы  азаматтығынан шығып, ал екіншісі  Қазақстан Республикасының азаматы  болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.  
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .      

25-бап. Асырап  алған ретте баланың Қазақстан  
               Республикасы азаматтығын алуы     

 Қазақстан Республикасының  азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.  
      Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.  
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .    

  26-бап. Қорғаншылық белгіленген баланың Қазақстан 
               Республикасының азаматтығын сақтауы     

 Қазақстан Республикасының  аумағында тұратын он төрт  жасқа толмаған бала қорғаншысының өтініші бойынша мынадай жағдайларда: 
      1) егер оның ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықса және бұл орайда ата-ана болу құқықтарынан айрылса; 
      2) басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ата-анасының екеуі де қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, ата-анасы азаматы болған мемлекеттегі ағайын-туыстары асырап алудан бас тартса не бала олардың асырап алуын қаламаса Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады; 
      3) ата-анасының біреуі қайтыс болса немесе із-түзсіз жоғалса, баланың азаматтығы екінші ата-анасының қалауымен анықталады. 
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.     

27-бап. Асырап  алған ретте баланың Қазақстан  
               Республикасының азаматтығын сақтауы     

 Шетелдіктер асырап  алған, Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылатын бала  Қазақстан Республикасының азаматтығын  өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.  
      Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуі де немесе асырап алушылардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.  
      Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және оның тілегі бойынша ғана жол беріледі.  
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .    

  28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде онымен  
               келісудің қажеттілігі      

14 жастан 18 жасқа дейінгі  баланың ата-анасы азаматтығын  өзгерткен ретте, сондай-ақ оны  асырап алған немесе оған қамқоршылық  белгіленген ретте оның азаматтығын  осы Заңның 33-бабында көзделген  тәртіп бойынша баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.  
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.17 N 322, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

5-тарау  
Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк  
органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi     

 Ескерту. 5-тараудың  тақырыбына өзгерту енгізілді  - Қазақстан Республикасы Президентінің  1995.10.03. N 2477 Заң күші бар жарлығымен .      

29-бап. Қазақстан  Республикасы Президентінің өкілеттігі      

 Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.  
      Қазақстан Республикасының Президенті:  
      Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;  
      Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;  
      Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы шешімдер қабылдайды.  
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 Заң күші бар жарлығымен ,Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен .    

  30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi     

 Iшкi iстер органдары: 
      1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi; 
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады; 
      3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуын тiркейдi; 
      4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді; 
      5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды. 
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін бекітеді. 
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер  
               министрлігінің, Қазақстан Республикасының  
               шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі     

 Қазақстан Республикасының  Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан  Республикасының шетелдегi мекемелерi:  
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;  
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;  
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді. 
      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын айқындайды. 
      Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.  
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау  
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі 
арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу    

  32-бап. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру тәртібі     

 Азаматтық мәселелер  жөніндегі арыздар осы Заңның 30 және 31-баптарында көрсетілген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.  
      Арызды немесе ұсынысты қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс. 
      Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алуды тіркеу мәселелері жөніндегі өтініштер ішкі істер органдарына беріледі. 
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.     

33-бап. Азаматтық  мәселелер жөніндегі арыздар  түрі     

 Қазақстан Республикасының  азаматтығына қабылдау, азаматтықты  қалпына келтіру немесе одан  шығу туралы өтініштер арыз  берушінің жазбаша өтініші бойынша  қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады.  
      14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оның Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру және одан шығару туралы арыз берген кезде оның келісімі болуы міндетті, келісім жазбаша түрде білдіріліп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландыруға тиіс.  
      Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы өтініш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етілуге, онда баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетілуге тиіс. Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырады.  
      Егер арыз беруші арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене кемістігі салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариусы, шетелдегi мекемесi арызға тиісті жазба жасайды.  
      Азаматтыққа қабылдау туралы арызға арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.  
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 , 2004.12.20. N 13(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.     

34-бап. Азаматтық  мәселелер жөніндегі арыздар  бойынша  
               қорытындылар     

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтығы