Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 22:12, реферат

Краткое описание

Экологиялық қауіпсіздік негізі – энергияны теңгерімді пайдалану. «Энергетикалық қауіпсіздік» атты стратегияны жүзеге асыруда Батыс пен Шығыстың арасында алтын көпірге айналған Қазақстанның рөлі ерекше. Дегенімен, әлемдік энергетика мәселесін ушықтырып отырған басқа да жағдайлар жетерлік. Олар «Араб көктемі» мен Таяу Шығыстағы саяси ахуал. Сонымен қатар, мұнайдың құбылмалы бағасы мен Еуроаймақтағы экономикалық тұрақсыздық. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның географиялық жағдайына тоқталып өтті. біздегі жайлы климаттың әсері елімізге инвестицияның көптеп құйылуына ықпал етті

Содержание

I Энергетикалық қауіпсіздік
Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық қауіпсіздігі
Индустрияландыру бағыты ретінде
II Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы
Орталық Азияда Қытай мүддесі
Ресей қарым-қатынастары
Қазақстан қарым-қатынастары

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 52.16 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

I Энергетикалық қауіпсіздік

    Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық қауіпсіздігі

   Индустрияландыру бағыты ретінде

II Қытайдың ТМД елдерімен  ынтымақтасуы

    Орталық Азияда Қытай мүддесі

    Ресей қарым-қатынастары

    Қазақстан қарым-қатынастары

 

Кіріспе

Экологиялық қауіпсіздік негізі –  энергияны теңгерімді пайдалану. «Энергетикалық қауіпсіздік» атты стратегияны жүзеге асыруда Батыс пен Шығыстың арасында алтын көпірге айналған Қазақстанның рөлі ерекше. Дегенімен, әлемдік энергетика мәселесін ушықтырып отырған басқа да жағдайлар жетерлік. Олар «Араб көктемі» мен Таяу Шығыстағы саяси ахуал. Сонымен қатар, мұнайдың құбылмалы бағасы мен Еуроаймақтағы экономикалық тұрақсыздық. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның географиялық жағдайына тоқталып өтті. біздегі жайлы климаттың әсері елімізге инвестицияның көптеп құйылуына ықпал етті. Оның үстіне, Еуразия аймағында мұнай өндіру ауқымын ұлғайтуда негізгі күш Қазақстан болып табылатынын да форумға қатысушы сарапшылар жақсы біледі.

Қазіргі кезеңдегі геосаясатта  Қытай Халық Республикасына теңдесі  жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген  жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша  тек қана Жапония мен Тайваньға  орын береді. Қытайдың глобальды стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру және глобальды  лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста  болуын ескере отырып, қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық  қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету  орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында «тарихи әділеттілікті  қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен  қатар әскери-саяси міндеті –  Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Сол арқылы, ҚХР  сыртқы саясаты тікелей елдің  ішкісаяси және экономикалық дамуымен байланысты. Теңдесі жоқ Қытайды  экономикалық деңгейі Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады. Шын мәнінде, бұл процесс басталды. Өзектілігі – экономикалық және саяси қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі таңда өте актуалды.

Қазіргі кезде ҚХР сыртқы саяси бағытын үшке бөлуге болады:

  1. Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы (АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты.
  2. Азиядағы ҚХР саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс.
  3. Қытай мен Евразия – Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары.

Мақсаты - осы ҚХР-ң үшінші сыртқы саяси бағытына сипаттама беру.

Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны қолдана  отырып, ҚХР сыртқы саясатынының даму барысына жан жақты талдау жасау.

 

Қазақстанның  Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық  қауіпсіздігі

Қазақстанның Еуразия  кеңістігіндегі энергетикалық қауіпсіздік  пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосып  жатқанын мынадан аңғаруға болады. Мәліметтер бойынша, қазіргі таңда  еліміздегі анықталған мұнайдың қоры 5 млрд. тоннадан асады. Бұл көрсеткіш  жер бетінде қазірге дейін  анықталған мұнай қорының 3 пайызына тең екен. Сонымен қатар Қазақстанның толық зерттелген табиғи газының  қоры 3,7 трлн. текше метрден асып отыр. 2010 жылы еліміз 81 млн. тоннадан астам  мұнай өндіріп, оның 68 млн. тоннасын экспорттаған. Ал 2020 жылға қарай  Қазақстанда 130 млн. тонна мұнай өндіріледі деп болжануда. Есеп-қисаптарға жүгінсек, еліміз алдағы 50 жыл бойы жылына 80-100 млн. тонна мұнайды экспорттамақ. Бұл дегеніміз -Қазақстанның тек  қана Еуразия кеңістігінде ғана емес, әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде маңызы одан сайын  арта түсетінін білдіреді. Тіпті, қазірдің өзінде мұнай мен газға бай  Қазақстанның өңірлік энергетикалық  қауіпсіздік саясатында маңызды  ойыншы екенін төрткүл дүние мойындады. Сондықтан да әлемдік мұнай нарығындағы  баға ОПЕК секілді ұйымға ғана емес, Қазақстан, Ресей секілді мұнай  жеткізуші елдер мен Қытай, Еуропа секілді тұтынушы өңірлердің өзара ынтымақтастығына тығыз байланысты болып отыр. Осы орайда Қазақстан өзінде өндірілетін мұнай өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін сенімді және қауіпсіз жеткізушінің позициясын ұстанып келеді және бұл позиция жыл өткен сайын өзінің тімділігін көрсетуде.

2006  жылдың қоңыр күзіндегі бірінші форум "Мұнай-газ саласы және энергетика" тақырыбында өтіпті.  Оның барысында қатысушылар экологиялық тепе-теңдікті сақтау, мұнай-химия кластерін құру, қазақстандық қамтуды ұлғайту, энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру, электр қуатын өндіретін балама көздерді енгізу мәселелерін талқылады. Ал 2007 жылы өткен KAZENERGY-дің екінші Еуразиялық энергетикалық форумы мұнай-газ және энергетика салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Оның аясында сараптамалық ақпараттарға шолу жасалып, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, тиімді заңнамалық тетіктерді қалыптастыру үшін біртұтас әдіс-тәсілдерді  келісу қамтылды. Сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі ұлттық компаниялардың рөліне айрықша назар аударылды. 2008 жылы өткізілген үшінші форумда сол кезеңдегі Қазақстанның да, сондай-ақ тұтастай алғанда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың да энергетикалық мүдделерін қамтитын өткір де өзекті әрі күрделі процестер мен тенденциялар сөз болды.

2009 жылғы KAZENERGY-дің төртінші Еуразиялық  энергетикалық форумы Kazakhstan Energy Week деп аталатын Қазақстанның энергетикалық  апталығы аясында ұйымдастырылды. "Жаһандық қатерлер және стратегиялық  альянстар" деген тақырыппен  өткен ол форумның барысында  энерегетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз  етудегі ортақ мақсаттарға қол  жеткізу және жаһандық қауіп-қатерлерді еңсеру үшін стратегиялық әріптестік пен альянстарға бірігудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Бұл сөз жоқ шараға қатысушылардың және қонақтардың зор қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азия арасындағы энергетикалық әріптестік тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар барлық елдерді энергетикалық ресурстармен сенімді қамтамасыз ету - еуразиялық құрлықтағы тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылатынын атап көрсетті. Форумға қатысушылар энергоресурстарды өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін, сондай-ақ өңірлік және жаһандық энергетикалық қарым-қатынастардың даму процесін ұзақмерзімді жоспарлауды ескере отырып энергетикалық әріптестікті қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Әлемдегі энергоресурстарды өндіруші және экспорттаушы ірі мемлекеттің бірі болып табылатын Қазақстанның өңірлік және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жатқаны айтылды.

"Еуразияның энергетикалық картасы:  Тәуекелдер теңгерімі және жаңа  мүмкіндіктер". Осындай тақырыппен 2010 жылы ұйымдастырылған бесінші  Еуразиялық энергетикалық форумда  Мексика бұғазындағы апаттың  сабақтары, техногендік сипаттағы  тәуекелдерді төмендету жолдары,  Каспий өңірінің инвестициялық  мүмкіндіктері айрықша талқыланған  тақырыптардың қатарында болды.  Сонымен қатар форумға қатысушылар  энергетикалық геосаясат және  қауіпсіздік, энергетикалық шикізаты  транзиттеу, жаңартылатын энергияның  перспективасы, электроэнергетикалық  кешенді дамыту, қоршаған ортаны  қорғау және техногендік тәуекелдерді  азайту мәселелерін талқылады.  Атап өтерлігі, форум барысында  еуразиялық энергетиканың ағымдағы  жағдайы мен перспективасына,  онымен байланысты халықаралық  ынтымақтастықтың саяси және  экономикалық қырларына айрықша  назар аударылды. Тоқтала кетерлігі,  энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету және орнықты ынтымақтастық  орнату мәселері тек қана жекелеген  мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен  бірге тұтастай халықаралық қоғамдастық  үшін де маңызды ұзақмерзімді  фактор болып табылады. Форумға  қатысушылар, оны жаһандық энергетикалық  қарыс-қатынастарға барлық қатысушылардың  арасындағы кешенді ынтымақтастық  және өзара түсіністікті ұлғайту  арқылы ғана тиімді шешуге  болатынын атап көрсетті. Олар  Еуразияның негізгі энергетикалық  субьектілері арасындағы сенім  шараларын одан әрі арттыру  қажеттігін, энергетикалық ынтымақтастықтың  барлық бағыттары бойынша өзара  іс-қимылды күшейту қажеттігіне  тоқталды.

Былтырғы форумда Мексика бұғазындағы  мұнай бұрғылау платформасында болған апаттан сабақ ала отырып, Каспийдің  экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша назар аударылды. Әсіресе, бұған Каспийді жағалай  қонған бес мемлекет төтенше мүдделілік танытты. Каспийдің құқықтың мәртебесі  толық айқындалып бітпей жатқанда, оның қойнауын игеру, айдынын пайдалану, байлығын жарату ісінде қомағайлыққа ұрынып, теңіздің биоортасына зиян тигізу қаупі жоқ емес. Бұл қауіптің алдын алудың бір жолы – ортақ келісім жасау. Оны былтырғы форумда Қазақстан тарапы айтты. Форумда сөйлеген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов: "Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан ең жоғары стандарттар бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл үшін Үкімет теңіздегі бұрғылаудың қауіптерін төмендету бағытында шаралар кешенін әзірлеп жатыр», – деп атап көрсетті. Бұл ретте Қазақстан тарапы көрші елдерге теңіздегі өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үкіметаралық хаттамаға қол қоюды ұсынды.

Индустрияландыру  бағыты ретінде

Қазақстанның жаңа индустриясы  ұлттық экономиканың шикізаттық экономикадан тиімділігі жоғары инновациялық үлгіге көшу дәуірі. Ұлттық экономиканың даму негізінде 2015 жылға дейін мемлекеттік  үдемелі индустриялдық-инновациялық бағдарлама шеңберінде іске асырылатын ірі индустриалдық жобалар жатыр. Биылғы 2011 жыл еліміздің энергетикалық  саласы үшін үздіксіз белсенді жыл  болмақ.

Энергетикалық қуаттың үлгерімі  жоғары құрылысы республикада электр энергиясының жетімсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіп пен халықтың электр энергиясына өсіп отырған сұранысын қанағаттандыру үшін Батыс және Оңтүстік Қазақстанда бес жаңа электр станциялары енгізіледі (Орал ЖЭО, Ақшабұлақ ҚЖЭО, Атырау ЖЭО, Мойнақ ЖЭО, Балхаш ЖЭО) және еліміздің солтүстігінде  үш электр станциялары жаңғыртылған (Ақсу  МАЭС, Екібастұз МАЭС -1, МАЭС -2). 
2011 жылғы бірінші жартыжылдықта Индустрияландыру картасының екі жобасы қарқынды дамыды - Екібастұз МАЭС -2 кеңейту және жөндеу, Ақсу  МАЭС № 2 блогын қалпына келтіру.

Павлодар облысындағы Екібастұз  МАЭС -2 кеңейту және жөндеу оның қуатын 1500 МВт-қа дейні ұлғайтуға мүмкіндік  береді. 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта  іске қосылған Индустрияланлыру картасының осы жобасының құны 113 500 млн теңгені  құрайды. Оның құрылысы кезінде 750, пайдалану  кезінде 300 жұмыс орны құрылады деп  жоспарлануда. Осы жоба кәсіпорын  қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін өнеркәсіпті кеңейтуге  бағытталған. 
Мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық бағдарлама шеңберінде Ақсу

МАЭС № 2 блогын қалпына келтіру  де іске асырылады. № 2 блогын іске қосу арқылы станцияның қуаты 2425 МВт құрайды  деп күтілуде.  Жалпы инвестициялар көлемі - 27 365 млн теңге.

Қазір энергоблокты қалпына келтіру  алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру  кезінде энергетика саласында Индустрияландыру картасының 24 жобасы іске асырылады. Жобалар  шеңберінде құрылыс кезінде 12 918 жұмыс орны құрылады және пайдалану кезінде  6 422 жұмыс орны жасақталады. ҮИИД МБ осы саладағы жобаларын іске асыру кезінде оған тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 954 971 млн теңгені құрайды. Осы жобаларды іске асыру Қазақстанның энергетиткалық тәуелсіздігін және энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға әсер ететін болады.

Әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету шын мәнінде жыл  өткен сайын маңыздылана және өткірлене түсуде. Қазіргі таңда  энергетикалық саладағы мүдделер қақтығысы  соғыс әрекеттеріне ұласып жатқаны  да жасырын емес. Ал әлемдік қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын  Еуразия кеңістігінде мұндайға жол  беруге әсте болмайды. Сондықтан да қарапайым халықтан бастап, сарапшыларға дейін Еуразиялық энергетикалық  форумнан мол үміт күтеді. Мамандар қазақстандық та, сондай-ақ әлемдік  те мұнай-газ және энергетика саласын  дамыту мәселесін талқылауға мүмкіндік  беретін бірегей алаңға айналған KAZENERGY-дің алдағы еуразиялық форумында  энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатер төндіріп отырған  маңызды мәселелер талқыланып, оңтайлы  шешімдер қабылданатынына үміт артады.

Қазір елімізде бұрын-соңды болып көрмеген қарқынды да қуатты жоба – 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының (ҮИИДБ) жүзеге асырылып жатыр. Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған бұл индустрияландыру бесжылдықтарының шеңберінде атқарылатын жұмыс ел экономикасының тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде жеткен жетістіктерінен де  ауқымды болмақ. Бұл – ел экономикасын 2020 жылға дейін дамудың жаңа асуына шығарып, ең дамыған елдердің алғашқы шоғырынан орын алуға бастамақ. Бұл – ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен құтқарып, өркениетті технологияларға негізделген инновациялық жаңа экономика қалыптастырмақ.

Орталық Азияда Қытай  мүддесі

Орталық Азияда Қытай мүддесі  бірнеше факторлармен анықталады. Біріншіден, Пекин «Шығыс Түркестандағы» сепаратистік күштерді шешуге ұмтылу, екіншіден, стратегиялық жоспардағы тұрақты тың ретінде  Орталық Азияның сақтау, энергоресурстарды  потенциалды қамтамасыз ететін аумақ  ретінде және экономикада өзінің әріптестігі ретінде мемлекеттерді  қарастыру.

Информация о работе Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы