Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 22:12, реферат
Экологиялық қауіпсіздік негізі – энергияны теңгерімді пайдалану. «Энергетикалық қауіпсіздік» атты стратегияны жүзеге асыруда Батыс пен Шығыстың арасында алтын көпірге айналған Қазақстанның рөлі ерекше. Дегенімен, әлемдік энергетика мәселесін ушықтырып отырған басқа да жағдайлар жетерлік. Олар «Араб көктемі» мен Таяу Шығыстағы саяси ахуал. Сонымен қатар, мұнайдың құбылмалы бағасы мен Еуроаймақтағы экономикалық тұрақсыздық. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның географиялық жағдайына тоқталып өтті. біздегі жайлы климаттың әсері елімізге инвестицияның көптеп құйылуына ықпал етті
I Энергетикалық қауіпсіздік
Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық қауіпсіздігі
Индустрияландыру бағыты ретінде
II Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы
Орталық Азияда Қытай мүддесі
Ресей қарым-қатынастары
Қазақстан қарым-қатынастары
Қазақстан экономиканың басымдықты
салаларындағы жобаларды жүзеге
асыратын германиялық инвесторларға
инвестициялық қолдау көрсетудің сан
түрлі жолын ұсынуға дайын. Өйткені осыдан
екі жыл бұрын Қазақстан Ресей және Беларусьпен
Кеден одағының құрамына кірді. Нәтижесінде
жиынтық жалпы ішкі өнімі екі триллион
АҚШ долларынан асатын 165 миллион адамдық
ортақ нарық қалыптасты. Осылайша Қазақстан
ТМД нарығына жол ашатын қақпаға айналды.
Сонымен қатар еліміз Қытайдың миллиардтаған
нарығына енуге мүмкіндік береді. Бұл
ретте Қытай мен Қазақстан арасында «Қорғас»
халықаралық шекаралық ынтымақтастық
орталығының құрылуы үстінде екендігін
атап өткен орынды. «Батыс Қытай - Батыс
Еуропа» трансқұрлықтық автожолының да
құрылысы аяқталуға тақау. АҚШ-пен "Демократиялық
серіктестік туралы партияға" қол қоюы,
НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі
серіктестік" бағдарламасына қосылуы,
АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және
Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға
берген қауіпсіздік белгілері жәрдемдесті.
Қазақстан-Қытай қатынастарын стратегиялық
серіктестік деңгейіне дейін көтерген
жемісті жыл болғанын атап көрсетті. Екі ел мұнай-газ саласында
ірі жобаларды іске асырып ынтымақтастықты
жалғастыруда. Атасу-Алашаңқай мұнай желісі
арқылы Қазақстан мұнайы Қытайға беріле
бастайды. ҚР-ҚХР газ желісін салу жөнінде
белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.
ҚР СІМ басшысы ҚХР-мен сенімді және болжамды
қатынастардың орнауын «тәуелсіз Қазақстанның
сыртқы саясатының аса маңызды жетістіктерінің
бірі деп бағалаймыз», - деп атап көрсетті.
Қытай біздің көпжақты, өзара тиімді ынтымақтасып
және серпінді саяси диалог жүргізіп отырған
стартегиялық серіктесіміз болып табылады.
Қытай БСҰ-ға өткен 2001 жылғы кезеңнен
бері елдің орташа жылдық импорты
шамамен 750 млрд. АҚШ доллары болса,
тиісті елдер мен өңірлерде 14 млн.-нан
астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік
берді. Өткен 10 жыл бедерінде ҚХР
аумағында шетел
Қытайдың бейбіт даму жолы, әлемдік тарихқа кең тұрғыдан қарағанда, елді бүкіл әлемде бейбітшілікті қорғау есебінен дамытуда және өзінің дамуы арқылы планетадағы бейбітшілікті қамтамасыз етуде жатыр.
Осындай зор табыстарына қарамастан, Қытай әлі де болса дамушы елдер қатарында қалып келеді. Елде тұрғындар саны көп және экономикалық негіз әлсіз. ҚХР бүкіл әлем тұрғындарының шамамен 20 пайызын планетамыздағы жыртылатын жерлердің тек 7,9 пайызын, тұщы судың 6,5 пайызын ғана пайдаланып асырап отыр. Әлеуметтік-экономикалық даму табыстары 1,3 млрд. адамға бөлінуі тиіс. Сондықтан халықтың сұранысын үздіксіз қанағаттандыру мен дамыту үлкен проблема болып қалуда. 2010 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 4400 АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай әлемде шамамен 100-ші орынға орналасқан.
Біздің алдымызда сондай-ақ өңірлер дамуының ала-құлалығы, ресурстардың жетіспеушілігі, экологиялық ахуалдың нашарлауы, тағы басқа осы сияқты проблемалар тұр. Осының барлығы Қытай шындығы. Қытай басқа дамыған елдер бірнеше жүздеген жылдар бойы жүрген жолды қысқа ондаған жылдар ішінде жүріп өтті. Елді индустрияландыру мен урбанизация үдерістерінде дамыған елдер тап болған барлық проблемалармен біз де бетпе-бет келіп отырмыз және бұл проблемалар мейлінше өткірлігімен және күрделілігімен ерекшеленбек. Қытайды нағыз қазіргі заманғы елге айналдыру үшін бірнеше ұрпақтың күш-жігері қажет болады. Тек осыларды қаперге ала отырып қана біз Қытайдың дамуы мен оның халықаралық қоғамдастықтағы ұстанымдарына барынша объективті және әділ көзқарас таныта аламыз.
Болашақта Қытай бейбіт даму жолымен шешімді және нық жүретін болады. Қытайлықтар – көптеген қиындықтарды бастарынан өткерген және солардан айтарлықтай зардап шеккен, жаңа тарихи кезеңде де кедейшіліктің дәмін татқан халық. Осы себепті қытайлықтар бейбіт өмірді қастер тұтады және де әл-ауқатқа бейбітшілік арқылы ғана қол жеткізуге болады деп біледі. Бейбіт даму – бұл Қытайдың стратегиялық таңдауы. Қытай ешқандай жағдайда агрессиялық және экспансионистік саясат жүргізуге ұмтылмайды, ешқашан гегемон болмайды және әлемде үстемдік құру үшін күреспейді. Өзінің бейбіт даму қағидатын қорғаумен қатар, планетада бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылады және ортақ даму жолында күш-жігер жұмсайтын болады.
Қытай мен Қазақстан жақын көршілікте өмір сүруде және ортақ таулармен және өзендермен байланысқан. Екі елдің достығы мен тату көршілігінің тамыры тереңде жатыр. Бүкіл әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолы екі ел арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың нақты айғағындай. Біздің еліміз Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныды және онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сол сәттен бері Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы халықаралық конъюнктураның өзгерістері сынақтарына шыдас бере отырып, сенімділік, тең құқылық, өзара тиімділік пен өзара ықпалдастық сипатын айғақтап, саламатты және тұрақты арнада жедел дамуда. Біздің елдеріміздің арасындағы байланыс өңірдегі және тұтастай алғанда әлемдегі тату көршілік пен достықтың шын мәніндегі жарқын мысалы болып табылады.
Алдағы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл толады. Өткен 20 жыл екі ел үшін әлеуметтік-экономикалық даму мен мемлекеттілік құруда адам айтқысыз табыстарға қол жеткізген, сонымен қатар, Қытай мен Қазақстанның стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын дамытуда тұрақты кезең болды деуге негіз бар. Әлемдегі екі жетекші, өскелең мемлекеттер ретінде біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қазірдің өзінде екі жақты шеңберден шығып, маңызды стратегиялық мәнге ие болып отыр.
Бірінші кезекте, Қытай мен Қазақстан – шынайы және сенімді саяси серіктестер. Саяси өзара сенім – бұл екі жақты қарым-қатынастың басты басымдығы. Тараптар шекара мәселесін толықтай шешті. Саяси салада да шешілмеген мәселелер жоқ. Екінші жақтың түбегейлі мүдделеріне қатысты маңызды мәселелерде де бір-бірін нық қолдаудан танған емес. Біздің елдеріміздің көшбасшылары тек тығыз жұмыс байланыстарын ғана емес, сондай-ақ терең жеке достық байланыстарын да ұстанып келеді. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанда жеті мәрте болса, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапармен, сондай-ақ халықаралық конференцияларға қатысу үшін Қытайда 17 рет болған. Бұған қоса, екі мемлекеттің басшылары екі жақты негізде, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің көкейкесті мәселелері бойынша тұрақты түрде пікірлер алмасу үшін түрлі халықаралық шараларда да жиі кездесіп тұрады. Тараптар терроризм сияқты қазіргі заманның қасіретімен күш біріктіре күресу мақсатында БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа көпқырлы пішіндерде өзара тиімді іс-қимыл танытып келеді. Өткен 2010 жыл екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда үлкен маңызға ие жыл болды. Осы жылдың алғашқы жартысында Президент Назарбаев пен Төраға Ху Цзиньтао бір-бірімен сапарлар алмасып, екі жақты қарым-қатынасты жаңа тарихи кезеңге шығаруға алғышарт жасайтын жан-жақты стратегиялық әріптестік құрып, дамытуға уағдаласты.
Осылайша Қытай мен Қазақстан өзара пайдалы сауда-экономикалық әріптестерге айналды. Соңғы жылдары елдердің ынтымақтастығы сауда-экономикалық, энергетикалық, шикізаттық емес, инфрақұрылымдық және басқа салаларда жемісті дамып келеді. Елдеріміздің сауда айналымы дипломатиялық қатынас орнаған алғашқы жылдардағы 368 млн. доллардан 2010 жылы рекордтық көрсеткішке дейін, яғни 20,31 млрд. долларға дейін өсті. Нақтылай түссек, бұл – 60 еседен астамға артқан деген сөз. Бүгінгі күні Қытай Қазақстанның аса ірі сауда әріптесі болып табылады және Қазақстан ТМД елдері арасында Қытайдың екінші сауда әріптесі болып отыр. Қытай мен Қазақстан арасында тауар айналымы ҚХР-дің Орталық Азиядағы елдермен жалпы тауар көлемінің 70 пайызынан астамын құрайды. Екі мемлекет басшысы 2015 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд. доллар деңгейіне жеткізу туралы мақсат қойды. Бұл жерде атап көрсететін жәйт – екі елдің экономикалық ынтымақтастығы ешқандай қосымша саяси шартсыз, яғни тең құқылық, сенім және өзара тиімділік негізінде жүргізіліп келеді. Міне, сондықтан да мұндай ынтымақтастық үлкен өмірлік күшке ие және тұрақты түрде кеңейе әрі тереңдей түсе алады.
Қытай – Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі. ҚХР бүгінде Қазақстанның аса ірі импортеріне айналған. Қытайдың Қазақстанға инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетсе, қазіргі кезде Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 1000 қаралы кәсіпорын жұмыс істейді. Қытайлық кәсіпорындар пайда таба отырып, өзінің әлеуметтік жауапкершіліктері туралы да ұмытқан емес. Олар жергілікті әлеуметтік даму бағдарламаларына белсенді қатысып, қазақстандық жұмысшыларды дайындаумен қатар, темір жол, жылыжай құрылыстарын салуда. Сөйтіп, еңбекпен қамту, жергілікті салық түсімдерін ұлғайту мәселелерін шешуге өз үлестерін қосуда. Жақындағы халықаралық қаржы дағдарысы кезінде Қытай Қазақстанға 13 млрд. доллар көлемінде несие ұсынып, өзінің осы іс-әрекеті арқылы Қазақстан экономикасына қолдау көрсетті. Алға көз тігетін болсақ, елдеріміздің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін байқаймыз. Бүгінде Қытайда жүзеге асырылып жатқан 12-ші 5 жылдық жоспар көп басымдықтары бойынша Қазақстанды дамытудың 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған стратегиясымен сәйкеседі.
Елдеріміздің мәдени-
Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы өміршеңдігінің бастауы олардың дамуы екі ел халықтарының мүдделеріне түбегейлі жауап беретіндігінде және екі елдің тұрақтылықты сақтау мен дамыту талаптарына толық сәйкес жүргізілетіндігінде жатыр деп ой түюге негіз бар. Бұл арада екі мемлекеттің де ынтымақтастықтың арқасында нақты тиімділік пен өзара пайда көріп отырғанын, қай тарап артықшылыққа ие немесе бірі екіншісіне қысым көрсетуде деген тұрғыда сөз қозғалуы мүмкін емес екенін атап көрсеткен абзал. Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы шын мәнінде өзара пайдалы негізде жүргізіліп, қос тарапқа да нақты пайда әкелуде. Қытайдың дамуы Қазақстан үшін қатер емес, үлкен мүмкіндіктер. Осыны жақсы түсінгендіктен де Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның басқа да ресми адамдары Қытаймен ынтымақтастықты жан-жақты дамыту Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін әр кез мәлімдеп келеді.
Бүгінде Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасы жаңа тарихи сатыға көтерілді, алдымыздан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Жинақталған бағалы тәжірибе мен өткен 20 жыл ішіндегі ынтымақтастық байланыстар біздерге одан әрі де ілгері жылжуға ырғақты серпін береді. Біз Қазақстан тарапымен бірге өзара сенімнің, өзара тиімділік пен бірлесіп дамудың жоғары рухын басшылыққа ала отырып, ынтымақтастықты барлық деңгейлерде және барлық бағыттарда біздің стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамыту тұрғысынан нығайта беруге дайынбыз. Осылайша ортақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде ғана біздің халықтарымыз бейбітшілікпен, тұрақтылықпен қамтамасыз етілетін болады.
Әдебиеттер:
1. Методические основы выбора направлений корректировки
решений по развитию энергетики государства
с позиций энергетической безопас
2. Китай. Фаминский И.П. Междунар. отношения, 1992.
3. Россия и Китай: Теория и история межгосударственных отношений. А.Д.Воскресенский 1999.
4. Развитие экономических зон в России и Китае. А. В. Звонцов 2006
Жазу барысында осындай тарихнамалық базаға сүйендім: «Современные международные отношения» , «Мировая политика после 1945г.» және «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы» , сонымен қатар авторлардың «ҚХР сыртқы саясаты туралы» мақала-зерттеулерімен, БАҚ мәліметтерімен таныстым.