Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 06:44, курсовая работа
Кез келген ұжымдағы кадрлар таңдау бөлімшесінің және сол ұжым басқарушыларының жұмысы – қызметкерлерді іздеумен, іріктеумен әрқашан байланысты болады. Кадрларды іріктеу – бұл басқару ісіндегі негізгі функцияларының бірі болып табылады. Себебі адамдар ұжымдағы бар ресурстарынын қомақты түрде пайдаланып қана қоймай, оның экономикалық көрсеткіштеріне және бәсекелестікке тікелей әсер етеді.
Қазірігі уақытта жұмыс беруші кандидаттың біліміне, іскерлігі мен тәжірибесіне ғана көңіл аударады.
Бүкіл теориялық зерттеулер іскерлікті, шеберлікті, интеллекті зерттеуге және бағалауға бағытталған. Кадрларды іріктеу кезінде болашақ жұмыскерлердің психологиялық ерекшеліктері және эмоциялық қал жағдай мүлде ескерілмейді.
Жұмыс іздеу кезінде адамдар үнемі стресс жағдайында болады. Ол адамның психологиялық ахуалына әсер етпей қоймайды. Персоналды іріктейтін агенттіктер бұл фактіні есепке алмайды, бұның өзі жұмысқа орналасуы қиын клиенттердің тізімдерінің өсуіне әкеліп соғады. Мүмкін осы феномендер стандартты тәсіл қолданған кезде ескерілмей, диагностикалық зонаға кірмей қалуда.
Бұл жұмысымда қазіргі уақытта көпшілік қолданатын персоналды іріктеу тәсілдері қаралды.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: персоналды іріктеу тәсілдері мен тестерінің көптігіне қарамастан, қызметке орналастыру эффектісіне әсер ететін маңызды фактор – жеке адамның психологиялық ахуалы – жұмыс берушінің назарынан тыс қалады.
Көп уақыт жұмыс таппай жүрген адамдардың психологиялық көңіл-күйін қарастырсақ олардың жағдайы жұмыс істейтін азаматтардың психологиялық жағдайынан әлдеқайда өзгеше. Жұмысқа орналастыру кезінде мұндай адамдарды анықтай отырып, одан әрі бейімделу кезеңінде психологиялық көмек көрсету керек.
Әрине, персоналды іріктеу проблемалары көп және ол проблемаларды шешуінің дұрыс ұйымдастырмауынан, қорытындылай келегенде, потенциалды жұмыс іздейтін азаматтар қатарының өсуіне әкеп соғады. Тек жұмыссыздардың психологиялық жағдайына ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның денсаулығына, жағдайына кері әсер етеді.
Персоналды іріктеудің көзге анық көрінетін төмендегідей проблемаларды іріктеуге болады:
Бұл жерде басты проблемаларды былай айқындауға болады: көптеген ұйымдарда жаңа жұмысшылыларды іздеу және іріктеу проблемасын - жүйесіз, технологиясыз, бұл облыста бар жұмыс тәжірибесін ескермей - шешуге тырысуда.