Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 14:15, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару негізгі мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде Казақстан Республикасы сапаның деңгейін көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасы да төмен болады. Казақстан Республикасы әлемдік сауда ұйымна кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса – ол бәсекеге түсе алады.

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпкерлердің бәсекесі және кәсіпкерлік құпия.docx

— 41.29 Кб (Скачать файл)

 Жекелеген кәсіпорындарда  ақпараттың сақталуын қамтамасыз  ету шаралары масштабы мен  формалары бойынша әр түрлі  және кәсіпорынның өндірістік, қаржылық  және басқа мүмкіндіктеріне, қорғалатын  құпиялардың көлемі мен сапасына  байланысты болып келеді. Сонымен  объектінің экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жобасы біртұтас  ұйымдастыру-техникалық кешенді  құрайды. Оны қалыптастыру барысында  объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз  ету концепциясы немесе қауіпсіздік  саясаты өңделеді. Оның негізін  объектіні қорғау бойынша іс-қимылдардың  жоспарын өңдеуге бағытталған  міндетті шаралар тізімін құрайды:

 Қауіпсіздік қызметінің  құрамын анықтау;

 Кәсіпорынның ұйымдастыру  құрылымындағы қауіпсіздік қызметінің  орны;

 Қауіпсіздік қызметінің  компетенциясы, құқықтары мен өкілеттілігі  сферасы;

 Құрылымдық бөлімшелер  арасындағы конфликтілерді болдырмау  бойынша іс-қимылдар варианттары.

Аталған жағдайлардың сақталуы кәсіпорындардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Экономикалық қауіпсіздік  саясаты ұйымдастыру көзқарасы  тұрғысынан коммуникациялық пен  есептеу-техникалық ресурстарын  пайдалану әдісін дұрыс анықтайды, объектіге рұқсат алу ережесін  анықтайды, құпия ақпаратпен жұмыс  істеу ережесін анықтайды, сондай-ақ  қауіпсіздік режимін бұзуды алдын-алу  процедурасын мен оларға ықпал  ету процедурасын анықтайды.

 Қауіпсіздік саясатын  жүзеге асыру ұйым қызметкерлері  мен басшыларының бірлекскен  қызметінің нәтижесін білдіреді  және қауіпсіздік саясатының  жоғарғы тиімділігін қамтамасыз  етеді. Қауіпсіздік саясатының әрекетіне  әсер етуші маңызды фактор  ретінде персоналдың оның талаптарын  орындауға дайындығы, қауіпсіздік  режимін ұстап тұру бойынша  оның міндеттерінің әрбәр персоналға  жеткізілуі есептеледі. Қауіпсіздік  саясатының сақталуы әрбір мәселе  бойынша жауаптының болуымен  кепілденеді.

 Қауіпсіздік саясатының  барлық негзгі қағидалары сәйкес  құжаттарда бекітіледі. Оның құрамы  мен мазмұны объектінің ерекшелігімен  анықталады. Бірақ, бірде-бір ұйым  коммерциялық құпия жөнінде, ақпаратты  қорғау жөнінде, жүйенің қауіпсіздігі  жөніндегі, ақпаратқа рұқсатты шектеу  бойынша, құпия ақпарат өңделуші  бөлімге персонал мен бөгде  адамдардың рұқсатын шектеу бойынша  ережелерінсіз, қауіпсіздік ережесін  бұзу фактісі бойынша қызметтік  тергеу жүргізу тәртібінсіз қызмет  ете алмайды.

 Ақпаратты қорғау қызметінің  жұмысын қамтамасыз ету және  қолдау бойынша жұмыстар, сәйкес  басқару құжаттары жүйесін құру  ұйымдастыру шаралары кешеніне  кіреді. Оның негізінде ақпараттың  қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейі  қамтамасыз етіледі. Бірақ аталған  шаралар қажетті деңгейде қорғау  жүйесінің қызметін бірқатар  ұйымдастыру-техникалық шараларды  жүргізбей-ақ ұстап тұруға мүмкіндік  бермейді.Олардың толық тізімі  үлкен болғандықтан, тек олар  өзуақытылы ақпараттың сыртқа  шығуының жаңа каналдарын анықтауға, оларды жою бойынша шаралар  қабылдауға, қорғаныс жүйесін жетілдіруге, қауіпсіздік режимін оперативті  ықпал етуге мүмкіндік береді.

Өңделген құжаттар қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті функцияларды, сондай-ақ оның өз қызметін жүзеге асыратын бақылау-тексеру және басқа арнайы функцияларын анықтайды. Олардың негізгілері:

 әкімшілік-басқару –  қауіпсіздік режимін ұстап тұру  бойынша; қауіпсіздік сұрағы бойынша  жауапты лауазымды тұлғалардың  міндеттері, құқықтары, жауаптылығын  анықтау бойынша, сондай-ақ оның  қызметінің берілген облысындағы  кәсіпорынның басқару функцияларын  жүзеге асыру бойынша шешімдер  дайындау және құпиялылығы;

 шаруашылық-басқару –  кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз  ету бойынша міндеттерін шешу  үшін қажетті ресурстарды анықтау, кәсіпорынның меншігінің, оның ішінде  интеллектуалдық меншігінің сақталуына  бағытталған ұйымдастыру-техникалық  және құқықтық сипаттағы шараларды  дайындау және жүргізу;

 есеп-бақылау – қорғауға  қатысты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық, өндірістік-коммерциялық және басқа  қызмет түрлерінің критикалық  маңызды бағыттарын анықтау, сондай-ақ  ақпараттың сыртқа заңсыз шығу  бойынша мүмкінді каналдары және  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  төнетін басқа қауіптерді анықтау, олардың пайда болу көздерін  бағалау, әрекет етуші бақылауды  реттеу;

ұйымдастыру-техникалық – қауіпсіздік қызметінің ұйымдастыру құрылымын құру, сондай-ақ жұмыстың басқа бағыттары (ақпаратты қорғау, экономикалық қауіпсіздік) бойынша басқа құрылымдар құру; қауіпсіздік саясатының мақсатына жетуге ықпал етуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

 жоспарлы-өндірістік  – кәсіпорынның қауіпсіздігін  қамтамасыз етудің кешенді бағдарламаларын  өңдеу, сәйкес шараларды дайындау  және жүргізу;

 материалдық-техникалық  – материалдық-техникалық және  технологиялық қамтамасыз етуге  бағытталған қауіпсіздік қызметінің  жұмысы, оның арнайы техникамен  жарақталуы;

 ғылыми-әдістемелік –  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  облысында озат тәжірибені жинақтау  және тарату; басқа бөлімшелерде  қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру;

 ақпараттық-аналитикалық  – қауіпсіздік сферасына қатысты  деректерді жинақтау, өңдеу, оған  қажетті техникалық және әдістемелік  құралдарды құру және пайдалану.

Қауіпсіздік қызметін сенімді қүралдармен қамтамасыз ету, оның қызметінің басымдылықтарын дұрыс қалыптастыру, кез-келген білікті жұмыс сияқты арнайы мамандардың қатысуын, олардың сәйкес кәсіптік дайындықтан өтуін талап етеді, сондай-ақ берліген облыста олардың жеткілікті бай тәжірибесінің болуын қажет етеді. Кәсіпорынның қауіпсіздік жүйесін нағыз мамандар құруы тиіс, олармен қызметтесу ұзақмерзімді болса ғана табысты болмақ.

 

 

 


Информация о работе Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны