Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 18:00, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері
Мемлекеттік қызметтің принциптарі
ҚР мемлекеттік қызметі басқару

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру лекция.doc

— 110.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекеттік қызметке келу

  1. саяси мемлекеттік қызметке келу
  2. әкімшілік мемлекеттік қызметке келу құқықтары
  3. мемлекеттік қызметке келу кезінде қойылатын талаптар
  4. әкімшілік мемлекеттік қызметке келудің конкурсы

 

І.  Саяси мемлекеттік қызметкер қызметіне түсу сайлау, сонымен бірге басқа тәртіпте бекітілген заңға сәйкес жүзеге асады.

ІІ.  ҚР азаматтары әкімшілік мемлекеттік қызметке келу құқықтарына ие. Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу мен жоғарғы категориялар қызметіне иемдену жолымен әкімшілік мемлекеттік қызметкер бойынша өсу конкурс негізінде жүзеге асады. әкімшілік мемлекеттік қызметті бір категория ішінде сол мемлекеттік органдардың басқа қызметіне ауысу әкімшілік мемлекеттік қызметкер жағдайына сәйкес конкурссыз жүзеге асады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурс іріктеуінсіз саяси мемлекеттік қызметкерлер, сонымен бірге Парламент, маслихат депутаттары келуге құқылы.

Мемлекеттік қызметке келгенде жынысы, ұлты, тілі, әлеуметтік жағдайлары, мүліктік жағдайлары, діні, тұратын орны сияқты шектеулер қойылмайды. Әкімшілік қызметке конкурс іріктеуінсіз келген тұлғалар заңға тартылады.

 

ІІІ. Мемлекеттік қызметке келуші тұлғалар төмендегі талаптарға сай болуы керек:

      1. ҚР азаматтығына ие;
      2. 18 жасқа толған;
      3. қажет білімі, бекітілген біліктілік шартына сәйкес кәсіби дайындығы.

Мемлекеттік қызметке түсу кезінде азамат салық комитетіне алатын табысы мен өз құқығындағы бар мүлік жөнінде яғни салық салу объектілерін айту керек. әкімшілік мемлекеттік қызметті иемденуі азаматтардың арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана жүзеге асады. Саяси мемлекеттік қызметке түсу үшін қажет қосымша талаптар ҚР Президентімен анықталады.

ІҮ.  Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу конкурсы ҚР азаматтарына мемлекеттік қызметке келуіне тең құқықтарды қамтамасыз етеді. әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу конкурсының шарттары мен өткізу тәртібін, сонымен бірге конкурс комиссиясын құру тәртібін өкілетті орган анықтайды. Конкурс бос қызметі бар мемлекеттік органдармен немесе ҚР Президентінің шешімі бойынша өкілетті органмен конкурсты мемлекеттік және орыс тілінде өткізу туралы хабарлама бергеннен кейін ашық немесе жабық түрде жүргізіледі. Конкурсты мемлекеттік орталық органдар мен олардың территориялық бөлімшелері және ведомоствалары өткізгенде хабарламалар арнайы басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдардың конкурсты жүргізу туралы хабарламасы газеттерде және басқа периодикалық басылымдарда шығарылады. Егер конкурс бос қызметке анықталған жұмыс мерзіміне жүргізілсе, онда еңбек шартының жағдайлары конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілуі керек.

Ашық конкурсқа ҚР барлық азаматтары қатысуға құқылы, ал жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. Конкурс комиссиясының шешімі әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу үшін немесе осы қызметке түспейтініне негіз болады. Конкурстан өткен қатысушы әкімшілік мемлекеттік қызметке түсуге құқылы.

Мемлекеттік органдардың басшысы хабарланған қызметке конкурстан өткен тұлғаны алуға міндетті. Бірақ мұнда мемлекеттік қызметке түсу үшін қарастырылған заң талаптарын ұстау қажет. Конкурстық комиссиядан өтпеген, бірақ мемлекеттік қызметке бағытталғандар өкілетті органмен құрылған кадрлық резервке алынуы мүмкін. Кадрлық резервке алынған қатысушылар конкурс өткен 1 жыл ішінде қосымша конкурстан өтпей-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметке түсуі мүмкін. Конкурс комиссиясының шешімі бекітілген заң бойынша қайта қаралуы мүмкін.

4 Мемлекеттік қызметке өту және қызметтегі карьера

  1. әкімшілік мемлекеттік қызметке өту кезеңіндегі сынақ
  2. әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер аттестатциясы
  3. жұмыс уақыты
  4. сапар шеккенде берілетін кепілдіктер мен компенсациялар
  5. мемлекеттік қызметке өтудегі басқа да сұрақтар
  6. мемлекеттік қызметке өту кезіндегі кадрлық резерв

 

І. Бірінші рет әкімшілік мемлекеттік қызметке немесе конкурс нәтиже бойынша әкімшілік қызметке келген азамат 3 ай мерзімге сынақтан өтуі мүмкін. Сынақ кезеңіне әкімшілік мемлекеттік қызметкер арнайы себептермен жұмысқа келмеген кезеңі есептелмейді. Әкімшілік мемлекеттік сынақ кезеңінде қанағаттандырарлықсыз нәтиже берсе, өкілетті органмен немесе оның территориялық бөлімшелерімен сынақ уақытын өтпген деп жұмыстан шығарылуы мүмкін. Егер сынақ кезеңі аяқталып, бірақ әкімшілік мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметті жалғастырып жатса онда ол сынақтан өтті деп саналады және сынақ мерзімі мемлекеттік қызметтің өтіліміне есептеледі. Жұмыстан шығару қарастырылған заң негізінде ғана жүзеге асады.

 

ІІ. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер өзінің кәсіби дайындығы құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу мүмкіндігі деңгейін анықтау мақсатындааттестатциядан өтеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер аттестациясын жүргізу тәртібі мен талаптары өкілетті органның нұсқпуы бойынша ҚР Президентімен бекітіледі.

 

ІІІ. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтылығы ҚР еңбек заңына сәйкес анықталады. Кейінге қалдырылмайтын және алдын ала ойламаған жұмыстарды орындау үшін қызметке демалыс және мейрам күндері келуге міндетті жекелеген әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер тартылады, оларға ҚР енбекақы заңына сәйкес компенсация төленеді.

 

ІҮ. Мемлекеттік қызметкерлерге қызмет сапары шығындары төленеді. Мемлекеттік қызметкерлерге ҚР заңына сәйкес сапарда жүргенлегі күндеріне баратын жері мен қайтуына, тұратын үй жалдаған шығындарына кепілдік пен құқықтарға ие. Мемлекеттік қызметкердің сапар уақытында жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

 

Ү. Мемлекеттік қызметке өтудің басқа сұрақтары нақты заңмен реттелмейді, ол заң актілерінде өкілетті органдардың ұсыныстары бойынша ҚР Президенті бекіткен мемлекеттік қызметке өту тәртібі бойынша қаулылар мен заң актілерінде жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Мемлекеттік қызметкерлерді қамтамасыз ету

    1. мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы
    2. мемлекеттік қызметкерлер демалысы
    3. мемлекеттік қызметкерге сыйақы беру
    4. мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары
    5. мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету

 

І.  Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы мемлекеттік міндеттерді орындағанда қажет материалдық жағдайда болу керек және олардың әділ еңбек жасауын ынталандыру керек.

Саяси мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі ҚР Президентімен анықталады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге ҚР Президенті бекіткен еңбекақы төлеудің біркелкі жүйесі негізінде жүзеге асады. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражаттары есебімен немесе Ұлттық банк есебімен төленеді. Бюджеттік түсімдердің қысқаруы еңбекақының қысқаруына негіз болмайды, сонымен бірге заңмен қарастырылған кепілдіктер, жеңілдіктер мен компенсациялардың қысқаруына негіз болмайды.

 

ІІ.  Мемлекеттік қызметкерлерге ұзақтығы 30 күнтізбелік күн жыл сайын 2 айлық еңбекақы мөлшерінде төленетін демалыс беріледі. Мемлекеттік қызметкерлердің қалауы бойынша жыл сайынғы ақылы демалысын бөліп алуға болады. Мемлекеттік қызметкерге еңбекақы еңбекақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Мемлекеттік органның басшысының шешімі бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкер жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақырылуы мүмкін. Қолданбаған демалыстың қалған бөлігі әкімшілік мемлекеттік қызметкердің сәйкес жыл ішінде немесе келесі жылдың демалысына қосылып кез келген уақытта беріледі.

 

ІІІ.  Тиісті міндетін үлгілі орындағаны, жақсы мемлекеттік қызметі, маңызды және қиын тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы жетістіктері үшін мемлекеттік қызметкер төмендегідей марапатталады:

  • бір уақыттағы ақшалай сыйақымен;
  • бағалы сыйлықпен марапатталуы;
  • құрмет грамотасын беру;
  • сонымен бірге ҚР қарастырылған басқа да марапаттау түрлерімен.

Ерекше қызметі үшін мемлекеттік қызметкерлер ҚР мемлекеттік наградасымен марапатталады.

 

ІҮ.  Мемлекеттік қызметкерлер бекітілген заң тәртібімен үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін мемлекеттік қызметкерлердің жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскелері беріледі. Жер учаскелерін беру шарты ҚР үкіметімен анықталады.

Мелекеттік қызметкерлер және олардың жанұяларының мүшелері (олармен тұратын)  сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде беіткен тәртіпте медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік орган штатының қысқарып қалған жағдайда мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік органның 3ж. жоғары өтілімі негізінде төрт орташа айлық еңбекақы төленеді.

Мемлекеттік қызметкер қайтыс болған жағдайда оның жанұясының мүшелеріне 4 орташа еңбекақы мөлшерінде соңғы мемлекеттік органның қызмет орны бойынша бір реттік жәрдемақы беріледі, жәрдемақы бекітілген заңнан төмен болмауы керек.

6 Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметін тоқтату
    1. саяси мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығару және өз еркімен кетуі
    2. әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті тоқтатудың себептері

 

І. Отставка саяси мемлекеттік қызметкерлердің жазбаша өтініш негізінде сәйкес мемлекеттік қызметтегі міндеттерін орындауды тоқтату. Отставка қабылданады немесе мемлекеттік органмен келіспеушілік беріледі. Отставка немесе келіспеушілік туралы шешім жазбаша өтініш бергеннен кейін 1 ай мерзімде қарастырылады. Келіспеушілік жағдайында саяси қызметкер қызмет өкілеттілігін жалғастырып және қарастырылған заң бойынша жұмыстан шығару тәртібіне ие.

Саяси мемлекеттік қызметкерлер бекітілген конституциямен нақты заңмен және басқа да ҚР заңдары тәртібімен жұмыстан шығарылады. Қызмет өкілеттілігін терең бұзған, мемлекеттік қызметте болуына қайшы келетін жағдайлар саяси мемлекеттік қызмет отставкасына негіз болмайды ол жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығару негізі мен тәртібі ҚР Президентімен анықталады.

 

ІІ. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметін тоқтатуға төмендегілер негіз болады:

    • өз еркі бойынша жұмыстан кету туралы өтініш беру;
    • заңда қарастырған негіз бойынша немесе мерзім бойынша келісім шарттың мерзімінің аяқталуы;
    • әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер олардың мүліктері мен табыстары туралы мәліметтер;
    • заңда бекітілген міндеттер мен шектеулерді орындамау;
    • ҚР азаматтығын жоғалтқанда;
    • жемқорлықпен құқық бұзу;
    • әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурссыз келгендер;
    • аттестацияның төмен нәтижелері;
    • ҚР еңбек заңына негіз болатын басқа жағдайлар

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер заңсыз жұмыстан шығарылатын болса, онда ол өкілетті органға шағымдануға құқылы, сонымен бірге өз құқықтары мен еркіндігін қорғауға құқылы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік
  1. мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілігі
  2. мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тарту кезіндегі құқықтық кепілдіктер

 

І. Мемлекеттік қызметкерлерге жүктелген міндеттерді орындамағаны, қызмет өкілеттілігін асырғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны, заңдағы мемлекеттік қызметке келумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметкерлерге төмендегі ескертулер беріледі:

    • ескерту;
    • сөгіс;
    • қатаң сөгіс;
    • толық емес қызметі туралы ескерту;
    • қызметтен босату.

  Тәртіптік ескерту:

  • қызмет өкілеттілігіне сәйкес құқықтары бар азаматтарға беріледі;
  • ҚР құқықтық нормативтік актілерімен анықталған тәртіпте беріледі.

Тәртіпті бұзған мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер оның басшысымен бекіткен тәртіпте жауапкершілік туралы сұрақты шешкенге дейін уақытша қызметтік міндеттерінен алынады. Мемлекеттік қызметкер өз қызметінің заңсыздығы үшін жауапты жарлық орындау үшін құқықтық келіспеушілік болған жағдайда ол осы туралы жазбаша түрде өз басшысына немесе жарлық берген басшыға айту керек. Егер қызмет бойынша жоғарғы басшы осы жарлыққа жазбаша келісім берсе мемлекеттік қызметкер егер ол қылмыстық іске қатыссыз болса оны орындайды. Құқықтық емес жарлықты мемлекеттік қызметкер орындаған үшін жауапкершілікке осы жарлықты бекіткен басшы тартылады. Мемлекеттік қызметкер қылмыс және басқа құқықтық бұзғаны үшін бекіткен заң бойынша қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады.

 

ІІ. Мемлекеттік қызметкер оны тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуға міндетті. Мемлекеттік органның немесе қызметтегі тұлғаның іс-әрекеті мен шешімі өкілетті органның немесе сотпен жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкермен қаралуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 Мемлекеттік органдар жұмысын ұйымдастыру

  1. мемлекеттік органдар жұмысын жоспарлау
  2. қызметті бірдей бөлу
  3. коллегиалды мемлекеттік органның қызметі
  4. мемлекеттік органға қызмет құжаттарының келуі және қарау
  5. ақпараттық алмасуға қойылатын талаптар
  6. қызмет құжаттарын орындауды бақылау

 

І. Мемлекеттік органдар өздерінің қызметін кварталға, жылға және ұзақ мерзімді басымдықтарына құрылған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асады. Мемлекеттік органның жұмыс жоспары төмендегідей:

    • құрылымдық органдар бөлімшелері ұсынысы негізінде алдын ала құрастырылады және жоғары мемлекеттік органның жұмыстары жоспарының есебімен құрылуы мүмкін;
    • мемлекеттік органның жұмыс жоспары негізінде осы органның бөлімшелері өздерінің жұмыс жоспарын құрайды;
    • жоғары мемлекеттік органдар жұмысының жоспарына қатысты қарастырылатын сұрақтар тізімі төменгі мемлекеттік органмен ұйымдарға таратылады.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен