Мемлекеттің мәні мен басқару нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:52, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әр қилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігімен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі болып отыр. Осыған байлнысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзин «мемлетет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әртүрлі нысандармен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі»деп атап өтеді.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой Ақмарал.doc

— 153.00 Кб (Скачать файл)

Қоғамдық қатынастардың  құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер  арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім  беру, денсаулық сақтау салаларының  қызметін пайдалану  барысында туындайтын қатынастыр), саяси және рухани дамуын басқару.

Басқарудың  қоғамдық құбылыстарды қамту көлемі мен сипатына байланысты: қоғамды  басқару, мемлекетті басқару, кәсіпорын, ұйымдарды, фирмаларды басқару және т.б.

Мемлекеттік басқарудың өзіне   ғана тән ерекшеліктері оны   басқа басқа басқару түрлерінен  ерекшелеп  тұрады.  Ондай  ерекшеліктер  үшеу.  Мемлекеттік  басқаруда,  осы  аталған  басқару  түрін  жүзеге  асыратын  оның  субъектісі – мемлекет.  Мемлекет  анықтамаларының  айырмашылығына  және  оның  көп  қырынан  көрініс  табуына  қарамастан  барлық  зеттеуші-ғалымдар  бір ауыздан онда  шоғырланған билік күшін атап  өтеді.  Мысалы  М.Вебер: «Мемлекет дегеніміз адамдардың  легитимді күш қолдану арқылы  екінші  бір адамдарға үстемдік  етуі» - деп жазған.  Қоғамда адамдардың  тәртібінің   дұрыс  болуын  қамтамасыз  ететін  және  оған   мәжбүрлеу арқылы  қол жеткізетін  мемлекеттік құрылым туралы  пікір қалыптасты.

Сонымен  қорыта айтқанда  мемлекеттік  басқаруды  былай  деп  анықтауға  болады:  мемлекеттік  басқару – бұл мемлекеттің адамдардың  қоғамдық  іс-әрекеттерден  тәртіпке  келтіру,  сақтау  немесе  қайта құру  мақсатында  өзінің  билік күшіне  сүйене  отырып  практикалық,  ұйымдастырушылық және  реттеушілік әсері.  Әрине,  күрделі қоғамдық  құбылыстың  кез келген  анықтамасы  шартты   сипатқа  ие  және  жіктелуі  болады,  берілген  сипаттамаларға  кейбір  элементтердің  енбей  қалуы  мүмкін. Мемлекеттік  басқарудың  ұсынылып  отырған  анықтамасының  ерекшілігі  оның   жүйелі  ұйымдасқан  субъект  ретінде  басқарушы  әсерді  қабылдайтын  адамдардың  қоғамдық  өмірін,  мемо\лекет  пен  қоғамды  байланыстыратын   басқа  әсерін  біріктіруінде.

 

2.3 Мемлекттік  басқарудың  әдістемелік  негізі

Басқару  теориясының  және  оның  методологиялық  негізінің  кешенді  сипаты  саяси-әлеуметтік  және  саяси-құқықтық  өмірді  зерттеудің  объективтік және  субъективтік, әлеуметтік,  социологиялық және  жалпы ғылыми,  теориялық,  эмпирикалық әдістердің  жиынтығын айқындайды.

Объективті  және  субъективті  саяси-әлеуметтік  өмірдің  көрініс  ретіндегі   мемлекеттік  басқарудың  екі  ұдайылық  болмысы  оны  зерттеу  барысында  объективті  және  субъективті  әдістерді  қолдану қажеттілігін  тудырады.  Объективті  әдіс  зерттелуші  объектіні – мемлекет пен  оның  қызметін  қандай  да  бір  қөзқарас   тұрғысынан  бағалауды  қажетсінбейтін,  тарихи  қажетті  процесс  ретінде  сырттай  бақылап,  өзгеріссіз  қабылдауды  білдіреді.   Ол  зерттеуші  субъектінің  ой-пікріне  сүйенбей  басқарушылық  қызметтің  объективті  нәтижесін  талдау  арқылы  мемлекеттің   басқару  жүйесін  түсіндіру  әдісі.  Субъективті  әдіс  объектіні  адамдардың  өздері  ұйымдастырған  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  және  басқа  да  өмірлері  ретінде  қарастыруды  ұйғарады.  Егер  объективті  әдіс  танып-білуші  субъективтіге  тәуелсіз  болатын  объектіден  туындаса,  ал  субъективті  әдісте  объект  емес,  керісінше,  қоғамның  қандай  да  бір  мүшелерінің  ол  туралы  түсініктері,  зерттеушінің  қөқарасы  талдау  көзі  болып  табылады.  Субъективтік  әдіс  субъектінің ой-пікірі,  ұстанымы,  мүдделері арқылы  саяси-әлеуметтік  ақақатты  сипаттауға  және  түсіндіруге мүмкіндік береді.  Объективтік әдістердің  ішінде  нақты өмірдегі  құбылыстар  мен процестерді бақылау,  салыстыру,  қорытындылау  басқарушылық  қызмет  пен  қатынастардың  сипаттама  моделін  әзірлеу  әдісін  атап  өткен  жөн.

Мемлекеттік  басқару  мақсаттары  мен  функцияларын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  әдістерді  мазмұны  және  адамдардың  мінез-құлықтары  мен  мүдделеріне  әсер  ету  аспектініне  қарай  моральдық-этикалық,  әлеуметтік-саяси,  экономикалық  және  әкімшілік  деп  бөлеміз.

Мемлекеттік    басқару  адамдардың  әлеуметтік  қызметін  және  соның  негізінде  қалыптасатын   қоғамдық  қатынастарды  білдіреді.  Ол  әлеуметтік  ортада  жүзеге  асатындықтан  оған  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының  тигізетін  ықпалы  зор.  Сондықтан  мемлекеттік  басқаруды  ғылыми  танып-білуде  әлеуметтік  әдістер  қолданылады.  Себебі  саяси-әлеуметтік  талдау  мемлекеттік   органдардың  атқаратын нақты міндеттерін айқындайтын басқару сратегиясын әзірлеумен  және  әлеуметтік  қажеттіліктерді,  мүдделерді,  құндылықтарды анықтаумен  байланысты  болатын көптеген  теориялық және  тәжирибелік мәселелерді шешуге  мүмкіндік береді.  Саяси-әлеуметтік  әдістер адамдардың  еңбек,  тұрмыс  жағдайларымен,  оларға  әлеуметтік  қызмет көрсету,  қоғамдық  және  саяси белсенділіктерін  дамытумен,  билік процестеріне  қатысумен байланысты.аяси-әлеуметтік  әдістер адамдардың  еңбек,  тұрмыс  жағдайларымен,  оларға  әлеуметтік  қызмет көрсету,  қоғамдық  және  саяси  белсенділіктерін  дамытумен,  билік  процестеріне  қатысумен  байланысты.

Әлеуметтік  әдістер   басқару  жүйесі  мен  қоғамның  өзара  іс-әркететіндегі  кері  байланысты  оқып-үйренудің  негізгі  құралы  бола  отырып,  көбінесе  мемлекеттік  институттардың  қандай  да  бір  шешімдеріне  деген  халықтың  жеке  әлеуметтік  топтарының    көрініс табады.  Әлеуметтік,  оның  ішінде  эмпирикалық  әдістердің  көмегімен  экономикалық,  құқықтық  жүйенің,  мемлекеттік  чаясаттың  әлеуметтік  тиімділігі  анықталады.  Сонымен  қатар  бұл  әдістер  мемлекеттік  басқару  аясындағы  жеке  адамдардың  тәртібін,  іс-әрекеттерін  және  саяси  бағдарын  талдауға  мүмкіндік  береді.

Басқарушылық  қызмет  әдістерін  жеке  түрде  емес,  талғамды  түрде,  қоғамда  орын  алған  жағдайға  байланысты,  болған  оқиғаның  сипатына  және  адамдардың  тәртібінің  деңгейіне  қарай қолданған  жөн.  Сонымен  бірге  әрбір  әдістің өзінің  қолдану  шегі  бар,  осыған  байланысты мемлекеттік басқару  органдары өздерінің басқарушылық  қызметі  аталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Мемлекеттік  басқару  қағидалары  мен  объективті  және  субъективті  басқару  негіздері

 

3.1 Мемлекеттік   басқарудың  қағидалары мен  негізгі әдістері

Мемлекттік  басқару  жүйесінде қағида  заңдылықты,  қатынстарды,  элементтер  арасындағы  өзара  байланысты   білдіреді.  Соларға сәйкес  мемлекеттік басқару жүйесі  құрылып,  жұмыс істейді.  Қандай  да  бір қағидадан «бас  тарту» бүкіл   жүйенің  қалыпты қызметіне нұсқан келтіруі  мүмкін.  Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау  және   негіздеу  процесіне белілі  талаптар  қойылады:  а) мемлекттік  басқарудың  кез келген  емес,  тек ең  маңызды,  басты,  объективті,  қажетті заңдылықтарын,  қатынастары   мен  өзара  байланыстыратын  білдіру;  ә) мемлекеттік  басқарудағы тек  тұрақты  заңдылықтарды  сипаттау; б) мемлекеттік  басқарудың  өзге  басқару  түрлерінен  ерекшелігін  білдіру.

Мемлекеттік  басқару  қағидаларының  ерекше  белгілерін  де  атап өткен  жөн:  ұл  олардың  диалектикалылығы,  жүйелілігі,  басқарушы  субъектінің біліміне  байланыстылығы  және  қағидалардың  өзара  байланыстылығы.

Отандық  және  шетелдік  ғалымдар  басқару  қағидаларын  жүйелеу  мен  жіктеуге  әр  түрлі көзқарастар білдіреді.  Олар  мемлекеттік басқарудың  ерекшелігін ескере  отырып  басқару қағидаларының жүйесін үш  топқа бөледі:

1) жалпы  ортақ   қағидалар:  жүйелік,  объективтілік,  өзін-өзі  реттеу,  кері  байланыс,  оңтайлылық,  құқықтық  реттілік (заңға сәйкес   келу);

2) қоғамның  түрлі  салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани)  және  әр  түрлі  қоғамдық  құбылыстарды,  ұйымдарды,  институттарды  талдау  барысында  қолданылатын  жекелеген   қағидалар; 

3) мемлекеттік   басқарудың  ұйымдастырушылық-технологиялық  жақтарын  қарастыратын  ұйымдастырушылық-технологиялық  қағидалар. 

Бұл «жіктеу» соңғы  емес.  Ғылыми әдебиеттерде  мемлекеттік  басқару қағидалары жүйесінің көптеген  түрі келтірілген,  олар  шектеулі  емес. Сондықтан  мемлекеттік  басқару  тәжірибесінде қолданылатын  барлық  қағидаларды қамту  мүмкін  емес.  Осыған  байланысты  мемлекеттік басқару ісінде  барынша  маңызды  болып  табылатын  қағидаларға  ғана  тоқталғанды  жөн  санаймыз.

Қоғам  күрделі  жүйе  болып  табылатындықтан  басқарудың  негізгі  қағидасы  ретінде  жүйелік  қағидасын  атауға  болады.  Қоршаған  ортамен  өзара  әрекетінің  сипатына  қарай  жүйелер  жабық  және  ашық болады.  Сол  сияқты  қоғам да  жабық  және  ашық  болуы  мүмкін.  Жабық  қоғамда  басқару  объектісі  мен  субъектісі  арасында  кері  байланыс  үлкен  мәнге  ие  болмайды.  Мақсатқа  жету  үшін  мұндай жүйенің  дамуын басқару  директивті  басқару  қағидасына  сүйенеді.  Мұның  айқын  мысалы  кеңестік  жоспарлы  жүйе.  Оның  салдарынан  қандай   болғаны  белгілі.  Нәтижесінде  кеңестік  директивті-жоспарлы  экономика  мейлінше  тиімсіз  болып  шықты.  Екінші  түрі – ашық  қоғам,  дамудың  қатаң  белгіленген  варианты  тән  емес  және  мақсатқа  жету  қағидасы  ретінде  терминалдық  басқару,  яғни «қоғалысты»  дамуды  еркін  бағдарламалау.

 

3.2 Мемлекеттік  басқарудың  объективті  қажеттілігі

Қоғамды мемлекттік  басқарудың  объективті  қажеттілігі  жалпы  тарихи  және  әлеуметтік-саяси,  сонымен  қатар  нақты  қоғамның  тек  өзіне  тән факторлардан  туындайды.  Аталған факторлардың  бірінші тобы  мемлекет  болмысымен  байланысты.

Қазіргі  ғылыми  деректерге  сәйкес  алғашқы  мемлекет  адамдар  қауымдастығының  өмір  сүру  шартына  айналған  еңбек  қызметінің  жаңа  нысандарын,  өндіруші  экономиканың  қызмет  етуін  ұйымдасқан  түрде  қамтамасыз  ету  үшін  пайда  болады,  деп  жазады  профессор  А.Венгеров.  Осыдан  келіп,  ең  алдымен,  қоғамға  ақпараттық  қызмет  көрсетуді  көздеген  басқарушылық  (жұмытар  туралы  әр  түрлі мәліметтер  жинақтау  және  т.б.)  функция туындайды.

Топтар  мен  жіктерге  әлеуметтік  бөліну  және  оларға  тән  қарама-қайшы  мүдделер  мен  қайшылыққа  толы  өзара  қарым-қатынастар  мемлекеттің  саяси функциясына – қоғамдық  және  әлеуметтік  қатынастарды  реттеуге деген  қажеттілікті  туғызды.  Мемлекеттік  аппаратта  ерекше  дәрежелі  топтар  шоғырланғандықтан  әлеуметтік  реттеу  функциясы  негізінен  осы  топтардың  халықтың  қалған  бөлігіне  үстемдік  орнатуын  қамтамасыз  етіп  отырды.  Осы  функцияны  орындау  сәтінен  бастап  мемлекет  саяси  институтқа  айналады.

Мемлекеттік  басқару  саяси  бірлестікке  біріккен  адамдардың  ортақ  ерік- мүддесін  білдіретін  орталықтандырылған  билік  арқылы  жүзеге  асты.  Халық  сайлайтын  немесе  билікті  мұрагерлікпен  алатын  бделді  тұлғалар  тобы  тікелей  билікке  ие  болды.

Бүгінгі  таңда  аталған  факторлардың  ешқайсысы  да  ұтымды  басқарудың  заңды  негізі (детерминанта)  ретінде өз  мәнін жоғалтқан емес.  Керісінше,  олар  күрделене түсуде.  Қоғамның  көптеген  басқа да  оьъективті  қажеттіліктері  қалыптасты,  ал  ол  қажеттіліктерді кез-келген  мемлекет  тек адамдардың  біріккен  қызметі мен қоғамдық  қатынастардың жаңа  түрлерін және  формаларын  саналы  түрде ұйымдастыру мен басқару  арқылы  қанағаттандыра  алады.  Осыған  орай  ғылым  мен  техника  саласындағы,  ақпараттат  жүйесіндегі  жаңалықтар   бірінші  кезекте  адамның  қауіпсіздігін,  оның  өмір  сүру  ортасын  сақтау  мәселесін  алға   тартып  отырғанын  айта  кеткен  жөн.  Қоғамның  жаңа  өндірістік-техникалық  және  экономикалық  базисі  әлеуметтік  құрылымның,  қоғамдық  еңбек  бөлінісінің,  әлеуметтік  институттардың,  адамдар  қажеттіліктерінің  мазмұны мен  құрылымының,  олардың  арасындағы  байланыстың  сапалы  тұрғыдан  өзгеруіне  себеп  ьолды,  Жаңа  қарама-қайшылықтар  мен қақтығыстар туғызады.  ХХ ғасырдың  екінші  жартысы мемлекеттердің  адам  құқығы  мен бостандықьарын  қорғау мәселелерін шешуге  басты назар аударып,  әлемнің көптеген  елдерінде демократиялық  режимдердің  орнығуы  мен  даму  кезеңі  болып  табылады.

Әрбір  ел  үшін  аталған  мәселелердің  белгілі  тарихи  кезеңмен  байланысты  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Егер  басқарушы  күштер  өз  қызметтерінде  жалпы  даму  заңдылықтарын  білуді  басшылыққа  алуға  қабілеттілік  танытпаса,  сондай-ақ  өздері  басқарып  отырған  халықтың  жағдайын,  даму  деңгейін,  дәстүрін,  оның  үміттерін  ескермесе  онда  қоғамды басқару  өзінің алдында  қойған  міндеттерін  толық  атқара алмайды.

 

3.3  Мемлекеттік  басқарудың объективті  және  субъективті басқару  қажеттілігі

Мемлекеттік  басқарудың  объектісі  мен  субъектісі  жөніндегі  мәселе  мемлекеттік  басқару  теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі  болып табылады.  Оны шешу – мемлекеттік  басқарудағы  субъект  пен  объект  қатынастарын  түсінуге  және  объектінің  демократиялық  сипатын  қамтамасыз  етуге   мүмкіндік  береді.

Бұл  мәселеде  ешқандай  проблема  жоқ  тәрізді:  басқару  субъектісі – мемлекет  деген  түсінікті  анықтап  алу қажет (өйткені мемлекет  ұғымына әр  түрлі анықтама  беруге  болады):  субъект ретінде біз мемлекетті  немесе  адамдардың  саяси одағын  қарастырамыз  ба,  әлде  саяси-құқықтық  институт  ретіндегі мемлекетті  қарастырамыз  ба?  Деген орынды  сұрақ туындайды.  Соңғысын,  яғни  саяси-құқықтық  институт  ретінде мемлекетті  біз басқару субъектісі  ретінде қарастырамыз.

Жалпы, «кім  басқаруға тиіс»   деген сұрақ ежелден келе  жатыр.  Бұл сұоақты ертедегі  грек  философы  Платон  қойған.  Демократияны  жақтаушылар  халық  басқаруға  тиіс  деп  санаса,  элитарлық  демократияның  өкілдері  басқару  міндетін  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  дайындықтан  өткен  элитаны  басқару  субъектісі  деп  білді.  Авторлық  режимді  қорғаушылар  мемлекет  пен  қоғамды  таңдаулы  тұлғалар – көсемдер  мен  лидерлер  басқару  керек  деп  есептейді.

Мемлекеттік басқару  теориясында  субъект  түсінгі  біржақты  емес.  Сондықтан  саясат  сбъектісі,  мемлекеттік  басқару  субъектісі,  лауазымды  қызмет  субъектісі  түсініктерін  ажыратып  алу  керек.  Оларды  ажырату  шарттары  мынадай:  мемлекеттік  билікке  қатынасына  қарай  және  басқару  функциясын  жүзеге  асыру  сипатына  қарай.

Саясат  субъектісі  деп  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы  болып  табылатын  және  тікеоей  немесе  өкілдері  (мемлекеттік  биліктің  заң  шығарушы  органдары  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары)  арқылы  өзінің  билігін  жүзеге  асыра  отырып,  мемлекет  пен  қоғамды  басқаруға  қатысатын  субъектіні  айтамыз.  Оған  халық,  оны құрайтын  әлеуметтік  топтар (халықтың  көрнекті  өкілдері,  еңбек ұжымдары,  қоғамдық-саяси ұйымдар және  тағы  басқа қоғамдық  бірлестіктер)  жатады.  Олар  тікелей немесе  өз  өкілдері  арқылы  маңызды саяси мәселелер бойынша  шешім  қабылдауға  қатысады.  Билік  құрылымдарының  өкілдерін  сайлау  және  референдум – осындай  шешім  қабылдаудың  негізгі процедуралары болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттің мәні мен басқару нысандары