Педагогикалық менеджмент және басқару ұғымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 11:39, реферат

Краткое описание

Педагогикалық менеджменттің бірден-бірнегізі мектепшілік басқару болып табылады. Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды

Содержание

Педагогикалық менеджмент

Басқару ұғымдары

2.1 Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы

2.2 Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

2.3 Білім беру мекемелерінің дербестігі.

2.4 Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

2.5 Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Вложенные файлы: 1 файл

Пед менеджмент жане баскару угымы.doc

— 67.00 Кб (Скачать файл)

Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуі білім  жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.

Мемлекетсіздендірудің мәні мемлекеттік білім беру жүйесімен  бірге мемлекеттік емес білім  мекемелерінің де құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттік ақпарат құралына енбейді, мұғалімдер мен тәрбиешілер, оқушылар мен ата-аналар өздерінің жеке мүдделері, аймақтық, ұлттық, кәсіптік, діни бірлестіктің, топтың мүддесіне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тілінен алғанда көптүрлілік, дамудың жан-жақтылығы) бір мезгілде білім беру мекемелерінің бірнеше типінің қатар дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын, мемлекеттік емес білім беру мекемесінің бірқатар ерекшеліктері болады. Ондай мекемені басқару тікелей оның құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесі іске асырады. Мемлекеттік емес білім мекемелерінің қамқоршылар кеңесінің өкілеттілігі, басқару құрылымы, мекеменің басшысын сайлау, тағайындау тәртібін айқындайтын өз жарғысы болады.

 

 

2.5 Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

 

Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.

Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.

Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.

Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.

Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке  тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,1994.

Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық  тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының  әдістемесі. -А., 1999.

Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.

Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.

Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық  негіздері. -Алматы, 1997.

Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.

Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.

 

 

 


Информация о работе Педагогикалық менеджмент және басқару ұғымдары