Персоналды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 11:49, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Менеджмент және кадрларды дайындаудың теориялық негіздері.......5
Менеджер туралы түсінік және оның маңызы...............................................5
Жұмысшылар мен қызметкерлердің «өмірлік жал» жүйесі..........................7
1.3 Басқару стилінің түсінігі...................................................................................9


Жапонияда персоналдарды басқару..........................................................11
2.1 Басқарудың жапондық типінің түрлері.........................................................11
Жапония мемлекетінде кадрларды дайындау ерекшеліктері.....................13
Жапондық менеджментте қызметшілерді басқару жүйесі..........................16
Жапондық кәсіпкерлердің басқару жүйесін ұйымдастыруы......................18

Жапондық және американдық менеджменттерді салыстырмалы сараптау және жетілдіру.....................................................................................20
Еңбекке ақы төлеу және ынталандыру ерекшелікері..................................20
Жапония мен АҚШ мемлекеттерінде менеджер кадрларын дайындау және қайта дайындау......................................................................................................21
Шетел кәсіпорындарында персоналды стратегиялық басқару тәжірибелері және жетілдіру жолдары.......................................................................................25
Американдық және жапондық басқару үлгілерін салыстырмалы сипаттау арқылы жетілдіру....…………………………...…………………….…………..27

Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

персоналды басқару.doc

— 227.00 Кб (Скачать файл)

Басқарудың жоғары сатыларында  стратегиялық сипаттағы мәселелер  шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы мен тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік  пен нормативтік материалдарды жасау тапсырмалары қалыптасады, оның орындауына бақылау қойылады және кадрлармен жұмыс істеу бойынша барлық бөлімшелерде жалпы жетекшілік жасайды.

Қазіргі жағдайда кадрлық  қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы және үйлестіруші  болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын, еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды қадағалауы керек.

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынасының құқықтық аспектілері

 

Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға.

Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.

Жұмыс беруші мен қазметкер  арасындағы еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарында қабылданған, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес бекітілген, жеке немесе ұжымдық келісім шарттармен, құқықтық нормативті актілермен реттеледі.

 

 

    1. Жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі міндеттемелері және  құқықтары

 

Қызметкерлердiң  негізгi құқықтары мен мiндеттері

1. Қызметкердiң құқықтары:

  1. жұмыс берушiмен осы Заңда белгiленген тәртiппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
  2. тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға;
  3. қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына;
  4. егер басқа заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға немесе басқа да қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен мүше болуға;
  5. демалысқа;
  6. өзiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
  7. кепiлдiктер мен өтемақылар алуға;
  8. еңбек дауларын тараптардың келiсуiмен немесе сот тәртiбiмен шешуге;
  9. жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамның өкiлеттiгiн растауды талап етуге;
  10. ұжымдық шартпен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен танысуға;
  11. өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.

2. Қызметкердің міндеттері:

  1. жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актiлерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;
  2. еңбек тәртiбiн сақтауға;
  3. жұмыс процесiнде жұмыс берушiге мүлiктік зиян келтіруге жол бермеуге;
  4. еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;
  5. жеке еңбек шартына сәйкес өзiне сенiп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
  6. адамдардың өмiрі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қатер төндiретiн ахуал туындағаны туралы хабарлауға;  2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен
  7. тармақшамен толықтырылды
  8. мін<span class="

Информация о работе Персоналды басқару