Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2012 в 21:36, реферат
Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені
«Франчайзинг» термині француздың
«franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен
қатар салық пен жарналардан
босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің
қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы
мен терминінің мағынасы батыс және
отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген.
Франчайзингтің бастапқы пайда болу
мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен
қызметтерді сату, сатылған күрделі
тауарларға сервистік қызметтер
көрсету қажеттілігіне
Дамыған елдерде франчайзинг
тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге
деген қажеттіліктерін
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:
– бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;
– ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;
– кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;
– жеңілдікті кәсіпкерлік.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».
Франчайзинг – көптеген
франчайзилер желілерін және территориялық
дамудың жетілген технологияларында
қалыптасқан серіктестік
Франшиза
компоненттері
Франчайзер
Франчайзинг-тің бағдарла-масы
Тұтынушыны жұмылдыру
Франчайзи
Т ұ т ы н у ш ы
Өндіріс пен тұтыну техно-логиялары
Келісім-шарт -тық, қаржылық қатынастар
Тауарлар, қызметтер
Келісім-шарт -тық, қаржылық қатынастар
Франшиза компонентері
Франчайзинг жүйесін қалыптасстырудың ұйымдық-экономикалық механизімі.
Франчайзингтік қарым – қатынастардың жүйесі
Оқыту және дайындау
Қаржылық көмек
Маркетингтік көмек
Басқарудағы көмек
Шапшаң көмек
Сәтсіздіктің төмен проценті, тәуекел деңгейінің төмендеуі
Кемшіліктер
Франчайзингтік төлем
Өсімді шектеу
Тәелсіздікті шектеу
Әрекетті шарт мерзімімен шектеу
Тек бір жеткізуші франчайзермен ғана жұмыс істеу мүмкіндігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму болашағына байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:
1. Франчайзинг бүкіл әлем деңгейінде кеңінен таралған, әсіресе Қытай, АҚШ, Жапония, Канада, Германия, Франция және Бразилия елдерінің компаниялары осы салада көшбасшылар болып табылады. Франчайзингті қолданудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар франчайзингтік қатынастардың Қазақстандағы даму тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде өзіндік бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік технологиялар белсенді пайдаланылатын сала – қызмет көрсету саласы екендігі айқындалды.
2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде франчайзингтің түрлері, нысандары, нарық саласы мен ауқымы, әдістері, келісімнің ұзақтығы мен қызмет көрсету көлемі сияқты көптеген белгілері топтастырылып, толық жіктемесі жасалды. Ұсынылған жіктеме бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік моделінің жалпы даму шеңберіндегі қолданыста бар жіктемелік критерилерді толықтыруға және олардың жаңа көрсеткіштерін енгізуге мүмкіндік берді.
3. Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіненді.
4. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы франчайзингтің қазіргі даму жағдайы, отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика салаларындағы үлес салмағы анықталды. Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 6,8 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, еліміздегі франчайзингтік бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады. Осы мәліметтерге сәйкес франчайзингтік бизнестің Қазақстандағы қарқынды даму салалары, сублицензиялық сипаты, шетелдік франчайзерлер санының басым болуы сияқты негізгі ерекшеліктері айқындалып, оларды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерліктің осы нысанының кластерлік бағдарлама тұрғысынан келешектегі даму бағыттары дамытылды.
5. Алматы қаласы мейрамхана қызметін тұтынушылардың талғамы мен қалауын зерттеу нәтижесінде мейрамхананы таңдаудағы басты факторлар тағамдардың дәмдік қасиеттері мен бағасы және қызмет көрсету сапасының деңгейі екені анықталды. Сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындардың мамандарына жүргізілген зертеулер нәтижелері қоғамдық тамақтандырудағы франчайзингтік кәсіпорындардың мақсаттарын іске асыруына кедергі болатын қаржы қаражаттардың жетіспеушілігі, мекемені жалға алу шарттары, заңның тұрақсыздығы, салықтардың жоғары болуы, несие беру шарттары сияқты факторлар айқындалы. Жүргізілген маркетингтік зерттеулер франчайзингтік компанияларды осы ақпараттармен қамтамасыз етіп, соның нәтижесінде олар нақты басқару-ұйымдастырушылық шешімдер қабылдап, қажетті маркетингтік шаралар әзірледі.
5. Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзингтік жүйені қолдану арқылы өз қызметтерін жандандыру мен нарықта дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын айқындау үшін баға берілді. Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны белгілі болы.