Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 06:52, отчет по практике
«Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.» Қонақ үй-қонақтарды күтуге түнеуге арналған жиһаздалған үй, онда келесідей мақсаттармен баруға болады: іскерлік, танымдық, білім алу, сауда-саттық, этникалық, діни, спорттық. Номерлермен қосымша қызмет ұсыну қонақ үй белгілерінің бірі болып табылады. бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.
I
I. Қонақ үйдің жалпы сипаттамасы.
«Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.» Қонақ үй-қонақтарды күтуге түнеуге арналған жиһаздалған үй, онда келесідей мақсаттармен баруға болады: іскерлік, танымдық, білім алу, сауда-саттық, этникалық, діни, спорттық. Номерлермен қосымша қызмет ұсыну қонақ үй белгілерінің бірі болып табылады. бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.
II. қонақ жайлылық индустриясы.
Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр.Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді.Ал туризм болса , әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді.Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді .Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді.бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының , оның ішінде , қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп,халықтың танымдық деңгейін көтереді. Қазақстанның туризм саласында келесідей қайта құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда , кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда.Қазақстандық туризмнің стратегиялық міндеті-туристік қызметтердің жалпы көлемінде келу туризмінің үлесін арттыру.
Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатаынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда.Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-қазіргі кезде қонақ үй бизнесінде кездесетін проблемаларды анықтап,оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонакқ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Атаулы қойылған мақсаттан мақсаттан келесі міндеттер анықталады:
• экомика саласы ретінде қонақ үй бизнесінің мәнін және ерекшеліктерін анықтау;
• қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін және оны анықтайтын факторларды анықтау;
• қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау;
• қонақ үй кәсіпорны ұсынатын қызмет жиынтығының ерекшеліктерін зерттеу;
• ұтымды технологиялар мен маркетингтің тиімді құралдарын пайдалану арқылы кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.
Берілген жұмыста орналастыру құралдары мен нөмірлердің негізгі жіктелімі, Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, қонақ үй бизнесіні қазіргі жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген. “Қазақстан” қонақ үйі мысалында басқару құрылымы немесе қонақ үйдің негізгі қызметтеріне сипаттамалар келтірілген.Сонымен бірге қонақ үйдің экономикалық , соның ішінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсететін нөмірлер жүктемесі, табыс , пайда , шығындар ,рентабельділік сияқты көрсеткіштер көрсетілген.
“Қазақстан” қонақ үйінің тұтынушылары зерттеліп ,олардың негізгі сұранымдары анықталды.
Қазіргі нарықта бәсекелестіктің өршелене түсуі жағдайында бәсекелестердің қызметіне талдау жасау маңызды орынға ие болады , яғни өзінің қызметін негізгі бәсекелестер қызметтерімен салыстырып отырып,артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға болады.
Артықшылықтар мен кемшіліктерді ескере отырып қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында , кіршіксіз беделді қалыптастыруда , басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруде маңызды аспект ретінде менеджмент және маркетинг құралдарын пайдалану ұсыныстары жасалынған.
III. Қонақ үйлердегі өрт қауіпсіздігінің ережелері.
1.Нөмірде электр қыздыру
құралдарын пайдаланбаңыздар.
2. Нөмірден кеткенде теледидарды, радиоқабылдағышты,
ауа баптағышты, жарықтандыру шамдарын
сөндіруді ұмытпаңыздар.
3. Төсекте шылым шекпеңіздер, шылымды
сөндіруге күл сауытты пайдаланыңыздар.
4. Нөмірде жеңіл тұтанғыш материалдарды
сақтамаңыздар.
5. Қонақүйдің бар сатылар мен шығулардың
орналасқан жерін жақсылап жаттап алыңыздар.
IV. Қонақ үй шаруашылығы облысындағы басты түсініктер мен анықтамалар.
Қонақ үй индустриясы экономикалық қызмет түрі секілді өзіне қонақ үйде, мотельде, кемпингте, пансионаттарда және сыйақыға басқада орналастыру орындарында қысқа уақытта тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді қосады. Орналастыру түсінігінің астында адамдардың уақытша тұруға арналған кез – келген объектті жатқызуға болады.
ГОСТ КР 50645 – 94 «Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлер класификациясы» жарлығына сәйкес қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс. Басқа да нормативті құжаттарда – «ҚР – дағы қонақ үй қызметін көрсету ережелері» ҚР – ның қаулысында бекітілген қонақ үйге келесідей анықтамалар береді: «қызмет көрсетуге арналған мүліктің комплекс (ғимарат, ғимарат бөлігі, басқа да мүлік немесе құрал - жабдық)». Қонақ үйлер келесідей белгілермен сипатталады: берілген нақты саннан асатын номірлерден тұрады, біртұтас басшылыққа ие;түрлі қонақ үй қызметтерін ұсынады;елдің стандарттарына ие, көрсетілетін қызмет түріне байланысты класқа және категорияларға топтастырылған;Қонақ үй кәсіп орындарын сыйымдылығына, тұру орнының санына және номірлердің санына байланысты ажыратады.
Нөмір – қонақ үй категориясына сәйкес, талаптарға сай, бір немесе бірнеше орыннан тұратын бөлме.
Жатын орын – бір адам тұтынуға арналған, жатақ орналасқан алаң.
Халықаралық іс – тәжірибеде Бүкіл Әлемдік Туристік ұйым эксперттерімен талқыланған, орналастыру құралдарының стандартты классификациясы қабылданған.
Осыған сәйкес барлық орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.
Ұжымдық орналастыру құралдары қонақ үй типтес және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.
ГОСТ ҚР 51185 – 98 «Туристік қызметтер.
Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.»
жарлығына сәйкес қонақ үй типінің ұжымдық
орналастыру құралдарына келесілер жатады:қонақ
үйлер;мотельдер;тұруға арналған клубтар;пансионаттар;
Мамандандырылған орналастыру құралдарына – орналастыру қызметін ғана емес, сонымен қатар арнайы бір мақсаттағы қызметті орындауға арналған объекттер жатады. Мұндай орналастыру құралдарына келесілер жатады:
санаториялар;
профилакториялар;
демалыс үйлері;
туристік тұрақтар;
туристік, спорттық базалар, демалыс базалары;
аңшылар үйі;
конгресс - орталықтар;
кемпингтер;
ботельдер;
флотелдер;
ротельдер;
Жеке орналастыру құралдарына келесілер жатады: пәтерлерден бөлмелер; үйлер; котедждер; жалға берілетін үйлер.
Сонымен орналастыру құралдарының кейбір атауларына анықтамалар бере кетсек: Мотель – автотуристерге қызмет көрсетуге арналған қонақ үй түрі.Ботель – судағы кішігірім қонақ үй.Флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес – турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда. Ротель – қозғалмалы вагон – қонақ үй.Кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)Санаторий – табиғи ландшафтты аймақта орналасқан, емдік – сауықтыру орталығы.Флайтель – Аэроқонақ үй немесе «ұшатын қонақ үй». Әдетте өте қымбат және қонақ үйдің мұндай түрі көп кездесе бермейді. Қону алаңымен және метео қызметтермен байланыста тұрады.Пансионат – қарапайым стандартарға және шектеулі қызмет спекторына жауап беретін кәсіпорын. Кәдімгі қонақ үйлерден айырмашылығы, мұнда таңғы ас, кешкі және түскі ас ұсынылады (яғни – «full board»). Дегенмен бұл қызмет тек тұрғындарға ғана көрсетіледі.Отель – гарни – клиенттерге тек қана шектеулі қызмет: орналастыру және таңғы ас ұсынатын кәсіпорын.
Сонымен қатар қонақ үйде қолданылатын қонақ үй нөмірлеріне байланысты қосымша түсініктерді атап көрсетуге болады:
double twin – бұл екі жатағы бар нөмір.
king size – жанұялық жұптарға арналған үлкен жатағы бар бөлме.
extra bed – екі орынды нөмірде қосымша жатақ.
triple – екі жатағы және диваны бар бөлме.
single – бір орындық нөмір. Кейде жалғыз келген туристерді екі орынды бөлмеге орналастырады. Бұл нұсқа "double for single use" деп аталады.
junior suite – екі орынды жақсартылып жасалынған нөмір.
de luxe – дәл осындай бөлме, бірақ аса қымбат жасақталған.
suite – жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған жатын және қонақ бөлмесі бар нөмір.
business – жұмысқа арналған факспен және компьтермен жабдықталған үлкен нөмір.
family studio – үлкен жанұяға арналған екі бөлмелі нөмір.
president – қонақ үйдегі ең қымбат нөмірлердің бірі, бірнеше жатын бөлме, кабинет, екі – үш әжетхана орналасады.
penthouse – онақ үйдегі ең жоғарғы қабатта орналасқан нөмір, әдетте жоғары ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
фронтдеск – туристер тіркеуден өтетін орын.
all inclusive – орналастыру және тамақтануға берілетін тариф.
1.3 Қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу және қонақ үй типологиясы
Қонақ үй – қызмет көрсетуге және өндіріске арналған (қонақ үй өнімін), аса ауыр шаруашылықтық және мүліктік коплекс (ғимарат немесе ғиматар бөлігі, құрал – жабдық және өзге мүлік).
Қонақ үйді қонақ үй индустриясының кәсіпорны ретінде келесі белгілердің көмегімен сипаттауға болады:
нөмірлердің санымен (минималды санының болуы немесе болмауы);
көрсетілетін қонақ үйлік қызметтердің түрлері;
елде қабылданған стандарттарға сәйкес көрсетілетін қызметтердің түріне
байланысты класқа және категорияға бөлу.
Қонақ үйлер сыйымдылығына, бөлме саны және орынның санына байланысты ажыратылады.
Қонақ үйлердің екі басты топқа бөлінеді: үнемі тұруға және уақытша тұруға арналған. Жоғарыда айтып кеткендей бұлардың өзін өз кезегінде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.
Ұжымдық орналастыру құралдары. Ұжымдық орналастыру құралдары түсінігінің астында саны оннан кем емес, клиенттерге тұру және орналасу бойынша үнемі қызмет көрсетіп отыратын, бір билікке бағынатын кез келген кәсіпорынды айтамыз.
Ұжымдық орнластыру құралы орналасқан ғимарат, қажетінше таза және талапқа сай жабдықталған болуы тиіс. Ғимарат жанындағы территория жабдықталған, жарықтандырылған, тазалығы сақталынған, автомобильдерді қысқа уақытқа қоюға арналған тұрақ алаңы болуы керек, сондай – ақ қонақ үйге кіре берісі жамылғымен жабылған және қонақ иүй атауы бар маңдайша болуы тиіс. Барлық қызмет көрсету ұйымдары әкімшілікпен немесе басқарушының қадағалауында болуы керек. Ұжымдық орналастыру құралының ғимараттары қызметтер атауы мен жұмыс уақыты көрсетілген визуалды ақпарат құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Персонал, өз кезегінде қонақтарды қабылдауда немесе қызмет көрсетуде үлкен рөль атқаратын тұлға.Оған қойылатын негізгі талаптар шет тілін меңгерген, профессионалдылығы жағынан дайын, сыпайы, қызмет этикеті ережелерін сақтауы, сырт келбеті сүйкімді және жеке бас тазалығын сақтауы керек, үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы керек.
Нөмір немесе орынға келген турист виза және құжаттарын көрсете отырып немесе алдын ала брондалғандығы жөнінде құжаттарын көрсете отырып ие болады.
Ұжымдық орналастыру құралдарының жұмыс уақыты – тәулік бойы.
Бос орындар болған жағдайда келушінің тілек талабы бойынша екі немесе үлкен бөлме беруге болады, әрине нөмірдің толық құнын өтегенде.
Ұжымдық орналастыру орнында тұру құны жергілікті жердің сағаты бойынша есептелініп өткен тәуліктің 12 сағатына төленеді.Төлем құны турист кешігіп келуіне байланысты өзгермейді. Егер туристің ұшағы кешігіп жатса онда талабы бойынша сағат бойынша есептелініп алынады. 7 жасқа дейінгі балалардан төлем ақы алынбайды, егер ата – анасымен бір бөлмеде тұрса. Егер қосымша орын алатын болса 50% төленеді.
Ұжымдық орналастыру орнында тұрақтаған туристерге жеке заттарының сақталуы кепілді түрде, тұрғындардың ережелерді сақтағанына байланысты. Сонымен қатар туристер бөлмені босатқаннан кейін де жүк қойатын орынның бар болуы.
Тұрғындардың сақтауға бермеген құнды заттар мен ақшасы үшін қонақ үй әкімшілігі жауапкершілік тұтпайды. Егер бөлмеден жоғалған заттар болса, жедел тұрде қонақ үй әкімшілігін хабардар ету керек.
Барлық ұмытылып кеткен заттар, қонақ үй әкімшілігіне акт бойынша беріліп, сақтау камерасына қойылады және егесіне жеткізудің барлық амалын жасауы керек.Егер егесі табылмаса, онда 6 ай ішінде (шет ел туристері үшін 1 жыл) ережеге сай таратылады.
Сондай- ақ тіркеу орнында және ресторанда тілек – талаптар және арыз кітабы болуы керек.
Қонақ үйдегі барлық тұрғындар, бірдей талптарға ие және келесідей міндеттерді сақтаулары тиіс:
Қонақ үйде бекітілген тұру ережелерін;
санитарлық және өрт қауіпсіздігін қатаң түрде сақтау;
нөмірді босатқанда есікті жауып, кілтті өткізу;
басқа тұрғындардың мазасын алмау және шуламау;
заңарға сәйкес қонақ үй мүлкіне зақым келтіргенде құнын төлеу.
Ұжымдық орналастыру орнында кез – келген демалушы бүкіл қызметті кезектен тыс ала алады. Ал кейбір қызметтер әкімшілік бекіткен бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Ұжымдық орналастыру орнындағы қоғамдық орындағы және бөлмедегі тазалықты қонақ үй әкімшілігі қатаң түрде бақылап отырады.
Қонақ үй кәсіпорындарын орналасуына, көрсетілетін қызметтің деңгейіне және қызметтердің ауқымына қарай жүйеленеді. Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның жүйесіне сәйкес:
орналастырған орнына қарай қонақ үйдің келесідей түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады:
қала орталығында орналасқан қонақ үйлер;
жол бойындағы, ережеге сай ашық автотұрақтарымен бірге аз қабатты қонақ үйлер;
қала шетінде және әуежайларда орналасқан қонақ үйлер;
Жүзбелі отельдер – бұл қонақ үй етіп жасалынған, теңіз, өзен немесе көл