Салык механизми

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 20:54, дипломная работа

Краткое описание

Салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………….…………….3
I. Салық механизмінің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
1.1 Салық механизмі-қаржы механизмінің құрамдас бөлігі............6
1.2 Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама..............................................................................................10
II. Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
2.1 Қазақстан Республикасында салық механизмінің қызмет ету ерекшеліктері...............................................................…………….…19
2.2 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін кұраудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы Салық Комитеті бойынша)..……………………………………………..…..39
III. Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдары
3.1 Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі....….............................................................................53
3.2 Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдарындағы түйінді мәселелері......................................................64
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................…….68
ӘДЕБИЕТТЕР................................................………………………..70

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-салық-механизмі.doc

— 372.00 Кб (Скачать файл)

 

 

1-ші кестеден көріп  тұрғандай мемлекеттік бюджет  кірісіндегі салықтық түсімдер  жылдан жылға артып отырғанын  көруге болады, оның себебі салық  механизмінің тиімді жұмыс жасауында. 2003 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістерінде ең үлкен салықтық түсімдердің ішінде корпаративтік табыс салығы оның үлесі 26.3%, және ҚҚС 25.5% алып отыр.

Қазіргі таңда біздің елімізде нарықтық экономикалық қатынастардың белсенді даму жағдайында жергілікті бюджеттер мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыруда елеулі орын алуда. Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады. Жалпы мемлекеттік ақшалай қаржыларды бюджет жүйесі буындарының арасында бөлінуі негізінде жергілікті бюджеттердің өз алдына дербестілік принципі қалыптасады. Осы принциптерге сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістері бекітілген және реттелетін кірістерден құралады.

Жергілікті бюджет кірісіндегі салықтық төлемдерге экономикалық талдауды қалалық маңызы бар Алматы қаласы салық комитетінің деректері бойынша, жергілікті бюджетке толғымен түсетін салықтарға, оның ішінде бекітілетін салықтар бойынша түсімдер құрамында:

- жер салығы (673330,0 мың теңге немесе орындалу пайызы 91,1%-і),

- мүлік салығы (нақты 2389936 мың тг немесе орындалу пайызы -107,8%);

- көлік салығы (1030012,0 мыңтг немесе орындалу пайызы-102%-і),

- жеке табыс салығы (нақты 15849429,0 мың тг немесе орындалу пайызы -100,05%);

- әлеуметтік салық (22876505,0 мың тг немесе орындалу пайызы -105,6%);

- акциз (нақты 2146455,0 мың тг  немесе орындалу пайызы -105,3%).

Ендігі кезекте Алматы қаласы бойынша жергілікті бюджетке бекітілген салықтардың үш жыл ішіндегі түсімдерінің сандық мәліметтерін қарастыратын болсақ.

 

 

2 кесте 

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 2001-2003 жылдар аралығындағы сандық көрсеткіші (Алматы қаласы)

 

Төлемнің

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

Атауы

 

 

 

 
 

Барлық       салықтық

түсімдер,           оның

ішінде

 

116284

 

 

127072

 

 

148846

 

Жер салығы

763

765

673

Мүлік салығы

1472

1798

2390

Көлік салығы

1028

1193

1030

Жеке                табыс

салығы

10666

 

14128

 

15849

 

Әлеуметтік салық

16604

21481

22876

Акциздер

1293

1714

2146


 

Енді жалпы осы жергілікті бюджетке бекітілген салықтарды әрқайсысын жеке-жеке даралап талдайтын болсақ, бірінші кезекте жергілікті салықтардың түрақты көзі ретінде меншік салықтарына тоқталмақпыз және үш жыл ішіндегі түсімдерін қарастырайық.

Жер салығы 2005жылдың 12 айының қорытындысы бойынша болжамдалған 739367,0 мың теңгенің орнына 673330,0 мың теңгені қүрады немесе 91,1%-ке орындалды. 2002 жылмен салыстырғанда салықтың бүл түрі бойынша түсім 92153,0 мың теңгеге азайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте

Өзара үш жылдық көрсеткіштерді салыстыру арқылы келесідей кесте пайда болды: 

 

 

 

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

Телем

нің

атауы

 

Жоспар

 

 

 

 Факт

 

 

 Орын

далу

пайызы

Жоспар

 

 

 Факт

 

 

 Орын

далу

пайызы

 Жоспар

 

 

 Факт

 

 

 Орын

далу

пайызы

Жер салығы

750051

764142

101,9

780000

765483

98,1

739367

67333

91,1


 

2003 жылы жоспар болжамдалғаннан 1,9% артық орындалған, ал 2004 ж жоспар 1,9% орындалмай қалған. 2005жылы болжам 8,9% орындалмаған немесе 91,1% орындалған.

Бұл салық бойынша болжамның орындалмауы келесідей мынадай негізгі факторлардың әсерінен туындады:

1.   көптеген   кәсіпорындардың   жер   учаскесін   жалға   алып   жүмыс істеулері әсер етті. Осының негізінде  өткен жылда орташа шамамен 107424,5 мың тг салық төленбеді (оның ішінде ААҚ Алматының Халықаралық Аэропорты, ЖАҚ Бителеком, ПК Радуга, ЖШС Ақсай, ДЭУ Автобаза, ЖШС Промтехмонтаж, АТП-3 және т.б);

2. Біршама кәсіпорындар қаржылық жағдайының тұрақсыздығынан 2004 жылдың ағымдағы төлемдерінің сомаларын 2001 ж орташа жуық шамамен мынадай сома 17892 мың тг төленген;

3.   Қ.Р Салық кодексінің 340 б. 7 тр енгізілуінің негізінде, жыл ішінде жер салығын есептеу  мен төлеу бойынша міндеттемелер  туындаған кезде  салық төлеушілер  салық міндеттемелері туындаған  күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы төлемдердің есебін салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс  етуге тиіс.  Бірақ бірқатар  салық төлеушілер жер  салығы бойынша ағымдағы төлемдерін уақытылы төлеуін жүзеге асырмайды;

4. Қ.Р Салық Кодексінің 324 б. 7 тр негізінде, діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды. Бұл түрі бойынша салықтық үтылу 4418 мың тг;

5. Алматы қалалық мәслихатының  14 сессиясының 2 шақыруының шешімінің негізінде автотұрақтар бойынша коэффициенттер он нан екіге дейін төмендетілді. Соның негізінде орташа шамамен салықтық ұтылу 3807 мың тг құрады.

6.  Басқадай салықтық  ұтылу — 16396 мың тг құрады. (Жерлерді  мемлекеттік қорға қалдыру, және  т.б).

Аталған салық бойынша түсімдерді көбейту мақсатымен келесідей іс-әрекеттер жүзеге асырылуда:

1.  Алматы қаласы бойынша  салық комитеті мен Жер ресурсын  басқару комитеті арасында   түрақты және жедел ақпаратпен  алмасу қызметі жөнінде жоспар  келісілген және бекітілген;

2.   Алматы    қаласы    әкімінің    шешімінің    негізінде    жер    учаскілерін пайдалануға алған заңды және жеке түлғалардың жер салығы бойынша төлемдердің уақытында төленуіне бақылау жұмысы тұрақты жүргізілуде, аудандық салық комитеттеріне осы   жұмыстарды күшейту мақсатымен шолу хаттары тарқатылған. №12-1 -7/7213 05.06.2002ж;

3. Тоқсан сайын жер  ресурстарын басқару комитетінен аудандық салық комитетіне жер участкілерін сатып алған субъектілер жайлы ақпараттар беріледі. Соның негізінде олардың тиісті салықтарын төлеуге және уақытылы есепке тұруларына бақылау жүргізіледі және т.б іс-әрекеттер жүзеге асырылуда.

4. Сонымен   қатар   аудаңдық   салық   комитеттерінде:   соның   ішінде өндірістік емес  төлемдер бөлімі және салық  төлеушілермен жүмыс істеу бөлім  қызметкерлерінің біліктілік деңгейін  көтеру мақсатымен семинар сабақтары жүргізіледі (бұл сабақтарда: салықтық ставкалар, жер салықтарын есептеу мен төлеу мерзімдері, жер участкілерін пайдаланғаны үшін төлемдер, басқа да органдармен жұмыс істеу тәртібі жайлы мәліметтер айтылады).

 

Көлік құралдарына салынатын салық

 

2005 жылы көлік салығы болжамдалған 1010000,0 мың теңгеден асып, нақтылай 1030012,0 мың теңгені құрады немесе 102%-ға орындалды. Оның ішінде заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы болжамдалған 330000,0 мың теңгеден кеміді, нақтылай 324310,0 мың теңге көлемінде түсті немесе 98,3%-ға орындалды және жеке түлғалардан алынатын көлік салығы болжамдалған 680000,0 мың теңгеден асып, нақтылай 705702,0 мың теңге көлемінде түсті немесе 103,8%-ке орындалды.

Болжамның 2%-ға артық орындалу себебі Алматы қаласы салық және жол полициясын басқару органымен көлік салығын есептеудің дұрыстығына және уақытылы төленуіне бақылаудың күшейтілуі, төлем мерзімінің 01.07.2005ж. уақытына дейін аяқталуына және айлық есептік көрсеткіштің  2004 жылғы 919 теңге көлемімен салыстырғанда 971 теңгеге көбеюімен байланысты. Сонымен қатар мына мекемелердің есепті жылда салықты төлеудің негізінде:

1.ЭХО ААҚ "Қазақтелеком" — 2354,4 мың тг;

2. ААҚ "Автобус паркі  № 6" — 3240,0 мың тг;

3."Кока-кола Алматы  Ботлерс" — 2033,9 мың тг;

4. ЖАҚ "Алматы Пауэр Консолидейтед" — 4712,2 мың тг;

5. ЖШС "Янзар" --- 3945,4 мың  тг;

6. ЖШС "Стандарт Ойл"— 4200,0 мың тг;

7. РШ Мем. Авиакомпаниясы "Беркут"-5 — 323,8 мың тг;

8. ЖАҚ"Эйр-Қазақстан"--І-17336,6 мыңтг;

9. ЖШС "Авиационная компания  Саяхат" — 6829,2 мың тг;

10. ААҚ "Алматы Халықаралық  аэропорты" — 2000,0 мың тг;

11."Алматы Қаржы-Сауда  Банкі" — 133575,0 мың теңге.

 

Мүлік салығы

 

Салық органдарының бақылауында 25543 кәсіпорын бар, соның ішінде 15094 кәсіпорын салықты төлеуге тартылған. 2003 ж 1138 кәсіпорында тексеру жүргізілді. 125 кәсіпорында тексеру нәтижесінде бұзушылық табылған. Тексеру нәтижесінде қосымша 210976,9 мың тг есептелді, оның ішінде борышы төленген 19296,6 мың тг құрады.

2005ж. заңды түлғаларға салынатын мүлік салығы болжамдалған 1937693,0 мың теңгеден асып, нақтылай 2096556,0 мың теңгені қүрады немесе 108,2%-ке орындалды. 2004 жылмен салыстырғанда түсімдердің есімі 599258,0 мың теңге немесе 40% құрады.

Қаланың аудандары бойынша жоспардың орындалуын қарастыратын болсақ:

1.       Алмалық  ауданы — 107,1%

2.       Әуезов  ауданы — 107,3%

3.       Бостандық  ауданы—110,2%

4.       Жетісу  ауданы — 104,5%

5.       Медеу  ауданы — 112,6%

6.       Түрксіб ауданы ---104,7%

Осы мәліметтерге негізделе отырып қаланың барлық аудандарында мүлік салығы бойынша болжам артық орындалғанын байқауға болады. Бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттің кіріс базасын молайта түседі.

 

4-кесте

Мүлік салығы бойынша салықтық түсімдердің сандық көрсеткіші

 

 

 

2003жыл

2004 жыл

2005 жыл

Төлемнің

атауы

 

 

 Жоспар

 

 

 Факт

 

 

 Орын

далу

пайызы

 Жоспар

 

 

 Факт

 

 

 Орын

далу

пайызы

 Жоспар

 

 

 Факт

 

 

 Орындалу

пайызы

Мүлік салығы

1160000

1245584

107,3

1350314

1497298

110,9

1937693

2096556

108,2


 

Түсімдердің көбеюі келесі салық төлеушілердің негізгі құралдар алуымен байланысты:

1.   "Алаш" 2005ж. - 21457,0 мың теңге, 2004ж -24758,0 өсім сомасы -3301,0 мыңтеңге;

2.  "Ақ Бірлік" 2005 ж. - 25,0 мың теңге, 2004ж. - 28754 мың теңге, өсім сомасы - 3754 мың теңге;

3.  "Цветмет" 2004 ж. - 19331,0 мың теңге, 2005ж. - 26789,0 мың тг, өсім сомасы 7458,0 мың тг;

Сонымен қатар Болжамның артық орындалуы мынағанда байланысты:

1.   "Каспиан   прогрессив   технолоджи"- бұл   мекеме   жылдық   салық соммасын ағымдағы жылдың басында түгелдей төлеп тастаған — 8146,4 мың тг;

2. Афк Ардагер — 1277 мың  тг;

3. ГКП Водоканал — 4758,2 мың тг;

4. ААҚ Казкоммерцбанк— 14311,1 мыңтг.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметінде және жедел басқару құқығындағы қосымша мүлік объектілерін салық есебіне тіркеу нәтижесінде;

- бау-бақша  қауымдастықтарын және гараждық  кооперативтерін   салық салуға тартумен;

Информация о работе Салык механизми