Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салынатын мүлiк салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:09, реферат

Краткое описание

Мүлік салығы Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім жасау үшін алынатын алым. Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауға алынатын алым жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісімді мемлекеттік тіркеу кезінде, сонымен қатар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың көшірмесін алған кезде алынады.

Вложенные файлы: 1 файл

Айдана СРС салык.docx

— 60.73 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Мүлік салығы Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім жасау үшін алынатын алым. Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауға алынатын алым жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісімді мемлекеттік тіркеу кезінде, сонымен қатар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың көшірмесін алған кезде алынады. Төлемшілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікпен әрекетті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауды мемлекеттік тіркеу туралы» заңның күшіне ие Жарғы). Алымды төлеуші саналмайтындар мыналар:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілетін тұлғалар;
  • І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • Жеке тұратын зейнеткерлер;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралмандар;
  • Мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап үш жыл ішінде кадрларды оқыту және дайындаумен айналысатыншағынкәсіпкерліксубъектілері;
  • Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық ету туралы» ІІІ-Заңына сәйкес мүлікті жария етуші азаматтар. 

Төленген  алым сомасын есептеу, төлеу және қайтару тәртібі. Алым сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ставка бойынша есептеледі, және сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге дейін төленеді. Алым сомасы тіркеу жасалған орынға сәйкес «105418» КБК-ға бюджетке беріледі. Егер алым төлеуші тұлға сәйкес құжаттарды тіркеу органына бергенге дейін тіркеуден өтуден бас тартса алым сомасы қайтарылмайды.

Бұл жағдайда сәйкес тіркеуші органның тұлғаның тіркеуге қажетті барлық құжатты тапсырғанын  анықтайтын құжаты берілген соң төлем  қайтарылатын болады. 

Алым  ставкасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы №454 қаулысымен бекітілген.

 

 

 

 

 

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер  салынатын мүлiк салығы

             

 Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.

Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.

 

Мүлiк салығын төлеушiлер  болып

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер.

Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық  төлеушiлер ретiнде қарастырылады.

Егер  осы бапта өзге жағдай белгiленбесе, келесілер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу үрдісінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) діни бірлестіктер.

Мүлік салығын  төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған. Мәселен:

    1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  сәйкес мүлік салығын төлеуден босатылады:

  • кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша – коммерциялық емес бюджеттегі ұйымдар;
  • өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мұлік бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, қазақ саңылаулар қоғамы. Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, Орталық комитеті, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);
  • Қазақстанның Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі заңына сәйкес, мүлік салығын төлеуден босатылады:

1)  мемлекеттік  мекемелер және кәсіпкерлік қызметте  пайдаланылмайтын мүлік бойынша  коммкрциялық емес ұйымдар;

  1. өндірістіктік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік

бойынша –  Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі  мен дене бітімінің кемістігі  бар балалар мен жасөспірімдерді  әлеуметтік бейімдеу мен олардың  еңбек ету қабілетін қалпына  келтіру орталығы, сондай-ақ осы  қоғамдардың меншігі болып табылатын  және олардың қаражаты есебінен салынған өндірістік кәсіпорындар, Ауғанстан  соғысы ардагерлерінің қазақ Республикалық ұйымы;

       2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым  және кітапхана қызметін көрсету  саласындағы жұмыстарды орындау  болып табылатын мемлекеттік  кәсіпорындар;

       2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

        2-3) қызметінің негізгі түрі театр,  ойын-сауық және концерттік шараларды  жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды  сақтау жөнінде, балаларды, қарттар  мен мүгедектерді әлеуметтік  қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру  саласында, спорт саласында қызметтер  көрсету болып табылатын мемлекеттік  кәсіпорындар;

         3) Қазақстанның ұлттық банкі мен  оның бөлімшелері;

         4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттік  автомобиль жолдарын және олардағы  жол құрылыстарын жедел басқаруға  құқығы бар ұйымдар;

         5) инвестициялар жөніндегі уәкілетті  органымен жасалған келісім шартқа  сәйкес салық төлеушілер 5 жылға  дейінгі кезеңге мүлік салығын  төлеуден босатылуы мүмкін. Салық  төлеушілер (ауыл шаруашылық өнімдерін  өндірушілер үшін арнаулы салық  режимінде бюджетпен есеп айырысуды  жүзеге асыратын заңды тұлғаларды  қоспағанда) салық салу объектілерінің  орналасқан жері бойынша салық  органдарына ағымдағы төлемдер  сомасының есеп-қисабын және декларация  табыс етуге міндетті.

          Уәкілетті органның қылмыстық  жазаларды аиқару саласындағы  түзеу мекемелерінің мемлекеттік  кәсіпорындары заңды тұлғалар  пайдалануға немесе жалға берілген  салық салу объектілері бойынша  салық есептілігін жалпыға бірдей  белгіленген тәртіппен табыс  етеді.

Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау. Меншік иесі салық салу объектісін сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық төлеуші осы Кодекстің 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады. Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушының салық төлеуі салық салу объектісі меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.  Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.  Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.  Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.

 

Салық салу объектісі

Қазақстан Республикасының аумағындағы дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн салық салу объектісі төмендегілер болып табылады:

1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген топтастырмаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiк инвестициялары;

2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар.

Төмендегілер салық салу объектісі болып табылмайды:

1) Салық Кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;

2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

  • бұрылу белдеуі;
  • жолдардың конструкциялық элементтері;
  • жол жағдайы мен оны абаттандыру;
  • көпірлер;
  • өткерме жолдар;
  • виадуктар;
  • жол тарамдары;
  • тоннельдер;
  • қорғаныш галереялары;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен  құрылғылар;
  • су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;
  • жол бойындағы орман алаптары;
  • желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;

4) аяқталмаған құрылыс объектілері.

 

Салық мөлшерлемелері

Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлік салығын салық базасының  1,5 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептейді.

Салық базасының 0,5 пайыздық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын мына салық төлеушілер есептейді:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.

Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 пайыздық мөлшерлемесі бойынша есептейді:

1) діни бірлестіктерді қоспағанда, Салық Кодексінің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

2) Салық Кодексінің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер  қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар;

7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.

 

Салық базасы болып

Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны табылады. Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық  құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық  құнын  қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

379 бабында  көрсетіліп кеткендей:

1. Егер  осы бапта өзгеше белгіленбесе, бухгалтерлік есептің деректері  бойынша айқындалатын салық салу  объектілерінің орташа жылдық  баланстық құны дара кәсіпкерлер  мен заңды тұлғалардың салық  салу объектілері бойынша салық  базасы болып табылады.  
Концессия объектілерінің орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалған осындай объектілердің құны салық базасы болып табылады.  
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.   
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін демонтаждау және жою жөніндегі міндеттемелерді орындау,сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық  кодексінің  ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай міндеттемелерді бағалау салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.  
3. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып айқындалады.   
4. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлердің салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.  Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады. 

Информация о работе Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салынатын мүлiк салығы