Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салынатын мүлiк салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:09, реферат

Краткое описание

Мүлік салығы Жылжымайтын мүлікке иелік құқын мемлекеттік тіркеу үшін және онымен келісім жасау үшін алынатын алым. Жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісім жасауға алынатын алым жылжымайтын мүлікке иелік құқы мен онымен келісімді мемлекеттік тіркеу кезінде, сонымен қатар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың көшірмесін алған кезде алынады.

Вложенные файлы: 1 файл

Айдана СРС салык.docx

— 60.73 Кб (Скачать файл)

 

Салық ставкалары

Заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң  орташа жылдық құнының  1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. Жер салығының салық ставкалары Салық Кодексінің 54 тарауында қарастырылған.

Оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы салық  режимін қолданатын дара кәсіпкерлер  мен заңды тұлғалар мүлiк салығын  салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. 

Осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды  тұлғалар, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған  заңды тұлғалар; негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар; мемлекеттiк меншіктегі және бюджет  қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi    заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер  қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ауыз сумен қамту объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейд.

 

Салықты есептеу және төлеу тәртібі 

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы өздігінен жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне парапар есептеледі.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және  25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді. 

Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық  базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi. 

Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге  және төлеуге мiндеттi. 

Жаңа  құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі  болып табылады.

Ағымдағы  төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады. 

Жер салығын  төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм  салық мiндеттемелерi туындаған кезде  салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. 

Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында  аталған заңды тұлғалар салық  салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын  төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. 

Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер  өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi. 

Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты  кезеңi үшiн есептеледi. 

Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық  сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың  басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан  басталатын кезең үшiн салық сомасын  есептейдi.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi. 

Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

Жекелеген жағдайларда салықты  есептеу және төлеу. Дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.

 

Салық есептілігi.

Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар   декларацияны салық салу объектiлерiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.  

 Патент  негізінде арнаулы салық режимін  қолданатын дара кәсіпкерлерді  қоспағанда, салық төлеушілер салық  салу объектiлерiнiң орналасқан  жерi бойынша салық органдарына  ағымдағы төлемдер сомаларының  есеп-қисабын және декларацияны  табыс етуге мiндеттi. 

Патент  негізінде арнаулы салық режимін  қолданатын дара кәсіпкерлер салық  салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге мiндеттi.

Мүлiк  салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының  есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. 

Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi.   

Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық  мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан,                   15 мамырынан,  15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi. 

Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

 

Мүлік салығының жіктелуі

 





 




 

 

 

 

  Жеке тұлғалардың мүлік салығы

 

    1. Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері.

Меншік  құқығында салық салу объектілері  бар жеке тұлғалар жеке

тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып  табылады.

               Мүлік салығын төлейтін жеке  тұлғаларға да салық жеңілдіктері  берілген. Атап айтқанда:

  • жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін 
  • басқа да міндетті төлемдер туралы» қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан  мүлік құнының 1000 ең төменгі деңгей:

    • кеңестер Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, 

         Ұлы Отан соғысына қатысушылар  мен соларға теңестірілген 

         адамдарға, «Халық Қаһарманы»  атағына ие болғандар, III дәрежелі 

         Даңқ ордені, «Отан» орденімен  наградталған адамдар;

    • «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
    • I және II топ мүгедектер;
    • Жеке тұратын зейнеткерлер.
      1. Бүгінгі таңда мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке

    тұлғалар:

      1. мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту

    (оқу) кезеңінде;

      1. меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы

     құнынан  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы  заңда белгіленген бір мың  айлық есептік көрсеткіш шегінде  (2007 жылы АЕК – 1030 теңге:

    • Кеңес одағының Батырлары;
    • Социалистік Еңбек Ерлері;
    • «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ орденімен және «отан» орденімен наградталған адамдар;
    • «Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
    • Жеке тұратын зейнеткерлер.
      1. меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы

     құнынан  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы  заңда белгіленген бір мың  бес жүз айлық есептік көрсеткіш  шегінде. Осы аталған адамдар  пайдалануға немесе жалға берілген  салық салу объектілері бойыншамүлік  салығынан мұндай жеңілдік түрі  қолданылмайды.

                  Салық салу объектілерін меншік  иесі сенімгерлік басқаруға немесе  жалға берген кезде салық салу  объектілері меншік иесінің келісімі  бойынша сенімгер басқарушы немесе  жалгер берілген объектілер бойынша  салық төлеуші болуы мүмкін.

                  Бұл ретте сенімгер басқарушының  немесе жалгердің салық төлеуі  салық салу объектілері меншік  иесінің осы салық кезеңі үшін  салық міндеттемесін орындауы  болып табылады.

                  Егер салық салу объектісі  бірнеше тұлғаның ортақ үлестік  меншігінде болса, осы тұлғалардың  әрқайсысы салық төлеуші деп  танылады.

                  Бірлескен ортақ меншіктегі салық  салу объектілері бойынша өздерінің  арасындағы келісіммен осы салық  салу объектісі меншік иелерінің  бірі салық төлеуші бола алады.

                  Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынандай объектілер салық салу объектісі болып табылады:

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар,

    саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар,

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс

    объектілері – қоныстану (пайдалану) кезінен  басталады.

    Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан 

    Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті  орган белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.

                  Жеке тұлғалардың салық салу  объектілерінің құнын анықтау  тәртібін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді.

                  Салық төлеуші жеке тұлғаның  бірнеше салық салу объектілері  болған жағдайда, салық базасы  әр объек бойынша жеке-жеке  есептеледі.

                  Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары:

                 1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 24 желтоқсандағы «Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық туралы» Заңына сәйкес жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық жыл сайын құрылыстардың, үй-жайлар мен ғимараттардың түгенденген құнынан 0,1 пайыз нарқы бойынша, ал ол болмаған кезде – осы құрылыстардың мемлекеттік міндетті сақтандыруы бойынша төлемдер есептеу үшін қолданылатын бағамен төленеді.

               2. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің  жарлығына сәйкес жеке тұлғаның  кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын  мүлкіне салық салынатын мүліктің  түгендемелік құнынан 0,5 пайыз  көлемінде мүлік салығын төлеген  еді.

             3. 2005 жылдың аяғына дейін жеке  тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық, салық салу объектілерінің  құнына қарай мынандай ставкалар  бойынша есептелінді.

            4. 22.11.2005 жылы №89 Заңымен жеке  тұлғалардың мүлкін салығына  өзгерістер өзгерістер енгізілді,  салық ставкалары екі есе төмендеді,  ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап  қолданысқа енгізілді.

    700.02.011- жолда иеленуді нақты кезеңі  үшін 700.02.010/12 * 700.02.003 ретінде анықталатын  салық сомасы көрсетілді.

            Егер нақты иелену кезеңі 12 айды  құраса, онда 700.02.011-жолға 700.02.010-жолда  көрсетілген сома ауыстырылады;

    Информация о работе Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салынатын мүлiк салығы