Ауызша сөйлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 13:22, методичка

Краткое описание

Еденге шеңберлерден бірнеше үшбұрыш қою керек. Балаларды үштіктерге бөліңіз, үштіктердің ішіндегі бір балаға 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар жиынтығын беріңіз, оның мақсаты – әрбір орынның жанына тәртіп бойынша бір карточка қою. Басында әр бала өз шеңберінде тұрады, карточкасы бар бала өз шеңберінің жаныныа 1 саны бар карточканы қояды. Содан кейін рұқсат бойынша сағат тілімен бір шеңбердің ішіне секіріп кіреді, келесі бала 2 саны бар карточканы қояды. Жаттығудың соңында әрбір шеңбердің жанында қандай сандар жатқанын және оларға не ортақ екенін талдаңыздар.

Вложенные файлы: 1 файл

Ауызша санау конспект.docx

— 58.48 Кб (Скачать файл)

АУЫЗША САНАУ ДАҒДЫСЫН  БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

  • Ойнаушылар жұдырығын түйіп , үстел үстін немесе жерді жай ғана соғып отырып санай бастайды: бірінші ойнаушы оң қолының жұдырығымен ұрады- бір, екінші сол қолымен – екі , оң қолымен – үш, сол қолымен – төрт, оң қолымен – бес және т.б. Жұп сан қай қолына , тақ сан қай қолына келгенін балалардан сұрауға болады. Одан кейін тақ сандарды қатты, ал жұп сандарды – ақырын , және соған сәйкес айта отырып ұруды өтініңіз. Содан кейін керісінше жасауға болады.
  • Ойыншылар шеңберге тұрады, бір –біріне кішігірім , жұмсақ доп лақтырады және сандарды тәртібі бойынша атайды. Келесі сәтте доптың кімге лақтырылатынын ешкім білмейді.
  • Ойыншылар шеңберге тұрады. Әрқайсысының қолында жалаушы бар. Бірінші ойыншы «бір» дейді де, өзінің жалауын көршісіне береді, екеуі бірігіп «екі» дейді, екінші екі жалауды да келесі көршісіне береді, олар екеуі бірігп «екі» дейді, үшінші екі жалауды алып көршісіне береді, олар бірігіп ... және сол сияқты.
  • «Бестен көп» деген сөзді айтып, бір-бірімізге доп лақтырамыз. Допты қағып алған ойыншы «жеті» дейді де, өзі де «сегізден аз» деген тапсырма береді.
  • Допты лақтырушы алғашқы ондық шегінен аспайтын мысал айтады,қағып алушы жауап береді және өзі де келесі ойыншыға тапсырма береді.
  • Доп лақтырушы бір санды айтады ,мысалы «бес». Сол жақтағы көршісі одан бір бірлік кем санды ,оң жақтағы көршісі одан бір бірлік көп санды атауы керек, қағып алушының өзі – келесіге доп лақтырып және оған сан айтады.
  • Допты сиқырлап «әрекетке»қоюға болады,мысалы +2-ге. Бірінші ойыншы допты лақтырады және алғашқы ондық шегінен аспайтын санды атайды, қағып алушы егер осы санға екіні қосса қанша болатынын айтуы тиіс және допты әрі қарай лақтырып ,өз санын айтады. Осы тәрізді допты +3-ке ,+1-ге «сиқырлап» қоюға болады.
  • Еденге балалардың санына сәйкес сандар жазылған карточкаларды шашаып тастап және блалардың әрқайсысы кез келген бір карточканы алып, сол бойынша тез арада бір сызықтың бойына тұра қалулары қажетекенін айту керек.
  • Еденге нөмірленген шеңберлер тастаймыз,балалар тәртібі бойынша бірінші шеңберден оныншы шеңберге дейін секірулері қажет. Ішінен еңбектеп өту үшін доғалардан жол жасап қоюға болады.
  • Кішкене шарлар салынған себеттен , бірінші бала бір шар, екіншісі – екеуін, үшіншісі – үшеуін және сол сияқты онға дейін алады. Алған кезде балалардың былай деп дауыстап айтқандары абзал:мен – бірінші ойыншы, бір шар алдым, мен – үшінші ойыншы , үш шар алдым ,т.с.с. Одан кейін доптарды орталарына орын тастап тізуді сұраңыз.Алынған нәтижені тақтаға жазыңыз: 1+2+3+4+5+6+7+8+9. Оңай санаудың жолы қандай, жауабы қанша болады ?(Тұтас ондықты беретін сандарды жұппен қосу). Осыны шарлармен де жасап ,тұтас ондықтармен себетке салып отырыңыз. Соңында себеттегі шарларды балалар санап шықсын.
  • Еденге шеңберлерден бірнеше үшбұрыш қою керек. Балаларды үштіктерге бөліңіз, үштіктердің ішіндегі бір балаға 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар жиынтығын беріңіз, оның мақсаты – әрбір орынның жанына тәртіп бойынша бір карточка қою. Басында әр бала өз шеңберінде тұрады, карточкасы бар бала өз шеңберінің жаныныа 1 саны бар карточканы қояды. Содан кейін рұқсат бойынша сағат тілімен бір шеңбердің ішіне секіріп кіреді, келесі бала 2 саны бар карточканы қояды. Жаттығудың соңында әрбір шеңбердің жанында қандай сандар жатқанын және оларға не ортақ екенін талдаңыздар.
  • «Жұбыңды тап » ойыны. Балалар 1-ден 9-ға дейінгі сандардан тұратын (бестен екеу болуы керек) карточкалар алады, тұтас топқа осындай жинақтың екеуін қолдануға болады. Олардың мақсаты өзінің жұбын – өзіне он санына жетпей тұрған санды ұстап тұрған баланы табу.

 

ҮСТЕЛДІК – БАСПА ОЙЫНДАР

Топта өндірістен шыққан, балалардың бастапқы логикалық ойлауын, қарапайым есептеу дағдыларын дамытатын, цифрлармен және сандардың геометриялық пішіндерімен таныстыратын, назарының еркіндігін , эмоциялдық бақылауын дамытатын , шдамдылыққа үйрететін үстелдік-баспа ойындары болғаны дұрыс. Олардың қатарына текше лақтырылып және түскен ұпайлар санына сәйкес жүру қажет болатын түрлі ойындар кіреді. Егер сіз жүріп келе жатқан жол нөмірленбеген болса, оны өздеріңіз жасап алуларыңызға кеңес береміз. Онымен жылжып отырғанда әрбір бала сандардың орналасу тәртібін ,оларды жазылған күйінде тану қабілетін жаттықтырады.

Балаларға ойынның   ережелерін егжей – тегжейлі түсіндіру қажеттігіне мән беріңіз, сондай-ақ олардың оны түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ережелер туралы әңгімелескенде олардың ойын тәжірибесіне қараңыз және егер әркім өз ережесін орнататын  болса немесе оларды үнемі ауыстыра беретін болсақ, ойнауға бола ма деген ойды балаларға жеткізіңіз. Мазмұны бөлек, бірақ ережесі бір ойындар табуға тырысыңыз.

Рэй гибсонның «сандары бар ойындар» кітабында кіші жастағы балаларға арналаған көптеген ойындар бар. Солардың ішіндегі – «Дақтарды санап шық» ойынын – егер дақатр санын үлкейтсек, алғашқы ондық сандарының құрамын бекітуге қолдануға болады.

Ойын алаңын өздеріңізге жасап алуға тура келеді. Түпнұсқасында , бұтағында түстері әртүрлі және дақтар саны әрқилы шегірткелер , көбелектер ,қоңыздар отырған ағаш болуы керек. Қатты қағаздан 15 дана карточка қию қажет. Олардың үшеуіне 5-ті, үшеуіне -6-ны, осылайша 10-ға дейін жазып шығыңыз. Ойынды үш адамнан алты адамға дейін ойнай алады. Әрбір ойыншы карточка және 10 текше алады. Карточкалар араластырылады және саны төмен қаратылып үстелге қойылады. Ойыншылар кезекпен карточкаларды ашады да, көрсетілген дақтар санына қарай, жәндіктің үстін өз түсімен бірдей текшемен жабады. Назар аударыңыз: түрлі түсті жәндіктердің дақтарының түсі бірдей болуы керек, мысалы қызыл: олардың көлемі әрқилы болуы мүмкін. Егер қажетті дағы бар жәндік қалмаса, ойыншы кезекті басқаға береді. Әрбір жәндіктің үстіне текшелер қойылғаннан кейін ойын тоқтатылады. Әрбір ойыншы өзіне тиісті түсі бар текшелерді санайды, осылайша жеңімпаз анықталады.

«Лото үйшігін құрайық» оцынын, егер сандар орнына қапшықтың ішінен алу немесе қосу және азайту мысалдары бар карочкалар алып отырса, санауға жаттығу үшін қолдануға болады.

Кәдімгі , дәстүрлі кішкене бөшкелері және карталары бар лото осы жастағы балаларға пайдалы, өйткені олар екі таңбалы сандарды оқып жаттығуға мүмкіндік алады.

Сонымен қоса, 20-ның шегінен аспайтын бөшкелерді теріп алып , олардан , бетіне сандар емес, 20 санының шегінен аспайтын, қосу мен азайтуға арналған мысалдар жазылған ойын карталарын Ұкарталардың әрқайсысында бес мысалданҚ жасауға болады.

Әлдеқайда қарапайым түрі; ойыншылардың қолында графикалық кесте-сурет түрінде бейнеленген сандары бар карточкалар; жүргізуші карточкаларды суырып алады да , оларда жазылған сандарды оқиды. Бұл жағдайда қарапайым дәрежелік сандарды қолдануға болады, сонымен қоса, алғашқы ондық сандар құрамындағы разрядтық қосылғыштардың ішінен екі таңбалы сандар құрамын анықтауға балалрды жаттықтырады.

«Сана да жауап бер»,  «жемістерді жинап ал», «Санауға үйрен», «Көңілді есеп» ойындарын да қолдануға болады.

Математика сабағын жоспарлауға Е.В.Соловьева, Л.К.Коренькова, в.И.копытовалардың «Мектеп алды балаларына арналған математика және логика» атты ересек топтағы балармен жұмыс жүргізуге бағытталған конспектілері, сондай-ақ «Қайнар» құрамындағы оқу-әдістемелік кешені («Просвещение - Қазақстан» баспа үйі, 2007, 2008 жж.) көмектесе алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУГЕ ДАЙЫНДАУ

 

Ересек мектеп алды жасындағы баланың сөйлеуінің даму деңгейі, маңызды кезең – сөйлеудің жазу түрлерін (оқу және жазу) игеруге алып келеді. Сондықтан да ересек мектепалды – бұл балаларды оқу мен жазуды үйренуге салмақты түрде дайындайтын жас.

Баланың сауаттылықты үйренуге дайындығы көптеген құрамдас бөлшектерден тұрады, оның ішінде сөйлеудің мынадай сипаттарына, сөйлеуді естудің дамуына (дисграфия мен дислексияның алдын алу негізі осында жатыр) , ана тілінің дыбыстарының анық артикулясиясына (бұл дұрыс айтуды қамтамасыз етеді), әріптерді көз алдына елестету және дыбысты әріппен үйлестіре алу білігіне;қол қимылдарының , көз өлшемінің ептілігі мен дәлдігіне , ырғақты сезінуіне (жазуды үйренуде ерекше маңызды) ерекше мән беріледі.

Оқу мен жазу – бала дамуының белгілі бір деңгейін (психологиялық, физиологиялық, лингвистикалық) талап ететін , күрделі дағдылар екенін үлкендер естен шығармаулары қажет. Баланың сөйлеуі мен тілінің дамуы, оның жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне және әрбір баланың жеке дербес ерекшеліктеріне сәйкес байыпты және сауатты өтуі тиіс. Үлкендердің міндеті – баланы алда тұрған күрделі үрдіс, оқу мен жазуға үйретуге дайындау.

Баланың сауаттылыққа үйренуінің көптеген маңызды алғышарттары бала сөйлеуінің табиғи дамуы (жас ерекшелік нормаларына және дербес ерекшеліктеріне сәйкес) барысында қаланады. Алғышарттардың қалыптасуы сөйлеуді естуді дамыту (фонематикалық және фонетикалық) және дыбыстарды таза айту, сөздік қоры мен ауызша сөйлеудің грамматикалық қатары қалыптасқанда , бала тілінің жан –жағын қамтыған үлкен еңбектің арасында пайда болады. Бұрнағы жылдары осы құрамдас бөліктерге көп мән берілген еді.

Бес-алты жастағы бала тілінің дамуындағы жетістіктерді бекітіп қана қоймай, сөйлеудің жазу формасын толыққанды игеруге қажетті біліктер мен дағдыларды кеңейте түсу қажет.

Жыл бойына балалар сөздердің дыбысталуына құлақ түреді. Олар жекелеген дыбыстарды тануға, айыруға, бөллуге; олардың сөздегі орныны анықтауға (басында, ортасында, аяғында) үйренеді.

Бұл кезеңде дыбыстардың артикуляциясында, олардың дыбысталуының дәлдігіне қайта оралу қажет болады. Балалар дыбыстың айтылуы мен дыбысталуының ерекшеліктеріне: еріннің,тілдің, тістердің, дауыстардың орналасуына, дауыстың араласуына , ауа ағысының өтуіне талдау жасайды. Кейін жазуға үйренгенде,қателердің алдын алу үшін, баларады қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Әсіресе айтылуы және дыбысталуы ұқсас дыбыстарға ерекше мән беріледі. Балаларды олардың акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктерімен таныстырғаннан кейін, мұндай дыбыстарды жіктеу білігіне жаттықтыруға болады. Дыбыстармен тиянақты жұмыс жүргізілсе, ол сөздегі дыбыстың жүйелілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Артикуляцияның дәлдігін, дыбыстарды есту арқылы жіктеп қабылдай алу біліктерін, олардың сөздегі орны мен жүйелілігін игеру – оқу мен жазуды үйретудің жемісті болуына ықпал ететін маңызды факторлар.

Дыбыстардың артикуляциясын талдау, бір дыбыстардың дауысты, еркін айтылатындығынанықтауға мүмкіндік береді. Екінші бір дыбыстардың айтылуында еріндер, тіл, тістер ауаның сыртқа шығуна тосқауыл, кедергі келтіреді. Осылайша балалар орыс және қазақ тіліндегі негізігі дауысты және дауыссыз дыбыс топтарының маңызды белгілерімен танысады. Тәрбиеші осы дыбыстардың шартты белгілерін енгізеді: дауысты дыбыстар қызыл түспен, дауыссыздар – көк түспен белгіленеді.

Дыбыстардың акустикалық –артикуляциялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды дауысты және дауыссыз топтарға жатқызусәйкес бейнелер – әріптермен танысқанда анықталады. Бас әріп және кіші әріп көрсетіледі. Балабақшада балаларды баспалық шрифті әріптермен таныстырады. Сауаттылыққа оқытуға барысындағы әріпті үйрену , оның тұтас бейнесін қабылдау және есте сақтаудан тұрады. Әріпті тиісті дыбысымен (дыбыстармен) үйлестіру білігіне ерекше мән беріледі.

балалар әріптер бейнелерін бекітіеді, әртүрлі көлемнен , түстен, материалдан тұратын әріптер тізбегінің ішінен тани алуға жаттығады; әріптерді безендіреді, оларды түрлі басылым көздерінен қиып алады және т№б№ мектепке дейінгі балалар суреттердің ішіне жасырылған таныс әріптердің бейнелерін іздейді, ол ұқсас әріптерді бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Әріптердің жекелеген бөліктерін ажыратуға (құрамдас элементтері) айрықша мән беріледі. Балалар әріптердің құрамдас бөліктеріне ойша және тәжірибе жүзінде талдау мен жинақтаау жасай алуға үйренеді. Осы іс-әрекеттің үрдісінде әріптердің пішінін , әрбір бөлшектерінің көлемін, оның орнын атауға дағдыланады, өзара ұқсас әріптерді салыстырады.

Сауаттылыққа оқытуға дайындаудың мазмұнына сөздер және сөйлемдермен алғашқы рет танысу кіреді. Оған: көп таралған және танымал емес сөйлемдер құру; оларды дұрыс және нақты айту; сөйлемді сөздерге бөлшектеу; сөз ағымындағы жекелеген сөйлемдерді ести білу кіреді.

Бұл жұмыс әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Сөйлемдердің қарапайым кестесін құруды қолдану ең тиімді түрі боп табылады. Әрбір сөйлем кішігірім пікірдің (2-3 сөйлем) ішінен бөлініп алынады және тікбұрышпен (бір жол қағазбен) белгіленеді.

 

 

 

Одан кейін жекелеген сөздер бөлініп алынады. Олар тікбұрыштың ішіне жазылып, қысқаша сызықтармен белгіленеді.

 

__________          __________           __________    __________      


 Марат                     асық                     ойнап                жүр.

 

Балаларға дайын пікірлер мен сөйлемдерді талдауға арналған тапсырмалар ұсынылады. Олар сөйлемдерді дайын кестелер, көмекші сөздер арқылы құрайды. «Тірі сөздер» жаттығуы белсенді қолданылады.

 

 

 

 

БАЛАЛАРДЫ ЖАЗУДЫ ҮЙРЕНУГЕ ДАЙЫНДАУ

 

Жазу – күрделі дағды, оны мектепалды жасындағы бала толық игере алмайды. Сондықтан да, балабақшада жазуды үйренуге дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Оған мыналар кіреді:

  1. Қолды жазуға дайындау (ұсақ моториканы дамыту; қарындашты дұрыс ұстай білу ( қаламды, фломастерді);  қол бұлшық еттеріне түсетін салмақты дұрыс бөлу).

Ұсақ моториканың дамуы сабақта және көбінесе баланың еркін іс-әрекетінде жүзеге асады. Саусақтық ойындар (күніне 3-4 рет), қол еңбегі кең қолданылады.

Қарындашты бас, сұқ  және ортаңғы саусақтармен ұстау дұрыс болып табылады. Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында, ал сұқ саусақ – үстінде жатуы керек. Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталған. Қарындаш дұрыс ұсталған жағдайда, сұқ саусақ жеңіл көтерілсе, қарындаш құламайды.

Қарындашты дұрыс ұстауды қалыптастыру үшін бас бармақ пен сұқ саусаққа ойын жаттығулары жүргізіледі. Мысалы:

а) бас бармаққа арналған – «Секіртпе» жаттығуы.

Балалар орындықтарда отырады немесе түрегеліп тұрады. Алақандары жұдырыққа түйілген, қолдарын төмен ұстайды, бас бармақты алға тартып, шеңбер бойымен қозғалады. «Секіртпені» алғашында бір жаққа, одан кейін екінші жаққа айналдыру қажет. Балалар ойынды өлең шумағымен жалғастырады:

Информация о работе Ауызша сөйлеу