Ауызша сөйлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 13:22, методичка

Краткое описание

Еденге шеңберлерден бірнеше үшбұрыш қою керек. Балаларды үштіктерге бөліңіз, үштіктердің ішіндегі бір балаға 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар жиынтығын беріңіз, оның мақсаты – әрбір орынның жанына тәртіп бойынша бір карточка қою. Басында әр бала өз шеңберінде тұрады, карточкасы бар бала өз шеңберінің жаныныа 1 саны бар карточканы қояды. Содан кейін рұқсат бойынша сағат тілімен бір шеңбердің ішіне секіріп кіреді, келесі бала 2 саны бар карточканы қояды. Жаттығудың соңында әрбір шеңбердің жанында қандай сандар жатқанын және оларға не ортақ екенін талдаңыздар.

Вложенные файлы: 1 файл

Ауызша санау конспект.docx

— 58.48 Кб (Скачать файл)

Бірде мен, бір кішкентай қыздыңторайға сөйлеуді үйретіп жатқанын көрдім...

Ол торайға:

  • Торай, «апа» деші! – дейді.

Ал ол:

  • Қорс-қорс ... – дейді.

Қыз бала оған :

  • Торай, «ағаш» деші!

Ал ол оған:

  • Қорс-қорс ...
  • «Гүл» деші!

Ал ол:

  • Қорс-қорс ...

Мен біраз уақытқа дейін қарап, тыңдап тұрдым, торай мен қызға сондай жаным ашыды.Мен:

  • Білесің бе, көгершінім, сен одан гөрі, оған оңай бір сөз айтқыз. Әйтпесе ол әлі кішкентай ғой, ондай сөздерді айта алмас ... сен оған «қорс-қорс» деген сөзді айтқызып көрші – дедім.

Қыз бала кішкене ойланды да:

  • Торай. «қорс-қорс» деп айтшы, өтінемін – деді.

Торай оған қарады да:

  • Қорс –қорс ! – деді.

Қыз бала таң қалып, қуанып, алақанын соғып, мәз болды.

  • Міне ,- дейді, - үйренді ғой , әйтеуір!

Біз аңдардың дыбыссын қалай жеткіземіз? Ойланыңдаршы, адам қалай сөйлейді, қарым –қатынас жасайды, ол ненің көмегімен іске асады. Адам өзінің сөзінде дыбыстарды қолданады ма(өзінің сөйлеуінде)? Олардың жануардар қолданатын дыбыстан қандай айырмашылығы бар?

Тәрбиеші балалардың жауаптарына қорытынды жасайды: жануарлар әдетте дыбыстардың аз түрін ғана қолданады және көбінесе әртүрлі жағдайға бір ғана дыбыс шығарады. Ал адам қарым-қатынас жасағанда сөзді қолданады. Ол ғажап, өйткені ол дыбысталады және бізді айнала қоршаған (аспан, күн, терезе және т.б.) заттарды бір мезетте анықтай (атай) алады. Сөздің көмегімен өзінің ойларың мен  тілектеріңді туыстарыңа және достарыңа жеткізе аласың.

2-сабақ. Сөз

М а қ с а т ы. Сөздің дыбысталатынын, яғни дыбыстардан тұратынын түйсінуге көмектесу; оны тыңдауға және айтуға болдаы; сөз қысқа және ұзақ болады; сөздің басы және аяғы бар; сөзде дыбыстар белгілі бір тәртіппен тұрады; сөздердің дыбыстық кестесімен таныстыру («Дыбыстық үйшіктермен»); дыбысқа еліктеуші  және күрделі емес сөздердегі дыбыстардың санын өз бетінше анықтауға үйрету.

К ө р н е к і   қ ұ р а л д а р. Әрбір балаға дыбыстық кестелер , қысқа және ұзын қағаз жолақтар, құстардың және аңдардың бейнелері бар суреттер.

С а б а қ   б а р ы с ы. I. «Қане, тапшы?» дидактикалық ойыны.

М а қ с а т ы: қоршаған әлемнің дыбыстарын еске түсіру, адамның сөйлеу дыбыстарының көмегімен оларды анықтауға жаттығу.

Тәрбиеші сұрақ қояды; балалар дыбысқа және еліктеу арқылы жауап береді. Мысалы: жел қалай уілдейді? (у-у-у). Ағаш жапырақтарының арасында ол қалай шулайды? (ш-ш-ш). Жаңбыр қалай тырсылдайды? Шәйнек қалай ысылдайды? Сағаттар қалай тықылдайды? (тырс-тырс, ыс-ыс, тық-тық).

Содан соң балалар (немесе педагог) дыбысқа немесе сөзге еліктеуді қайталайды, ал басқалар бұл дыбыстарды кімнің немесе ненің шығаратынын анықтайды. Жауаптың бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы: бум-бум (барабанның дыбысы, күннің күркіреуі);  ыз-ыз-ыз (масалар ұшып жүр, электр арсы жұмыс жасап тұр); шылп-шылп (шалшықпен жүгіріп келеміз); ыр-ыр-ыр (ит ырылдайды, мотор жұмыс істеп жүр) және т.б.

Ж а л п ы л а м а:  тырс-тырс, тық-тық және т.б. дыбыстар мен сөздер бізді қоршаған ортаның дыбыстарына еліктейді.

II. «Сөздердің құпиясы»  жағдаяттық ойыны.

  • Сендер жасырын нәрселер мен құпиялар ашқанды сүйесіңдер ме?

Бүгін біз ерекше құпия – сөз құпиясын ашамыз. Сонымен бастаймыз.

  1. Тәрбиеші балаларға , өзіміз айтатын сөздердің қалай естілетінін тыңдауды ұсынады. А.Бартонның өлеңінен үзінді оқылады: 

 

«Күркіреді» сөзін қатты айтсаң

Шынымен күн күркірегендей болады.

Жай ғана «тышқан» деп айтсаң,

Тышқандар шулағандай болады

  • Неге күркіреді сөзі күн күркірегендей , ал тышқан сөзі шулағандай болады? (Сөздерде күркіреген және шулаған [р] және [ш] дыбыстары бар). Бұл сөздерде тағы қандай дыбыстар өмір сүреді? (Балалар сөздерге екпін қою арқылы күркіреу және тышқан сөздері әртүрлі дыбыстардан тұратыны туралы қорытындыға келеді).
  1. – Сөздерге дыбыстардың барлығы керек пе? (Иә). Ал сөздердегі дыбыстардың орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ). Келіңдер, тексерейік.

Күркіреу сөзіндегі [р] дыбысын [н] дыбысына ауыстырыңдар. Не шықты? (Жаңа сөз. Балалар сөздің мағынасын айтып береді).

Қ о р ы т ы н  д ы. Сөздегі дыбыстарды аттап өтуге және ауыстыруға болмайды, олай етсе сөздердің мағынасы өзгеріп кетеді.

III. «Дыбыстар адасты»  ойын жаттығуы.

1.М.Әлімбаевтың өлеңіндегі  адасып кеткен дыбыстарды орныныа  қояды:

Оқыдым бұтақ,

Сындырдым кітап.

Ауырды тас,

Шағылды бас.

-Осы өлеңдерді көңілді ,күлкілі деп айтуға бола ма? Неге? Ал күнделікті қарым –қатынаста  сөздегі дыбыстардың орнын ауыстыруға  болады ма? (болмайды, себебі адамдар  бір-бірін түсінбей қалады; әрбір  дыбыс өз орнында тұруы қажет).

2.-Балалар , тыңдаңдаршы, мен  құстардың атын айтамын: ақ ... , қар ... , тор ... , ... кек ... , қан ... . (тәрбиеші сөздердің алдындағы және артыңдағы дыбыстарды айтпай, тастап кетеді). Сендер мұндай құстарды білесіңдер ме? Неге сендер оларды танымадыңдар? (Сөздердегі дыбыстар айтылмай қалды). Құстардың аттары дұрыс шығуы үшін қандай дыбысты қай жерге қою керек? (балалар сөздердің  басы жне аяғы бар деген қорытындыға келеді).

3.-Сөз қысқа және ұзын  болуы мүмкін. Тыңдаңдар: доп, түн, күн, - қысқа сөздер, оларда дыбыс аз; егіншілік, темірқазық – ұзын сөздер, оларда дыбыс көп.

Б е к і т у: «Ұзын және қысқа» дидактикалық ойыны.

М а қ с а т ы:ұзын және қысқа сөздерді ажырата алуды жаттықтыру (бір-бірімен салыстыру арқылы).

Балалар қағаз жолақтарының (біреуі ұзын, біреуі қысқа) көмегімен, тәрбиешінің қандай сөз (ұзын немесе қысқа) айтқанын (аққұтан – тиін; кит – итбалық; қой –қолтырауын; барыс – бозторғай және т.б.) көрсетеді.

Балалар сөздердің заттық мағынасынан алшақтап, олардың тек дыбысталуын ғана салыстырады.

4.Дыбыстар үйшіктері. Кестемен  танысу және онымен жұмыс жасау.

а)Тәрбиеші сиқырлы дыбыстар үйшіктерін таратады, олар балаларға сөздегі әрбір дыбысты естіп үйренуге көмектеседі. Әрқайсысы үш-үштен, үш, төрт және бес дыбыстап тұратын сөздерге арналған дыбыстық кестелер алады.

б)бәрі қосылып сөздерге екпін қойып айтады және оларды кестелермен сәйкестендіреді (қой, мұрын, үй, өзен, балық, тауықтар, қошақан, үйшік, балапан).

Ж а л п ы л а м а     қ о р ы т ы н д ы. Сөз әртүрлі дыбыстардан тұрады, басы және соңы бар ;сөздегі дыбыстар белгілі бір тіртіппен орналасады (бірінің соңынан бірі тұрады); оларды аттап өтуге және басқа дыбыстармен алмастыруға болмайды.

3-сабақ. [а] дыбысы  және А әрпі

М а қ с а т ы. Сөздің басындағы [а] дыбысының екпіндік позициясын бөліп көрсетуге үйрету; дауысты дыбыстармен таныстыруды бастау; сөздерді мәнерлеп айтуға және дауысқа еліктеуіш сөздердің ішінен дыбыстардың жүйелілігін анықтай алуды; қағаз бетіндегі жазықтықты бағдарлай алуға (жоғарыдан төмен); жоғарыдан төменге тік сызық жүргізе алуға жаттықтыру; Аа әрпінің бейнесімен таныстыру.

К ө р н е к і  қ ұ р а л д а р . суреттер мен ойыншықтар жиынтығы, әріптер панносы; әр балаға жеке , жоғарғы жағында бұлттар салынған ақ парақтар, қарындаштар; дыбыстар үйшігі.

С а б а қ   б а р ы с ы. I.1.тәрбиеші сөздердегі [а] дыбысын дауысымен бөліп (созып), қысқаша әңгіме айтады.

-Мен сендерге бір ит  туралы әңгіме айтып берейін. Ол өзіне дос іздейді. Ит көше  кезіп, жүргіншілердің көздеріне  қарайды. Бірақ оған ешкім мән бермейді. Сол кезде жанынан бір шоқ ақкекіре гүлін ұстаған қыз бала жүгіріп өтеді. Гүлінің біреуі түсіп қалды. Қыз бала асығып бара жатқандықтан, гүлін жоғалтып алғанын байқамай да қалды. Ит гүлді аузымен тістеп алды да ,қыз баланы қуып жетіп ақкекіре гүлін алдына қойды. Қыз бала күлімсіреді де: «Жүр менімен!» деді. Ит қуанып кетті де, қызбен бірге жүгіре жөнелді. Осылайша үйсіз ит өзіне дос тауып алды.

Қыз баланың аты А-луа еді. Ол иттің атын А-қтұмсық деп қойды, өйткені оның тұмсығы а-қ еді.

А-луа, а-қтұмсық, а-қ сөздерінің бәрі де бір дыбыстан басталады. Мен сөздерді айтқанда, сол дыбысты бөліп көрсеттім.

Сол дыбысты айтыңдаршы ([а]). [а] дыбысы бар сөздерді қайталаңдар.

Дыбыстың артикуляциясы. Біз [а] дыбысын айтқанда аузымыз кең ашылады, тіл төменгі тістердің астында жатады. Дыбыс дауыспен айтылады. Ауа ағысының жолында ешқандай кедергі болмайды. 

Алфавиттің

А тұрады бассында.

Түсінші сен,

А деген ол –

Аналар ғой ардақты

(Ж.Әбдірашев)

Дауыспен айтылатын және ауыздың ішінде ешқандай кедергі кездестірмейтін дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атайды. Дауысты дыбыстар өмір сүретін үйшіктердің терезесін қызыл түспен белгілейік.

Дыбыстың сипаттамасы. [а] – дауысты дыбыс.

2.-Мен сөздер айтамын. Ал сендер, оларды қайталағанда  [а] дыбысын бөліп алыңдар, дыбыс сөздің басында тұр: ақпан, алма, аққу, айдын. (егер қажет болса, сөздердің мағынасын балалар түсіндіріп, ал нақтылауды – тәрбиеші айтсын).

II.1.-Біздің Ақтұмсық ерекше  үретін еді. Оның үруі үнемі  [а] дыбыбсынан басталады. Ол қайтіп үретін, табыңдаршы: әуп, ауп, арс? (арс).

2.-Бұл жерде қандай  бірінші дыбыс естіледі?( [а])

Дыбыстар үйін қолданып дыбыстардың жүйелілігін анықтау.

Үйшікте екі терезе бар: бірінші терезе – қызыл түсті.

3.-Иттер әрқилы үреді: біреулері қатты, екіншілері ақырын, тағы біреуі жалынышты, енді біреуі  көңілді. Ақтұмсықтың келесі жағдайларда  қалай үргенін көрсетіңдерші: Алуаға  қуанғанда (қатты) ,иелерін оятып  алуға қорыққанды (ақырын), ерінгенде (баяу), көрші үйдің иттерін қуғанда (қатты және жиі).

III. 1.Әріптің бейнесімен  танысу.

-Біз бүгін қандай дыбыспен  таныстық?( [а]). Мен сендерге [а] дыбысын анықтайтын әріп-белгіні көрсетемін. (Әріп көрсетіледі). Әріптердің барлығы біздің топта, өздерінің үйшіктерінде өмір сүретін болады (Әріптер панносы көрсетіледі). Бұл үйшікте алты қабат бар, әр қабатта -5-6 пәтер бар. Аа әрпі мына мекен-жайда тұрады:алтыншы қабат (ең жоғарғы қабат), №1 пәтер (балалар тәрбиешінің көмегімен паннодағы тиісті орынды табады да, оған әріпті бекітеді).

2.Әріптің бейнесін талдау.

Педагог балалармен бірге әріптерді қарастырады, сұрайды:

-Әріпте неше бөлшек  бар?(Үшеу). Қандай бөлшектер? (Таяқшалар). Таяқшалардың бәрі бірдей ме? (Жоқ.Екі таяқша ұзын, біреуі қысқа).

Педагог балалардың бақылауларының дұрыстығына көз жеткізуді ұсынады. Қайшымен жұмыс. Балалар өздеріне берілген әріптерді қияды. Алынған бөлшектерді қатарға тізеді. А әрпінің бейнесі шығуы үшін қандай бөлшектер және олардың қаншасы керектігін қайталайды.

3.Әріпті жинақтау.

Тәрбиеші алынған бөлшектерден қайтадан А әрпін құрастыруды ұсынады.

4.Педагог қалып қойған  бөлшекті анықтауды сұрайды (А әрпі ұзын таяқшаларының біреуін жоғалтып алады).

«А» - жер өлшейтін саржан,

                                                             Белін буып алған.

IV. «Жаңбыр жауып тұр» жаттығуды қағаз бетін бағдарлай алуды дамытуға және жоғарыдан төмен бағытталуды бекітуге арналған.

  • Бізге алуамен және оның жаңа досы Ақтұмсықпен қоштасатын уақыт келді. Олар бізге көп көмектесті. [а] дыбысымен және А әрпімен таныстырды. Алуа мен Ақтұмсық үйлеріне қайтуға асығып барады, өйткені далада күзгі жаңбыр басталды. (Балалар ақ парақ және қарындаштарын алады).
  • Бұлттардың арасынан жерге қарай тамшылар ұшып келеді. Бұлттар қайда орналасқан? (жоғарыда). Жаңбыр қалай құяды? (Төмен қарай). Жаңбыр жоғарыдан төмен жауады. Күзгі жаңбырдың суретін салайық.

Балалар жаңбырдың суретін салады. (тік сызықтар). Тәрбиеші олардың қимылдарының жоғарыдан төмен бағытталуын қадағалап тұрады. Балалар қимылдарын жоғарыдан төмен деген сөздермен ақырын ғана айта отырып орындауларына болады.

4 сабақ. [у] дыбысы  және Уу әрпі

М а қ с а т ы. Екі бірдей дауысты дыбыстан тұратын дыбыс қатарын талдауға үйрету. У у әрпімен таныстыру; қағаз бетіндегі жазықтыққа икемделе алуды (бағыттар: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары) жаттықтыру.

К ө р н е к і  қ ұ р а л д а р. Суреттер жинағы ,желісі бар сурет, әріптер панносы; төменгі жағында гүлдер салынған парақтар және қағаз аралар (балалардың санына қарай).

А л д ы н  а л а   ж ү р г і з і л е т і н   ж ұ м ы с т а р. Балалар өз парақтарына гүлдер (парақтың төменгі жағына) салады.

С а б а қ  б а р ы с ы. I.1. педагог [у] дыбысын дауысымен бөле отырып әңгіме айтады. – Бүгін мен сендерге кішкентай ара туралы айтып беремін.

  • Біздің аулада Уәли  деген бала тұрды. Оның үйінде бал арасының үйшігі бар. Бір күні ертемен Уәли балық аулауға кетіп бара жатқанда бір кішкентай ара өлеңдетіп жанынан ұшып бара жатты.

Информация о работе Ауызша сөйлеу