Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:19, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне аударуда сөйлемдерді оқырманға тұтастай жеткізуі және аудару барысында грамматикалық ерекшеліктерді анықтап білуі.
Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі бағыныңқы сөйлемдер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін, тәсілдері мен амалдарын анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аударуда аударманың тиімді амал-тәсілдерін, жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан айқындау;
ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аудару барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы аударма жасау
Кіріспе ......................................................................................................................3
1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне берілуі....................................................................................................................5
Бастауышты және баяндауышты бағыныңқы сөйлемдер..................................5
Толықтауышты және анықтауышты бағыныңқы сөйлемдер.............................7
Пысықтауышты бағыныңқы сөйлемдер............................................................10
2. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері ................................17
2.1 «Harry Potter and the Order of the Phoenix» шығармасындағы бағыныңқы сөйлемдердің түрлері........................................................................................17
Қорытынды..............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22
She spoke as though nothing had happened.
Ол ешнәрсе болмағандай сөйледі.
He described the town as if he had seen it himself.
Ол қаланы өз көзімен көргендей сипаттап берді.
3 Ескерту: Егер бағыныңқы сөйлемде that шылауы болса, онда басыңқы сөйлемде so, such шылаулары қолданылады. Бұл ретте so шылауы үстеу не анықтауышты, ал such шылауы бастауышты анықтайды [10].
He played so well that everybody admired him.
Оның жақсы ойнағаны сонша, барлығы сүйсіне қарады.
The airplane was flying at such a height that we could hardly see it.
Ұшақтың жоғары биіктікте ұшқаны сонша, біз оны әрең дегенде көре алдық.
Салыстырмалы шылауларымен:
I couldn’t have done any more than they did.
Мен олардың істегенінен артық ешнәрсе істей алмадым.
He works as quickly as I do.
Ол мен сияқты тез жұмыс істейді.
The book is not so interesting as you think.
Кітап сіз ойлағандай қызық емес.
The more time you spend in the Crimea, the sooner you will recover.
Қырымда көп уақыт өткізсеңіз, соншалықты тез сауығып кетесіз.
6. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of concession)
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің болғанына қарамастан, орындалатын іс-әрекеттер [7]. Олар басыңқы сөйлемдермен мынадай шылаулар арқылы байланысады:
though, (although) – дегенменде whoever – кім болмасын
in spite of the fact - соған қарамай whatever – не болмасын
however – дегенмен whichever – қайсы болмасын
Мысалы:
She didn’t cry though the tears were often in her eyes.
Ол жылаған жоқ, дегенмен оның көзі жиі жасқа толы болды.
Although the weather was bad, we went for a walk.
Ауа-райы жаман бола тұра, біз серуендеуге шықтық.
Whatever I may do, he is never content.
Мен не істесем де, ол бәрібір риза болмайды.
He went out in spite of the fact that he had a bad cold.
Өте қатты тұмау тисе де, ол сыртқа шықты.
Though (although) it was only nine o’clock, there were few people in the streets.
Сағат енді 9 болса да, көшеде адамдар аз болды.
Whatever happens, she won’t have it her own way.
Не болмасын, ол өз қалауымен істемейді.7. Мақсат бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of purpose)
Мақсат бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің қандай мақсатта орындалып жатқанын көрсетіп, what for? не үшін? for what purpose? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Олар басыңқы сөйлемдермен so that/so, in order that - үшін, lest - үшін емес деген шылаулары арқылы байланысады. Мақсат бағыныңқы сөйлемдердің баяндауыштары may (might) немесе should + Infinitive without to етістіктері арқылы берілуі мүмкін.
May - басыңқы сөйлемнің етістігі осы шақ не келер шақта тұрғанда қолданылса, might болса өткен шақта тұрғанда қолданылады. Should басыңқы сөйлемнің етістігінің қай шақта тұрғанына қарамай қолданыла береді [7].
Write to him at once so that he may know our plans.
Ол біздің жоспарларымыздан хабардар болуы үшін, тез жаз оған.
The teacher speaks slowly so that (in order that) his pupils may understand him.
Оқушылары оны түсіну үшін, мұғалім ақырын сөйлейді.
I gave him the text-book so that he might learn his lesson.
Сабақтарын оқып алсын деп, мен оған кітапты бердім.
I’ll ring him up at once so (so that) he shouldn’t wait for me.
Ол мені күтіп қалмас үшін, мен оған дереу қоңырау шаламын.
I’ll write the letter immediately so that you may be able to read it before I hand it to the typist.
Басушыға бермей тұрып, сіздің оқып алуыңыз үшін, мен хатты дереу жазамын.
He drew a plan of the village so that she might be able to find his house easily.
Үйін тез тауып алуы үшін, ол оған ауылдың сызба-нұсқасын сызып берді.
May орнына – can, ал might орнына could қолданылуы мүмкін.
He spoke loudly and clearly so that all could hear him.
Басқалар оны тыңдай алсын деп, ол дауыстап және түсінікті сөйледі.
He drew a plan of the village so that she could find his house easily.
Үйін тез тауып алуы үшін, ол оған ауылдың сызба-нұсқасын сызып берді.Lest шылауы бар бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болымды түрде тұрады, себебі lest шылауында болымсыздық мағынасы бар.
Write down all the new words from the text lest you should forget them.
Ұмытып қалмауыңыз үшін, мәтіндегі барлық жаңа сөздерді жазып алыңыз.
I’ll ring her up lest she should forget about it.
Ол осыны ұмытып кетпеуі үшін, мен оған хабарласамын.
She drew a plan for me lest I should lose the way.
Менің жолдан адасып кетпеуім үшін, ол маған кесте сызып берді.
Көркем-әдеби шығармаларда мақсат бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен жиі that және lest шылаулары арқылы байланысады. Lest-тан кейін баяндауыш should инфинитив тіркесі арқылы беріледі. Lest-та болымсыздық болған соң, баяндауыш not демеулігінсіз қолданылады [7].
The invitations were sent out early that the delegates might arrive in the time for the conference.
Делегаттар уақтысында келсін деп, шақыру хаттары алдын-ала жіберілген болатын.
We wrapped the instruments in oilcloth least they should be damaged by sea water. (=lest they be damaged by the sea water).
Теңіз суынан зақымданбасын деп, біз құралдарды қаптамамен орадық.
Басыңқы және бағыныңқы сөйлемдерде бірдей бастауыш болғанда, бағыныңқы сөйлем инфинитивтік айналымға ауыстырылады. Бұл кездерде инфинитивтің алдында in order, so as үшін шылаулары тұрады. Бұл шылаулар сөйлеу тілінде сирек кездеседі.
They left home at 5 o’clock so that they should not be late for the lecture. = They left home at 5 o’clock not to be late for the lecture.
Дәріске кешігіп қалмау үшін, олар сағат бесте үйден шықты.
I have done all my homework so that I can go to bed earlier. = I’ve done all my homework to go to bed earlier.
Ертерек ұйықтау үшін мен барлық үй-жұмыстарымды істедім.
8. Шартты бағыныңқы сөйлемдер (Adverbial clauses of condition)
Шартты бағыныңқы сөйлемдер, қысқаша шартты сөйлемдер, деп – басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің болу болмауы бағыныңқы сөйлемдегі шартқа байланысты болып келеді [7]. Шартты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен шылаулар арқылы байланысады:
if – егер
in case – егер жағдай....
supposing (that), suppose (that) – егер соған сүйенсек
unless – егер... -ма, ме, -па, - пе (жұрнақтары арқылы)
provided (that), providing (that), on condition (that) – егер шарт мынадай болса
Мысалы:
If we start off now, we’ll arrive there by dinner time.
Егер біз қазір жол жүрсек, онда сол жақта түске қарай барып қаламыз.
He won’t go there unless he is invited.
Егер оны шақырмаса, ол сонда бармайды.
If I see him tomorrow, I’ll ask him about it.
Егер мен оны ертен көрсем, одан осы туралы сұраймын.
We can deliver the machine in December provided (that) we receive your order within the next ten days.
Біз көліктерді желтоқсан айында жеткізе аламыз, егер біз сіздің тапсырысыңызды 10 күн ішінде алатын болсақ.
Шартты бағыныңқы сөйлемдерде егер басыңқы сөйлемның баяндауышы келер шақта болса, онда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы осы шақта тұрады [10].
They will be glad if you go and see them.
Егер сіз оларға кіріп шықсаңыз, олар қуанышты болып қалады.
If he has time, he will go there.
Егер оның уақыты болса, ол сонда барады.
2.1 «Harry Potter and the Order
of the Phoenix» шығармасындағы
Зерттеудің практикалық жұмысында Дж. Роулингтің «Harry Potter and the Order of the Phoenix» («Гарри Поттер және Феникс Ордені») кітабынан мысалдар алынды.
1. “Harry thought that it seemed farfetched”, [5, 220 б] “Гарри оны алдын-ала ойластырылған сияқты деп ойлады”. – Толықтауышты бағыныңқы сөйлем, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеммен that шылауы арқылы байланысып тұр.
2. “Harry glanced at Ron and Hermione, who sighed and nodded, and the three of them set off after Hagrid, leading the rest of the class”, [5, 337 б] “Терең тыныс алып, басын изеген Рон мен Гермионаға Гарри бір қарады да, кейін үшеуі де сыныпты апара жатқан Хагридтің соңынан ерді”. – Анықтауышты жекелеуші бағыныңқы сөйлем.
3. “While everyone around him filled their flagons, Harry cleared his things”, [5, 179 б] “Қасындағылар өздерінің бөтелкелерін толтырып жатқанда, Гарри өз заттарын жинап қойды”. – Мезгіл бағыныңқы сөйлем, бағыныңқы сөйлем while шылауы арқылы байланысып тұр.
4. “Harry saw that he had two fresh cuts on his face and several new bruises”, [5, 425 б] “Гарри оның бетіндегі бірнеше жаңа жарақаттарды және тағы тілінгенін көрді”. – Толықтауышты бағыныңқы сөйлем.
5. ““I thought it was a good idea from the start”, said Ron, who seemed keener to join in this conversation now that he was sure Harry was not going to start shouting again”, [5, 252 б] – “Гарри тағы айқайлап берейтін шығар дегенге көз жеткізген соң, Рон: “Басттапқыдан бұл жақсы ой деп ойлағанмын”, - деп, енді ғана әнгімеге қызыға кіріскіскендей айтты”. – Бұл ұзақ сөйлемде анықтауышты да толықтауышты да бағыныңқы сөйлемдер кездеседі. Бірінші және үшінші бағыныңқы сөйлемдер толықтауышты, олар that шылауы арқылы байланысқан, бірақ бірінші бағыныңқы сөйлемде ол түсіп қалған. Ал екінші бағыныңқы сөйлем анықтауышты болып табылады. Ронның қандай жағдай екенін көрсетіп тұр.
6. “The very best thing you could say about the match was that it was short”, [5, 434 б] “Ойын жайлы айтқан ең жақсы сөзін оның қысқа болғандығында болды”. – Бастауышты бағытыңқы сөйлем.
7. “Ginny Weasley, looking very windswept, had joined him at the library table where he had been sitting alone”, [5, 492 б] “Жел тимейтіндей сияқты көрінген Джинни Уизли, кітапхана үстелінде жалғыз отырған Гарридің қасына келіп қосылды”. – Мекен бағыныңқы сөйлем, басыңқы сөйлеммен where шылауы арқылы байланысқан.
8. “There was a man at the bar whose whole head was wrapped in dirty grey bandages”, [5, 256 б] “Барда басының барлық жері кір шүберекпен ораулы бір кісі болды”. – Анықтауышты сипаттамалы бағыныңқы сөйлем.
9. “Harry nodded and tried to keep eating, but his mouth had become so dry he could not chew”, [5, 90 б] – “Гарри басын изеп, ары қарай тамақтана беруге тырысты, бірақ аузының құрғап кеткені сонша, шайнай да алмады”. – Салдар бағыныңқы сөйлем.
10. “If they were going to report anything about Voldemort it would be the headline news, wouldn’t it?”, [5, 56б] “Егер олар ВолдеМорт жайлы хабарлайын деп жатса, онда ол басты жаңалықтардың бірі болатын еді ғой, солай емес пе?” – Шартты бағыныңқы сөйлем. Шартты сөйлемдердің екінші типіне жатады. Болашақта орындалып қалуы мүмкін, бірақ нақты сенім жоқ екенін көрсетіп тұр.
11. ““Listen to me!” said Harry angrily, because Ron and Hermione were both smirking now”. [5, 250 б] ““Тыңдаңдар мені!” - деп, Гарри ашулы айтты, себебі Рон мен Гермиона екеуі де ыржыйып күліп отырған”. – Себеп бағыныңқы сөйлем. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің себебін білдіріп тұр, яғни Гарри неге ашуланғанын көрсетеді.
12. “Professor McGonagall closed her eyes as though praying for patience as she turned her face towards Professor Umbridge again”, [5, 315 б] “Сабыр бере көрші дегендей, профессор МакГоннагал көзін жұмып профессор Амбриджге бұрылып қарады”. – Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем.
13. ““Whatever you do, don’t mention Percy in front of Mum and Dad” Ron told Harry in a tense voice”, [5, 53 б] ““Не айтсаң да, анам мен әкемнің алдында Персиді еске алмашы”, - деп, Рон Гарриге сабырлы дауыспен айтты”. – Қарсылықты бағыныңқы сөйлем. Басыңқы сөйлеммен whatever шылауы арқылы байланысқан.
14. “When Harry had finished, Fred, George and Ginny continued to stare at him for a moment”, [5, 362 б] “Гарри аяқтап біткенде, Фред, Джордж және Джинни оған бір сәт тесіліп қарады”. – Мезгіл бағыныңқы сөйлем.
15. “Marietta was standing exactly where Umbridge had realized her”, [5, 464 б] “Амбридж ойлағандай, Мариэтта дәл сол жерде тұрды”. – Мекен бағыныңқы сөйлем. Бұл сөйлемде шылау бағыныңқы сөйлемнен кейін келгенмен, ол соған қатысты.
16. “They walked straight past the golden fountain before Harry remembered”, [53, 117 б] “Гарри есіне түсіргенше, олар алтын фонтанның қасынан өте берді”. – Мезгіл бағыныңқы сөйлем.
17. “But the Dursleys would never have let you come if they’d thought you enjoyed it”, [5, 16 б] “Бірақ, егер Дурслей отбасы саған осы ұнап жатқанын ойлап қалса, саған ешқашан келуге рұқсат бермейді ғой”. – ІІІ типтегі шартты сөйлем.
18. “A short distance away, Draco Malfoy was pushing some timid-looking second years out of the way so that he and his friends could get a coach to themselves”, [5, 234 б] “Өзі және достары поезд дүнгешегіне отыру үшін, шамалы ара қашықтықта Драко Малфой жолдан ұялшақ екінші курс студенттерін итеріп өтіп жатты”. – Мақсат бағыныңқы сөйлем.
19. “His black eyes swept up the Gryffindor line to the point where Harry and Ron were wrestling with Neville”, [5, 275 б] “Гарри мен Ронның Невильмен күресіп жатқан жеріне дейін, ол өзінің қара көздерімен Гриффиндор қатарын қарап шықты”. – Мекен бағыныңқы сөйлем.
20. “Firenze said that they’re angry because they went to work for Dumbledore”, [5, 516 б] “Фирензе өздерінің ашулы екенін айтты, себебі олар Дамблдорға жұмыс істеуге кетті”. – Себеп бағыныңқы сөйлем.
21. “He turned away to meet the rest of the team who were now landing one by one”, [5, 313 б] “Бір-бірлеп жерге қона бастаған командасының қалған мүшелерін көру үшін ол бұрылып кетті”. – Анықтауышты бағыныңқы сөйлем.
22. “He just wanted this to be over, so that he could go and asleep”, [5, 543б] “Ол осының бәрін біткенін қалады, сөйтіп ол барып ұйықтаушы еді”. – Салдар бағыныңқы сөйлем.
23. “Harry awoke at half past five the next morning as abruptly and completely as if somebody had yelled in his ear”, [5, 92] “Гарри келесі күні таңертен бес жарымда кенеттен тез оянды, біреу құлағына келіп айқайлап кеткендей болды”. – Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем.
24. ““If you mean my mum and dad, why don’t you use their names?” said Harry loudly”, [5, 23 б] ““Егер анам мен әкемді айтқыларын келсе, неге олардың есімдерін айтпайсындар?” – деп, Гарри айқайлады”. – І типтегі шартты сөйлем.
25. “He had more important things to worry about, however he was looking over the student’s heads to the staff table that ran along the top wall of the Hall”, [5, 153 б] “Оның уайымдайдын маңызды нәрселері көп болса да, ол Залдың басына дейін баратын үстелдерде отырған студенттердің бастарынан қарай берді”. – Қарсылықты бағыныңқы сөйлем.
Информация о работе Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері