Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 16:19, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне аударуда сөйлемдерді оқырманға тұтастай жеткізуі және аудару барысында грамматикалық ерекшеліктерді анықтап білуі.
Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі бағыныңқы сөйлемдер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін, тәсілдері мен амалдарын анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аударуда аударманың тиімді амал-тәсілдерін, жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан айқындау;
ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аудару барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы аударма жасау
Кіріспе ......................................................................................................................3
1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне берілуі....................................................................................................................5
Бастауышты және баяндауышты бағыныңқы сөйлемдер..................................5
Толықтауышты және анықтауышты бағыныңқы сөйлемдер.............................7
Пысықтауышты бағыныңқы сөйлемдер............................................................10
2. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері ................................17
2.1 «Harry Potter and the Order of the Phoenix» шығармасындағы бағыныңқы сөйлемдердің түрлері........................................................................................17
Қорытынды..............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22
26. “But I s’pose, if you were, you wouldn’t be able to walk and talk at the same time”, [5, 10 б] “Менімше, егер сен болғанда, сен бір уақытта жүріп те сөйлей де алмас едің”. – ІІ типтегі шартты сөйлем.
27. “He could still’ve kept me informed if he’d wanted to”, [5, 49 б] “Егер ол қаласа, мені әлі де болса хабардар ететін еді.” – ІІІ типтегі шартты сөйлем.
28. “The problem was that there were now so many of them he never knew which way to turn”, [5, 509 б] “Мәселе – олардың қазір көп болуында, ол қай жолға бұрыларын ешқашан білмейді”. – Баяндауышты бағыныңқы сөйлем.
29. “And if you want dinner before midnight I’ll need a hand”, [5, 61 б] “Егер түн болмай кешкі астарыңды ішкілерін келсе, маған көмек керек”. – І типтегі шартты сөйлем.
30. “The question is how we’re going to get in there!”, [5, 548 б] “Біз ол жерге қалай жетеміз деген сұрақ туындап тұр”. – Баяндауышты бағыныңқы сөйлем. Басыңқы сөйлеммен how шылаулық сөзі арқылы байланысып тұр.
Дж. Роулингтің «Harry Potter and the Order of the Phoenix» («Гарри Поттер және Феникс Ордені») кітабынан алынған мысалдарға қарап, ағылшын тілі грамматикасы, бағыныңқы сөйлемдері, сөздердің орын тәртібі қазақ тілімен сәйкес келе бермейтінін байқаймыз. Бұл сөйлемдерді аударуда аудармашының сөз байлығы бай, екі тілдің барлық құралдарын біліп, осы шығарма жайлы таныс болу керек.
Зерттеудің практикалық жұмысында Дж. Роулингтің «Harry Potter and the Order of the Phoenix» («Гарри Поттер және Феникс Ордені») кітабынан 30 мысалдар алынды. Олардың ішінде 3 толықтауышты жән 3 анықтауышты бағыныңқылар; 1 бастауышты және 2 баяндауышты бағыныңқылар; пысықтауышты бағыныңқылардан: 3 мезгіл бағыныңқы, 3 мекен бағныңқы, 2 салдар бағыныңқы, 2 себеп бағыныңқы, 2 қимыл-сын бағыныңқы, 2 қарсылықты, 1 мақсат бағыныңқылар; шартты бағыныңқылардан: 2 ІІ типтегі шарртылар, 2 І типтегі және 2 ІІІ типтег шартты бағыныңқы сөйлемдер бар.
Қорытынды
Сабақтас құрмалас сөйлем деп – құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысуын айтамыз. Жай сөйлемдердің бірі – басыңқы, яғни ой тиянақты, аяқталған, ал екіншісі – бағыныңқы, басыңқы сөйлемді толықтырып тұрушы.
Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлеммен бағыныңқы шылаулармен, шылаулық сөздермен немесе шылаусыз байланысады. Бұл сөйлемдер қазақ тіліне аударылғанда шартты рай, көсемше және есімше жұрнақтары арқылы аударылады
Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы лексиканың, синтаксистің, грамматиканың сыртқы формаларында да, компоненттік ерекшеліктерінде де елеулі айырмашылықтар болады. Ағылшын тілінің сабақтас сөйлемдері қазақ тіліне сабақтас сөйлем болып аударыла бермейді, кейде жай сөйлем болып та беріледі.
Ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аударуда аударманың тиімді амал-тәсілдерін, жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан айқындалды.
Ағылшын тілінің бағыныңқы сөйлемдерін қазақ тіліне аудару барысында екі халықтың ойлау ерекшеліктеріне және ұлттық құндылықтарына лайықты баламалар іздестіру арқылы аударма жасалды.
Зерттеудің
практикалық жұмысында, аудару барысында
аударма трансформациясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің түрлері