Білім беру принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 17:23, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
- Оқу жұмысында білім беру принциптері жайлы ұғымын қалыптастыру
- Колледж ішіндегі білім беру принциптері туралы ұғым беру
- Техникалық пән бойынша білім беру принциптерінің түрлерінің білігін қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................
1 Білім беру принциптердің теориялық негіздері....................................
1.1 Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік........................................
1.2 Қазіргі кездегі білім беру принциптердің түрлері................................
1.3 Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі..............
2 Білім беру принциптердің практикалық жағдайлары..........................
2.1 Техникалық пәндерді оқыту барысында түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері.............................................................................
2.2 Техникалық пәндерді оқытуда қолданылатын принциптер..............
2.3 Колледждерде болашақ маманның даярлығын қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары..............................................................
2.4 Оқытушының сабаққа дайындалуы.......................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

ПЕДАГОГИКА КУРСОВАЯ.doc

— 165.00 Кб (Скачать файл)

Әрбір оқытушы сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға  алады:

  • Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыдан жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану
  • Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігі сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмыны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
  • Оқу-пәні ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану
  • Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылады сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
  • Тек тіл оқытушыдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемің оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.
  • Әрбір тақырып, бөлім, тарау,  пән аяқталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу
  • Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды бір сабақта « айлақорлықпен» ұғындырмау
  • Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білік жүйесін меңгеруін талап ету.

Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я.А. Коменскийдің «бүкіл оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады» өсиетін. Нақтылай түседі.

3. Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі. Бұл принцип философияның «тәжірибе-танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе- ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.

4. Саналылық пен белсенділік принципі. Бұл приципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, оқытушы қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.

5. Көрнекілік принцип. Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін  тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдармен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдармен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен.Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік сақтайды.

Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдату үшін оқытушы өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атаған.

6. Беріктілік принципі. Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұның менгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзарабайланысты екі жағы; білім беріктігі оқушының оқытушыге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері,уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.

Оқытуды ережелерге бағындыру-оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету.

7. Сәйкестілік принцип. Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді.

Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлығына, қабілетінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен нәтижелілігіне оң ықпал етеді

Әрбір оқытушы оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптердің басшылыққа алуы шарт.

 

 

 

1.3 Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі

 

Кәсіптік  білім беруде оқыту принциптерінің екі тобы болады: жалпы дидактикалық және кәсіптік білімге ғана тән - кәсіптік.

Жалпы дидактикалық принциптер барлық оқыту мекемелерде жүзеге асады, бірақ оның асыруы КТМ-де өз  кәсібие оқытуда рекшеліктерін қамтиды.Төменде көрсетілген жалпы дидактикалық принциптер кәсіптік білім беру мекемелерде қолданады:

  • Ғылымилық
  • Көрнекілік принцип ғылыми-техникалық ойлауды жетілдіреді
  • Саналылық принцип- оқушылардың басшылық пен инженер-педагог қызметінде  шығармашылық белсенділікті артырады
  • Жүйелілік принцип- оқытудағы бірізділікті сақтауға мүмкіндік береді
  • Оқушылардың жеке дара қасиеттерін  ескеруі
  • Теория мен практика, ғылым мен өндіріс
  • Білім, білік, дағдының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Кәсіптік оқытудағы арнайы принциптерді ескеру- жалпы педагогикалық принциптерден басқа кәсіптік мектептерде инженер-педагог арнайы кәсіптікке арналған принциптерді ескеру қажет,осы принциптер тек белгілі бір КТМ-ге тән қолданады. Олар келесі принциптер:

  1. Жалпы техникалық және жалпы білім беретін кәсіптік бағдар принципі.

Оның жүзеге асыруы білім беру мақсатымен, жалпы техникалық пен кәсіптік пәнмен сәйкес келуі керек, сонымен қатар оқытушыдердің білім беру бағдарламасымен  сәйкес болу керек. Инженерлік педагогикалық мамандардың пәндік қасиетінен емес  кәсіби жағынан бірігуі, оқушының болашақ мамандығынның білімін жақсы менгеруіне әкеледі.

  1. Оқыту материалын меңгерген кезде технологиялық бірізділік принципі.

Осы принцип тек қана «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәнін оқытуда арнайы өндірісте жұмыс істейтін адамдар үшін түрлі  операцияларды қолдануға мүмкіндік береді.

3.Оқыту процесінде түрлі кәсіптік  модельдеуді қолдану принципі.

 Осы принцип бойынша оқушыларға  кәсіптік  модельдеу жағынан түрлі  кәсіптік есептерді шығаруда  арнайы шешім қабылдауға мүмкіндік  береді. Кәсіптік есеп арнайы  талапқа негізделіп жасалғандықтан, алдын ала дайындыққа, кәсіптік білім, білік, дағды қалыптасуына мүмкіндік береді. Жұмыс істеу қызметін модельдеу бірнеше сатылардан тұрады:

  • жұмыс орында жасалынатын-жүйелер
  • жұмыскер шеше алатын-есептер
  • алдына қойылған есепті шешу үшін- арнайы кәсіби  білім, білік, дағдының қалыптасуы.

4.Кәсіптік жан-жақтылық принципі.

Ол оқушының аз уақытта техникалық құралды,технологиялық процесстерді және жаңа мамандықты игеруде  мүмкіндік беретін білімді кеңейтуге болады. Жан-жақтылық, оқушының білім деңгейінің дүниетанымын, практикалық мәселені шешуге, өндірісті алдын ала жоспарлау мен болжауды көрсетеді.

Оқытудың басты мақсаты- оқушының кәсіби білімін жетілдірумен қатар өз интеллектуалдық мүмкіндіктері дамыту. Кәсіптік оқыту оқушының аз уақыт ішінде жаңа техникаға, технологияға, еңбек күшін ұйымдастыруына тез  бейімделуге үйретеді.

5. Кәсіптік оқытудағы модульдеу  принципі.

Оның негізгі  ерекшелігі- оқушыға оқытушы ұсынған тақырып бойынша жеке дара жұмыс істей алады.Ол арқылы оқушы алдына қойылған мақсатқа және дидактикалық мақсатқа жете алады.

Бағдарлама түрлі жолдарды көздейді, модульдер мазмұны әр уақытта жаңарып отырады.

Модульдік принцип жүзеге асырылуы оқушының түрлі интеграциялық аясында жұмыс істеуі, оның шешім табу жолдары мен кәсіби дайындалу денгейін көтереді.

Осы аталған жүйелерді сақтау инженер- педагогқа алдына қойған дидактикалық, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын орындауға мүмкіндік береді.

2.Білім беру принциптердің  практикалық жағдайлары

 

2.1 Техникалық пәнді оқыту барысында түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері

   

Техникалық білім беру өте өзекті және көп қырлы болып табылады, себебі оқушылардың, олардың ата-аналарының, ұстаздардың мүдделерін қорғайды. Техникалық білім беру мен тәрбиелеу саласындағы зерттеулер философиялық, психологиялық, педагогикалық және техникалық ғылымда айтарлықтай орын алып отыр.

Техникалық білім беру жай ғана маңызды мәселе емес. Алғашқы техникалық білім дағдылар, сұраныс пен оны қанағаттандыру туралы алғашқы түсінік балалардың санасында мектепке дейін қалыптаса бастайды.

Техникалық білімнің едәуір бөлігін математика, ана тілі, табиғаттану сабақтарында игеруге болады. Бүл оқу пәндеріне техникалық пән терминдері мен техникалық мінез-қүлықтың ең қарапайым дағдыларын енгізу мектептегі білім берудің бастауыш деңгейінің педагогикалық тиімділігін арттырады. Техникалық білім беру жүйесінің жиырма бірінші ғасыр басындағы өзектілігін белгілей отырып, бұл жүйенің басты жағдайларына сүйенуге болады. Техника оқу пәні ретінде мына принциптер негізінде қүрылу тиіс:

  • гуманитарлық (техникалық ойлаудың білімнен басымдылыгы);
  • объективтілік (ақиқаттық әмоциялардан басымдылыгы);
  • идеологиядан тыс болуы;
  • этникалық ерекшеліктер (дүниежүзілік тәжірибе мен ұлттъщ ерекшеліктің үйлесімділігі);
  • психологиялық сәйкестік (психиканың жас ерекшеліктерін есепке алу);
  • өзектендіру (теория мен тәжірибенің байланысына негізделу);

 

Осы принциптердін барлығының үйлесуі техниканы оқытуды қызық, әрі уақытылы негізгі оқыту пәніне айналдыруға мүмкіндік береді. Бастауыш білім беру сатысында баланың жасына сәйкес басты құбылыстар ересектермен сенімді қарым-қатынастар, қиялдың талдаудан гөрі басымдылығы және өзі мен қоршаған әлемге сынаушылық көзқарастың жоқтығы болып табылады. Бұл ерекшеліктерді ұқыптылық пен еңбекті сыйлау, отбасының сұранысы мен мүмкіндіктерінің аражігін ажырату, мемлекет, отбасы және жеке мүдделердің бірлігі, т.с.с. техникалық құныдылықтарды патриархалдық-дәстүрлік тәрбиелеу барысында қолдануға болады. Бастауыш мектеп оқушыларына техникалық білім берудің басты мақсаты - қоршаған техникалық өмір жағдайлары және қоршаған авдамдардың қызметі туралы бастапқы ұғымды қалыптастыру. Мұндай білім адамның жалпы мәдениетінің бір маңызды бөлігі.

2.2 Техникалық пәнгдерді оқытуда қолданылатын  принциптер

 

Техника пәнін оқыту әдістемесі - техниканы ұғынудың заңдылықтарын, оның қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында оқытушы дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі тероиялық қағидаларына сүйенеді.

Техника пәнін теориялық білім мен практикалық дағды беруде оқытушы дидактикалық принциптер мен әдістемелік заңдылықтарға сүйенеді. «техника және оның қызметі» тақырыбын оқытуда білім беру прицниптерін пайдалануды қарастырайық.

  1. Оқытудың гылымилылық принципі бойынша оқулықтағы техника туралы материалдардың мазмұны техника саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі тиіс. Материалдың ең негізгі белгілерін, яғни «техника» ұғымын, оның қазіргі жағдайда қалай түсінідіріліп жүргенін ұстаз ой елегінен өткізіп, оқушыларға жеткізеді. Оқытушы оқулықтағы ережемен ғана шектеліп қалмай, ғылыми материалды да саралап қолданғаны жөн.
  2. Оқытудың жүйелілік принципі оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі. Ақша туралы түсінікті алдымен «қүн», «қүн формалары», «тауар» деген үғымдарды меңгертіп барып беру керек. Себебі, ақшаның пайда болуы аталған түсініктердің даму әсерінен шығады. Сондықтан оқыту жүйелі болуы үшін ақшаның пайда болу тарихынан бастап, даму кезеңдерін жүйелеп түсіндіру қажет. Білімнің жүйелілік және бірізділік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, тексеруде, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Оқушыларға сабақ түсіндірмес бүрын «Ақша деген не?» деген сияқты сұрақ қою арқылы оқытудың жүйелілігін үйымдастыруға болады. Бүл принцип ғылыми принциппен өте тығыз байланыста болғандықтан, оқыту барысында ғылыми білімдерді жүйелеп және реттілікпен үғындыруды көздейді. Жүйелілік принципіне сай бүрын өтілген материалды оқушы әбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал өтіледі. Ақшаның түрлері мен қызметін оқушыға меңгерткеннен соң, ақша жүйесі туралы мағлұмат беріледі. Өйткені, ақша жүйесіне металл ақша, қағаз ақша және несие ақшалары, яғни ақшаның түрлері кіреді.

3. Оқытудың көрнекілік принципі оқушыларға материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір сабақта көрнекі қүралдарды үлымды пайдалана білу сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Ақшаның қызметін сызба түрінде көрсетуге болады.

Сызба бойынша оқушылар ақша төлем құралынан айналыс құралына қалай ауысатынын оңай үғына алады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сол сияқты арнайы дайындалған үлестірме қағаздар арқылы ақша ұғымы туралы білімдерін кеңейте түседі. Сондықтан оқытушы өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, кесте сияқты көрнекі қүралдардың сапасына, тазалығына баса назар аударуы қажет. Техника пәнін оқытуда көрнекілік көбінесе график, кесте түрінде беріледі.

Информация о работе Білім беру принциптері