Білім беру принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 17:23, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
- Оқу жұмысында білім беру принциптері жайлы ұғымын қалыптастыру
- Колледж ішіндегі білім беру принциптері туралы ұғым беру
- Техникалық пән бойынша білім беру принциптерінің түрлерінің білігін қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................
1 Білім беру принциптердің теориялық негіздері....................................
1.1 Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік........................................
1.2 Қазіргі кездегі білім беру принциптердің түрлері................................
1.3 Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі..............
2 Білім беру принциптердің практикалық жағдайлары..........................
2.1 Техникалық пәндерді оқыту барысында түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері.............................................................................
2.2 Техникалық пәндерді оқытуда қолданылатын принциптер..............
2.3 Колледждерде болашақ маманның даярлығын қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары..............................................................
2.4 Оқытушының сабаққа дайындалуы.......................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

ПЕДАГОГИКА КУРСОВАЯ.doc

— 165.00 Кб (Скачать файл)

4. Саналылық пен белсенділік принципі оқушыларға техникалық білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілетін дамытып отырады. Пәннің заңдылықтары мен ережелерін оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі қажет. Демек, оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында ақшы қалай айналыс қүралына айналып кеткенін немесе ол қызметін қалай жүзеге асыратынын дәл, айқын түсіндіріп, оқушыларға материалды өз түсінігі бойынша айтқызып отыруы керек. Оқушының оқу белсенділігі сабаққа қызығушылы болған кезде артады. Сондықтан оқытушы көбіне қүн мен тауарды ақшамен байланыстырып, қызықты мысалдар келтіріп отыруы керек. Осы тұрғыда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға мүмкіндік жасалу керек. Мысалы, қарапайым техникалық есептердің шартын түрмыспен байланыстырып, әр оқушының логикалық ойлауын дамыта отырып, оқушыларға жеңіл, әрі тез қабылдайтындай етіп қүру.

5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асады. Тауарлар қүнның тауар және ақша болып екіге бөлінуі тауардың ішкі қарама- қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Егер тауар сатылса, оның түтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғаны. Екінші жағынан, оның ақшамен өлшенетін құнының бар екендігі. Сатылған қүн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті түтыну қүлын алуға мүмкіндік туады.

6. Түсініктілік принципі оқу материалына дәл анықталған материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен ұғымдарды пайдалануды көздейді. Ақша айналысы заңы - қүн заңының анылысы аясындағы көрінісі. Бүл заңның мәні-ақшаның айнылыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір атас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек. Ақша агрегаттарын түсіндіру де осы принципті қатаң үстануды көздейді. Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны қүрамын анықтау үшін келесі ақша агрегаттары пайдаланылады: М1, М2, МЗ, Ь. әр ақша агрегаты өзінен алдығыңғыларлың барлық әлементтерін өзіне біріктіріп, үлкен ақша жиынын құрайды. Ақша тақырыбында ақша айналыс заңы, ақша агрегаттары тақырыптарын түсіну оқушыларға қиынға түсуі мүмкін. Бүл түсініктерді түсіндіруде мүғалім жоспардан бұрын банк, депозит, есепшот, салым сияқты ұғымдарды қолдануы керек. Сондықтан ол неғүрлым жеңіл тілмен аталған түсініктерді меңгертуге тырысуы керек.

 

 

2.3 Колледждер мен КТМ-де  болашақ маманның  даярлығын

қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары

 

Оқулық мазмұны мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспары мен үлгі оқу бағдарламаларында анықталады. Оның мазмұны қоғам талаптарына сәйкес жоғары білікті маман даярлауға бағытталады.Осымен байланысты жоғарғы оқу орындарында оқу процесінде болашақ техника пәні мамандарын даярлауда мына басты міндеттер шешімін табуға тиіс: техника пәнін оқытудың ең жетік жолдарын меңгерген техника пәні оқытушыін даярлау. Болашақ мамандардың кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыру үшін өзі таңдаған мамандығына сәйкес арнайы ғылыми пәндерден терең, жан-жақты білімі болуы қажет. Білім беру саласындағы негізгі құжаттарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі тиіс. Болашақ оқытушынің теориялық даярлығын жетілдіру - колледждерде педагог кадрларды даярлау жүйесінің маңызды мәселерінің бірі. Ал осыған сәйкес білім мазмұнын іріктеуде оқытудың заңдлықтары мен  ұстанымдары негізге алынуы қажет.

Классикалық дидактикада жалпыға танылған оқыту принциптері төмендегідей: оцытудың дамытушылыц, жан-жацты тәрбие берушілік принцип,, оцытудың мацсаттылъщ принципі, оцыту үрдісі мазмүнының гылымилыц принципі, оцытудыц саналылыц пен белсенділік принципі, оцытудың көрнекілік принципі, түсініктілігі принципі, оцытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі, жас шамага лайыцтылыгы принципі, оцытудың саралау принципі.

Дидактикалық принциптердің негізін қалаған ұлы чех педагогы Я. А. Коменский болса, олар талай ғасырлар бойы толықтырылып, мазмүны жаңарып отырды. Осымен байланысты соңғы кездері дидактикада айтылып жүрген оқыту принциптері оқыту үрдісіне уәж (мотив) тудыру принципі, оқытушы мен оқушы арасындағы іскерлік ынтымақтастық принципі, бүған қоса 70 жылдары Л. В. Занков жаңа дидактикалық принциптерді үсынды: оқытудың жоғарғы қиындық дәрежесінде жүзеге асуы, оқу материалын өтуде жылдамдықты тездету, теориялық білімнің артықшылығы.

Сонымен оқуға, сабаққа қойылатын маңызды талаптардың бірі -дидактикалъщ принциптердіц жүзеге асырылуы.

Болашақ маман даярлауда оқыту мазмұны мен формаларын, оқу қүралдары мен әдістерін іріктеуде дидактикада кейінгі кезде айтылып жүрген кәсіби мақсатты көздеу принципін негізге алудың маңызы зор.

Оқу үрдісінде болашақ маманның теориялық даярлығын жетілдіруде кәсіби мақсатты көздеу принципін ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Білім мазмұнын анықтауда техника салалары туралы ғылыми курстарды меңгертуде оқу материалдарының студенттің әдістемелік -кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталып құрылғаны жөн. Осы түрғыда пәнаралық байланысты жүзеге асырып отырудың ролі ерекше.

Жоғарғы оқу орындарында білім мазмұнын қүрайтын негізгі бундардың бірі -арнайы пәндер топтамасы. Арнайы пәндердің кәсіби бағытта оқытылуы болашақ маманның жалпы даярлығын қалыптастырудағы ролі мен мүмкіндіктерін ашу - жоғары мектеп дидактикасының негізгі мәселерінің бірі. Арнайы пәндерді кәсіби бағытта оқытуды ғылыми негіздеу студенттің болашақ қызметіне жалпы көзқарасын қалыптастырары сөзсіз.

Сабақта біртұтас бірлікті мақсат қойылады. Мақсат дұрыс анықталмайынша, нәтижге жету екіталай. Мақсатын анықтау арқылы оқу материалдарының мазмұны, формасы, типі, әдіс-тәсілі, оқу қүралдары анықталады. Бүл оқытудың мақсаттылық принципі негізінде жүзеге асырылады.

Әкономист мамандарды даярлауда, олардың теориялық даярлығын жетілдіру жолында білім беру мазмұнын іріктеуде негізге алынатын принцип- оның ғылымилық жағынан нақтылануы. Білім беру мазмұнын анықтайтын оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары ғылымның қазіргі дамуына сәйкес құрылуы қажет. Оқу материалдары ғылыми фактілер мен заңдылықтарға негізделіп, жоғары ғылыми деңгейде болуы шарт. Оқу үрдісінде ғылымилық принципті негізге алу студенттің болашақ мамандығына сәйкес техника білімі саласындағы бекітілген, нақтыланған, ғалымдар мойындаған материалдардың болуын қамтамасыз етеді. Оқту үрдісінде оқытудың ғылымилығы принципін басшылыққа алу, біріншіден, оқу материалдарының мазмүнын ғылыми негізде іріктеуге, екіншіден, тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді белгілеуге, үшіншіден, оқыту формаларын жаңаша үйымдастыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

КТМ-де және колледждерде аталмыш мамандық саласы бойынша мүғалімдер даярлауда студенттердің игерген теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыруда дәрісханада жүзеге асатын оқу формалары - тәжірибелік семинар мен зертханалық жүмыстардың маңызы зор. Дәріс оқу негізінде студенттерге теориялық білім беріледі, ол семинар және зертханалық-тәжірибелік сабақтарда тереңдетіліп, іс жүзінде қолданылады. Мүндай сабақтардың қүндылығы - студенттің өз бетінше ізденіп, жүмыс істеуіне мүмкіндік беруінде. Студент дәріс немесе тек оқулықтар негізінде ғана емес, қосымша ғылыми-әдістемелік анықтамалық әдебиеттерді оқу арқылы білімін бекітіп, тереңдете алады. Семинар сабақтарын түрлендіріліп өткізіліуі (семинар-аукцион, семинар-шоу, семинар-дебат, т.б.) студенттің шығармашылық белсенділігін арттырады. Тәжірибелік сабақтарда орындалатын әртүрлі нүсқалы тапсырмалар мен есептер жүйесі студенттің теориялық білімін практикамен үйлесімді үштастыруға жағдай жасайды.

Оқытуда жүйелілік, бірізділікті жүзеге асыруда кешегі мектеп қабырғасынан шыққан, бүгінгі студенттің білімін тексеріп жүйелі түрде бағалап отырудың маңызы зор. Үлы чех педагогы Я. А. Коменскийдің «Бүгінгі меңгерілген білім өткенді бекітуге, жаңаға жол ашуға негіз болуы керек» деген дидактикалық түжырымы білімнің үздіксіз бірізділікпен берілуін қамтамасыз етеді.

Көрнекілік принципі - дидактикада ертеден келе жатқан үстанымдардың бірі. Мүның негізін Я. А. Коменский қалаған. Оқыту процесінде көрнекі қүралдарды пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады. Көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты - игерілетш материалдың мазмүнын айқындай түсу, оны студент санасында берік қалдыруға мүмкіндік жасау. Көрнекі қүрал оқытушының оны орынды қолдана білгенде ғана тиімді болады. Көрнекі оқу қүралдары кескінделген және әкранды-дыбыстық болып екіге бөлінеді. Кескінделген оқу қүралдарына кесте, сызба, сүлба, өрнек, фото-сурет, сурет, оқиғалы картиналар, т.б. үлестірме дидактикалық карточкалар жатады. Әкранды-дыбыстық қүралдарға кинофильм, диапозитив, фонохрестоматиялар, таспа жазулары, күйтабақтар, кодоскопқа арналған транспаранттар, компьютер жатады. Көрнекі қүралдың жаңа жанрларының бірі - мультимедиялық әнциклопедия, әлектронды оқулықтар, сондай-ақ дыбыстық-бейнежазба матеиалдарын қолдану.

Оқытудың саналылық және белсенділік принципін жүзеге асыруда мынадай жағдайларды қол жеткізуге болады: оқытуда жағымды мотив туғызу, оқу материалының студенттің тілек-мақсаттарына сай болуы (танымдық қызығушылығы мен кәсіптік қабілетіне сай), мәселелік жағдаяттар туғызып, өз бетімен орындауға үйрету; оқытудың тиімді әдістерін қолдану (дидактикалық ойындар, пікірсайыс, ойтолғақ, т.б.). мүндай жағдайда студенттің оқу белсенділігін былайша арттыруға болады: оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттерін анық білу; маңыздылығын түсіндіру; танымдық әрекеттің барлық түрлерін қолдану қажет, яғни талдау мен жинақтау, индукция мен дедукция, байланыстыру, салыстыру, т.б. студенттердің өзара байланыс әрекетін пайдалану, оқытудың үжымдық, топтық, жүптық, жеке формаларын өзара әрекетте қолдану; шығармашылық өнімді тапсырмаларды жиі орындау.

Л. В. Занков оқыту процесінде білімді саналы түрде игеруде алдымен теориялық білім берудің басым болу принципін жүзеге асырудың маңызы зор екендігін айтады. Студенттің білімді саналы игеруі оның оқу белсенділігінің қаншалықты жоғары, төмен болуымен де байланысты. Дәрістер мен практикалық, зертханалық сабақтарда жағымды мотивация туғызу, студенттің ынта-ықыласы, танымдық сүранысын ескеру, проблемалы жағдайлар жасай отырып, тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге үйрету, оқытудың адам психологиясына негізделген үжымдық түрі «интерактив» әдістерді қолдану барысында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Білім саласындағы ізгілендіру принципі негізінде оқу процесінде студенттің жеке ерекшелігін ескеру, олардың ынта-жігерін қолдау, білімге қүштарлығын ояту, мақтау-мадақтау, үстаздың өз пәніне деген сүйіспеншілігі негізге алынуы керек. Оқу процесінде мүны жүзеге асырудың жолдары: студенттің жеке дара ерекшелігін ескеру, олардың ынта-жігерін қолдап, мадақтап отыру, оның жеке басына деген қүрмет көрсету, оқу материалын студент өз бетінше, өзіне лайықтысын таңцап алатындай жағдайда болуы.

Әрбір оқу пәнін оқытудың негізінде түтас педагогикалық үрдіс және. жүйелілік принципі болатыны даусыз. Ал педагогикалық үрдіс дегеніміз: субъект іс-әрекетінің объектісі - оқытушыдер, оқушылар және олардың ата-аналары болып табылады. Бүл үрдіс барысында субъект іс-әрекеті мақсатты жүзеге асыруға және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орындауға бағытталуы тиіс. Тиісті оқытуды іске асыру белгілі цикл бойынша жүреді: мақсат-міндеттер - мазмүн - қүрал - форма - әдістер - амалдар - тапсырмалар. Қай пәнді оқытып үйреткенде де жоғарыда аталған педагогикалық үрдістердің бөліктері шет қала алмайды. Техника пәнін оқытуда мынадай әдістемелік жүйе жасалған:

  • теориялық-психологиялық аспектілері (техниканың өмірмен байланысы, мазмүн мен форма бірлігінде техника пәнін талдау);
  • психологиялық педагогикалық аспектілер (оқушылардың қабылдауына сай келетін әдебиеттерді таңдау, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесетін техникалық ситуациялар, есептер таңдай білу);
  • әдістемелік аспектілер (техника пәнін географиямен, математикамен, физикамен, тарихпен пәнаралық байланыстарын анықтау, жоғары сыныптағылардың түсініктерін кеңейте түсетін және пәнді терең игеруге ықпал ететін амалдарды қолдану).

Біз қарастырып отырған ереже негізіндегі дидактикалық үрдістің әдістемелік жүйесі мүғалімге де, оқушыға да қолайлылық туғызады. Оқушылардың білім сапасы үй жүмыстарын орындау, техникадан алған білімдерін бақылау арқылы зерттеліп, оның тиімділігі анықталады.

Әксперименттік жүмыстар жүйеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші дайындық кезеңінде қолда бар оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу қүралдары сараланып, талданады, олардың модернизациялық жолдары ойластырылады.

Екінші кезең сол бағдарламаның жүзеге асырылуына арналады. Үшінші кезеңде әдістемелік жүйенің дүниежүзілік контексте техника пәнін оқытудың коррекциясы іске асады. Ал қорытынды кезеңде оқушылардың пәнге саналы қатынастарының нәтижелері іріктеледі.

Педагогикалық іс-әрекет мәселесін талдау нәтижелері оқытудың дидактикалық үстанымдарын құрайды: ғылымилық, көрнекілік, белсенділік, пәнді саналы түрде қабылдау, білімнің нақтылығы.

Техника пәнін оқытуға арналған мүндай амал әлем техникасы контексінде басқа елдердің техникасын терең қабылдауға көмектеседі.

 

 

 

2.4 Оқытушының сабаққа  дайындалуы

 

     Оқытушы болашақ сабаққа дайындалған кезде, оның іс-әрекеті нәтижелі болу үшін  оқытудың түрлі әдістерді, әдістемелерді жақсы біліп және оны сабақ барысында дұрыс пайдалану болады. Ең маңызды фактор ол- сабаққа дайындалу сапасы.  Сабаққа дайындалған кезде оқытушы өз іс-әрекетін сонымен қатар оқушының әрекетін де жоспарлайды. Жоспарланған әрекеті шыңдықпен дәл келу керек. Шыңында да нақты жоспар құру үшін оқытушыда теориялық оқыту білімімен қатар, жеке практикалық тәжірибесі, шығармашылық анализ  болу керек.

Информация о работе Білім беру принциптері