Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 20:02, доклад
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт.
І. Кіріспе
М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.
2. Монтессори методикасы
3. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.
4. Мүмкіншіліктері шектелген балаларды түзете-дамыту жұмыстарында Монтессори әдісін қолдану
ІІІ. Қорытынды
Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы және есте сақтау қабілетін дамыту.
Маманға бірге ойнайық дегенді ишарамен түсіндірді.
Монтессори маман: Райымбек, мынау ақ күшік пен қоңыр күшік. Мен осы күшіктерді бассейннің ішіне жасырамын, ал сен тауып аласың.
Райымбек бар ынтасымен екі қолын тесік арқылы бассейнге салып, күшіктерді іздей бастады.Тауып алып маманға беріп, енді өзі жасыратынын, ал маманға көзін жұмуды ыммен түсіндіреді. Ойынның Райымбекке ұнағаны сондай ол қайта-қайта осы ойынды ойнады. Осы ойыннан соң үстел үстінде тұрған қызғылт мұнараны құрастыра бастады.
Қызғылт мұнара.
Мақсаты:Көлемі әртүрлі кесектерден мұнара тұрғызу.
Жанама мақсаты: Көлемді көру арқылы қабылдауды дамыту.Үлкен-кіші деген ұғымдарды енгізу.
Райымбек маманның көмегімен мұнараны тұрғызып шықты.
II-бала- Әдемі.
Әдемі үстел үстіне күнделікті өмір жаттығулары аймағынан түймелі раманы алып келді.
Түймелі рама.
Мақсаты: Түймелерді ағытып және тағып үйрену.
Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, зейін тұрақтандыру.
Әдемі түймелі раманы жасап болғасын орнына іліп қойды.Содан соң ішінде пинцеті, моншақтары бар подносты алды.
Мақсаты: Пинцетпен моншақтарды ұстап ұяшықтарға салу.
Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Әдемі моншақтарды ұяшыққа салып болғасын қайтадан ұяшықтан алып ыдыстың ішіне салып қойды. Бұл Әдемінің келесі балаға дайындап қойғаны .
III-бала Нұртас сенсорлық аймақтағы жануарлар пазлдарын алып,ойнай бастады.
Жануарлар пазлдары.
Мақсаты: Тақтада орналасқан ат, құс, бақа, тасбақа бейнесін көріп қабылдау. Бейне алып тасталады, соны орнына қайтадан орналастыру.
Жанама мақсаты: Есте сақтауды дамыту және жануарлар туралы түсінік қалыптастыру.
Нұртас жануарлар пазлын ұқыптылықпен құрастырып, орнына қойды. Сосын математикалық аймақтағы математика үйін алып келді.
Математика үйі.
Мақсаты: Үйдің сыртына шыққан сандар мен пішіндерді үй қабырғасындағы орны арқылы үйге кіргізу.
Жанама мақсаты: Математиканы үйрену,моториканы дамыту.
Нұртас маманның көмегімен орындады.
Әуен тоқтады. Балалар сонда да жаттығуларын жалғастыра берді. Осы кезде маман қоңырауды соғып, Райымбекті шақырды.
Маман: Райымбек, қане қоңырауды сылдырлатып,балаларға сабағымыздың аяқталғанын тағы да ескертіп қояйық. Содан кейін ғана балалар Монтессори құралдарын орнына қойып, топтарына беттеді.
Заттарды тасымалдауға үйрену және қимыл-қозғалысты үйлестіру.
Монтессори бөлмесінде еркін жүріп, қандай аймаққа баратындары өз еріктерінде екенін сезінді.
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері