Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік - мәдени тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 11:47, доклад

Краткое описание

Тәрбиенің ұйымдастырушы тәсілдері мен мазмұны, белсенді әлеуметтік, білімді, адамгершілікті және дені сау тұлғаның қалыптасуына тәрбиесіне бағытталған қағидалар негізінде іске асырылды.
Мақсатқа бағытталған қағидаға тұлға дамуның әрбір кезеңіндегі нақты мақсаты бағдар, ұжымдық қажеттіліктердің нақты есебі, басты тәрбиелік іс-әрекеттердің түрін дұрыс таңдау жатады.
Гуманистік бағыттағы қағида, гуманистік ойлар мен бағыттардың алдыңғы орынға шығуын ұсынады, яғни әрбір тұлғаға сыйластықпен қарау, оның барлық күш – жігерінің дамуына қамқорлық жасау, еркіндігі мен әлеуметтік құқығын тану, тәрбиешінің бала-бақшадағы тәрбиеленушілердің дамуына жауапты субъект есебіеде қарау, сонымен қатар субъект қатынасы негізінде өзара іс – қимыл жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

гуля баяндама.doc

— 97.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

«Гүлдер» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік -  

                           мәдени тәрбиесі

 

 

 

 

                                        Өткізген: Қуанышова Г

 

                                                                                  Тексерген: Кірбасова А

 

 

 

 

 

 

 

2012 жыл.

 

 

 

Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік - мәдени тәрбиесі

 

 

       Тәрбиенің ұйымдастырушы тәсілдері мен мазмұны, белсенді әлеуметтік, білімді, адамгершілікті және дені сау тұлғаның қалыптасуына тәрбиесіне бағытталған қағидалар негізінде іске асырылды.

     Мақсатқа бағытталған  қағидаға тұлға дамуның әрбір  кезеңіндегі нақты мақсаты бағдар, ұжымдық қажеттіліктердің нақты  есебі, басты тәрбиелік іс-әрекеттердің  түрін дұрыс таңдау жатады.

    Гуманистік бағыттағы  қағида, гуманистік ойлар мен  бағыттардың алдыңғы орынға шығуын ұсынады, яғни әрбір тұлғаға сыйластықпен қарау, оның барлық күш – жігерінің дамуына қамқорлық жасау, еркіндігі мен әлеуметтік құқығын тану, тәрбиешінің бала-бақшадағы тәрбиеленушілердің дамуына жауапты субъект есебіеде қарау, сонымен қатар субъект қатынасы негізінде өзара іс – қимыл жасау.

   Табиғилық қағидасы тәрбиенің табғи және әлеуметтік  мәдени үрдістер арасындағы ара – қатынасын ғылыми тұрғыда түсінуге негізделеді,  балалардың жынысына, жасына сәйкес тәрбиелейді, олардың бойында өзін - өзі дамытуда, жүріс тұрыс әрекеттері барысында туындайтын жауапкершіліктерін қалыптастырады.

   Мәдениеттілік қағидасы  тәрбие жалпы азаматтық құндылықтар  негізінде ұлттық мәдениетінің нормалары мен құндылықтарына сай, жалпы азаматтық құндылықтарға қайшы келмейтін аймақтық дәстүрлерге сай жүзеге асады.

  Әлеуметтік өз ара іс - әрекеттің тиімділік қағидасы білім беру жүйесіндегі түрлі ұжымдардағы тәрбие деп ұйғарылады, ол тәрбиеленушілердің қарым – қатынас аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді, мәдени әлеуметтік үрдістерде өзін - өзі анықтауына сындарлы жағдай жасайды, негізінен өз - өзін танытуға әлеуметтік бейімделу дағдылырын қалыптастырады.

    Тұлғаның әлеуметтік  мәдени білігін дамытуды тәрбиелеуді шоғырландыру қағидасы тәрбиенің түпкі мақсаты мен тактикасы балаға, жасөспірімге, жас жеткіншектің әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне және әлеуметтік ортада өзін-өзі еркін анықтауына көмектесуге бағытталған.

Тәрбие үздіксіздігі (үздіксіз тәрбие) қағидасы – тұлғанаың тіршілік әрекетінің барлық сатыларындағы жан-жақты даму ұйғарылған:шығармашылық шабытының толығуы және оның кәсіби және жалпы мәдениеттілігінің жоғарылауы, күші мен қабілеттерін толығымен іске асыру мүмкіндіктері қарастырылады.

Тәрбиеге іс-әрекет тұрғысынан қарау мен бір тұтастық қағидасы- тұлғаның толығымен дамуын, тәрбиенің барлық бағыттарының бір-бірімен байланыстылығын, жалпы мәдениеттің қалыптасуына бағытталуын, сенімін, шығармашылық қабілеттерін дамуын, оның танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсететін іс әрекеттердің барлық түрлеріне тұлғаныңбелсенді араласуын, өзін-өзі тәрбиелеуін мен өзіндік жетілуі үрдісінде кіре алу қабілеттілігін айқындалады.

Бірлік талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы-тәрбиешілердің балабақшамен, балабақшадан тыс мекемелермен, отбасы мен достығын құру, тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру ең қажетті шарт, сонымен қатар әлеуметтік орта (мәдениет және өнер, баспасөз, көркем әдебиеттер, кино-телерадио хабарлар, жинақталған баспасөз мәліметтері және т.б) тәрбиенің жағымды әсерін күшейту ұсынылады.

Әлеуметтік бара-барлық қағидасы-тәрбиенің мазмұнымен құралының тәрбие үрдісі ұйымдастырылып жатқан әлеуметтік жағдайға сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеті нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларға бағытталып және әркелкі әлеуметтік мәселелерді іске асыруды балалардың болжай алу дайындығын қалыптастыру қарастырылған. Қағиданың іске асыру мүмкіндігі әлеуметтік орта әсерінің әркелкілігін негізін ескеруде.

Жеке тұлғалану қағидасы-әрбір тәрбиеленушілердің жеке әлеуметтік даму жолын анықтау, оның ерекшеліктеріне сәйкестендіріп арнайы міндеттерді бөліп беру әрбір баланың жеке потенциалын ашуға және өзін-өзі көрсетуге мүмкіндіктер беру, ертеңгілікте және ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекет жұмыстарында тұлғаның табиғи мүмкіндіктерін ашатын іс әрекеттердің түрлеріне баланы қатыстыру.

Тәрбие ортасын құру қағидасы-білім беру мекемелерінде баланың әлеуметтенуіне мүмкіндік тудыратын қарым-қатынастарды құру талап етіледі. Ең алдымен тәрбиеші мен балалардың ұйымшылдығы яғни балабақша ұжымының бірлік идеясы маңызды рөл атқарады. Әрбір топта, ұйымшылдық пен психологиялық бірлік (интеллектуальды, ерікті және эмоциональды) қалыптасуы керек. Тәрбие ортасын құру-педогокикалық үрдіске қатысушылардың өзара жауапкершілігі, көңіл күйге ортақтасуы, өзара көмегі қиындықты бірге жеңу қабілеті болып табылады.

Этникалық қағида – бірыңғай этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне мүмкіндік жасайтын мәдени ортаның қалыптасуы, қоғамдық қатынастар, азаматтық келісім мен үйлесімге жету. Субьектінің ана тілі мен мәдениетін толық игерумен қатар әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүр, тіл, психикалық тұрпат, этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына араластыру іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие-ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеті мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу; салт дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің игдустриялық-иновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін ұлттық сипаттағы белсенді іс әрекетке тәрбиелеу;адам мен табиғат қарым қатынасының өркениеттілігін сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысын бастаған мерзімі:

 

Тақырыбы: Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ойынның рөлі

Өзектілігі: Балалар бүгінгі таңда заман талабына сай компьютер, теледидар алдында  көп уақыттарын өткізкісі келеді. Ал бұл әрекет бала дамуына

 

 

 

 

«Қарлығаш» тобындағы Тәуелсіздікке 20 жыл атты ертеңгілік.

 

 

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Отан туралы түсініктерін кеңейту.   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы түсіндіру және тәуелсіздік туралы ұғым қалыптастыру.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, Қазақстан Республикасының рәміздері, тәуелсіздікке арналған плакаттар.

Әдістері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

 

 

     Балалар көңілді музыка  ырғағымен әсем безендірілген топқа кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар және тәрбиеші апайлар.

 

Балалар шеңбер жасап амандасады.

 

Біздер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

 

Тәрбиеші: Міне балалар, бүгінгі күн, бүгінгі қуаныш, бүгінгі мереке, біздің ата-бабаларымыздың аңсап, армандап, сол арманның орындылған күні. Яғни тәуелсіз Қазақстанымыздың 20 жасқа толған күні.

Әнұран: Хор.

 

Тәрбиеші: Иә осы тәуелсіз күнге біздің құрбан болып кеткен аға-апаларымыздың ерлігі шексіз. Сендер бұл оқиғаны мектеп қабырғасына барғасын жақсы түсінетін боласындар. Ендеше  балалар аға-апаларымызды бір минут еске алайық (Барлығы орындарынан тұрып бір минут үнсіз тұрады).

 

Қасымбек:

          Мереке  бүгін ұлы күн,

          Бабалар рухы көксеген.

         Азатты елдің ұлымын,

         Теңескен төбем көкпенен.

 

Ән: «Солдат болам мен ертең».

 

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар, рахмет.

Балалар айтындаршы біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Балалар жауап береді.

Тәрбиеші: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алдық. Біздің еліміз дүниежүзіндегі ең үлкен елдің бірі. Бүкіл дүниежүзі Қазақстанның бай ел екенін  біледі. Біздің елде алтын, көмір, газ, мұнай, темір басқада қазбаларға бай. Біздің еліміздің ең басты байлығы- бұл көп ұлтты халық. Қазақстанда 130 ұлттар тұрады- қазақтар, орыстар, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, түріктер, белорустар, еврейлер тағы басқа көп ұлттар бәрі бірге ортақ үйіміз- Қазақстанда тұрады. Қазақстанның мемлекеттік тіл- қазақ тілі. 20 жылдың ішінде ешкімге тәуелсіз бақытты елміз, өз жалауымыз, өз елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Жалауда қалықтаған бүркіт  бостандықтың,  тәуелсіздіктің мақсатқа, биікке ұмтылудың, болашаққа шарықтаудың белгісі. Сендер біздің болашағымызсыңдар. Сендердің болашақтарың айқын бақытты болмақ.

 

Еркежан:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Көк аспана - алтын күн,

Көк аспанда – жас қыран.

Естігендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

 

Нұркелді:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

 

Ақнұр:

Армысыңдар, айналайын адамдар,

Айналана шын қуанып қараңдар.

Жиырма жыл толды,

Тәуелсіздік алдық біз,

Келді кезек болашақты бағамдар.

 

Алина:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Меңін елім, Қазақстан отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

 

Тәрбиеші: Балалар елімізді басқарып отырған ҚР президенті кім?

Балалар жауап береді.

Тәрбиеші: ҚР астанасын қалай аталады?

Балалар жауап береді.

Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесін барлық жерде қалада, ауылда, аудандарда тойланып аталып жатыр. Елордамыз Астана қаласында да үлкен іс-шаралар, мерекелер өтіп жатыр. Астанамыз әдемі қала, жас қала, бас қала екенін жақсы білеміз. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

Амандық:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

 

Мерей:

Ана тілін арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте.

 

Зухра:

Ақыл – ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

 

Ән: Атамекен.

 

Тәрбиеші:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.

 

Қортындылау:

Балалар бүгін  ҚР тәуелсіздік алғанына 20 жыл болды. Бұл мереке үлкен ұлы той. Еліміздің тәуелсіз ел екенін, көп ұлтты екенін, еліміз кең бай ел екенін білдік. Елордамыз Астана қаласы. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сендер біздің болашағымызсыңдар. Сендердің болашақтарың айқын бақытты болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балапан» тобындағы  ұйымдастырылған 

ашық оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы:   Қатынас                                                                                                                                                                                                        

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:   Тіл дамыту                

Тақырыбы:     Жемістер      

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету. Жемістерді көкөністерден айыра білуге үйрету. Дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, түрлі жемістер, түрлі көкөністер, жемістермен көкөністер суреттері, себеттер, талдар.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

 

Әрекет кез.

                                       Тәрбиешінің іс-әрекеті

     Баланың 

     іс-әрекеті 

 

Ұйымдас-

тырушы

қозғаушы

кызмет

түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдас-

тырушы

ізденушілік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саламатсыңдарма балалар.

Балалар кәне ортаға келіп, шеңбер құрып, бір-бірімізбен, келген қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері.

 

             Арайлап таң атты,

            Алтын сәуле таратты.

            Қайырлы таң, көк аспан,

            Қайырлы таң, жер ана.

            Қайырлы таң, қонақтар,

            Қайырлы таң, достарым,

            Қайырлы таң, деймін баршаға.

 

Балалар сендерге жұмбақ жасырайын мұқият тыңдап отырындар.

           Ел егінін орады,

           Қырманға бидай толады.

           Бұл қай кезде болады

                                                   (күз)

Балалар жылдың кай мезгілі?

Балар жауап береді.

  • Күз мезгілі қандай болады?
  • Күн  суытады, жаңбыр жауады, адамдар қалың киінеді, жапырақтар сарғайып жерге түседі, диқандар егін орады, бау-бақшадағы жемістер мен көкөністер піседі. Балалар бүгін ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміз жемістер туралы болады.

Балалардың назарын бау-бақшаға аудару (топ бау-бақша болып безендіріледі. Бау-бақшада жемістер ағашы, көкөністер бар)

  • Балалар мына жерде не көріп тұрсыңдар?

Балалар жауап береді.

  • Мына жерде жеміс ағаштары бар (алма, алмұрт ағаштары)

Балалардан жемістердің атын сұрау. Жемістердің ағаштарда өсетінін айту.

- Балалар жеміс ағаштары көктемде бүршік ашып гүлдейді. Гүлдерге аралар, көбелектер келіп қонып будандастырады. Содан түйнектер пайда болады. Жеміс ағаштарын суарып түбін тазалап, әктеп баптайды содан түйнектер жаз бойы өсіп, күз мезгілінде жемістер болып піседі.

- Ал, көкөністерді жерді қопарып тыңайтқыштар салып дән тастайды. Жердің астынан өсіп жердің бетіне шығып гүлдей бастайды. Гүлдерге аралар, көбелектер келіп қонып будандастырады. Содан түйнектер пайда болады. Бақшаға су құйып арам шөптерді жұлып баптаймыз. Көкөністер күзде жақсы болып піседі.

Балалар көкөністерде картоп, сәбіз, жуа, сарымсақ, қызылша жердің астында өседі. Піскен соң жердің астынан қазып аламыз.(құм салынған қораптан піскен картоп, жуа, қызылша, сәбізді қазып алып көрсету.)

Жемістермен көкөністер піскеннен кейін жүк машинасымен қаламызға алып келіп, базарда сатады.

Балаларға жемістердің адам ағзасына пайдасы бар екенін көп дәрумендер барын, түсін, пішінін, жемістерден шырын жасалатынын айтып таныстыру. Балаларға жемістердің зиянын айту жемістерді жумай жесе ауыратынын айту.

Тосын сый:

Топқа бау-бақша қарақшысы кіреді.

Келген бау-бақша қарақшысымен амандасып, балалармен таныстыру

  • Сіз кім боласыз?
  • Мен бау-бақша қарақшысы боламын. Менің бау-бақшама рұқсатсыз неге кіресіндер?
  • Бүгін бізде жемістер туралы ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті өтіп жатыр.
  • Жақсы болған екен балаларыңыз тақпақтар білетін шығар айыптарынды өтеңдер тақпақ айтып берсе мен кешіремін.
  • Балалар кім жемістер туралы тақпақтар біледі.

 

 

Күз

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерді жинауға,

Шақырады біздерді.

 

Алма

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмін.

 

Алмұрт

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

 

Өрік

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

 

Шие

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

 

Жүзім

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

 

 

Апорт

Апорт деген тәтті алма,

Өседі екен бақтарда.

Апорт деген алманын,

Татынба сен бал дәмін.

 

Бау-бақша қарақшысы

  • Балаларыңыз жемістер туралы тақпақтар біледі екен. Ал енді балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын  мұқият тыңдап отырындар.

 

Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті.

                            (қарбыз)

 

Өзі ұрмайды,

Сені жылатады.

                            (жуа)

 

Үй ішінде табасың,

Тамаққа да саласын.

                                  (бұрыш)

 

  • Кәнеки балалар шаршап қалған шығарсыңдар сергіту сәтін жасайық.

 

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкен дәмдісін

Анамызға сыйлайық.

 

Жарайсыңдар балалар орнамызға отырайық.

Дид. ойын: Жемістер мен көкіністерді ажырату.

Шарты: Жерге жемістер мен көкіністер суретін тасталады. Ортаға екі бала шығып біреу жеміс, біреуі көкініс жинап екі себетке салады. Балалардың не жинағанын сұрау (жеміс, көкініс)

Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ән: Жомарт күз.

 

Жетекші-

 жөндеуші.

 

Қортындылау:

Балалар бүгін біз не туралы өттік.

Балалар жемістер күз мезгілінде піседі. Жемістер ағаштарда өседі жемістер өте пайдалы, құрамында адам ағзасына пайдалы дәрумендер көп. Күз айы берекелі, мерекелі айы екен.

 

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік - мәдени тәрбиесі