Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік - мәдени тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 11:47, доклад

Краткое описание

Тәрбиенің ұйымдастырушы тәсілдері мен мазмұны, белсенді әлеуметтік, білімді, адамгершілікті және дені сау тұлғаның қалыптасуына тәрбиесіне бағытталған қағидалар негізінде іске асырылды.
Мақсатқа бағытталған қағидаға тұлға дамуның әрбір кезеңіндегі нақты мақсаты бағдар, ұжымдық қажеттіліктердің нақты есебі, басты тәрбиелік іс-әрекеттердің түрін дұрыс таңдау жатады.
Гуманистік бағыттағы қағида, гуманистік ойлар мен бағыттардың алдыңғы орынға шығуын ұсынады, яғни әрбір тұлғаға сыйластықпен қарау, оның барлық күш – жігерінің дамуына қамқорлық жасау, еркіндігі мен әлеуметтік құқығын тану, тәрбиешінің бала-бақшадағы тәрбиеленушілердің дамуына жауапты субъект есебіеде қарау, сонымен қатар субъект қатынасы негізінде өзара іс – қимыл жасау.